Материалдар / Көңіл күйімізді басқара білейік

Көңіл күйімізді басқара білейік

Материал туралы қысқаша түсінік
11 сынып оқушыларына арналған тренинг сабақтар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Мамыр 2021
349
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


16.11.2018Ж


КӨҢІЛ – КҮЙІМІЗДІ БАСҚАРА БІЛЕЙІК


DrawObject1

«КӨҢІЛ – КҮЙІМІЗДІ БАСҚАРА БІЛЕЙІК» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ

ОЙЫН САБАҚ

DrawObject2

МАҚСАТЫ: оқушылардың ҰБТ-ға дайындықтарын тексере отырып, оқушы бойындағы қорқыныш пен үрей сезімдерінен құтылуға психологиялық көмек көрсету, сенімділік ояту.

САБАҚТЫҢ ФОРМАСЫ: ойын, жаттығулар

КӨРНЕКІЛІГІ: презентатция

ЖОСПАРЫ:

І.ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ

а) оқушылармен амандасу

ә)оқушылар назарын сабаққа аудару

б)пікірталас және тренинг ережесімен таныстыру

в)оқушыларды топқа бөлу

ІІ.НЕГІЗГІ БӨЛІМ

  • «Сәлемдемелік хат» жаттығуы

  • «Өз жұлдызыңды тап» жаттығуы 

  • «Лимон» жаттығуы

  • Рефлексия:«Не сезіндіңдер?

  • «Өрмекші торы» жаттығуы

ІІІ. Қорытынды бөлім.

  • Рефлексия

БАРЫСЫ:

ТӘРБИЕШІ: Құрметті оқушылар. Азғана уақыт ішінде балалықты артқа тастап, үлкен ортаға аяқ басқалы тұрғанымыз баршаңызға мәлім. Ендеше, алтын ұя мектебімізден, аяулы ұстаздарымыздан алған білім мен тәрбиемізді білім сынағына салар күн де алыс емес. Олай болса, білім сынағына өзімізді, дайындығымызды саралау мақсатында ұйымдастырылып отырған «ҰБТ-білім сапасының негізі» тақырыбындағы тәрбие сағатына қош келдіңіздер! (сынып оқушыларын төрт топқа «теңіз, -өзен-көл» ұстанымы бойынша бөлу, таймер, спикерлер сайлау.)

Оқушыларға тапсырмалар беру:

1-топқа тапсырма:

Өз-өзіне сенімді, өз күшіне сенетін адам суретін салу.

2-топқа тапсырма:

Өз көңіл күйіңді көтеру жолдары

3-топқа тапсырма:

Емтиханда пайда болған қысымнан қалай арылуға болады?

4-топқа тапсырма:
Сыныпқа кіріп келе жатқанда дайындалу кезінде және емтиханға жауап беру алдында қобалжу сезімінен арылу (спикерлердің талқылау барысындағы топтық идеяларының баяндалуы)

  1. «Сәлемдемелік хат» жаттығуы

Мақсаты: эмпатия сезімдерінің дамуы, топтық бірігудің жоғарлауы.

Тәрбиеші: Мен сізге өзіңіздің сәлемдемеңізді қағаз бетіне түсіріп, оны ларецке салуыңызды ұсынамын. Ал енді оны араластырамын. Қазір сіз топқа оқып беретін және

Бүгінгі кездесуден өзіңізге естелікке қалатын басқа сәлемдеме аласыз.



Талдау:

  1. Сізге сәлемдеме жазу қиындық келтірді ме?

  2. Сіздің сәлемдемеңізді оқығанда сіз өзіңізді қалай сезіндіңіз?

  3. Бүгінгі тренингтің тапсырмасын әрі қарай жалғастыруға дайынсыз ба?

Олай болса, кезекті «Өз жұлдызыңды тап» жаттығуына берейік.

 «ӨЗ ЖҰЛДЫЗЫҢДЫ ТАП» арт-терапиялық жаттығуы

Нұсқау: Шеңбер бойына отырып, көзіңізді жұмыңыз. Үш рет дем алып, үш рет дем шығарыңыз.... (Баяу музыка ойнап тұрады)

  • Ал енді көз алдыңызға жұлдызды түнгі аспанды елестетіңіз. Жұлдыздардың бірі сізге жақын болса, ал кейбір жұлдыздарды тек нүкте кейпінде ғана елестетіңіз.

  • Сол жұлдыздардың ішінен өз жаныңызға жақынын, яғни сізге қарап тұрғанын таңдап алыңыз. Мүмкін осы жұлдыз сіздің арманыңызға ұқсайтын шығар, осы жұлдызға тура қлоыңызды созып, ұстауға тырысыңыз. Бар күшіңізді салыңыз! Сіз оны қалайда алдыңыз, оны ақырын ұстап алдыңызға қойыңыз, оны жақсылап қарап, оның қандай екеніне қарап жарықтығынн еске сақтап қалыңыз. Ал енді өз еркіңізбен төмен еңкейіп тізелеріңізді ұстап, кейін қарай шалқайып көздеріңізді ашыңыздар. Қолыңызға түрлі түсті қарындаштарды, қағазды алып, өзіңіз таңдаған жұлдызыңыздың суретін салыңыз. Салғаан жұлдыздарымыз осы тренинг барысында өзінің шуағын шашып, достығымызды нығайтып отырады. Тренингтен соң оны өздеріңізбен бірге ала кетесіздер. Олар сендерге білім жолында, барлық емтихандарда және өмір бойы көмек көрсетеді. Жұлдыздарға мұқият қараңыздар, олардың барлығы әртүрлі, сіздер мен біздер сияқты ұқсамайды. Осы жұлдыздардың бес тармағы секілді ҰБТ—ның бес пәнінен де «5» деген баға алып шығуларыңа тілектеспін.
     

«ЛИМОН» жаттығуы 

Мақсаты: бұлшық еттің жиырылуын және босаңсуын басқару.

ТӘРБИЕШІ: оқушылар, ыңғайланып отырыңдар: қолдарың тізелеріңде, алақандарың жоғарыда болсын. Иықтарың мен бастарыңды төмен түсіріп, денелеріңді босатып, көздеріңді жұмыңдар. Жаттығудың шарты бойынша: сенің қолыңда лимон бар деп елестет. Оны жайлап қыс, лимонның сөлі шыққанша оны қыса түс. Қолыңды босаңсыт. Өз сезімдеріңді есте сақтаңдар. Енді лимон сенің сол қолыңда деп елестет. Жаттығуды қайтала, тағы да босаңсыт та өз сезіміңді сақта. Енді жаттығуды екі қолыңмен бірдей жаса. Босаңсыт. Тыныштықта отыру рахатын сезін.

РЕФЛЕКСИЯ «Не сезіндіңдер?»

Теңіз жағасындағы дауыстар жазылған үнтаспа қойылады, балалар жайланып отырады. Көзімізді жұмып, үш рет терең дем аламыз. Өзіміздің ішкі тыныштық нүктемізді табамыз: ондай орын сенің жаның, сен онда тыныш та, жайбарақат күйге енесің.

Егер сен жақсылап құлақ салсаң, онда толқындардың жағаға жайлап ығысқанын, су гүрілін естисің. Теңіз толқынының ырғағы бірқалыпты. Толқындар теңіз жағасындағы құмды тегістегендей сенің ақыл-ойыңды тыныштандырады және айқындайды.

Сен өзіңнің теңіз жағасында отырғаныңды елестет. Сенің отырған жеріңнің құмы құрғақ, жұмсақ, майда. Жан-жағыңа көңіл аудар, сен жағада жалғыз екеніңді байқадың. Күн ұясына батып барады да аспан сары, қызыл, қызғылт түске боялады. Кеудеңе көбірек ауа толтырып, теңіздің тұзды иісін сезін. Теңіз ауасы таза және дымқыл. Сен шағаланың дауысын естисің. Өзіңе маңызды сұрақ қою үшін сен теңіздің тыныштығын пайланасың. Қазір сен өзіңді жайбарақат сезінесің. Өз сұрағыңа қарапайым да түсінікті сөздер тап. Сен өз сұрағыңды жайлап айтып жатқанда теңізге қара, теңіздің саған жауап беруіне дайын бол. ..

Мүмкін сен толқынның жағаға ұрғанын естірсің. ... Мүмкін теңіз саған бір сурет немесе бір бейне көрсетер. Мүмкін сен дұрыс жауапты табуға көмектесетін өзіңнен бір күшті сезімді сезінерсің.....Өз сұрағыңды анық та түсінікті етіп құруыңа теңіз көмектесер. (30 секунд)

Тәрбиеші: Енді сен жаныңның түкпірінідегі тыныш та жайбарақат орныңмен таныстың, кез-келген уақытта маңызды мәселелерді ойларда сен осы орынға келе аласың. Қазір сен осы орынмен қоштасып, бөлмеге жайлап келесің. Қолыңды соз, терең дем ал, көзіңді аш та жақсы көңілмен осында қайт.

Рефлексия:

1. Қандай сезімді бастан кешірдік?

2. Жаттығу ұнады ма?

3. Жаттығудың сен үшін көмегі болды ма?

ҚОРЫТЫНДЫ:

ТӘРБИЕШІ: Міне балалар. Бүгінгі тренинг барысында өзіміздің ҰБТ алдындағы дайындығымыз және өз бойымыздағы үрей, қорқыныш секілді психологиялық сезімдерден арылу жолдарымен түрлі жаттығулар жасау арқылы бойымызды сергітіп алдық. Олай болса, алдағы білім сынығында биік белестерді бағындырып, мерейлерің үстем болсын дегім келеді.





























Е.Әуелбеков атындағы дарынды балаларға арналған №4 облыстық мекеп-интернатында 2018 жылдың 16 қараша күні 11 «а»-сыныбында

«Көңіл – күйімізді басқара білейік» тақырыбында өткізілген ойын сабақтың

ХАТТАМАСЫ


Қатысуға тиісті-20

Қатысқаны – 20


Күн тәртібінде:

  • «Көңіл - күйімізді басқара білейік» тақырыбындағы сабақтың әдістемелік қаралуы

Тыңдалды:

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша сынып тәрбиешісі Жиенбаева Айнұр сөз алып, оқушыларды «Көңіл - күйімізді басқара білейік» тақырыбындағы сабақтың мақсаты және өткізілу жоспарымен таныстырып өтті. Мақсаты оқушылардың ҰБТ-ға дайындықтарын тексере отырып, оқушы бойындағы қорқыныш пен үрей сезімдерінен құтылуға психологиялық көмек көрсету, сенімділік ояту. Сонымен қатар, оқушыларды ойынның ортақ ережесімен таныстырды.

Білім сынағына өзімізді, дайындығымызды саралау мақсатында ұйымдастырылып отырған «Көңіл - күйімізді басқара білейік» тақырыбындағы тәрбие сағатында сыныпты 4 топқа бөлді. Топтарға тапсырма берілді. Оқушылар өз ойларын ортаға салды.

«Сәлемдемелік хат» жаттығуы бойынша оқушыларға қағаз бетіне өздерінің сәлемдемелерін жазып, оны ларецке салуын ұсынды. Оны араластырып, топтарға таратты. Оқушыларға естелік ретінде.

 «Өз жұлдызыңды тап» арт-терапиялық жаттығуы бойынша оқушылар шеңбер бойына отырып, көздерін жұмып, үш рет дем алып, үш рет дем шығарып отырды. Көз алдына жұлдызды түнгі аспанды елестетіп, жұлдыздардың бірі сізге жақын болса, ал кейбір жұлдыздарды тек нүкте кейпінде ғана елестетті. Сол жұлдыздардың ішінен өз жаныңа жақынын, сізге қарап тұрғанын таңдап алды. Осы жұлдыздардың бес тармағы секілді ҰБТ—ның бес пәнінен де «5» деген баға алып шығуларыңа тілектестігін білдірді.

«Лимон» жаттығуы  бойынша бұлшық еттің жиырылуын және босаңсуын басқару.

Бүгінгі тренинг барысында ҰБТ алдындағы дайындығын және өз бойындағы үрей, қорқыныш секілді психологиялық сезімдерден арылу жолдарымен түрлі жаттығулар жасау арқылы бойларын сергітіп алды.





ХАТШЫ: А.ҚЫПШАҚБАЕВА



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ