15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
конференция сабақ

Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Ақтерек ауылындағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы
№26 негізгі мектебінің математика пәні мұғалімі
Тақырыбы: «Математика ғылымының дамуы»
Түрі: ғылыми-конференция сабақ
Типі: Сыныптан тыс математика
Мақсаты: б і л і м д і л і к: оқушылардың математика тарихы, математиктер туралы білімдерін кеңейту;
Д а м ы т у ш ы л ы қ: тақырыпқа материал жинақтау, зерттеу, қорытынды жасау дағдыларын дамыту;
Т ә р б и е л і к: тыңдай білу, көпшілік алдында сөйлеу, өз тақырыбын қорғап шығуға тәрбиелеу.
К ө р н е к і л і к:
кестелер – ежелгі дәуір (б.д.д – II ғ ) І кезең
Орта дәуір (ІІІ ғ – ХVIII ғ ) ІІ кезең
Жаңа дәуір (XVIII ғ – XX ғ) ІІІ кезең
Жаңа ғасыр (XXI ғасыр) ІV кезең
Ж О С П А Р:
-
Кіріспе бөлім
Ұйымдастырушылық кезеңі
Сабақ мақсаты мен жоспарын таныстыру
Мұғалімнің кіріспе сөзі: барлық ғылым сияқты математика ғылымының да өзіндік дамуы, өмір жолы бар. Бүгінгі конференцияға қатысушылардың дайындап әкелген ақпараттарын тыңдап, жүйелей келе, ғылымның қай дәуірде, қай елдерде ерекше дамығанын, оған себеп болған тарихи оқиғаларды еске түсіреміз. Яғни, бүгінгі отырысымыздың маңызды ерекшелігі бар екенін ескертемін. Баяндамашыны мұқият тыңдап, өзіңді ойландырған сұрақтарды қоюға рұқсат.
Негізгі бөлім:
1-кезең
8-сынып оқушысы Матан Айдана : презентация
«Грек ғалымдары»
6-сынып оқушысы Жақан Жайнасын: реферат
«Үнді және қытай оқымыстылары»
Тарих пәнімен байланыс: Сонда осы аталған оқымыстылар қай дәуірде өмір сүрген екен?
-
Осы дәуірден кейін Грекияда математиканың дамуы тоқтап, басқа елдерде дамыпты. Осыған қандай тарихи оқиғалар себеп болған деп ойлайсыңдар?
2-кезең
Орта ғасырда математика Азия және Европада қатар дамыған екен. Келесі баяндамашылар осы дәуір математикасына тоқталмақ.
5-сынып оқушысы Әсет Мерей реферат
«Шығыс Аристотелі – әл-Фараби»
5-сынып оқушысы Жақан Әсемгүл реферат
«Омар Хайям»
7-сынып оқушысы Жақып Айжан: презентация
«Еуропа математиктері»
«Қазақ математиктері» кестесімен, өмірлерімен таныстырамын
ХХІ ғасырдағы математика
Мұғалім: математика ғылымы даму үстінде, тіпті математика араласпайтын сала жоқ, өмірдегі кез келген құбылысты, оқиғаны алсақ та, қай мамандықты аып қарасақ та онсыз болмайтынын байқауға болады. Мысалы; (оқушылар мысал келтіреді)
Қазір отандық математиктер даярлаудың бірден – бір жолы математика олимпиадасын ұйымдастыру болып отыр. Оның шығу тарихымен, өткізілуі мен дамуы туралы келесі оқушы тоқталмақ
Өмірмен байланыс: 6-сынып оқушысы Аманжол Нұртөре Баспасөзге шолу «Физика-математика пән олимпиадасы»
Мұғалім: Олимпиадамен қатар, математикадан дарынды балаларды анықтау мақсатында республикалық «Ақбота», «Кенгуру» интелектуальдық марафондар ұйымдастырылуда. Болашақта математик болам деуші оқушылардың осы сайыстарға қатысуына кеңес беремін.
Қ о р ы т ы н д ы б ө л і м:
Көрермендермен жұмыс: сұрақ-жауап
-
Ежелгі дәуір математиктерін ата
-
Орта дәуір математикасы ненің негізінде дамыды?
-
Ломоносов математикадан басқа қандай ғылыммен айналысты?
-
Кавалевская өз заманында қандай қасиетімен ерекшеленді?
-
Жаңа замандағы математика туралы не айтасың?
Мұғалімнің қорытынды сөзі : Біз осы бір сағаттық отырысымызда математиканың ғасырлар бойғы дамуын айтып тауыспақ емеспіз. Дайындалған оқушылардың ізденісіне, жұмыстарына рахмет айта келіп, келешекте осы жұмыстарды жалғастыруға, тың ақпараттармен толықыруға кеңес, тапсырма беремін.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген