400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Конфуцийдың « Ізгі ер» концепциясы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қытай жұртының данасы Конфуций біздің дәуірімізге дейінгі 552-479 жылдар аралығында өмір сүрген.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Нурмухамет Қарлығаш Шаймуратовна

Құрлық Әскерлерінің Әскери институты

Мәдениеттану пәнінің оқытушысы


Конфуцийдың « Ізгі ер» концепциясы

Қытай жұртының данасы Конфуций біздің дәуірімізге дейінгі 552-479 жылдар аралығында өмір сүрген. Кун Фуд цзы әлемге Конфуций деген атпен танымал болды. Б.д.д І ғасырда У – ди императордың тұсында Конфуций іліміне мемлекеттік дін статусы берілді. Ал б.д ІІ ғасырында Конфуций – Құдайға теңеліп, Конфуций қағидалары канонға, ресми Қытай идеологиясына айналды. Алайда оны құдай санамағандардың өздері де адамдарға жіберілген алғашқы ұстаз деп қабылдады. Конфуцийдің ілімі Қытай қоғамын біріктіруде үлкен рөл атқарды, осы уақытқа дейін даосизммен қатар адамдардың рухани тірегі болып келеді. Ол әлеуметтік – патриархалдық қатынастардың озық концепциясын жасады. Деректерде Конфуцийдің тегі Фуфу Хі Сүң ұлысының тақ мұрагері саналған, өз еркімен биліктен бас тартқан, кейін шөбересі Жің Кауфу үш патшаның тұсында қатарынан бас уәзір болған, бұдан соңғы әулетте қуғынға түседі, Лу ұлысына ауысып сол жерде өмір кешеді. Туған әкесі Шулиән Хі алып жауынгер болған екен, оның бірінші әйелінен сегіз қыз туылыпты, ұлды армандаған ол босағада жүрген күңге қосылады. Осы екінші тоқалынан Конфуций туылған. Тегі ежелгі ақсүйек әулеттен болғаны болмаса, екі жасқа келгенде әкесі қайтыс болады, үлкен шеше мен кіндіктес әпкелерінен ешқандай жәрдем болмайды. Оның өмірінің бастапқы кезеңі кедейшілікте өткен, балалық шағы қиындыққа толы болған. Ол өзі туралы: «Мен жас кезімде жарлы болдым, сондықтан үйреніп, үлгерген кәсібім бірталай», - деп ашық айтыпты.

Дананың саяси – практикалық, әлеуметтік–этикалық ілімі алты кітаптан тұрады. «Идзин» – «Өзгеріс кітабы», «Шудзин» – «Тарихи деректер кітабы», «Шидзин» – «Жыр кітабы», «Лидзи» – «Рәсім кітабы», «Чүнзүу»–«Көктем мен күз», «Лун юй» – «Кеңес пен толғам» атты еңбектері бар. Осылардың ішінде соңғы еңбек өзгеше, онда Конфуцийдың шәкірттерімен кеңесі, әрқилы адамдармен әңгіме үстінде айтқан нақыл сөздері, ой толғамдары жазылған бұл шығармасы ғалымдар тарапынан философиялық еңбек деп жоғары бағасын алған. Осы «Лун юй» еңбегінде «ізгі ер» туралы толғамдарын пайымдайды. Дана: «Мен ештеңені жаңадан ойлап тапқан жоқпын, небәрі ескіні бүгінге жалғастырушымын»-деген екен. Елінің ғасырлар бойы жиналған салт-санасынан, танымы мен рәсімінен нәр алмаса, Конфуцийдың ілімі керемет қуатқа жетпес еді. «Кеңес пен толғам» еңбегінде ер адамның рәсімге құрмет көрсетуін талап етеді. Рәсім бойынша үлкенге құрмет, ата-анаға мейірбан, аға-ініге бауырмал болуды көксейді. Бір шаңырақтың ұйытқысы мемлекеттің ұйытқысына ұласатын игілік. Ұстаз: «Ізгі ер» әр істің түп негізін ойлайды; Әкеге - құрмет, ағаға ықыласты болады - адамдық мәні осы емес пе![1, 143-148бб.] Дананың ілімі қоғам мен адамдардың өзара қатынастарын реттеп берді. Ізгі ердің концепциясын жасап, білім мен көркем мінездер арқылы соған жету жолдарын қалыптастырды.



Конфуций ілімінің өзегі - «Цзюнь цзы», «Ізгі ер» туралы концепция. Ойшыл адамды «Ізгі ерге» айналдыратын байлығы да, шыққан тегі мен ортасы да емес, тәрбиесі мен мәдениеті, жоғары адамгершіліктік, кісілік қасиеттері деп көрсетеді. Конфуцийдің «Ізгі ер» еңбегі моральдық кодекс іспеттес, азаматтың мақсаты – қоршаған ортамен үйлесімді өмір сүру болып табылатынын айтады. Конфуций шыншыл, адал қызметкер болуды уағыздайды. Оның ілімінде билік пен әділдік біріктірілді. Конфуций ұсынған «Алтын орта» ұғымы философия тарихында лайықты жалғасын тапты. «Алтын орта» дегеніміз жэнь мәселесі. Жэнь – барлық жақсы қасиет, гумандылық. Жэньнің арқасында адам барлық тіршілік иелерін жақсы көріп, халық пен қоғамға ешқандай зұлымдық жасамайды. «Алтын орта» ұғымы – гармониямен тығыз байланысты. Мәрт адам әрдайым «алтын ортаны» ұстанып, бірде – бір жаққа бұрылмайды. Оның рухының күші осында. «Мемлекетте тәртіп барда мәрт адам өз тәртібінен бас тартпайды. Ол мемлекетте тәртіп жоқта, өз тәртібінен ауытқымайды», – дейді. Бірақ ондай әрекет жалаң қыңырлықтан емес. «Мемлекетте тәртіп барда оның сөзі гүлденуге ықпал етеді; мемлекетте тәртіп жоқта оның үндемеуі – басын сақтайды», депті қытай ойшылы[1,163б.]. Қорыта айтқанда, Конфуцийдің цзюнь – цзы (ізгі ер) туралы ілімі еркектерге үлгі болатын моральдық идеалды қалыптастыруға бағытталған. Еңбегінде «Ізгі ерге» төмен адам қарсы қойылады: «Ізгі ер барлығына бірдей қарап, бөле – жарушылық көрсетпейді, ал төмен адам бөліп -жарып, барлығына бірдей қарамайды. «Ізгі ер» басқалармен келісімде өмір сүреді, әрқашанда адамгершіліктің «алтын ережесін» орындайды. Адамға рахымшылығы мол, асыл азамат төмендегі тоғыз нәрсені есте ұстауы қажет:

– анық көріп тұрмын ба деп ойлайды;

– тындағанда – дұрыс естідім бе деп ойлайды;

– өңім – мейірбан ба;

– қимылым – ізетті ме;

– сөзім – риясыз ба;

– ісім – орынды ма деп ойлайды;

– көңілін күмән жайласа, кеңеспекке ойлайды;

– бойын ашу кернесе, ақырғы зардабын ойлайды;

– несібе, олжа көрсе, обалын ойлайды;

Дананың көзқарасы қытай халқының дүниетанымына тікелей әсер етті. Конфуцийдің: адалдықпен тапқан қаражатты оңды-солды шашпай үнемде, еңбек ет! деуін әрбір қытай жадына жақсы түйген сыңайлы, жер бетіндегі еңбекқорлық жағынан алғанда алдына жан салмайтын қытайлықтар экономикасы дамыған мемлекеттердің қатарынан орын алуы осының көрсеткіші деп білеміз. Ойшыл ер азаматтың тәрбиесіндегі еңбектен басқа маңызды бөлігі деп жіберген қателігін мойындауын, қайталамауын, түзеуден қорықпауын айтады. Еркектер, «Ізгі ерді» өнеге тұт, осындай болуға тырысып бақсаң, өмірде орныңды төрден алып, алдыға озасың. Ізгі ердің тоғыз пайымы ақылдың мәйегі ғана емес, игіліктің діңгегі. «Тоғыз пайымнан» басқа еркек атаулыдан әрдайым «үш тежеуді» естен шығармауды сұрайды:

- жасында, дем ыстық, қан қызу шақта, әсіре ләззаттан тартынады;

- кемелінде, дем екпінді, қан қуатты шақта дау-жанжалдан тартынады;

- қартайғанда, дем әлсіз, қан ауыр шақта, ашкөздіктен тартынады.

Ұстаз айтыпты: Азамат ердің мінезі босаң болса, тұлғасы қораш болса, ол ілімді де берік ұстана алмайды. Ең бастысы, адал бол, шыншыл бол, өзіңнен өресі кем жаманмен жұғыспа және қателігіңді түзеуден қорықпа. Ұстаз айтыпты: Ізгі ер қарын кептіруді ойламаса, үйде отырғанда жан бағуды ойламаса, істе елгезектік танытса, сөзде байып танытса, ақ жолдағы жұртпен жақындасып, жақсылыққа ұмтылса, оқуға ынтызар деп аталуға лайық. Ол «Ойсыз оқу - бекер, оқусыз ой- қатер», - дейді. Жаттанды хабарды оқып қана қоя салмай, ой кешуді пайымдайды. Басшыларға дарынды адамдардың тек билеуші, даулетті аталардан ғана емес, халықтың қайнаған ортасынан шығатынын айтқан екен.

«Ұстаз:

  • атақ пен байлыққа ұмтылмайтын кім бар,

бірақ «ізгі ер» арам жолмен жетуді қаламайды;

  • кедейлік пен кемшіндіктен қашпайтын кім бар,

бірақ «ізгі ер» амалсыз тап болса, қорланбайды,

Ізгі азамат адамдықтан аттап қалайша абырой алмақ?» – деп өз ойын өрбіткен[3, 24-26бб.].

Бүгінгі күні Конфуций ілімі тек ханзу жұртшылығының ғана емес, Жапон, Корея халқының да дүниетанымына ықпал етіп отыр. Жапонияда тіпті мемлекеттік жұмысқа тұру үшін Күн ұстаздың ілімінен емтихан тапсырып кіреді. Оның Қытай халқы ғана емес, әлем өркениетіне ықпал еткен рухани мұраны жасаушы екендігіне ешкімнің таласы жоқ. Әлемнің інжу маржанына айналған Күн ұстаздың ілімі бірнеше тілге аударылып таралуда.

Қытайлардың ерлікке арналған еңбектердің ішінде «Сунь цзы» деп аталатын соғыс өнеріне тоқталып өту керек секілді. Көне жәдігер б.з.д. VІ-V ғғ. аралығында әскери қолбасшы Сунь цзы жазып қалдырған, 13 бөлімнен тұратын трактаттың орыс тіліндегі аудармасын қалың көпшілікке шығыстанушы, академик Николай Конрад ұсынды. Әскери стратегиялық жоспар, келісімге келу, әскерден босау, қолбасшының қол астындағы әскерді ұстауы жайында қызықты мәліметтер кездеседі. Қытайды түсіну үшін, әскери айла тәсілдерін білу керек деп тегін айтылмаса керек. Бизнес, саясат, экономикадағы текетірес пен бәсекелестікте қытай қулығының астары байқалады. Небір қулықпен жасалатын айла тәсілді жазған Сунь цзы «соғыспай жеңу керек», дегенді айтады, стратег басқа мемлекетті соғыссыз ымыра мен келісімге келу арқылы бағындыруды идеалды жеңіс деп таниды. Сунь цзы: «Соғыс аз уақыт аралығында өтуі тиіс, ұзаққа созылған соғыс халықты тоздырып, мемлекетті талан – таражға түсіреді. Қарсыласпен бетпе - бет келгеннен гөрі, алдымен олардың дүниетанымын, сенімін зерттеп алғаның жөн болар. Қарсыласың туралы мәлімет жина, мыңдаған армияны азықпен қамтамасыз етіп, қырып алғаннан гөрі шпион қолдану тәсілі тиімді болады»[5,20 б.]. Сунь цзы шпиондықтың да бірнеше түрін ашып көрсетеді. Конфуций ілімінен нәр алған Сунь цзы халықты, ел игілігін ойлайтын қолбасшыны мемлекеттің алтын қазынасы деп біледі. Әскери өнердің биік шыңы саналған бұл еңбек әскери академияларда, қорғаныс салаларында, әскери жобаларда пайдаланылады. Сонымен қатар, спорт, бизнес саласында да қолданысқа ие. Американың ұлттық лигасының мүшесі Билл Беличисте және Бразилияның тренері Луис Филип Сколори және Карлос Альберто Парейра өз командасының мүшелерінен осы жәдігерді оқуын талап еткен. Бүгінгі күні бразиялықтардың нәтижесі жаман емес секілді. Сунь цзының пікірі әскери адамдардың арасында ғана емес жер бетіндегі адамдардың ауыздан-ауызға айтылып жүрген нақылына айналған: «Так вот, было сказано, что если ты знаешь своих врагов и знаешь себя, ты можешь победить в сотнях сражений без единого поражения. Если ты только знаешь себя, но не знаешь своего оппонента, ты можешь как победить, так и получить поражение»[5, 25б. ].


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


1. Ромашего А. Конфуцийдің саяси этикалық ілімі // КазМу хабаршысы. Шығыстану сериясы. –1997. – №7, – 143– 148бб.

2. Конфуций. Беседы и суждение. СПб.: ООО «Кристалл», 1999. – 1120с.

3. Переламов Я.С. Конфуций: «Лунь юй»: Исслед., пер. С кит., Колемент. Фоксимальный текст «Лунь юй» с колемент. Чжу Си // Ин-т Дальнего Востока РАН; отв.ред. Титаренко М.Л. – М., Вост. Литература, 2000, с.585.

4. Эллас К. Конфуций өзінің сұхбатында // Азия –транзит, 2004, №2, 24-26бб.

5. Сунь цзы Трактат о военном искусстве. пер. и исслед. Н. И. Конрад. – М., «АН», 1950. – 404с.
















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 ақпан
791
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі