Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 17 материал табылды

Көне жазбалар

Материал туралы қысқаша түсінік
1 сыныпқа арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ тақырыбы:

Көне жазбалар

Мектеп: «Қаржан» жом

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

  • Барлық оқушылар: өткен мен қазіргі кезеңді көз алдына елестетудің түрлі тәсілдерімен танысy;


  • Оқушылардың басым бөлігі: көне жазбалар мен олардың мағынасы туралы білy;

  • Кейбір оқушылар: таңбаларды күнделікті өмірде қолдануды үйренy.

Тірек сөздер:

ақпарат – информация – information; жазу – письменность – writing.

Ресурстар:

«Көне жазбалар» сабағы бойынша таныстырылым, тірек сөздер жазылған үлестірме парақшаларлар, қосымша тапсырмаға арналған түрлі-түсті жіптер, ермексаз, ермексаздан жасалған тақтайша, ағаш таяқша.

Сабақтың мақсаты:

1.3.3.1 Қазақстан аумағындағы көне жазу туралы білу

1.3.3.2 түрлі материалдарды, әдістер мен құралдарды пайдалана отырып көне жазуларды бейнелеу

1.3.1.2 көне заманның танымал тарихи ескерткіштері/жәдігерлері туралы әңгімелеу

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Көне жазбалар. Тастағы және саз тақташалардағыежелгі жазбалар болашақ ұрпақ үшін өткен кезеңдер туралы мәліметті сақтап қалды.Ежелгі жазбалар пиктографиядан (көне замандағы суретті жазу) басталады. Жазудың бұл түрі сурет түріндегі хабарламаны көрсетеді. Пиктограммаларда шартты белгілер болуы мүмкін.Сонымен қатар ертеде Екі өзен тоғысында жазуды саз тақташаларға жазған. Ол жерде алғашқы мектептер болған. Оқу сазды илеуден басталатын. Жұмсақ тақташаларға ағаш таяқшалармен мәтін жазған. Мұндай жазуды сына жазу деп атайды. Жазу үшін олар ұшы үшкір таяқшаны пайдаланған. Олар бұл жазу тәсілін кәдімгі мысықтың сазды тырнап жатқан әрекеттерін байқағанда үйренген болатын. Сонымен өзен тоғысындағы тұрғындар мысықтың арқасында жазуды ойлап тапқан. Ежелгі алуан түрлі жазудың бірі түрлі-түсті жіпті ақпарат ретінде қолданатын ілмек жазу болған. Ілмек жазуды тек таңдаулылар ғана оқып, түсіне алған. Осындай жолдаудың көмегімен адамдар кез-келген мәселені, тіпті әскерлер санынан бастап, қайсыбір жергілікті жер немесе кезеңсипаттамаларына дейін айтып бере алған. Тамғалы. Жетісу өңірінің өте ертедегішығармашылық мұраларының бірі Тамғалы петроглифтері. Ол 2004 жылдан бастап ЮНЕСКО Дүниежүзілік мұра нысаны болып табылады. 1950 жылдың соңында бұл жерде көптеген жартас суреттері табылды. Жартастағы суреттердің жалпы саны 2000 көлемінде. Тамғалы шатқалы Алматы қаласының жанындағы Аңырақай тауларындаорналасқан.Күлтегін. Күлтегін VІІ ғасырдың соңында – VІІІ ғасырдың бірінші жартысында көгілдір тудың астында көшпенді халықтың көпшілігін біріктірген түркі халқының әскер басшысы, билеуші болды. Ол ұлы көшпенді империяның дәстүрін жалғастырды. Руналық жазу мұрасы Моңғолиядағы Орхон өзенінің жағасында табылды.Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ежелгі түркі өркениетінің ескерткіші ретінде – қолбасшы мәртебесіне арнап Түркі қағанаты жылнамасы ойып жазылған тас шатқалдың көшірмесі орнатылған.

Кел, анықтайық! Жұмысты топта өткізіңіз. Әртоп оқушылары ғалым рөлінде алғашқы жазбаның пайда болған нұсқасын талқылайды. Оқушылар жазу қашан және қайда пайда болғанын, жазуды не үшін қолдану қажет болғанын ойластырып, қиялдайды. Оқушылар әртүрлі таңбалар, белгілер және т.б. ойлап табады. Жұмыс нәтижелерін шағын жоба түрінде беруге болады. Оқушылардан өз әңгімелерін оқулықтағы 1-суретпен байланыстыруын сұраңыз.


Оқушылар оқулықтағы мәтінді өз бетімен оқып шығады. Қарамен боялған сөзге назар аудартыңыз. «Ақпарат» сөзін орыс және қазақ тілдерінде дауыстап айтуын сұраңыз.


Ойлан. Жұмысты жұпта өткізіңіз. Оқушыларғаертеде адамдар қандай заттарға жазу жазғандарын ойлануға тапсырма беріңіз. Олардың болжамдарын тыңдаңыз. Берген жауаптарын сабаққа қажетті деректі материалдардан алынған ақпаратпен толықтырыңыз.


Оқушылар оқулықтағы 1-мәтінді өз бетімен оқиды.


Тастағы жазбалар. Оқушылардың назарын2-суретке аударыңыз. Олар жазбаның мазмұны туралы өз болжамдарын айта алады. Сурет бойынша 1-2 сұрақ құрастырып, оларды басқа оқушыларға қояды. Жауаптарды сабаққа қажетті деректі материалдан алынған ақпаратпен толықтырыңыз. Содан кейін оқушылар оқулықтағы мәтінді өз бетімен оқып шығады.


Сабақтың қорытындысы


Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Орындап көр. Жұмысты жұпта өткізіңіз. Оқушылар шағын тақтайшаны немесе ермексазды пайдаланып, жазу жазатын негіз жасайды. Одан кейін тақтайшаға ұшы үшкір ағаш таяқшамен таңбалар мен белгілер арқылы хат жазады. Оқушылар жұп болып «хаттарын» бір-біріне беріп, алмасады және оларды оқуға тырысады. Ағаш таяқшамен өз есімін, тегін, тұратын қаласын және т.б. жазуды ұсынуға болады.


Тірек сөздерді еске сақтау үшін оқушылармен «Өз үштігіңді тап» ойынын өткізіңіз. Әр оқушыға бір тілде тірек сөздердің біреуі жазылған үлестірме парақшалар таратыңыз. Сөздер қайталануы мүмкін. Ең бастысы барлық тірек сөздер қамтылуы тиіс. «Баста» белгісін беріңіз. Оқушылар екі тілде тірек сөздер жазылған үлестірме парақшалары бар оқушыды табуы тиіс. Ойынның қорытындысын шығарыңыз. Әр оқушы тірек сөздерді айтуы тиіс.


Пәнаралық байланыс


Қосымша тапсырмалар


Жаратылыстану. «Кел, анықтайық!» тапсырмасында оқушылар шатқалға салынған суретті қарай отырып, жануарлардың атауларын атайды.

Өнер. «Орындап көр» айдарында оқушылар ермексазбен жұмыс істейді, тақташаға сурет салады.

АКТ. Қабілеті жоғары оқушыларға интернеттен «Көне жазбалар» тақырыбында материал табуға тапсырма беріңіз. Олар ертеде қандай жазбалар болғанын, қазіргі заманғы таңбалар мен белгілер қандай екенін білуі тиіс.



«Ілмек жазу» тапсырмасын орындауды ұсыныңыз. Оқушылардың назарын көне жазбаға – ілмекті жазуға аударыңыз.


Олардан түрлі-түсті жіптерден өз досына хат жазуын сұраңыз. Олар ілмектердің саны мен түсін қалай таңдағанын түсіндіреді. Оқушылардан бұл хатта не жазғысы келгенін сұраңыз.


Shape1



Бағалау


Оқушылар


–– ежелгі жазбалар және олардың мағынасы туралы; –– өткен кезеңді көз алдына елестетудің түрлі


тәсілдерімен танысты; –– орта ғасырдағы тарихи тұлға Күлтегін образымен


танысты.


Оқушылар


–– тастағы көне жазбаларды сипаттауды; –– бақылау жасап, сұрақтар қоюды; –– ақпарат негізінде өз ойын білдіруді;

–– өз таңбалары мен белгілерін ойлап табуды үйренді.


Бағалау ретінде оқушыларға «Өзін- өзі бағалау парағы» кестесін толтыруға беріңіз.

Сұрақтар

Жауаптар

1

Мен сабақта қандай жаңа



мәлімет білдім?


2

Сабақта қандай қызықты



нәрселерді үйрендім?


3

Маған не қиын болды?



Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.11.2018
558
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12