400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Көңіл-күй шаттығы" сабағы 1-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін-өзі тану мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: «Мерген жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

Мерзімі:

Мұғалiм: С.О.Кажгалиева

Сынып:1 Оқушы саны:

№21.Тақырыбы: Көңіл-күй шаттығы

Құндылығы: Сүйіспеншілік

Қасиеттері: мейірімділік; жанашырлық; қамқорлық .

Мақсаты: Оқушыларға адам өміріндегі көңіл-күйдің маңыздылығын түсіндіру арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

-Оқушыларға айналадағы бәрін жақсы көру арқылы мейірімді болудың маңыздылығын ұғындыру.

-Оқушылар бойындағы жанашырлық қасиеттерін дамыту.

-Оқушыларды қамқорлыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі. 5Т – ережесі:

Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

1. Тәртіп.

2. Талап.

3.Тыныштық

4. Тазалық.

5. Татулық.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

№21 – сабақ. «Таңғы сәулелер» мәтінін оқып келу.

Сұрақтар:

1. Әңгіме не жайлы?

2. Күннің барша тіршілікке деген қайтарымы жоқ сүйіспеншілігін қалай байқаймыз?

3. Сенің айналаңда күн сияқты адам бар ма? Мейірімді адам не істейді?


3. Сабақтың дәйексөзі.

(Бірінші ұл балалар қайталайды, кейін қыз балалар қайталап оқиды)

Жақсыға қарасаң, жаның жадырайды.

Мақал.

Сұрақтар:

  1. Жақсы адам қандай болады?


4. Әңгімелеу. Сәулет пен Дәулет А. Ормантаев


Дәулет жетіде, Сәулет алтыда. Түс ауа Дәулет сыртта ойнап жүрген.

– Сәулет қайда? Ойынға неге келмеді? – деді кішкентай Зәуреш Дәулетке.

– Білмеймін.

Ол жүгіріп үйге кірді. Сәулет еден жуып жатыр екен.

– Бүгін мамамның туған күні. Жұмыстан шаршап келеді. Үйді тазалап, еденді жуып қояйын деп жатырмын.

Дәулет қатты ұялды.

– Кел, екеулеп жуайық, – деді қызарақтап.

– Жарайды.

Олар еденді екеулеп жуды. Үйді жинастырды. Сай жағасынан гүл теріп әкелді.

– Мама, туған күніңіз құтты болсын! – деп, екеуі жұмыстан келген мамаларына гүл ұсынды.

– Рақмет, рақмет, құлыншақтарым! – деді мамалары екеуінің бетінен кезек сүйіп.

– Мама, бұдан былай күн сайын еденді біз жуып қоямыз. Жарай ма? Түк те қиындығы жоқ екен, – деді Дәулет.

– Иә, мама, түк те қиындығы жоқ.

Сәулет те оны қоштап жатыр.

– Міне, адам болды деген. Айналып кетейін сендерден! – деп, аналарының көзінен ыстық жас ыршып кетті.

Сұрақтар:

  1. Сәулет пен Дәулет аналарына қандай тосын сый жасады? Олардың істегені жанашырлыққа жата ма?

  2. Сендер айналаңдағыларға қалай қуаныш сыйлайсыңдар?

  3. Мейірімділік көрсеткен кезің болды ма?

  4. Өзіңнің жақындарыңды қалай қуантқаның туралы әңгімелейік.


5. Шығармашылық іс - әрекет, топтық тапсырма.

  1. Тапсырма:Сендердің көңіл – күйлеріңді кімдер көтереді, нелер қуантады? Әңгімелеп беріңдер.

  2. Қамқорлық көрсету туралы көрініс қою.


6. Топпен ән айту.

«Көңілді күн»

1. Теріп едік жемісін сезім бақтың,

Сыйластықтың алауын өзің жақтың.

Сенің думан тойыңның әнін естіп,

Есігіңді шыдамай өзім қақтым.

Қайырмасы:

Бүгін қандай тамаша

Көңілді күн 3-рет

Сені қуанышыңмен құттықтаймын

Бақытты бол, жан досым!


2. Бір тамаша отырдың өмірге еніп,

Жүзің бал бұл жадырап көңілденіп.

Есігіңнен мен кіріп келгенімде

Қуандың ау балаша мені көріп.


Қайырмасы: Бүгін қандай тамаша

Көңілді күн 3-рет

Сені қуанышыңмен құттықтаймын

Бақытты бол, жан досым!


7. Үйге тапсырма.

№22 – сабақ. «Ақ тиін мен қасқыр» ертегісін үлкендердің көмегімен оқып келу.










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
8 қаңтар
2247
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі