09.02.17ж 10
сынып
Сабақтың тақырыбы:§8.11
Конденсаторлардың құрылысы және
түрлері.
Сабақтың
мақсаты: 1.Білімділік: Конденсаторлар, олардың
құрылысымен таныстыру және оның электр сыйымдылығы неге тәуелді
болатынын оқып үйрену. Ғылыми еңбекке
тәрбиелеу.
2.
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау
қабілетімен есептеу дағдыларын жетілдіру.Белсенділіктерін арттыру,
оқушылардың пәнге деген қызығушылығын
дамыту.
3.
Тәрбиелік: Оқуға саналы сезімге,
жауапкершілікке өз бетінше еңбектенуге, тез ойлап, тез
қорытуға және сөйлеу мәнеріне
тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі: аралас
сабақ
Сабақтың
көрнекілігі: интерактивті тақта,
конденсатор түрлері, электрометр, шыны таяқша, мата, кеңсе
тауарлары
Сабақтың өту
әдісі: сұрақ-жауап, баяндау,
есептер шығарту
Пәнаралық
байланыс: физика, математика,химия
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
бөлімі. Оқушыларға бүгінгі өтілетін
сабақта жасалынатын тәжірибелерді мұқият бақылап өткен сабақтармен
байланыстыра отырып негізгі тұжырымдамаларды алатындығымызды
ескертемін. Тәжірибені екі оқушы шығып жасайды, себептері
оқушылардан төмендегі сұрақтар арқылы
сұралады.
ІІ. Үйге берілген сабақты
сұрау.
1.Денелерді зарядтау
тәсілдерін атаңдар. (Кім мына пластинканы зарядтап
көрсетеді)
2.Зарядтау кезінде денелерде
қандай өзгерістер болады? (тәжірибеге қарап
түсіндіру)
3.Кернеудің артуы диэлектрикке
қалай әсер етеді? (диэлектрик ауа тесілуі, электростатикалық машина
шарлары арасындағы ұшқын)
4.Электр сыйымдылығы деп нені
атайды? (заряд артса-потенциалдар айырмасы
артады)
ІІІ. Жаңа материалды
түсіндір
Әр аттас электр зарядтарын
толыққанды жинақтау үшін конденсаторлар
пайдаланылады. Конденсатор деп қалындығы
өткізгіштердің мөлшерімен салыстырғанда аз диэлектрикпен бөлінген
астарлар деп аталатын екі өткізгіштен тұратын жүйені
айтады. Жазық конденсатордың
сыйымдылығы пластиналар ауданына және пластиналарды бөлетін
диэлектриктің салыстырмалы диэлектрлік өтімділігіне тура, ал
пластиналардың ара қашықтығына кері пропорционал екендігі тәжірибе
арқылы анықталған.
Конденсаторлар техникалық құрылғыларда электр зарядын жинақтау үшін
кеңінен қолданылады. Конденсатордың электр зарядтарын жинақтау және
сақтау қасиеті, мысалы, электрондық фото жарқыл алуда
пайдаланылады. Бұл аспапта конденсатор гальваникалық элементтер
батареясынан ұзақ зарядталады да, арнайы шам арқылы тез
разрядталады.
Лейден банкасы - алғаш рет XVIII ғасырда жасалған конденсатор,
сыртқы және ішкі жағынан станиолмен (станиоль-қалайының жұқа
қабаты) желімделген банка түрінде болады. Қағаз конденсаторда астар
ретінде станиоль жолақтары, ал өткізбегішке - парафин сіңдірілген
қағаз қиындылары алынады. Электролиттік конденсаторларда астардың
бірінің қызметін атқаратын фольга жолағы екінші астардың қызметін
атқаратын электролит ерітіндісі алынады. Диэлектрик ретінде
фольганы жабатын тотық алынады. Кейде конденсатордың сыйымдылығын
өзгерту қажет болғанда, айнымалы сыйымдылықты конденсаторлар
пайдаланылады..... Конденсатордың түрлері
Жазық
конденсатор, сфералық
конденсатор, цилиндрлік конденсатор, керамикалық
конденсаторлар
Өткізгіштің электрсыйымдылығының түрліше
физикалық факторлардың әрекетінен өзгеруінің
қасиеттері:
1)
Өткізгіштің электрсыйымдылығы оған екінші зарядталмаған өткізгішті
жақындатқанда артады;
2) Екінші
өткізгішті жерге жалғау бірінші өткізгіштің электрсыйымдылығын
арттырады;
3) Қатты
диэлектриктің болуы жүйенің электрсыйымдылығын
арттырады;
4)
Диэлектриктің қалыңдығын азайтса, өткізгіштер жүйесінің сыйымдылығы
артады;
5)
Диэлектриктің диэлектрлік өтімділігі артқанда, жүйенің
электрсыйымдылығы артады
6)
Өткізгіштердің бір-бірімен айқасу ауданын арттырғанда жүйенің
электрсыйымдылығы артады.
Конденсаторлардың қолданылуы:
Радиотехникада кез-келген радиоэлектрондық құрал
(байланыс, телевизия, телеграф, т.б.)
ІV.Есептер шығарту.
1.
Конденсатор ауданы 200
см2-ге тең екі пластинадан
тұрады. Ол пластиналардың арасында қалыңдығы 0,1 см болатын слюда
бар. Конденсатордың сыйымдылығын
тап.
2.Жазық ауа конденсаторының
электрсыйымдылығы 8,85*10-14Ф және пластиналарының ара
қашықтығы 2 см болса, әр пластинасының
ауданы(ε0=8,85*10-12Ф/м)
а)
2*10-2м2 в) 2*10-6м2 с) 4*10-4м2 д)4*10-6м2 е) 2*10-4м2
3. Жазық конденсатордың
электрсыйымдылығы 4 пФ. егер оның пластиналар арасындағы
потенциалдар айырмасы 1000 В болса, оның әр пластинасындағы
зарядтың мәні
а)
4*10-12
Кл В)
16*10-16
Кл С)
4*10-6
Кл Д)
16*10-9
Кл Е)
4*10-9
Кл
4.Сыйымдылығы 2000п Ф
конденсаторға 6мкКл заряд беру үшін конденсаторды
қандай кернеуге дейін зарядтау керек?
/3000В/
V. Сабақты
бекіту. 1) Конденсатор дегеніміз
не?
2) Конденсаторлардың қандай
түрлерін білесіңдер?
3) Конденсатор түрлерінің
құрылысы қандай?
4) Жазық конденсатордың
сыйымдылығы қалай өзгереді?
Егер оның астындағы
зарядтарын 2 есе арттырғанда қалай
өзгереді?
Конденсаторлардың түрлерін
көрсете отырып олардың жасалуына назар аударып айнымалы
конденсаторды, электролиттік конденсаторды, жазық конденсатордың
сыйымдылығын, зарядын, ауданын, астарларының ара қашықтығын және
астарлар арасындағы потенциалдар айырмасын
қарастырамыз.
Электр – қараңғы түнді,
әлемді жарықтандыратын адам ойының сөнбес “жұлдызы”.
Оқушылар пікірін
тыңдау
VI. Үй тапсырмасы: §8. 11
18-жаттығу.