Материалдар / концеттік бағдарлама "Әнші балапан"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

концеттік бағдарлама "Әнші балапан"

Материал туралы қысқаша түсінік
«Әнші балапан» байқауының мақсаты: Бүлдіршіндердің әнге, өнерге деген қызығушылығын арттыру және дауысымен, әнге биге деген қабілеттерін шыңдау.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Ақпан 2023
163
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Керней тірек мектебі (ро) КММ


«Әнші балапан» байқауының сценарийі

Жүргізушілер

1-жүргізуші Тульшимов Яссауи

2-жүргізуші Берикбаева Аружан

«Әнші балапан» байқауының мақсаты: Бүлдіршіндердің әнге, өнерге деген қызығушылығын арттыру және дауысымен, әнге биге деген қабілеттерін шыңдау.

Көрнекілігі: Гүлдер, шарлар, «Өнерлінің он саусағы тең, өнерсіздің бір саусағы кем», «Ән көңілдің ажары» атты нақыл сөздер.

1-Жургізуші:

Құрметті қонақтар, армысыздар!

Бәріңізде есен - сау бармысыздар!

Қош келдіңіздер әншілердің ордасына,

Роза, Бибігүл, Мақпал апалардың жалғасы бар.

2-Жургізуші:

Көңілдері бір марқайып қалсыншы.

Өнерпаздар шырқап әнге салсыншы.

Тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, Елімізде тыныштық мәңгі жасасыншы.

Олай болса бүгінгі бастауыш сыныптар арасында өтетін «Әнші балапан» байқауына қош келдіңіздер.

Сөз кезегін директордың тәрбие ісі жөнінен орынбасары Масалинова Шолпан Севкраевнаға беріледі

1-Жургізуші:

Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші. Балапанды әншілер деп жүрейікші.

Әділқазы алқалармен танысайық.

Болашақ әншілерге сәттілік тілейікші,- дей отырып Әділ қазы алқаларымен таныстырайық,

1. Масалинова Шолпан Севкраевна директордың тәрбие ісі жөнінен орынбасары

2. Волкова Ирина Владимировна –мектеп кітапханашысы

3. Жумадильдин Жанібек Канагатұлы-музыка пәнінің мұғалімі

2-Жургізуші:

Талаптыға әр кез шырақ жағылған.

Жақсы адамның хаты өлмейді танылған.

Үміт күтіп бақ сынауға келді міне әншілер.

Алқалы жұрт өнерлерін қабыл ал. Дей отыра , бүгінгі «Әнші балапан» байқауына қатысқалы отырған өнерпаз ұл қыздарымызды ортаға шақырайық,

1. Абильдинова Айзада (даярлық тобы)

2. Смақ Томирис (даярлық тобы)

3. Омар Нурдан (2 «а» сынып)

4. Петровская Элеонора (3 «б» класс)

5. Султанмурат Раяна (2 «а» сынып)

6..Ержан Айсель (1 «а»сынып)

7. Букенова Еркежан (2 «а»сынып)

8.Берикбаева Аяжан (3 «а» сынып)

9. Қабылқайыр Айкөркем (1 «а» сынып)

10. Берикбаева Ажар (2 «а» сынып)


11. Ахтанова Амина (2 «а» сынып)

12. Молдахмет Асемгул (4 «а»сынып) ал олай болса қатысушыларғв сәттілік! Орындарыңызға жайғаса беріңіздер!

2-Жургізуші:

Айзада мен Томирис асқан жүйрік, ақтабан қыздар.

Үмітін туған елдің ақтаған қыздар

Мадина ,Қарақат , Жанарлардай Әндерін әншілердің жаттаған қыздар . Қарсы алыңыздар Абильдинова Айзада,Смақ Томирис (даярлық тобы) Орындайтын әндері «»

1-Жургізуші:

Өз елім өлеңім, де өнерім де. Бақытты Омар Нұрдан өз елінде.

Жеті қазынаға арнаған өлеңдерін

Шаттанып айталады қазақ әндерінде.

Қарсы алайық алдарыңызда Омар Нұрдан (2 а сынып оқушысы) «Жеті қазына әні»

2- жүргізуші

Прошло совсем не много лет,
Когда свершилось чудо -
Явилась я на белый свет
Всем ведомо откуда!
Стою на сцене здесь, сейчас
И рада вам представится!
Стараться буду я для вас,
Чтоб всем в жюри понравиться!Песня в исполнении учащиеся 3 б класса Петровская Элеоноры «Оранжевое небо»

2-Жургізуші:

Өнер қуған жасынан

Өнері судай тасыған

Келесі біздің бишілер

Көрінген көштің басынан.- би орындайтын 1 сынып оқушылары

1-Жургізуші:

Орындап ата –әже өсиетін Раянадай бүлдіршін бар үлкенге бас иетін

Әндерінде паш етеді бар әлемге

Жаңарған және қазақ қасиетін

Сахнада Султанмұрат Раяна (2 а сынып оқушысы) «Ақ құс» әнімен

2-Жургізуші:

Сымбатына сән киімі жарасатын,

Аспадағы айменен таласатын. Өнеріне көркі сай келіп тұрған

Айсельдің ән мен биі өзіне жарасатын. Қарсы алайық қошеметпен Ержан Айсель «Бипыл» әнімен (1 сынып оқушысы)

1-Жургізуші:

Мұңға батқан жүректі ән оятар.

Тәтті үннің әсері жан оятар .

Жанға қуат жүрекке шаттық сыйлап.

Еркежан қыз көңілді жадыратар. Келесі кезекте әнші қызымыз Букенова Еркежан «Анажан» әнімен қарсалыңыздар.(даярлық тобы)

2-Жургізуші:

Бұл жарысқа бақ сынап келіп тұрған,

Қобалжымай өзіне сеніп тұрған.

Алдыңызда Аяжан тәтті дауысымен,

Маржан сөзді әнменен беріп тұрған.

Қарсы алайық қошеметпен Берикбаева Аяжан «Мен тәтті» әнімен (3а сынып оқушысы)

1-Жургізуші:

Ертең - ақ мен ержетіп
Әнші Айкөркем боламын
Үлгі тұтып жақсыны
Менде әнге саламын

Сахнада Қабылқайыр Айкөркем (1 а сынып оқушысы) Орындайтын әні «Балапан»

1-Жургізуші:

Сахнада ән сап жүреді

Ажарды бәрі біледі

Қазіргі бізге тартуы

«Қошақаным» әні

Қарсы алайық қошеметпен Берикбаева Ажар (2а сынып оқушысы) «Қошақан» әні

Биші қыздарымыздан тамаша бір би

2-Жургізуші:

Мұңға батқан жүректі ән оятар
Тәтті үннің әсері жан оятар
Жанға қуат жүрекке шаттық сыйлап

Әмина қызымыз көңілді жадыратар

1-жүргізуші:

Үкілі кәмшәт, бүрмелі көйлек киген
Қазақтың ерке қызысын.
Ән айтып, мың бұрала билеген,
Малика қыз әншілердің ізісің-дей келе Қанат Маликаның орындауындағы «Бақытты балалық шақ» әні

Сахнада Ахтанова Әмина (2 а сынып оқушысы) «Әрқашан кун сонбесін» әнімен

2-Жургізуші:

Құлақтан кіріп бойды алар

Жақсы ән мен тәтті күй,

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүсең, менше сүй дей келе алдарыңызда 4 а сынып оқушысы Молдахмет Асемгулдің орындауындағы Ақ бұлақ әнін қабыл алыңыздар

1-Жургізуші:

Келді бүгін бүлдіршіндер әнші байқауына.

Сыналып үлкендерден бата алуға,

Өнерлерін көрсетті ортамызда, Берер деп әділ қазы әділ баға.

Ендігі кезекте әділ қазы бағалары

2-Жургізуші:

Демеңдер біз өнерді аяп қалды,

Уақытта біраз жерге таяп қалды.

Келесі кездескенше қош, халайық

Осымен «Әнші балапан» байқауымыз аяқталды.

Қош сау болыңыздар ата-аналар, ұстаздар балаларыңыздың өнерлерін көріп «Әнші балапан» байқауына қаттысқандарыңыз үшін көп-көп рахмет.


Кішкентай әнші балапандар өнерлерің өрге жүзсін. Қанаттарың талмасын, биіктерге самғасын,- деп бүгінгі байқауымызды аяқтаймыз. Қош сау болыңыздар.




Керней тірек мектебі (ро) КММ






Ән байқауы:








Аға тәлімгер Жаксыбаева Н.Д.




Хабарландыру



Құрметті ұстаздар «Жас ұлан», «Жас қыран» жастар ұйымының ұйымдастыруымен

кішкентай бүлдіршіндердің арасындағы «Әнші балапан» байқауына шақырамыз.









Мерзімі: 27.01.2023ж

Уақыты: 12-00

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!