400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Конференция "Тарихи жылдар тарихы" 10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздіктің 29 жылдығына орай өткізілген онлайн-конференция
Материалдың қысқаша нұсқасы

Біз бағындырған белестер

Біздің Отанымыз – тәуелсіз Қазақстан. Тәуелсіздік біздің халыққа тегін келмеді. Талай ұрпақ зар жылап, жапа шекті, өмірлері өксікпен өтті. Тәуелсіз Қазақстан...Қандай ұлы ұғым. Жаныңды жадыратып, көңіліңді көтереді. Отансүйгіш ұрпақ сол тәуелсіздікті баянды етуге қызмет етуі керек. Ең алдымен еліміз саяси тәуелсіздік жариялады. Біз тәуелсіз елміз. Тарихқа уақыт қас-қағымдай. Өйткені ғасырларды құшақтап, аясына алған уақыт талай халықтың, талай ұлы империялардың тәуелсіздігін көрген... Солай бола тұрса да, бізге біздің өз тәуелсіздігіміз қымбат. Ол бізге қымбат – ата-бабаның рухын көтергені үшін! Ол бізге қымбат-сөнген мемлекетіміздің отын маздатып,жандырғаны үшін! Ол бізге қымбат – елімізді қатарға қосып, әлемдік қауымға ендіргені үшін! Ол бізге қымбат – ата-тарихымызды, ана тілімізді, дінімізді, ділімізді қаз-қатар тұрғызып, «қазақ» деген атауға қан мен жан кіргізгені үшін! «Тәуелсіздік» деген – жай термин сөз емес. Тәуелсіздік, шын мәнінде, ауқымды да терең құбылыс. Осы орайда, тәуелсіздік күніне орай мектебімізде а мектеп оқушылары онлайн форматта оқуды жалғастырып жатса да түрлі іс-шараларға қашықтықтан белсене қатысып отыр. Мектебімізде 10-11 сынып оқушыларымен тарих пәнінің мұғалімі Айжан Жарқынбекқызы «Тәуелсіз жылдар тарихы» атты онлайн конференция өткізді. Конференцияның мақсаты: Еркіндік пен теңдік, егемендік пен тәуелсіздік қай халық үшін де аса қадірлі ұғым . Тәуелсіздік –Қазақстанды әлемдегі елдерге танытып, көк байрағымызды БҰҰ -да желбіреткен құдіретті күш, Тәуелсіздік -халқымыздың сан ғасырлық азаттық күресінің жемісі , ұлттық намысы, жігері екендігін оқушылардың бойына сіңіре білу және отанды сүюге тәрбилеу. Конференция барысында оқушылар тәуелсіздіктің 29 белесі мен жетістіктеріне тоқталып, бұл мерекенің қазақ тарихынада алатын орнының ерекше екенін мақтанышпен айтты. 10-11 сынып оқушылары Тәуелсіздіктің 29 жылдығына 29 тілектерін білдіріп өтті.

Алматы қаласы,Әуезов ауданы

104 жалпы білім беретін мектептің

тарих пәнінің мұғалімі

Алимбетова Айжан Жарқынбекқызы



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25.01.2021
722
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі