Сауран ауданының адами
әлеуетті дамыту бөлімі
«Қос-Қорған» жалпы орта
мектебі КММ
Қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі
Егембердиева Малика
Аминжановна
Тілдер мерекесіне арналған
концерттік бағдарлама
Тақырыбы: «Тілге құрмет –
елге құрмет»
Мақсаты: Оқушыларға мемлекеттік тілдің
өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді
аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік
ерекшеліктері, салт-дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын
түсіндіру. Оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту,
сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін ауызекі сөйлеуге
баулу
Көрнекіліктер: Тіл туралы оқулықтар, кітап
көрмесі, тіл туралы нақыл сөздер, өлең үзінділері жазылған
видеоролик, слайд, әр түрлі шарлар,
гүлдер.
Барысы:
І - жүргізуші
Армысыздар құрметті мұғалімдер, өрлі де, асқақ
рухты тәуелсіз елдің жас ұландары! Тіл – әрбір ұлттың жаны,
сезімнің, ойдың жанды бейнесі. Мемлекет болған жерде оның
мемлекеттік тілі болуы да керек. Қазақстан Республикасында
қолданылатын барлық тілге бірдей құрметпен қарау – ынтымақтастықтың
белгісі. Сондықтан, бүгінгі мейрам - тілдер күні! Баршамызға Тіл
мерекесі құтты болсын!
ІІ –жүргізуші
Бүгінгі өткізгелі отырған «Тілге құрмет – елге
құрмет» тақырыбындағы іс – шарамыз 22-қыркүйек күнгі Қазақстан
халықтарының тілдері мерекесіне қосылатын кішкене ғана үлес. Бірақ
біз ана тілімізге деген сезімімізді білдіретінімізге қуаныштымыз.
Олай болса,
Балалар, құтты болсын тілің бүгін,
Ашатын жан сарайын білімдінің.
Кешегі анаң айтқан, бабаң айтқан,
Тіліне зер салыңдар бұрынғының, — дей келіп, бүгінгі әдеби
кешімізді бастауға рұхсат етіңіздер
Кешті ашып беру үшін сөз кезегін мектептің
директоры
М. Изатуллаева апайға береміз
І – жүргізуші:
Кенің бай, келімің мол туған тілім!
Дыбыстың теріп сөз ғып буған гүлін.
Қайырған қайдағыны жүйрік ең сен,
Мен қосып, құтыла алмас қусам білім.
ІІ –
жүргізуші:
Қазақпын мен, қазақтың бөлшегімін,
Қажеті не басқаның өлшемінің.
Қазақ деген жалғыз ұлт мен боламын,
Енді міне жетеді көпке үнім.
Тіл туралы бейнебаянға назар
аударайық
І –
жүргізуші:
Ана тілі - әр адамның өз ұлтының жан дүниесі мен мәдениетінен
ғасырлар бойы жиған рухани азығынан нәр алатын кіндік
тамыры. Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Ол тек отбасы ,
ошақ қасының ғана тілі емес, мемлекеттік тіл!
ІІ –
жүргізуші:
Қазақ халқы бар тарихын көшіп жүріп өткізсе де,
батпаққа батырмай, құмға шашпай, жұртына қалдырмай, шабындыға
алдырмай, барлық жинаған сөз байлығын, күйі мен жырын бізге
жеткізді.
Өлең шумақтарына кезек береміз:
Мағжан Жұмабаев «Қазақ тілі»
-
Рахимов Асадбек
Абай Құнанбаев «Көзімнің
қарасы» - Диляра
Мұқағали мақатаев «Үш бақытым»
- Дидар
Ысқақ Әкім «Ана тілі» -
Сунатуллаев М
І –
жүргізуші:
Ерлік, елдік, бірлік, қайрат,
бақ - ардың,
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың.
Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі , сен қалдың.
ІІ –
жүргізуші:
Сырласпай адамдармен
тұра алмаған,
Бұл тілге – жарық күнге
жыр арнағам.
Жоңғармен шайқасқанда осы
тілде,
«Ақ жолдап» бабаларым
ұрандаған.
Би
«8 А» - сынып оқушылары
І – жүргізуші:
Туған тілім! Тас бұлақтың тұнығы да
сенде!
ІІ – жүргізуші:
Туған тілім! Ана сүтінің жұғымы да сенде!
І – жүргізуші:
Туған тілім! Райхан гүлдің жұпары да сенде!
ІІ – жүргізуші:
Туған тілім! Мәжнүн ғашықтың іңкәрі де сенде!
Шығарма оқу
: 10 «А» - сынып Сарвиназ «Ана тілім
–ардағым»
І – жүргізуші:
Біз – атадан мұраға қалған қасиетті тілімізді қадірлей білетін
ұрпақпыз!Ана тілі – біздің ар-ождан, адамгершілігіміздің айнасы.
Адам ана тілімен бақытты, ана тілімен асқақ .
ІІ –
жүргізуші:
Бұл жанды тіл – менің азат тілім,
Жадымда талмай самғар қанат тілім.
Жыры - қуат, сөзі – ана уызындай,
Бірге: Жасай бер, Ана тілім – Қазақ тілім!
Ән « Жаса
қазағым» Орындайтын: Саидбек
І -
жүргізуші:
Жүзімнің нәзік, нәрлі
сабағындай,
Тіліңді мәпелей біл, ала
қылмай.
Аямай арам шөбін отап отыр,
Таза сақтап көзіңнің
жанарындай.
ІІ-жүргізуші:
Тәңірі ортақ жаратқан,
Аузына халқын қаратқан.
Қара қылды қақ жарған.
Алдынан топты таратқан,
Мөңке, Төле, Қазыбек
Әйтеке, Алшын, би Кебек.
-Белгілі шешендер мен шешен билердің сөздері жазылып
сақталмағандықтан, тек бізге ұзын-ырғасы, желі-жұрнағы ғана жеткен.
Ауыздан ауызға көше жүріп, сырланып, бүкіл халық қазынасына
айналған. Олар халық даналығын, тіл байлығын
көрсетеді.
Сахналық
көрініс: 10
–сынып оқушылары
...Толғауы тоқсан қызыл
тіл,
Сөйлеймін десең өзің біл... (дауыс, фон)
Нұртуғанның термесі «Қанекей тілім сөйлеші»
1.Осы жерде терме орындалады.
2.Термені айтқан адам Абыз кейпінде Тілді аманаттайды.
Сахналық көрініс:
І оқушы: (сахна сыртынан дауыс)
Мен заманымда қандай едім? Мен ақын, шешен, ділмар бабаларыңның
бұлбұлдай сайраған тілі едім. Мөлдір судай таза едім. Жырға соққан
толқындай екпінді едім. Мен наркескендей өткір едім.
Енді қандаймын?
Кірленіп барамын, былғанып барамын. Жасыдым, мұқалдым.
Мен не көрмедім?
Маған әкеліп араб пен парсыны қосты. Бертін келе шүлдірлетіп
ноғайды, былдырлатып орысты араластырды. Бір күндерде мені мүлде
жоқ қылғысы келгендерде болды.
Төле би:
Жасыма!
Уа, халқым!
Көсіле шабар жерің бар!
Тау көтерген елің бар,
Қол бастайтын ерің бар.
Атадан қалған сара жолың бар,
Сөз қадірін біліңдер!
ІІ оқушы: (сахна сыртынан
дауыс)
Төңкеріске шейін көрмегенім қалған жоқ. Төңкеріс
болмаса, бейшара қазақ менен айырылатын да шығар деп
едім.
Төңкеріс болды. Қазақтың көзі ашылды. Қазақтың
көзі ашылған соң, менің де күнім туды ғой деп қуанушы едім.
Молдалардың тілмаштардың қол жаулығы болудан құтылдым ғой деп
ойлаушы едім. Оның үстіне қазақ тілі – мемлекеттік тіл болсын деген
заң шықты. Төбем көкке төрт елі жетпеді. Бірақ не керегі бар, босқа
қуанған екенмін...
Қазыбек би:
Налыма!
Біз
қазақ деген мал баққан елміз. Бірақ ешкімге соқтықпай, жай жатқан
елміз. Елімізден құт береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау
баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған
елміз. Басымыздан сөзді асырмаған елміз!
ІІІ оқушы: (сахна сыртынан дауыс)
Жанның бәрі теңдік алып жатқан кеңес үкіметінің
тұсында менің бұтымды бұт, санымды сан қылып, кім көрінген созғылай
бастады. Өзгені не қылайын, отаршылдық саясатын қолданбас-ау дейтін
білім кеңесі екеш білім кеңесі де мен аямады.
Әйтеке би:
Тамыры суда тұрса да
Уақыты жеткенде
Қурамайтын құрақ жоқ.
Тек жақсыдан өлмейтін сөз қалады.
І–
жүргізуші:
Мемлекеттік тіл-көп ұлтты
елдің барлық халқын саяси-мәдени бірлікке ұйымдастырудың басты
құралы.Олай болса, қазақ тілін жете білу арқылы біздер өнер мен
білімнің, мәдениет пен ғылымның биігіне жетіп, өз халқымыздың өткен
– кеткенін зерделеп, оны әлемге таныта аламыз.
Өз тілімізді құрметтеу арқылы басқа тілді де
үйреніп, мәдениетін қадірлейміз.
ІІ –
жүргізуші:
Тіл сенің – Ең қайратты
арыстаның!
Қорғаның дұшпаныңмен алысқан
күн.
Тіл сенің –Жүректегі жүйрік
елшің,
Көк
орман, көк арайлы бағыстаның!
Хор Абай Құнанбаев «Көзімнің
қарасы» - 9 «А» -сынып оқушылары
І –
жүргізуші:
Әрбір тілде сөйле әлемді таң
қылып,
Қазақ тілін білмеу қандай заңдылық,
Өсер балаң байтақ далаң тұрғанда,
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік
ІІ – жүргізуші:
Құрметті, кең байтақ жерінде бірлігі жарасқан халқым!
Ана тіліміздің мәртебесі асқақтай берсін!
Ана тіліміз тек биіктерден көрініп, өркендей
берсін!
«Тілге құрмет – елге құрмет»
атты тағылымды кешіміз өз мәресіне жетті. Келесі кездескенше қош,
сау болыңыздар!