15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Көне аспаптарды жинаушы Б.Сарыбаев
Максимова Нурсулу Асылбековна
Музыка пәнінің мұғалімі
Онды орта мектебі
Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Онды ауылы
3-сынып

Сабақтың тақырыбы; Қазақтың көне аспаптарын жинаушы Б.Сарыбаев
Сабақтың мақсаты;Оқушыларды қазақтың ұлттық аспаптарымен танымтыру,аспаптық музыкаға деген қызығушылығын ояту.
1.Білімділік; Б.Сарыбаев еңбегімен таныстыру,әр аспаптың шығу тарихы жайлы ,жасалу ерекшелігі туралы түсінік беру.
2.Тәрбиелік; Қазақтың ұлттық аспаптарын мақтаныш тұтыуға тәрбиелеу,ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыру және құрметтеуге баулу.
3.Дамытушылық; Ән айту қабілетін дамыту, ән үйрену.
Сабақ көрнекілігі; Ұлттық музыкалық аспаптар,домбыра,копазиторлар суреті,слайдтар,жұмбақтар,дидактикалық ойын.
Сабақтың жүрісі; 1.Ұйымдастыру
2.Үй тапсырма
3.Жаңа сабақ
4.Қорытынды
5.Бағалау
6.Үйге тапсырма
1.- Сәлеметсіздер ме балалар!
-Отырыңдар
-Сыныпта оқушылар түгел ме?
Оқушылардың кім бар,жоғын тексеру.Құрал жабдықтарын түгендеу,назарларын сабаққа аудару
2.Үй тапсырмасын сұрау?
А)Оркестірдегі дирижердің міндеті не?
Ә)Дирижер қандай болуы керек?
Б)Құрманғазы атындағы ұлт-аспаптар оркестірінің алғашқы дирижері кім?
В)А.Жұбановтың шәкірттері кімдер?
3.Жаңа сабақ; Б.Сарыбаев(1927-1984Ё жылы көрнекті ғалым,қазақтың көне аспаптарын жинаушы ,зеріттеуші.Этнограф-ғалымдардың ішінде Б.Сарыбаевтың орны ерекше.Б.Сарыбаев ізденістің арқасында қазақтың жиырмадан астам көне музыка аспаптарын қайта жаңғыртып,дүниеге әкелді.
Б.Сарыбаевқа қазақтың көне музыка аспаптарын жинауға себепкер болған Дина Нұрпейісова еді.Балам мына домбыраны сақтап үйрен ата-бабалар мұрасына ие болатындай өзіңдей талапты жас ұрпақ -,деп өз домбырасын сыйға тартып кетеді.Қазақстанның түкпір –түкпіріне барып,қол-өнер шеберлерімен кездесіп,көне аспаптар жайлы мәлімметтер жинайды.Көптеген археологиялық қазбаларға қатысып ,онда табылған музыка аспаптарын тек жинап,зеріттеп қана қойған жоқ,оларды қайта жаңғыртты,аспаптарды жетілдіре түсті,фольклорлық ансамбль құрды.Қазақтың жойылып бара жатқан жетіген,шертер,шаңқобыз,сазсырнай ,асатаяқ аспаптарын жарыққа шығарды.Халқымыздың көптеген музыка аспаптарын дүниеге әкелді.
Қазақтың ұлттық аспаптарын (Интерактивті түсіндіру,баяндау)
Домбыра;Қазақ халқының ертеден келе жатқан қос ішекті музыкалық аспабы.Қазақ халқының тарихын ,өмірін,сезімін домбыра аспабы арқылы жеткізген.Домбыраның шанақ,мойны,тиек,перне,бөліктері бар.Ол шырша,қарағай ағаштарынан жасалады.

Қобыз; Ертеаманнан келе жақының екі ішекті ысқышпен ойналатын аспап.Ол өзіндік сыры мол,адамның еркіне көне қоймайтын, күрделі аспап.Ішегі жылқының қылынан жасалады.Ол ағаштан жасалып ,беті терімен қапталады.

Шертер;шертіп ойнау тәсіліне байланысты шертер деп атаған.Ертедегі шертерлер ағаштан ойылып,шанағын көнмен қапталған.Ол екі және үш ішекті болып келеді.Дыбыс күші,қапталған терінің жұқа,қалыңдығына байланысты.Ал ішегі жуан,жіңішкелігіне байланысты,ішегіне жылқының қылы тағылады.

Сыбызғы;үрмелі музыкалық аспап.Ол қурайдан ,жезден, ағаштан жасалады.Үш немесе төрт ойығы бар.Оның дыбысы демді жәй немесе күшті шығару арқылы,түрлі әуендер туады.

Сазсырнай;саздан жасалады.Оның өзі жасалған затына сай сазсырнай,мүйіз сырнай,қамыс сырнай т.б. құрылысына байланысты бөлінеді.

Жетіген;көне нұсқасы ағаштан ойылып,астау сияқты ойылып жасалады.Ойылған жағы ашық,тегіс жағна жеті қыл ішектен тағылады.

Дауылпаз;дабыл,соқпалы,қрмалы аспап.Шанағының екі жақ беті терімен қапталып,бір бүйіріне қайыс ілмек немесе ағаш тұтқа бекітеді.Оны жорықтарда ,жаугершілікте,аң құстарды үркітуге пайдаланған.

Шаңқобыз;ағаштан,темірден немесе күмістен жасалған.Шаңқобыз арасының бекітілген темірді саусақпен шалып тарту арқылы орындалады.

Асатаяқ: сілкімелі музыкалық аспап. Бас жағына түрлі темір сылдырмақтаршылдырлатып, ерекше дыбыс береді.

Жұмбақтар ойыны: Қызығушылығын ояту.
-
Сызылған үні, сүйкімді тілі
Үрлесең ойланатын аспаптардың бірі.
(Cыбызғы)
-
Ел қорғайтын ерлікке,
Батылдыққа ерлікке,
Әуенімен шақырған
Қандай аспап балалар
(Дабыл н/е дауылпаз)
-
Сазымен жасалған
Өрнектеп қашалған
Сырнайдың үнімен
Бұлбұлдың біріндей.
(Сазсырнай)
-
Тілшелік аспап, қобыздай асқа
Ерекше үні бар, бұл қандай аспап
(Шаңқобыз)
Дидактикалық ойын (Аспапты тану)
Ойын ережесі бойынша аспаптардың үнін үнтаспадан тыңдалады. Оқушылар қандай аспап екенін айтулары керек?
-
Қобыз.
-
Шаңқобыз
-
Барабан
-
Сыбызғы
-
Жетіген
Ән үйрену: «Домбырасыз сән қайда?»
Әні: И Нүсіпбаев
Сөзі: Х.Талғаров
Бүгінгі үйренетін әніміздің аты «Домбырасыз сән қайда?»- деп аталады. Әннің авторы Ибрагим Нүсіпбаев. Ол балалар компазиторы. Оның біз көптеген әндерін айтып жүрміз. Оның: «Біз бақытты баламыз», «Әйбат бала»- т.б әндері бар.
Дауыс жаттығуын жасату. До мажор гаммасын айту және дыбыстардың биіктігін қолдарымен көрсету.
Ән көңілді екпінде жазылған. Алдымен әннің сөзін оқып шығып, кейін оның мағынасына көңіл бөлу. Әнде домбыра аспабы туралы айтылады. Халықтың мұңын , шерткен осы домбыра аспабы болатын.
Әнді айту. Әнді алдымен өзім айтып, сосын оқушылармен әнді айтып үйренеміз.
Қорыту
Б.Сарыбаев қандай көне музыкалық аспаптарды қайта жаңғыртты ?
Б. Сарыбаевқа кім бата берді?
Қазақтың қандай көне музыкалық аспаптарының үнін естідің?
Б. Сарыбаев көне аспаптарды жинауда қандай еңбек сіңірді.
Бағалау:
Үйге тапсырма беру: Қазақтың көне аспаптарын жинаушы
Б.Сарыбаев оқу, мазмұндау. Әнді жаттап келу.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген