400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Көңіл-күйіңді көтеріп, қуана біл! тренингі

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылармен өткізілетін тренинг
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Көңіл-күйіңді көтеріп, қуана біл!» тренингі

Сыныбы: 9 - класс

Мақсаты: жақсы көңіл күйдің адами қарым-қатытынаста алатын орны туралы оқушылардың түсініктерін кеңейту. Эмоционалдық көңіл күйін көтеру, шаршағандықтарын басу, жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.

Әдіс- тәсілдер: әңгімелесу, сұрақ-жауап, психодиагностика, ойын-жаттығу, тілегін білдіру


Тренинг жүрісі:

  1. Көңіл –күйге байланысты сұрақтар

  2. «Сағат тіліндегі досым» амандасу жаттығуы

  3. «Мен кіммін?»

  4. Мен қандаймын өзін-өзі бағалау

  5. «Балады,болмайды» жаттығуы

  6. Ойын-жаттығу

  7. Рефлексия


Кіріспе сөз.

Сәлеметсіздер ме, оқушылар! «Көңіл-күйіңді көтеріп, қуана біл!» тренинг сабағына қош келдіңіздер. Адамның көңіл күйі әлемі шексіз. Әр адам баласы әр түрлі нәрселерге қуанады, шаттанады, ерекше күлімсірейді, ерекше сүйсінеді, шексіз бақытты болады, керісінше, ренжиді, өкінеді, қамығады, ызаланады, назары болады.Көтеріңкі көңіл адамға қуат бітіріп, бойын сергітеді, ал уайым- қайғы жабырқатып жібереді. Сондықтан адамның қарым-қатынасы оның көңіл күйіне байланысты болады. Көңіл күй- адамның ішкі дүнесінің құбылысы, көңіл күй- адамның айнасы. Біздің көңіл күйіміз- ол күн сияқты. Күн адамның ішкі жан дүниесін жылытады. Барлық жақсылық табиғатқа – күннен,ал өмірдегі жақсылық-адамнан.Олай болса, қысқаша ғана көңіл күй туралы не білеміз, соған тоқталып кетейік. Ол үшін мына сұрақтарға жауап берулерің керек;

  • Көңіл күй дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Қандай нәрселер адамды қуанышқа бөлейді?

  • Адам көңілсіз болғанда қандай көңіл- күй болады?

  • Көңіл- күйдің денсаулыққа әсері бала ма?

( Балалардың жауаптары тыңдалады)


1. «Сағат тіліндегі досым» амандасу жаттығуы

Shape1

1.Қолмен амандасу.

2.Арқасынан қағыңыз

3.Күлімсіреңіз

4.Қол бұлғаңыз

5.Төс қағыстырып амандасу

6.Бір тілек айтыңыз



Ұсынылған сағат макетіне оқушылар топтағы оқушылардың сәйкетһстендіріп жазады. Жазылған нұсқау бойынша сағатта жазылған оқушыларға амандасады.



2. «Мен кіммін?»

Берілген смайликтерге өздеріне ұнайтын белгілі бір кейіпкердің атын жазады. Бастаушы оқушы келесі оқушыны смайликтегі атымен атап, оған сәйкес жақсы сөздер айтады, Осылайша шеңбер бойымен жалғасады.

3. « Мен қандаймын?» Өзін-өзі бағалау ( Психодиагностика)

Өзін тануға, бағалауға, өзге адамдармен тіл табыса келе, тіршілік етуіне мүмкіндік береді. Ендеше, «Мен қандаймын ?» деген сұраққа жауап береміз.Алдарымыздағы қағаздағы 10 жағымды қасиеттерді оқи отырып, өз-өздеріңді қалай қабылдап , бағалайтындарыңды анықтайсындар.

Мен қандаймын? « ия» ,»жоқ»,» кейде», «білмеймін»

1.Мен жанашырмын 2. Мен жақсымын

3.Мен ақылдымын. 4.Мен ұқыптымын

5.Мен мейірімдімін 6. Мен тіл алғышпын

7. Мен ақкөңілмін 8. Мен ашық жарқынмын

9. Мен еңбекқормын 10.Мен шыншылмын

Нәтежесін бағалау; «Ия»-1 ұпай, «Жоқ- 0 ұпай, « Білмеймін, кейде» -0,5 ұпай.

10 ұпай-өте жоғары, 8-9 ұпай жоғары,

4-7 ұпай-орташа,2-3 ұпай –өте төмен


4. « Болады, болмайды» жаттығуы.

« Болады» алақандарымен шапалақтайды, «Болмайды» алақанымен шапалақтамайды.

  1. Адамның көңіл күйің көтеріп, жақсартуға бола ма?

  2. Үйде көңіл -күйлерің жақсы бола ма?

  3. Әрдайым достарыңа жақсы сөз айтуға бола ма?

  4. Үнемі мектепте көңілді жүресіздер ме?

  5. Танымайтын адамдарға жақсылық жасауға бола ма?

  6. Адамдарға көңіл- күй тудыра алатындай сәлемдесе аласыз ба?

  7. Көңіл- күйіңіздің көтеріңкі болғаны жақын жандарыңызға қуаныш сыйлауға болады ма?

Ойын-жаттығу: «Көтеріңкі көңіл күй сыйлай білейік»

Оқушылар шеңбер бойында отырады. Ортаға бір ойыншы шыгып, «Таңертең ерте тұрғандар ауысамыз, ақ жейде кигендер ауысамыз, қыздар ауысамыз» т.б. нұсқаулықтар береді. Нұсқауға сәйкес ойыншылар орын ауыстырады. Ортадағы оқушы бос қалған орындыққа отыру қажет. Осылайша ортада тағы бір оқушы қалып, ойын жалғаса береді.


Рефлексия. Тілектерін білдіру.

Оқушылар өз көңіл-күйлерін сипаттап, алған эмоцияларымен бөліседі.


Қорытынды сөз:

Жалпы адам баласы күнделікті өмірде бір –біріміздің көңіл күйін түсірмей, бір-бірімізді ренжітпей жүруіміз керек. Олармен дұрыс қарым-қатынас жасай білу, баға жептес байлық.Олай болса « Менің көңіл күйім» атты тренинг сабағымыз аяқталды. Сау болыңыздар.

















Педагогикалық-психологиялық қызмет жұмысының жоспары бойынша өткізілген психологиялық тренингтің талдауы


Мерзімі: 29.01.2025 ж.

Түрі : тренинг

Тақырыбы: «Көңіл-күйіңді көтеріп, қуана біл!»

Қатысқан: 9-сынып

Өткен орны : Оқу кабинеті

Мақсаты: жақсы көңіл күйдің адами қарым-қатытынаста алатын орны туралы оқушылардың түсініктерін кеңейту. Эмоционалдық көңіл күйін көтеру, шаршағандықтарын басу, жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.

Әдіс- тәсілдер: әңгімелесу, сұрақ-жауап, психодиагностика, ойын-жаттығу, тілегін білдіру


Тренинг жүрісі:

  1. Көңіл –күйге байланысты сұрақтар қойылып, тақырып ашылды.

  2. «Сағат тіліндегі досым» амандасу жаттығуы арқылы оқушылар нұсқаулыққа сәйкес бір-бірімен амандасты.

  3. «Мен кіммін?» жаттығуында берілген смайликтерге өздеріне ұнайтын белгілі бір кейіпкердің атын жазады. Бастаушы оқушы келесі оқушыны смайликтегі атымен атап, оған сәйкес жақсы сөздер айтады, Осылайша шеңбер бойымен жалғасты.

  4. Мен қандаймын өзін-өзі бағалау психодиагностикалық есті арқылы өзін-өзі бағалау деңгейлері анықталдыү

  5. «Балады,болмайды» жаттығуы арқылы оқушылардың көңіл-күйлері сипатталып, жақсы көңіл-күйде жүруге баулыды

  6. Ойын-жаттығу арқылы оқушылардың көңіл-күйлері көтеріліп, бір-бірімен жақсы байланыс орнатуға жағдай жасалды.

  7. Рефлексия кезінде, оқушылар өз ойларымен, алған әсерлерімен бөлісті.


Қорытынды: Тренингке қатыса отырып, оқушылар өздерін бағалай алды. Білім алушылар тренингке өте белсенді, қызығушылықпен қатыса білді. Өмірдің қандай кезеңі болса да, шешімін тауып, орын таба білу керектігін түсінді, жақсы көңіл-күймен тарқасты.


Ұсыныс: 9-сынып оқушыларының ұйымшылдық, ауызбіршілік және тыңдай алу қасиеттерін дамытуға арналған сынып сағаттары, тренинг-жаттығулар өткізу



Педагог-психолог А.М.Сайынова





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
26.02.2025
405
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі