Материалдар / «Көңіл-күй әлемі!» тренингі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Көңіл-күй әлемі!» тренингі

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды эмоционалдық мазасыздықтан арылту және эмоция мен сезімдерді қалай басқаруға болатындығын үйрету, жағымды психологиялық атмосфера қалыптастыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Ақпан 2023
311
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Көңіл-күй әлемі!» тренингі

Мақсаты: оқушыларды эмоционалдық мазасыздықтан арылту және эмоция мен сезімдерді қалай басқаруға болатындығын үйрету, жағымды психологиялық атмосфера қалыптастыру.

Қажетті материалдар: 7 түрлі түстен тұратын карточкалар, магнитофон, ән достық , домалақ жіп.

Шаттық шеңбері Қане, қане тұрайық, үлкен шеңбер құрайық.

1-жаттығу Сәлемдесу.

Бір күнгі танысыңа қырық күн сәлем дегендей біз бүгін бір – бірімізбен дәстүрден тыс амандасу түрлерін жасаймыз.

1 нұсқа. Алақанымыздың ішін және сыртын тигізіп бір – бірімізге күлімсірей қарайық.

2 нұсқа. Бір–бірімізге маңдайларымызды тигізіп сәлемдесеміз.

3 нұсқа. Оң және сол жақ иықтарыңызды тигізіп сәлемдесу. Сәлемдесу кезінде қандай әсерде болдыңыздар?

2.Кіріспе. Біз өздеріңмен көңіл күйдің не екенін жақсы білеміз. Кей кезде қуансақ, кейде мұңайып қаламыз. Кейде ренжісек, кейде шаттанамыз, мұңданатын, қайғыратын да кездеріміз болады. Яғни біздің көңіл күйіміз үнемі өзгеріс үстінде болады. Ал бүгін біз өздеріңмен тамаша көңіл күй әлеміне аттанамыз.

2-жаттығу «Эмоция әлемі».

Балалар мен сендерді күнде мектепте көргенде қуанамын. Мен бәріңді жақсы қөремін. Ал сендер бір-біріңді көргенде куанасыңдар ма?

Балалар мен сендерді саяхатқа «Эмоция әлеміне» шақырамын. Ол үшін барлығымыз көзімізді жұмып, менің дауысымды ғана тындайық Дайынсыңдарма 1,2,3,4,5

Енді, көздеріңді ашуға болады.

Балалар біз « Эмоция әлеміне» келдік.

Қаншама суреттер, ашып көріп алайық

1-сурет Көңілсіз бауырсақ жылап тұр.

Балалар сендер калай ойлайсындар неге ол жылап тұр

2- сурет Ашулы.

Балалар сендер қайдан білдіндер ол ашулы екенін

Балалар сендерашуланасыңдар ма? Қашан?

3-сурет Көңілді.

Балалар қалай ойлайсындар суреттегі бауырсақ неге көңілді

4-Ренішті ренжіп тұр.

5-Қорқып тұр.

Бауырсақ не көрді соншама ол неге қорқып тұр? Балалар сендер неден қорқасындар?

3-жаттығу «Менің көңілім» ойыны.

Балалар бейнелеп көрсетеді.

1. Көбелекке ұқсап ұшыңдар, 2. Бақа сияқты секіріңдер 3. Кішкентай бала сияқты жүріңдер, 4. Итті көрген мысыққа ұқсап жымиыңдар 5. Тасбақа сияқты жүріңдер

Жарайсыңдар, балалар енді бізге мектепке қайту керек,

Көзімізді жұмып, менің дауысымды ғана тындаңдар

Дайынсыңдарма 1, 2, 3, 4, 5. Енді, көздерінді ашуға болады

Біз мектептеміз, іс-әрекетімізды әрі қарай жалғастыра берейік

4-жаттығу Релаксация. (Әуен ойналып тұрады) Ыңғайланып отырыңдар. Денелеріңді бос ұстаңдар. Көзімізді жұмып, басмыздан сипаймы да ішімізден «Мен өте жақсымын» деп айтамыз. Керемет , күн шұғыласын шашып шығып келеді. Біз тыныш қана тамаша көлдің жағасында отырмыз.Тыныс алуымыз жай ғана естіледі. Терең дем аламыз, шығарамыз. Күн шуақ шашып тұр. Біз өзімізді өте жақсы сезінудеміз. Күн шуағы денемізді қыздыруда. Таза ауа. Бүкіл денемізбен күн шуағын сезінудеміз. Біз керемет бақыттымыз, тамаша дем алудамыз. Жайлап көзімізді ашамыз. Бір-бірімізге қарап жағымды жымиямыз. Біз керемет демалдық. Күні бойы бізде осылай тамаша көңіл күй қалыптасады.

5-жаттығу  «Қандай кейіп?».

Мақсаты: Оқушылардың ұялшақтық сезімін төмендету.

Мұғалім ахуал тізімін айтып тұрады. Оқушылар сол кейіпте қатып тұрып қалу керек. «Толқиды теңіз бір, толқиды теңіз екі, толқиды теңіз үш. Қуаныш фигурасы , орныңда қатып тұрып қал». Ахуалдар тізімі: қуаныш, ыза, үрей, мейірім, қызығушылық, ұялшақтық, жетістік.

6-жаттығу «Көңілді ән» ойыны.

Менің қолымда домалақ жіп тұр. Қазір мен жіпті қолыма іліп алып өзімнің оң жағымда тұрған көршіме жіпті өлең айта отырып ұсынамын : «Балнұр,сенің топта сенің болғаның қандай жақсы».... Ары қарай жалғастырамыз. Міне, жіп қайта айналып өзіме келді, бәрімізді біріктірді. Біздің достығымыз нығая түсті, көңіл күйіміз бұрынғыдан да көтерілді.

7-жаттығу «Жер сілкінісі» жаттығуы. Мұнда топқа қатысушы адамдар 3-3-тен болып тұрады. Екеуі шатыр және бір адам олардың астында тұрады. Жүргізуші «шатыр» деген команда бергенде, шатыр жасап тұрған балалар ауысуы керек. Жүргізуші «адамдар» деген команда бергенде, шатыр астындағы балалар орнын ауыстырады. Ал егер, «жер сілкінісі» деген команда бергенде, барлығы орын ауыстыруы керек.

8. Кері байланыс. Оқушылардың қандай әсер алғанын талдау










Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!