400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Конференция «Бейбітшілік ұялаған бәйтерек»

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстанда мекен еткен халықтардың тілі мен мәдениетіне деген құрметті шыңдау; еліміздегі халықтар достығын, бірлігін нығайту.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Құлан агротехникалық колледжі



Бекітемін

Директордың оқу ісі

жөніндегі орынбасары:

_________ Алибаев Е.С

«____» __________ 2020 ж










Конференция


«Бейбітшілік ұялаған бәйтерек»




Жоспарды құрған: Сабдраимова Г.К.








Құлан 2020 жыл

«Бейбітшілік ұялаған бәйтерек»

Конференция



Курс топ: 1 курс білімгерлері.

Өткізілетін күні: 14.02.20

Өткізілетін жері: Кіші мәжіліс залы

Мақсаты:

Қазақстанда тату - тәтті өмір сүретін халықтардың әдет - ғұрпын, дәстүр –

тарихын, тілін қастерлеп, бүгініміз бен келешегіміз үшін бірлігімізді нығайту

басты борышымыз екенін ұғындыру, Қазақстанда мекен еткен халықтардың

тілі мен мәдениетіне деген құрметті шыңдау; еліміздегі халықтар достығын,

бірлігін нығайту.

Өткізу түрі; Конференция

Өткізілу әдісі: Баяндама оқу, /сұрақ – жауап. шешу жолын айту,

нақты дәлелдер келтіру/

Көрнекілігі: Тақырыпқа сай дидактикалық материалдар / слайд суреттері/





Бейне ролик: «Ұлттық жаңғыру
Конференция барысы

Оқытушының кіріспе сөзі

Құрметті студенттер бүгінде біз терең тарихымыз бен мыңжылдық болашағымызды





сабақтастырып, Мәңгілік Ел болудың дара жолында өмір сүріп жатқан елміз .Ана тілімізді






түлетіп, ата дінімізді оралтқан айшықты елміз. Достықтың дара дәстүрлерін дамытқан біртұтас ұлтпыз, көршімен тату, шалғаймен сыйлас өмір сүрудің өнегесін көрсетіп, салиқалы сыртқы саясатын жүргізген ұлағатты ұлыспыз. Біз – әлемдік қарусыздану ісінің тізгінін ұстаған көшбасшы халықпыз, алыс болашаққа көз тіккен мерейлі мемлекетпіз.

«Ел бірлігі – ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге – қазақтарға керек» деп көрегенділікпен Елбасымыз айтқандай, біз сияқты көпұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі – Қазақстан халықтарының бірлігі. Көп ұлтты мемлекетіміздің тату-тәтті бір ту астында шоғырлануы бейбітшілік символы ретінде көз алдымызға ел ордамызда орын тепкен алып Байтерек монументін елордамыз Нұр-Сұлтан қаласының негізгі нышаны, оның визитті карточкасы деуге болады.

Жалпы, бәйтерек - ежелгі таным бойынша, тылсым қасиетке ие алып ағаш. Бәйтерек байырғы орта түсінігінде жердің дәл кіндігінде өсетін, тамыры жерасты, діңі адам әлемі, басы рухтар мекені болып табылатын көк тіреген алып ағаш. Бүгінгі таңда сол ағаштың айналасын пана еткен көптеген ұлт өкілдері өздерін Қазақстанның азаматтарымыз деп мақтанышпен жар салуда, соның бірден бір қайнар көзі «Бейбітшілік ұялаған бәйтерек» деп айтсақ артық болмас. Бейбітшілік нышанына айналған еліміздің бірлігі мен татулығын айқындайтын «Бейбітшілік ұялаған бәйтерек» атты конференциямызға қош келдіңіздер.

Ендігі кезекті колледжіміздің білімгерлері дайындаған баяндамаларына кезек берейік.


ІІ. Негізгі бөлім

№

Білімгерлердің

Аты-жөні

Курс, топ

Жұмыстың тақырыбы

Жетекшісі

1

Жумабек Жандос

1к 1т СӨ

Байтерек алып ағаш тарихы

Сабдраимова Г.К.

2

Гүлім

1к 1 т СӨ

Отаны бірдің –тілегі бір , жүрегі бір.

Сабдраимова Г.К

3

Джумамуратова Жанат

1к 1т АС

Өзге ұлттардың Қазақстан төңірегіне орналасуы

Мақұлбекова А


4

Ережеп Аяжан

1к 1т АС

Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі

Мақұлбекова А


Жумабек Жандос - Байтерек алып ағаш тарихы

«Бәйтерек» монументі орналасуы мен құрылысы жағынан ертедегі көшпенділердің өмір туралы түсінігін білдіреді. Олардың әңгімесі бойынша өткен мен бүгіннің арасында өзен ағып жатады екен. Ал өзен жағасында зәулім биік Бәйтерек ағашы өсіп тұрады. Оның тамыры жерді ұстап тұрса, ұшар басы көкті тірейді екен. Монумент Қазақстанның елордасы Астанада тұрғызылған. Ол Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша салынды. Монумент Қазақстанның негізгі көрікті және бетке ұстар ғимаратына айналды. Бәйтерек өз тарихи тамырын сақтаған және болашаққа ұмтылған қазақ халқының нышаны болып табылады. Монумент жобасының авторы – әйгілі ағылшын сәулеткері Норман Фостер. Ғимараттың биіктігі 97 метрді құрайды. Бәйтерек - ежелгі таным бойынша тылсым қасиетке ие алып ағаш. Бәйтерек байырғы орта түсінігінде жердің дәл кіндігінде өсетін, тамыры жерасты, діңі адам әлемі, басы рухтар мекені болып табылатын көк тіреген алып ағаш. Мғндай ағаш үлгісі дәстүрлі қауымда мықан ағашы, мырзатерек, әулие ағаш, сетер тал делініп, пішіні мен мәніне қарай әртүрлі аталған. Бәйтерек ежелгі түркі сөзі, бәй «үлкен» деген сөз, «бай» сөзінің дыбыстық өзгеріске түскен түрі (бәйбіше, бәйшешек), үлкен, алғашқы деген ұғымдарды, ал терек (парсы тілінде - дарақ) «ағаш» деген ұғымды білдіреді. Демек Бәйтерек екі сөздің бірігуінен жасалып, «зәулім ағаш» дегенді танытады. Бәйтерек туралы ұғым-түсініктер халық мифологиясында ерте заманнан бар. Кейбір халықтардың мифологиясында баяндалғандай, әлем моделі екі түрлі болады. Бірі - тік те, екіншісі, көлденең құрылым. Осының екеуі де қазақ мифологиясында бар. Көлденең модельдің көрінісі дүниенің төрт бұрышын кезген Қорқыт туралы әпсанада кездеседі. Өлімнен құтылу үшін батысқа, шығысқа, оңтүстікке, солтүстікке де барған Қорқыт барлық жерде өзіне қазылып жатқан көрді көріп, ең соңында Сырдарияның қақ ортасына келіп дамылдайды. Сырдария өзені бұл жерде тұтас әлемнің кіндігі болып көрсетіледі де, жартылай көлденең, жартылай тік модельдің бейнесі ретінде суреттеледі.


Ежелгі мифологиялық таным бойынша үлкен өзендер әлем ретінде қабылданады, өзен басы - жоғарғы қабат, ортасы - ортаңғы қабат, аяғы төменгі қабат. Қорқыттың Сырдарияның қақ ортасына келу себебі де осы. Мұндай үш қабат - тұтас әлем туралы мифологиялық түсініктің бізде де сақталғаны жөнінде Ш.Уәлиханов жазып қалдырған.

Әлем халықтарының мифологиясында үш қабаттан тұратын әлемді үлкен зәулім ағаш түрінде суретгеу кең орын алған. Бәйтерек немесе Дарақ ағаштары мифтік үш қабатты, яғни аспанды, жерді, жерастын тік бағытта жалғастырып тұрады. Ғылымда оны әлемдік ағаш деп атайды. Бүкіл ғаламның тағдыры осы ағашпен байланыстырылады. Ол - төменгі, ортаңғы, жоғаргы қабатты, бір-бірімен араластырмай, ұстап тұрған тіреу, тұтас әлемді таза ұстауға қызмет атқарады, осы үш қабаттағы тіршілік иелерінің тағдырларына әсер етеді. Зәулім ағаштың түбінде, яғни төменгі қабатта үлкен жылан жатады, ал ұшар басында, яғни жоғарғы қабатта құс патшасы тұрады, бұлардың бәрі - мифтік санада орныққан түсініктер.

Көнеден келе жатқан қазақ мифологиясында Бәйтерек - күллі ғалам бейнесі, ол жерастынан өрлеп, жер үстін көктей өтіп, аспанға тіреледі.


Мұхажан Гүлім - Отаны бірдің –тілегі бір , жүрегі бір.


Халықтарының Ассамблиясын құру керек деген. Қазақстан президенті Н.Ә.Назарбаевтің жарлығымен 1995 жылы 1 мартта Қазақстан халқы Ассамблиясы құрылды. Н.Ә. Назарбаев 2007 жылғы ақпан айындағы Жаңа Қазақстан –жаңа әлемде атты жолдауында Қазақстан халқының алдына үлкен жауапкершілік жүктеді.Өз халқының бір шаңырақ астында бірлік пен ынтымақтықты сақтап, еңбек етуге шақырды.Бұрынғы Кеңес үкіметінің құрамында болған өзге республикада дәл осындай сындарлы саясат жоқтың қасы.

Қазақстан халықтары,этностық орталықтарында түрлі іс-шараларды өткізіп тұрады және мемлекет қаржылай көмегін көрсетуде. Қазақстанда этностық қоғамдық ұйымдардың саны жылдан –жылға өсіп келеді.Кезінде Бүкіл Ұлттар Ұйымының бас секратары Кофи Аннан: Қазақстандағы ұлттар арасындағы бірлік пен тұрақтылық , жетістіктері басқа мемлекеттерге үлгі деген және Қазақстанға іс-сапармен 2001 жылы келген Рим папасы I Иоанн Павел де өзінің халықтар арасындағы достыққа жоғарғы пікірін білдірген болатын . Мемлекеттің қолдауымен 11 тілде газет, жұрналдар шығарылып, 44 телестудия 12 тілде ( радио-18) 7 тілде ақпарат беріп, әр ұлт өкілдері өз тілдерінде сөйлейді.Заманауий дамыған кезеңде әр ұлттардың өз тілінде интернетте сайдттары бар.Ұлттық театрлар ( орыс,ұйғыр,корей ,өзбек т.б.) жұмыс істейді.Қазақстанда өмір сүріп отырған өзге ұлт өкілдерінің дамуына барлық жағдай жасалған. Мысалы: қазақ хандары да өз көршілерімен,басқа ұлт өкілдерімен достық қарым- қатынас орнатып, мемлекетті, халықты бейбітшілік аясында ұстауға бар күштерін аямаған.Достық қарым-қатынас орнату үшін өз ұлдарын аманат ретінде өзге мемлекетке берген кездері де болды. Қарапайым халықтар арасында достықты (тамыр) депте атаған. Кеңес үкіметі кезіндегі саяси қуғын-сүргін,халықтарды депортациялау етек алған кезеңде қазақ елі басқа ұлт өкілдеріне керегесін керіп, уығын тігіп,шаңырағын тіктеп берді. Елбасымыз туралы бейне фильмдегі балалық кезіндегі көріністе, бәйгіден ұтып алған кілемді кавказ ұлтының отбасының төріне төсеп бергені әр жасөспірімге тәрбиелік маңызы бар көрініс.. Бұл болашақ Қазақстан халықтарының достығының беріктігі мызғымасы анық .

Ұлы Отан соғысы жылдарында да жеңіске халықтар достастығы үлкен рөл атқарған .Қазақ халқының ақыны Ж.Жабаевтің Ленинградтық өрендерім атты өлеңі қоршаудағы қала халқына үлкен жігер беріп, өмір сүруге талпындырған. Соғыс жылдарында бір үзім нанды бөліп жеген өзге ұлт өкілдерінің алдыға қойған мақсаттары тек жеңісті жақындату еді.

Біздің Құлан ауданында да, түрлі ұлт өкілдері тату –тәтті өмір сүріп, қоян-қолтық еңбек етуде. Ауылымыздың өзінде түрік,әзербайжан, неміс, өзбек, орыс, ,қырғыз,татар,чешен т.б ұлттар өмір сүруде. Сен қандай ұлтсың? деп, бөліп жармай достық қарым-қатынаста өмір сүріп, жылдар өз арнасымен жылжып өтіп жатыр. Бұл бабалардың салып берген сара жолдарымен келе жатқан достық қарым –қатынастың жалғасы деп білемін .


Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: Қиындық атаулыны жеңетін бір – ақ күш бар, ол – бірлік, ендеше жеріңді қорғау үшін бірлік қаншалықты қажет болса, тәуелсіздік жемістерін, бүгінгі қол жеткізген табыстарымызды сақтап қалу үшін ол сондай қажет.


Джумамуратова Жанат - Өзге ұлттардың Қазақстан төңірегіне орналасуы


Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достастығы арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп , ілгері басып келеді . Қазақстан бірлігі бүгінгі таңда бибіт өмір мен ынтымаққа тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықыласы мен достық ниетінің кепілі . Қазақстан жерін халықтардың, туысқандық, оларды біртұтас мақсатқа жетелейтін жетекші ұлттық болуы қазіргі маңызды бөлігіне айналды.
Кең байтақ Қазақстанда 130 –дан астам ұлт өкілдері тұрып жатыр . Әрине бұл қазақ халқының ұлылығынан Кең болсаң , кем болмайсың дегендей қазақ халқының пейілінің кеңдігінен басқа ұлт өкілдерінің тұрып жатқан жайы бар
Қазақ осы – айтатұғын елге сыр ,
О ағайын , халық емес сол кесір ,
Қазақ осы аңғал –саңғал жабусыз ,
Қазақ осы ағыл – тегіл , көл –көсір
Қазақ осы дала дейтін , күн дейтін ,
Қазақ осы - өнер алды тіл дейтін .
Қазақ осы қарасың ба , ақсың ба ,
Қоңырсың ба, жатырқауды білмейтін , деп жырлаған Қадыр Мырзағалиев ағамыз айтқандай , ұлы қазақ даласында басқа ұлт өкілдерінің бір шаңырақ астында татулықта өмір сүріп жатқаны сіздерге мәлім
Әр түрлі ұлттардың Қазақстан территориясына жер аударылуы мен қоныстандырылуы
Кеңестік жаппай қуғын-сүргін тарихы көптеген зерттеулерге арқау болды. ХХ ғасырдың 30-шы жылдары мен 50-ші жылдарының басы КСРО-да көптеген адамдарды, тіпті тұтастай халықтарды күштеп жер аударудың орын алған кезеңі еді. Патша үкіметі қазақ жерін толықтай өз меншігіне айналдыру үшін славян ұлттары көбірек қоныстандыруға тырысты. Үкімет біріншіден, қазақ жеріндегі пайдалы қазба көздерін уысында ұстауда республика көп ұлтты мекенге айналдырудың үлкен мәні барын есепке алса, екіншіден бұл өлке түрлі сынақ жүргізуге аса қолайлы еді. Қазақстан саяси жағынан алғанда кеңес жүйесіне қауіп тигізетіндерді жер аударуға аса қолайлы мекен болды. Сондықтан кеңес үкіметі шекара маңындағы халықтарды ішке, яғни қазақ жеріне әкеліп орналастыра бастады. 30-жылдың соңына қарай Қазақстанға қуғынға ұшыраған ұлттарды жаппай зорлап қоныс аудару кең өріс алды. Қазақ халқы өзінің көп ғасырлық тарихында небір қиын - қыстау кезеңдерді басынан өткерді. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде және игеру жылдары Қазақстанға қаншама ұлт өкілдері қоныс аударды. Халықтың құрамы күрт өзгерді. Ұжымдастыру жылдары қуғынға ұшыраған қазақтар шет елдерге қоныс аударып, сонда мекен етіп қалды. Ал керісінше индустрияландыру, тың игеру жылдары келген басқа ұлт өкілдері үшін Қазақстан екінші Отанына айналды. 1937 жылы екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында Қиыр Шығыстан 96 мың кәріс отбасымен көшіріліп әкелінді. 1940 - 1941 жылдары батыс шекарадан 105 мың поляк Қазақстанға күшпен жер аударылды. Ұлы Отан соғысы басталысымен Еділ өзені бойын мекендейтін 1-2-
миллионнан аса неміс шығысқа көшірілді. Олардың 400 мыңы Қазақ даласына келді. 1943 1944 жылдары мыңдаған қалмақтар, қарашай, қырым татарлары, балкарлар, чешендер, ингуштар біздің елге жер аударылды.

Ережеп Аяжан - Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі


Қазақстан көпұлтты Республика екені бұрыннан белгілі. Кеңестік дәуірде ҚСРО-дағы жалғыз интернационалды ел аталғанымыз тегін емес. Ежелден бауырмал, қайырымды қазақ халқы тағдыр-тәлкегіне ұшырап, әлемнің әр тарапынан келген ұлттарды жатсынбай, оларды туған-туыстарындай жақсы көрді. Міне, сондықтан, қазір Қазақстан көпұлтты мемлекет атанып отыр. Дәл Қазақстан сияқты ұлттар достығы өнеге, халықтар достығы үлгі – дүниежүзінде ел жоқ. Біздегі халықтың ынтымақ, бірлігіне, жарастығына тәнті болған шетелдік саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері Қазақстаннан үйрену керек дегенді жиі айтады. Барлық ұлттардың терезесі тең, мүдде-мақсаты бір және олардың еркін еңбек етуіне, кәсіппен шұғылдануына, саясатпен айналысуына барлық жағдай жасалған ғой. Ең ерекшелік сол – кейбір ұлт өкілдерінің балалары мектепте өз ана тілінде оқиды. Мысалы, Ресейде мұндай үрдіс жоқ. Қазір адал еңбектерінің арқасында кәсіппен шұғылданып, байып жатқан отбасылар көбейіп, қауымға айнала бастаған ұлт диаспоралары бар. Ұлттық салт-дәстүрлерін сақтап, өз діндерін ұстанып, бір шаңырақ аясында тату-тәтті өмір сүріп жатқан халық тек Қазақстанда жасап жатыр. Бұған әрине, қуанасың және мақтанышпен айтасың. Осындай ел бірлігі мен тұтастығы жолында өз бағдарламасы мен мақсаты бар .
Қазақстан Халық Ассамблеясының жұмысына дүниежүзі риза десек артық айтпаймыз. Түрлі ұлттардың мәдени сыйластығымен Ел бірлігін сақтау титульді ұлттың ғана мүддесін көздеумен шектелмейтіндіктен, Қазақстанда тұратын барлық этностардың ана тілдерін, мәдени

Пікір алмасу сұрақтары:

1. Бәйтерек монументі нені білдіреді?

Жауабы: "Бәйтерек" монументі ертедегі көшпенділердің дүниетанымын танытатын терең философиялық мағынаға ие. Есіл өзені жағасында Өмір ағашы - "Бәйтерек" өсетін Әлем өзенін білдіреді. Бұл Өмір ағашы Әлемнің сипаты іспетті: жер асты әлемі "Бәйтеректің" тамыры, жер үсті әлемі - сабағы, ал аспан әлемі - ағаштың ұшар басы. Құрылысты аяқтап

тұрған диаметрі 22 метр болатын үлкен шыны шар бақыт құсы Самұрық ағаш басына жыл сайын салатын алтын жұмыртқаны аңғартады. Монументтің биіктігінің де өзіндік мәні бар. 97 метрлік биіктігі астананың Алматыдан Астанаға 1997 жылы көшірілуін аңдатады. 

2. «Бәйтерек» Қазақстан мен Ресейдің техникалық кешендер құру бойынша бірлескен жобасы, осыны қалай түсінеміз?

Жауабы: «Бәйтерек» Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының «Байқоңыр» ғарыш алаңының жер үсті ғарыштық инфрақұрылым нысандары негізінде ұшыру және техникалық кешендер құру бойынша бірлескен жобасы болып табылады. Дайындалып жатқан экологиялық қауіпсіз «Ангара» ракета-тасушылар тобын ұшыру үшін құрылып жатқан кешен заманауи ұшыру технологиялары мен ғарыштық ракета салу саласындағы күрделі технологиялық ілгерілеу болып табылады.

3. Қазақ ұлты қонақжайлылық сияқты мінез-құлық ерекшелігі өте жоғары деңгейде дамыған. Бұған не əсер етеді? Жауабы: Өмір   сүрудің   көшпенді үлгісі, өмір  сүрудің оңаша үлгісі, қиын жағдайлардың қаупі, көмек алу дайындығы қазақ этносының өмір сүру үлгісінде өз ізін қалдырды.

4. Мәңгілік ел дегеніміз не оған жету жолдары қандай?

Жауап: Мәңгілік ел дегеніміз — мемлекеттің ғасырлар тоғысында, ірі державалар арасында бәсекеге төтеп беріп, өзіндік қорғаныс саясатын ұстану дегенді білдіреді. Сондықтан да Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы – мемлекет құраушы ұлтты негіз еткен мәңгілік ел болудың нақты бағыт-бағдары, сондай-ақ ХХІ ғасыр биігіне көтеретін рухани жаңғыру бағдарламасы деуге болады. 


ІІІ. Қорытынды:

Елбасымыздың «Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы мен табысы мол болмақ» - деген сөздерін татулықтың туы етіп ұстаймыз. Өйткені, біздің бәріміздің мүддеміз бір.


ІҮ. Конференция нәтижесін шығару. Білімгерлерді марапаттау.





Жоспарды құрған: Сабдраймова.Г.К.






«Бейбітшілік ұялаған бәйтерек»

атты конференцияның

АНЫҚТАМАСЫ

Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру мақаласын алға тарта отырып, ақпан




айының 14-шы жұлдызында 1 курс білімгерлерінің арасында Бейбітшілік




ұялаған Бәйтерек атты конференция өткізілді.




Конференция барысында студенттер





  • Байтерек алып ағаш тарихы.

  • Отаны бірдің –тілегі бір , жүрегі бір.

  • Өзге ұлттардың Қазақстан төңірегіне орналасуы.

  • Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі - атты баяндамалары арқылы

елімізде өмір сүріп жатқан көп ұлтты халықтардың бір шаңырақ астында тату



тәтті өмір сүрулері, бейбітшіліктің нышаны ретінде, Байтерек монументі




татулық пен бірліктің символы, оның шығу тарихының өзі тамырын тереңге




жайған алып ағаш екенін айта отырып, сол ағашты паналаған бейбіт сүйгіш




халықтардың достығы туралы мәселелер қарастырылды. Сонымен қатар пікір




алмасу сұрақтары арқылы әр студент өз пікірін айта отырып достықпен






татулықты жалғастыруға өз үлестерін қосатындарын айтты.




Тарих пәнінің оқытушысы: Сабдраимова Г.К.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 мамыр
880
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі