400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

Конденсатор

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрі













Shape1

Шебер сынып







Білім берудің сапасы: білім беру мазмұнын жаңғыртуды

іске асыру жағдайындағы жаңа амалдар







Орындаған: Курметжанова Ж.К

КММ «Аршаты орта мектебінің»

физика пәнінің мұғалімі













2017-2018 оқу жылы

ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫН ЖАҢАРТУДЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ

Қазіргі жылдам өзгеріп жатқан заманда біздің алдымызда жас ұрпақты болашақ өмірге және еңбек етуге тиісті деңгейде даярлап, оқушылардың бойында ХХІ ғасыр дағдылары деген жалпылама атауға ие болған дағдыларды қалыптастыру міндеті тұр. Бұл дағдылар пән бойынша білім, нақты дағдылар, сауаттылық пен тәжірибені қамтиды.

ХХІ ғасырдың әрбір дағдысын меңгеру үшін бүкіл оқушыларда пән бойынша академиялық білімнің болуы талап етіледі. Пән бойынша терең академиялық білімнің арқасында адамдар сын тұрғысынан ойланып, басқалармен тиімді қарым-қатынас жасай алады.

Пән бойынша академиялық біліммен қатар оқушылар қазіргі заманда табысқа жету үшін талап етілетін сын тұрғысынан ойлау, проблема шешу, қарым-қатынас жасау және бірлесіп әрекет ету сияқты негізгі дағдыларды да меңгеруге тиіс.

Сондықтан жоғарыда аталған мәселелер тиісті мемлекеттік білім беру стандартымен, бағалау жүйесімен және оқу бағдарламаларымен, оқыту жүйесімен, кәсіби даму және оқу ортасымен қабысып жатса, оқушылар оқу үдерісіне барынша тартылып, мектеп бітірген кезде қазіргі жаһандық экономика жағдайында еңбек етуге мейлінше дайын болмақ.

Оқу және жаңашылдық дағдылары күн сайын күрделеніп жатқан ХХІ ғасырда өмір сүріп, еңбек етуге дайын оқушыны осыған дайын емес оқушыдан айыруға көмектесетін дағды ретінде мойындалып отыр. Балаларымызды болашаққа дайындауда шығармашылық, сын тұрғысынан ойлау, қарым-қатынас және бірлесіп әрекет ету мәселелеріне назар аудару маңызды.


Шығармашылық және жаңашылдық

Шығармашылықпен ойлау

  • Идея тудыру әдістерін кеңінен пайдалану (мысалы, миға шабуыл)

  • Жаңа және құнды идея ұсыну

  • Оның құнын арттыру мақсатында өз идеяларын ұсыну, нақтылау, талдау және бағамдау.

Басқа адамдармен шығармашылықпен жұмыс істеу

  • Жаңа идея тудыру, іске асыру және басқаларға тиімді хабарлай білу

  • Әртүрлі жаңа мүмкіндіктерге ашық болу, жұмыс барысында топтың үлесі мен пікірін ескеру

  • Жұмыста бірегейлігін және бірнәрсені ойлап шығара алатынын көрсету және жаңа идеяларды қабылдауда шынайы өмірдің мүмкіндігі шектеулі екенін түсіну

  • Қателіктен сабақ алу; шығармашылық пен жаңашылдық табыс пен әттегенайы кезектесіп келетін ұзақ мерзімді циклді үдеріс екенін түсіну

Инновацияларды қолдану

  • Жаңа идеялар қолданылатын салаға қомақты және пайдалы үлес қосу мақсатында шығармашылық идеялармен жұмыс істеу.


Сын тұрғысынан ойлау және проблема шешу

Дұрыс пайым жасау

  • Жағдайға байланысты түрлі ой тұжырымдау (пайым жасау) (индуктивті, дедуктивті т.б.)

Жүйелі ойлау

  • Күнделі жүйенің жалпы нәтижесін шығару үшін бүтіннің қандай бөлшектеріне бір-бірімен ықпалдасқанын талдау

Қорытынды жасау және шешім қабылдау

  • Негіздемелерді, дәлелдемелерді, пайым-пікірлерді тиімді талдау және бағамдау

  • Негізгі баламалы көзқарастарды талдау және бағамдау

  • Ақпарат пен дәлелдер арасында байланыс орнатып, оларды жинақтау

  • Жақсы сараптама негізінде ақпаратқа түсініктеме беру және қорытынды шығару

  • Оқу тәжірибесі мен үдерісі жөнінде сын тұрғысынан ойлану.

Проблемаларды шешу

  • Әртүрлі таныс емес проблемаларды дәстүрлі жолмен де, инновациялық жолмен де шешу

  • Алуан түрлі көзқарастарға сәуле құйып, анағұрлым тиімді шешім қабылдауға жол ашатын маңызды сұрақтарды анықтау және қою.


Қарым-қатынас және ынтымақтастық

Түсінікті қарым-қатынас жасау

  • Әртүрлі формада және жағдайда ойлары мен пікірлерін ауызша, жазбаша және вербалды емес тәсілмен тиімді түрде білдіру

  • Білім, құндылықтар, көзқарас пен ниетті қоса алғанда мағынаны ұғыну үшін тиімді түрде тыңдау

  • Алуан түрлі мақсатта (мысалы, хабарлау, нұсқау беру, уәждеу және сендіру үшін) қарым-қатынас жасау

  • Мультимедиа мен технологиялардың тиімділігін болжау, сондай-ақ ықпалын бағамдау үшін оларды пайдалану

  • Әртүрлі ортада (соның ішінде көп тілді ортада) тиімді түрде қарым-қатынас жасау.

Басқалармен ынтымақтастық жасау

  • Әртүрлі топпен тиімді және байыппен жұмыс істей алатынын көрсету

  • Ортақ мақсатқа қол жеткізу үшін қажетті ымыраға келуде ізетті болуға икемділік пен ынтызарлық таныту

  • Бірлескен жұмыс үшін ортақ жауапкершілік қабылдау және топтың әр мүшесі қосқан жеке үлесті бағалау (құнды деп санау).

АҚПАРАТ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ ДАҒДЫЛАРЫ

ХХІ ғасырда адамдар технология мен мультимедиаға толы ортада өмір сүреді. Оның мынадай белгілерін атауға болады: 1) көптеген ақпаратқа қолжеткізуге болады, 2) технология құралдары жылдам өзгеріп жатады, 3) ынтымақтастық орнату және орасан зор жеке үлес қосу қабілеті. ХХІ ғасырда нәтижелі болу үшін азаматтар мен жұмысшылар ақпаратқа, мультимедиа мен технологияға қатысты көптеген функционалдық және сын тұрғысынан ойлау дағдыларын көрсете алу қажет.

Ақпараттық сауаттылық

Ақпаратқа қол жеткізу және оны бағамдау

  • Ақпаратқа нәтижелі түрде (уақыт тұрғысынан) және тиімді түрде (дереккөз тұрғысынан) қол жеткізу

  • Ақпаратты сын тұрғысынан және білікті түрде бағамдау

Ақпаратты қолдану және басқару

  • Қазіргі мәселе немесе проблема тұрғысынан ақпаратты орынды және шығармашылықпен қолдану

  • Алуан түрлі дереккөзден келетін ақпарат ағынын басқару

  • Ақпаратқа қол жеткізу және оны қолдануға қатысты моральдық/құқықтық мәселелерді ұстану.

Мультимедиа сауаттылығы

Ақпарат құралдарын талдау

  • Ақпарат құралдарындағы хабардың қалай және неге, сондай-ақ не мақсатпен құрылғанын түсіну

  • Адамдардың хабарды қалай әртүрлі қабылдайтынын, құндылықтар мен көзқарастарды қалай ескеріп немесе назарсыз қалдыратынын, сондай-ақ ақпарат құралдарының адамдардың пікірі мен мінез-құлқына қалай ықпал ететінін зерделеу

  • Ақпарат құралдарына қол жеткізу және оны қолдануға қатысты моральдық/құқықтық мәселелерді ұстану

Мультимедиа өнімдерін өндіру

  • Мультимедиа құрудың аса қолайлы құралдарын, олардың сипаттамалары мен ережелерін түсіну және пайдалану

  • Алуан түрлі, көп мәдениетті орталардағы қолайлы тұжырымдамалар мен түсініктерді түсіну және тиімді пайдалану.


АКТ сауаттылығы

Технологияны тиімді пайдалану

  • Технологияны ақпаратты зерттеу, ұйымдастыру, бағамдау және жеткізу құралы ретінде пайдалану

  • Білім қоғамында табысты қызмет ету мақсатында сандық технологияларды (компьтерді, планшетті, медиа-плейерді, навигация жүйелерін және т.б.), байланыс/желілік құралдарды және әлеуметтік желілерді ақпаратқа қол жеткізу, оны басқару, кіріктіру, бағамдау және құру үшін тиісті түрде пайдалану

  • Ақпараттық технологияларға қол жеткізу және оларды қолдануға қатысты моральдық/құқықтық мәселелерді ұстану.


ӨМІР СҮРУГЕ АРНАЛҒАН ЖӘНЕ КӘСІБИ ДАҒДЫЛАР

Бүгінгі тіршілік және жұмыс жағдайлары ойлау дағдылары мен пәндік білімді ғана талап етпейді. Бүгінгі ақпараттық ғасырда күрделі тіршілік ету және жұмыс жағдайларын басқару қабілеті оқушылардан тиісті өмірлік маңызы бар және кәсіби дағдыларды дамытуға баса назар аударуды талап етеді.

Икемділік және бейімделушілік

Өзгерістерге бейімделу

  • Алуан түрлі рөлдерге, жұмыс жауапкершілігіне, кестелер мен жағдайларға бейімделе білу

  • Түсініксіздік орын алып, басымдықтар өзгеріп жатқан ортада тиімді жұмыс істеу.

Икемді болу

  • Кері байланысты тиімді түрде ұсыну

  • Мақтау, сәтсіздік пен сынға жағымды қарау

  • Оңтайлы шешімге (әсіресе көп мәдениетті ортада) қол жеткізу үшін әртүрлі көзқарастар мен пікірлерді түсіну, ескеру және теңгеру

Бастама және өзін-өзі бағыттау

Мақсаттар мен уақытты басқару

  • Материалдық және материалдық емес табыс критерийлері бар мақсат қою

  • Тактикалық (қысқа мерзімді) және стратегиялық (ұзақ мерзімді) мақсаттардың арасында теңгерім сақтау

  • Уақытты тиімді қолдану және жұмыс көлемін тиімді басқару

Өз бетінше жұмыс істеу

  • Сырттан тікелей бақылаусыз тапсырмаларды қадағалау, анықтау, басымдық белгілеу және орындау

Өзін-өзі бағыттайтын оқушы болу

  • Адам өзінің білімін тереңдетіп, тәжірибе жинақтау мүмкіндіктерін кеңейте алуы үшін дағдыларды және/немесе оқу бағдарламасын меңгерумен шектелмеу

  • Дағдыларын кәсіби деңгейге дейін жетілдіруге ұмтылатынын көрсету

  • Оқуды өмір бойы жүретін үздіксіз үдеріс ретінде қабылдайтынын көрсету

  • Келешектегі алға ілгерілеуді түсіндіру үшін өткен тәжірибе жөнінде сын тұрғысынан ойлану

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Мәңгілік Ел» – бұл барлық қазақстандықтарды біріктіретін жалпыұлттық құндылықтар және еліміздің болашағының іргетасын құрайды» деп атап көрсетілген.

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының маңыздылығы, «Бір мақсат, бір мүдде, бір келешек» біртұтастығы.

«Мәңгілік Ел» идеясының маңызды құрамдас бөліктері болып табылатын азаматтық және жалпыұлттық идея қазақстандықтардың бойында патриоттық сезімі, ұлттық сана-сезімі, ұлттық рухы, азаматтылығы мен әлеуметтік белсенділігі жоғары деңгейлі зияткер әрі бәсекеге қабілетті тұлғаға тән қасиет-сапаларды жетілдіруге бағытталған.

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының негіздемесі жеті негізгі мемлекет құраушы жалпыұлттық құндылықтар болып табылады.

Қазақстандық қоғамның барша қазақстандықтарды біріктіретін, қоғамдық келісімнің негізін қалайтын басты құндылықтары

  1. Қазақстанның Тәуелсіздігі және Астана

Астана – тәуелсіздіктің алғашқы сәтті жетістіктерінің бірі, барлық қазақстандықтардың патриоттық мақтанышы. Халық жұмылып тұрғызған Астана барлық өңір үшін дамуға күшті түрткі болды, қазақстандық экономиканың локомотивіне айналды.

  1. Қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім

Қазақстандық қоғамдағы этносаралық келісім Ата заңда және басқа да Заңдарда берік бекітілген. 1995 жылы Қазақстан халықтарының Ассамблеясы – азаматтық бейбітшілік пен келісімнің бірегей институты, жалпы қазақстандық бірлік негізі құрылды. Халқымыздың қоғамдық келісімі мен жалпы ұлттық бірлік, барлық азаматтардың этникалық, діни, нәсілдік тиістіліктеріне және өзге де өзгешелектеріне қарамастан тең құқықтығы – әркімнің және барлығының табысы мен лайықты өмірін білдіретін тұрақты шоғырландырылған фактор. Қазақстан Республикасының әр азаматының патриоттық борышы – Қазақстанның халықтарының достық пен келісім дәстүрін сақтап, ұлғайтып, ұрпақтан ұрпаққа беру.

  1. Зайырлы қоғам және жоғары руханият

Біздің еліміз әлемдік қауымдастықта рухани әлем мен келісімнің оң үлгісі ретінде қабылданады. Мемдекеттік және қоғамдық өмірдің зайырлы сипаты экономикадағы өрлеудің, білім беру, денсаулық сақтау және мәдениеттің ұлттық жүйесін табысты дамытудың ең маңызды шарты. 

  1. Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу

Экономикалық өсу – бұл біздің ең маңызды міндетіміз, Қазақстанның өңірлік және жаһандық бәсекеге қабілеттілігі осыған тікелей байланысты.

Біздің басты міндетіміз – өндірісті, білім мен ғылымды біріктіру, инновациялық-индустриялық кластерлерді дамыту. Сондықтан елімізде ғылым саласының шешуші реформалары, білім беру жүйесін жаңғырту жүргізілуде, техникалық және кәсіби мамандарды даярлаудың жаңа тиімді жүйесі жасалды.

  1. Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Жалпыға бірдей еңбек қоғамы – қазақстандықтарды әлеуметтік жұмыспен қамтудың ең маңызды шарттарының, қазақстандық отбасылар табысының тұрақты өсуінің, өмір сапасын тұрақты жақсарту, барлық қазақстандық еңбекшілердің шығармашылық және өмірлік әлеуеттерін толықтай ашу кешені. Еңбек өнімділігін арттыру – өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, энергетикада, инфрақұрылымдық қызмет салалары мен секторларында, мемлекеттік және корпоративтік басқару жұмыс атқаратын барлық патриоттардың үлкен еңбегі.

  1. Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы

Туған жеріміздің тарихында бірнеше мыңжылдықтар бар, оның беттерінде ата-бабаларымыздың ұлы істері сақталған. Қазақ халқының тарихы – бұл бірігу тарихы. Тек бірлікті сақтай отырып қана, қазақтар бірегей мәдени-өркениеттік кодқа, ортақ тілге және дәстүрге ие халық ретінде сақталып қалды. XXI ғасырдағы мемлекеттік тілдің мақсаты, міндеті және тағдыры – Қазақстан халықтарының ортақ тілі болу. Әрбір нағыз патриоттың парызы – мемлекеттік тілді білу және отандастарымызға оны меңгеруге көмектесу. Сонымен қатар, Қазақстандағы барлық ұлттың тілдерін дамыту үшін жағдай жасау, үштілділік қағидатын енгізу де маңызды.

  1. Ұлттық қауіпсіздік және еліміздің бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы — мемлекетіміздің белсенді, теңдестірілген, сындарлы және жауапты ішкі саясатының басты мәні.

«Мәңгілік Ел» идеясын білім беру мен тәрбиелеуде іске асыру тетіктері

Жалпыұлттық идеяның миссиясы мен құндылықтары оқу-тәрбие жұмысының барлық түрлері арқылы кешенді түрде жүзеге асырылады. Білім беру үдерісін ұйымдастырудың басты ерекшелігі білім беру мен тәрбиенің бірлігі болып табылады. «Мәңгілік Ел» идеясын білім беру мен тәрбиелеуде іске асыру тетіктеріне білім беру құндылықтарын, қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікті, ашықтық пен ынтымақтастықты қалыптастыру, өмір бойы білім алу және т.б. жатады. Қазақстан халқын біріктіретін «Мәңгілік Ел», «Қазақстан – ортақ мекеніміз», «Қазақстан – менің Отаным» жалпыұлттық идеяларын жүзеге асыруда мектептердің рөлі аса маңызды болып табылады.

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының білім беру мазмұны арқылы жүзеге асырылуы

Жалпыұлттық идеяның құндылықтарын білім беру мазмұны арқылы жүзеге асыруда оқу пәні бойынша бөлімдер мен тараулардың мазмұны, оқу мақсаттары және оқу жаттығулары назарға алынады.

Оқу бағдарламасының құрылымы мен мазмұны


Оқу бағдарламалары мен оқу жоспарлары белгілі бір пән және сынып аясында оқушылардың нені оқып, нені үйрену қажет екендігін айқындау үшін қолданылады. Сонымен қатар, жекелеген пәнді оқыту мазмұнына қысқаша шолу ұсына отырып, бұл құжаттар мүдделі тараптарға оқушылардың белгілі сынып аясында оқу бағдарламасы бойынша жалпы түсінік алуына, белгілі бір сыныпта оқушылардың қандай білім, білік, тәжірибе жинақтайтынын анықтауға мүмкіндік береді.


Оқу бағдарламасы

Оқу бағдарламасы – бұл пәннің құрылымдастырылған сипаттамасын, сондай-ақ пәнді оқытуда қолданылатын педагогикалық тәсілдер туралы мәлімет ұсынатын құжат.

Оқу бағдарламасында пән бойынша оқушылар әр сынып аясында дамытады деп күтілетін білім, білік дағдылар оқу мақсаттары түрінде бейнеленеді. Осы оқу мақсаттарында оқу бағдарламасының әр сыныпқа арналған мазмұны анықталады. Оқу мақсаттары бөлімдер мен бөлімшелерге бөлінеді, алайда оларды ұсынылған тәртіпте ғана оқыту міндетті емес. Оқу бағдарламасы спиральділік қағидатының негізінде оқушылар сыныптан сыныпқа ауысқан сайын қалай алға ілгерілейтінін көрсетеді.

Оқу бағдарламасында қамтылатын мәселелер:

  • пәннің мақсаты, міндеті және маңызы туралы тұжырым;

  • дамытылатын білім, түсінік, дағдылар, көзқарастар мен құндылықтар туралы мәлімет;

  • пәнді оқытуда қолданылатын педагогикалық тәсілдер;

  • ақпараттық-коммуникациялық технологиялар туралы түсініктеме;

  • бағалау тәсілдеріне қысқаша шолу;

  • бағдарламаның мазмұны, ұйымдастырылуы және ондағы материалдардың күрделілігінің өсу реті.

Оқу жоспары – бұл белгілі бір пән және сынып бойынша мұғалімдерге арнап дайындалған құжат. Оқу жоспарында белгілі бір сыныпта белгілі бір пән бойынша меңгерілетін материал жан-жақты сипатталады, сондай-ақ ол материалды оқыту реті ұсынылады.

Оқу жоспарында қамтылатын мәселелер:

  • ұзақ мерзімді жоспар;

  • тілдік мақсаттар;

  • орта мерзімді жоспарлар;

  • қысқа мерзімді жоспар.

Орта мерзімді жоспарларда оқу жылы бойындағы барлық оқу мақсаттары қамтыла отырып, оқушыларға осы мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік беру үшін орындау ұсынылатын жаттығулар туралы қысқаша мәлімет келтіріледі. Бұл ұсынылатын жаттығулар мұғалімдерге өз сабақтарын әзірлеу кезінде қолдау көрсетуге бағытталған пайдалы кеңестер жазылған қысқаша жазбалармен қатар, осы сабақ аясында қолдануға болатын ресурстарды да қамтиды.

Қысқа мерзімді жоспар – мұғалімдерге өз сабағының егжей-тегжейлі жоспарында орта мерзімді жоспардың мазмұнын қалай бейімдеуге болатынына қатысты нұсқаулық ретінде ұсынылған үлгі.

Жалпы алғанда, оқу жоспары пән мазмұнын және оны қалай оқыту керектігін терең меңгерген мұғалімді жаңартылған оқу бағдарламасын іске асыруда табысқа жету жолында жан-жақты қамтамасыз етуге арналған.

Оқу жоспарын нормативтік құжат ретінде емес, нұсқаулық ретінде қарастырудың маңызы зор, себебі мұғалімдер өздері сабақ жүргізетін сыныптардағы оқушылардың қажеттіліктері мен үлгеріміне қарай оған түзету енгізіп, бейімдей алады.

БЕЛСЕНДІ ОҚЫТУ

Нұсқау беру жəне айту: Сыныпқа оқыту/оқу мақсаттарын хабарлап, оқушылардың не істеу керектігін түсінетініне жəне ерекше назар аударуы қажет мəселелерге көңіл бөлетініне көз жеткізу. Мысалы, физикалық тәжірибеде бір əрекет екіншісінен шығатынына қалай көз жеткізуге болады, өлшеулер жүргізу арқылы дəлдік дəрежесін белгілеу, жұмысты қалай баяндау немесе кестені қалай құру.

Көрсету жəне модельдеу: Айқын, жақсы құрылымдалған көрсетілімдерді ұсыну: мысалы, физикалық есепті қалай шешу керектігін, кестені түсіндіру, компьютерлік бағдарламалық жасақтаманы қолдану.

Түсіндіру жəне сипаттау: Бұрынғы жұмысқа немесе əдіске негіздеп нақты, жақсы құрылымдалған түсініктеме беру: мысалы, физикалық есепті шығаруда есептеу тəсілін (алгоритмін) баяндау жəне бұл неліктен осылай шығатынын түсіндіріп, физикалық шамалардың, математикалық терминнің, таңбаның немесе шартты белгілеу жүйесінің мəнін беру, жалпылама пайымдау үшін қолданылатын мысалдарды келтіре отырып, есепті шығару жолдарын түсіндіру

Сұрақ қою жəне талқылау: Барлық оқушылардың қатысып отырғанына көз жеткізу үшін сұрақ қою тəсілі сабақтың бағытына жəне қарқынына сəйкес келетін жолдармен жүзеге асырылуы тиіс (қажет болған жағдайда, құрылғылардың, калькулятордың көмегімен немесе өзара қарым- қатынас арқылы, белгілер мен таңбаларды қолдану арқылы); шебер ойластырылған, өңделген жəне мақсатқа бағдарланған ашық жəне жабық сұрақтарды қолдана отырып, қабілеті жағынан əртүрлі оқушылардың пікірталасқа қатысып отырғанына көз жеткізуге болады; түсініктеме беруін сұрап; оқушылардың жауап берудің алдында ойлануына уақыт беру керек; оқушылардың жауаптарын мұқият тыңдап, олардың білімін дамыту үшін сындарлы əрекет ету; оқушыларға қозғау салып, ойлануына түрткі болу.

Зерделеу жəне зерттеу: Оқушылардың проблемалық мəселе көтеруін немесе зерттеу бағытын жорамалдауды сұрау; белгілі бір жағдайларды жалпылауға болатынын зерттеуді сұрау; қарсы мысалдар іздеп, ерекше жағдайларды айқындауды сұрау; оқушыларды проблема мен оның шешімін ұсынудың графикалық немесе сызбалық нұсқадағы балама тəсілдерін қарастыруға, проблемаға басқаша тұрғыдан қарау үшін бір түрінен екіншісіне көшуге ынталандыру.

Бекіту жəне қолданысқа енгізу: Жаңадан меңгерілген дағдыларды тəжірибеде қолдану жəне дамыту үшін сыныпта жəне үйде орындауға арналған əртүрлі жаттығулардың көмегімен түрлі мүмкіндік ұсыну; оқушылардың үдеріс барысында əріптесімен жұпта немесе топта бірлесе ойлануы немесе талқылау арқылы оларды өз идеялары мен пайымдауларының ауқымын кеңейтуге немесе өз жұмыстарының жазбасын жүргізу əдістері мен тəсілдерін салыстыруға жəне жетілдіруге ынталандыру; оларды оқу бағдарламасындағы физикалық есептерді шешуде математикалық дағдыларын тиімді қолдануға ынталандыру.

Рефлексия жəне бағамдау: Оқушылардың қателерін анықтап, олардың өзін жəне оған алып келген түсінбеушілікті талқылай отырып, бұны оқытудың жағымды қыры ретінде қолдану; оқушылар өздері таңдаған əдістері мен ресурстарын неліктен таңдағанын түсіндіру үшін пікірталас жүргізу; оқушылардың топқа немесе бүкіл сыныпқа жасаған таныстырылымын бағамдау; олардың жазбаша жұмысына ауызша кері байланыс ұсыну.

Қорытынды шығару жəне есте сақтау: Физика сабағында жұмыс барысына шолу жасап, оның қорытындысын шығару жəне оқушылардың не үйренгенін түйіндеу; оқушылардың түсінгенін анықтау жəне қате түсінген болса түзету; оқушыларды өз жұмыстарымен таныстырып, оның негізгі тармақтары мен идеяларын ұсынуға шақыру; физиканың басқа салаларымен жəне басқа пəндермен байланыстыру; оқушыларға оқудың келесі кезеңін түсінуге мүмкіндік беру.

Топтық жəне жұптық жұмыс аясында, сондай-ақ бүкіл сынып орындайтын жұмыста бағытталған оқыту мен өзара қарым-қатынастың маңызы зор. Сабақтың басым бөлігінде оқушыларды «тұтас топ» болып жұмыс істеуге жұмылдыру олардың мұғаліммен қарым-қатынасын барынша арттырып, əр оқушының ұзақ уақыт бойы өзара əрекет етуден мүмкіндігінше пайда көруге септігін тигізеді.

Қалыптастырушы бағалау үдерісі


Қалыптастырушы бағалау – оқушының оқу нәтижесінің үнемі ілгерілеп және дамып отыруына ықпал ететін, мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланысын қамтамасыз ететін үдеріс.

Сабақ беру мен оқытуды тиімді түрде ұйымдастыру үшін әр оқушының ілгерілеуі мен ағымдағы түсіну деңгейін үнемі анықтап отыру маңызды. Ол қалыптастырушы бағалауда іске асырылып отырады және оқушының оқу жетістіктері туралы шешім қабылдауға мүмкіндіктер тудырады.

Қалыптастырушы бағалау оқыту мен оқудың біртұтас құрамдас бөлігі болып, қосымша жаттығулар мен тест тапсырмалары түрінде қабылданбауы тиіс.

Қалыптастырушы бағалау үдерісі төменгі кезеңдерден тұрады:

  • Оқушыларды анықталған оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерімен таныстыру.

  • Оқушылардың нені және қандай деңгейде түсінгендігін анықтайтын дәлелдемелердің көрсеткіші бола алатын тиімді орта тудыру немесе олардың басқа іс-әрекеттерін ұйымдастыру.

  • Оқушының дамуына ықпалын тигізетін тиімді кері байланыс беріп отыру.

  • Оқушыларды бір-біріне өзара оқыту көзі бола алатындай ынтымақтастыру.

  • Оқушы өз оқуы барысында өзін «құрастырушы» ретінде қабылдау.


Қалыптастырушы бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру

Әр сыныпта сабақ беру үдерісінде мұғалім оқу бағдарламасындағы барлық оқыту мақсаттарын қамтуы керек. Пәндер бойынша оқу жоспарында барлық оқу мақсаттары үшін ұсынылатын іс-әрекеттер берілген.

Бағалау үдерісін тиімді түрде өткізу үшін мұғалімге:

  • оқу мақсатына сәйкес бағалау критерийлерін нақты құрастыру;

  • тапсырмаларды бағалау критерийлеріне сай құрастыру және дескрипторларын анықтау;

  • оқушыларға тиімді кері байланыс беру ұсынылады.


Бағалау критерийлері оқу мақсатында не көрсетілсе, тек соны ғана бағалайды және Блум таксономиясында берілген алты ойлау дағдыларының деңгейлерін - білу мен түсіну, қолдану, анализ, синтез және бағалауды көрсетеді. Мұғалімнің бағалау критерийлерін оқу мақсаттарына сәйкестендіріп, нақтылап дайындауы маңызды.

Одан кейін мұғалім бағалау критерийлерін сәйкестендіріп, оқушылардың жеке ерекшеліктерін, оқу мазмұнын ескеріп, тапсырма және оның дескрипторларын құрастырады. Дескрипторлар тапсырманы орындаудағы оқушы қадамын нақтылайды, нәтижеге жету жолын анықтайды, сондықтан дескрипторлар оқушыларға түсінікті болуы қажет.

Жаңартылған білім беру бағдарламасы негізінде жасалған қысқа мерзімді сабақ жоспарының үлгісі:





Сабақтың тақырыбы

Конденсаторлар



Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.4.1.10 – конденсаторлардың құрылысын және қолданылуын сипаттау

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:Конденсаторлар құрлысы, электр сыйымдылық шамасы туралы біледі.

Оқушылардың басым бөлігі: Конденсаторлардың қолданылуын білуі, электр сыйымдылықтың формуласын қолданып есептер шығарады.

Кейбір оқушылар: Сыйымдылық шамасының физикалық мағынасын түсінеді, өмірмен байланыстырып конденсатордың қолданылуына мысалдар келтіре алады

Бағалау критерийі

Конденсаторлар құрлысы, электр сыйымдылық шамасы туралы біледі., электр сыйымдылықтың формуласын қолданып есептер шығарады. Сыйымдылық шамасының физикалық мағынасын түсінеді, өмірмен байланыстырып конденсатордың қолданылуына мысалдар келтіре алады

Тілдік мақсаттар


Лексика мен сөз тіркестерінің мысалдарын қамтитын тілдік мақсаттар: Конденсаторлар құрлысы мен қолданылуын ауызша және жазбаша түрде сипаттай және жүйелей алады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: конденсатор, электрсыйымдылық, Лейден банкасы, фарад

Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер:

Конденсатор ....

Электрсыйымдылық ...

Фарад ....

Конденсаторды қайда қолданады .....

Құндылықтарға баулу




Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу, жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Пәнаралық байланыс

Информатика, физика тарихы

Алдыңғы білім


Заряд, электр өрісі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы


Шаттық шеңбері

3 мин




Топқа бөлу

1 мин



Үй тап сұрау

4 мин



Миға шабуыл

2 мин

1.Оқушыларарға жағымды ахуал туғызу.

Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз!

Ұйымшыл боламыз десек 2 рет

Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз!

2.Топқа бөлу. Конденсатор, электрсыйымдылық, конденсатордың қолданылуы сөздері арқылы 3 топқа бөлу

3.Үй тапсырмасын сұрау.

Үш қадамдық сұхбат әдісі

(Бір оқушы сұрақ қояды, екіншісі жауап береді, үшіншісі жазады және қайталайды)

ҚБ: Үш шапалақ

4. Миға шабуыл. «Суреттер сөйлейді»

1) Суреттер туралы не айтуға болады

2) Суреттегі құралдарды қайдан кездестіруге болады

Shape2 Shape3









Shape4












Конденсатор, электрсыйымдылық, фарад сөздері жазылған қима қағаздар, слайд

Сабақтың ортасы


Постер құрау

10 мин



























Саралау тапсырмалары

6 мин




































Практикалық жұмыс

4 мин











5.Топтық жұмыс

Постер әдісі (Мәтінмен жұмыс)

Топтың аттары бойынша мәтінді бөліп оқыйды, талдайды, қорғайды

  1. топ: Конденсатор

2 топ: Электрсыйымдылық

  1. топ: Конденсаторлардың қолданылуы

Бағалау критерийі:

  • Конденсатордың құрлысы мен түрлерін біледі

  • Электрсыйымдылығының формуласы мен өлшем бірлігін анықтайды

  • Өмірде қолданану салаларын түсінеді

Дескриптор:

-Постердің эстетикалық талғамға сай болуы;

- Нақты дәлелдемелердің болуы;

- Тақырыптың ашылуы;

- Шешу жолдарының ұсынылуы;

- Уақытты тиімді пайдалану;

ҚБ: Екі жұлдыз, бір тілек арқылы бағалау

Сергіту сәті (Ауадағы дыбыстар)

6. «Конверттегі сауал» (Саралау тапсырмалары)

І деңгей

1.Өткізгішке 1*10-8Кл заряд беріліп, оны 0,1кВ потенциалға дейін зарядтаған. Өткізгіштің электр сыйымдылығын есептеңдер.

ІІ деңгей

1. Конденсатордың электр сыйымдылығы 5пФ. Егер конденсатордың астарлары арасындағы потенциалдар айырмасы 1000 В болса, онда оның әрбір астарында қандай заряд болғаны ?



ІІІ деңгей

1.Жазық конденсатордың әрбір астарының ауданы 20 см2, олардың ара қашықтығы 0,1 см және диэлектриктің диэлектрлік өтімділігі 6-ға тең. Конденсатордың электр сыйымдылығын табыңдар

ҚБ: «Геометриялық фигура» әдісі арқылы.

Бес бұрыш – барлық есептер есептеу жолы көрсетіліп, толығымен шығарылған, жауаппен сәйкес келеді.

Төрт бұрыш – есептер толығымен шығарылған, бірақ жауаппен сәйкес келмейді, қателері бар.

Үш бұрыш - есептер толық орындалмаған, қателері бар, жауаппен сәйкес келмейді.

Бағалау критерийі:

Электрсыйымдылығының формулаларын қолданып, есептер шығара алады

Дескриптор:

- Есептің берілгенін дұрыс жазады;

- шамалардың өлшем бірлігін ХБЖ-де жазады;

- электрсыйымдылық формуласын есептер

шығаруда қолданады;

- жауабын жазады.

7. «Ойлан, жұптас, талқыла» Практикалық жұмыс (Әртүрлі конденсаторлар таратылады) Түрін анықтайды, қандай сыйымдылық пен кернеуде жұмыс жасай алатындығын анықтайды

ҚБ «Бас бармақ» (қайталауды қажет ететін балаларға түсіндірме жасау)

Picture 2






карточка,

маркер, А3, слайд













Shape6 Shape5























Shape8 Shape7



Shape9



















Конденсаторлар

Сабақтың соңы

Мини тест

5 мин































Рефлекция

5 мин






8. Мини тест (Жеке жұмыс)

  1. Конденсатордың электрсыйымдылығы қандай әріппен белгіленеді?

А) U ;               B) q ;                C) φ;           D) C

  1. 2. Конденсатордың электрсыйымдылығының формуласы?

А) U = Cq;    B) q = C/U;      C) C = q/U;     D) C = qU.

  1. 3. Конденсатордың электрсыйымдылығының өлшем бірлігі?

А) Кл;              В) Ф;                С) В;          D) Вт.

  1. Жазық конденсатордың сыйымдылығы қалай анықталады?

А) С= εε0S/d;   B) С= εε0Sd;   C) С= S/d;  D) С= εε0S

  1. Конденсатордың қандай түрлері бар?

А) жазық, паралелль, цилиндрлік;      В) Жазық, сфералық, цилиндрлі;

С) Сфералық және жазық;           Д) Параллель, сфералық , жазық.


ҚБ: ҚБ: «Гүл шоғы» арқылы бағалау

Гүлдеп тұрған гүл – шыңға бірінші болып шықты, барлық тапсырмалар қатесіз болып орындалды

Бүршік атып тұрған гүл – шыңға шықты бірақ тапсырмаларда қате бар.

Жаңа шығып келе жатқан гүл – шыңға жете алмады, тапсырмаларда қателіктер бар.


Рефлекция

«Өрмекші торы» әдісі бойынша оқушыларды шеңберге тұрып, бір-біріне жіп ұсына отырып сұрақ қою арқылы алған білімдерін қортындылайды.



Үй тапсырмасы§

17-жаттығу №1,2 шығару

Конденсатордың қолданылуы тақырыбына реферат жазу




әә»»«»




Қазіргі кезде оқу бағдарламасындағы стандарттарға, бағалауға, оқулықтар мен оқыту әдістеріне қатысты білім беру саласындағы өзекті құндылықтар мен мақсаттар мектеп оқушыларының жалпы үлгерімін арттыруды, сондай-ақ инновация мен көшбасшылықты енгізу үшін талап етілетін дағдыларды дамытуды, мектеп аясында ұлттық сана қалыптастырып, іске асыруды және ауқымды халықаралық тәжірибемен өзара әрекеттесуді көздейді. Жаңартылған оқу бағдарламасы мен бағалау жүйесін енгізу аталған міндеттерді шешу үшін қабылданған шаралардың бірі болып табылады.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
5 наурыз
896
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі