Материалдар / Көңіл сұрауды білемін. Жобарыс пен түлкі (Ертегі)
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Көңіл сұрауды білемін. Жобарыс пен түлкі (Ертегі)

Материал туралы қысқаша түсінік
шығарманың тақырыбы мен үзіндісіне (бастапқы бөліміне) сүйеніп, оқиғаның соңын болжау шығармадағы көркемдегіш құралдарды (теңеу, кейіптеу) табу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Желтоқсан 2021
438
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы:

Көңіл сұрауды білемін.

Жобарыс пен түлкі (Ертегі)

Мұғалімнің аты-жөні:Тусупова Дина

Күні: 25 . 01. 2018

СЫНЫП: 2


Қатысқан оқушылар саны: 26


Қатыспаған оқушылар саны: 0

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

2.1.3.1 - шығарманың тақырыбы мен үзіндісіне (бастапқы бөліміне) сүйеніп, оқиғаның соңын болжау

2.2.7.1 - мұғалімнің көмегімен шығармадағы көркемдегіш құралдарды (теңеу, кейіптеу) табу

2.3.3.1 - шығармашылық жұмысын мұғалімнің көмегімен сурет, каллиграмма, аппликация, фотосуреттер арқылы ұсыну

Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады:

Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер


Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, Рефлексия.



Тілдік құзыреттілік

Жолбарыс-тигр,tiger

Түлкі ­­­­­­­­­­­­­­­–лиса, fox

Қасқыр-волк,wolf

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі.

Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басталуы

5 минут

Сәлемдесу

Топтарға бөлемін:

1-топ Жолбарыс

2-топ Түлкі

3-топ Қасқыр


Психологиялық ахуал қалыптастыру:

-Көңіл –күйлеріңіз калай?

-Керемет ! (қолдарын көтереді )

-Сабаққа дайындықтарыныңыз ше ?

-Тамаша !(алақандарын шапалақтайды )

- Ыңтаңыз ше ?

-Ғажап !( бас бармағын көрсетеді )

- Ендеше бастайық !

Сынып реттілігін қадағалау .

Оқушыларды түгелдеу . Оқу құралдарын байқау .

Бір –бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз !

Ұйымшыл боламыз десек 2 рет

Белсенділік танытамыз десек 3рет шапалақтаймыз !




Оқушылар аңдардың суреті арқылы топқа бөлемін






























Жаңа білім

10 минут







Білу және түсіну


Ой қозғау

-Сендер жұмбак шешуді ұнасындар ма ?

-Ия

-Олай болса мен сендерге жұмбақ жасырамын мұқият тындаймыз .

Құйрығы оң қарыс ,

Бұл айбатты........ ( жолбарыс )

Жолбарыс мысық тұқымдас , жолақ терілі ірі жыртқыш Көзінің қарашығы ашық сары түсті .Сойдақ тістері өте ірі әрі өткір ,иілген тырнақтары өте мықты . алдыңғы аяғы артқы аяғынан жақсы жетілген .

Қырда да жүрет ол жортып,

Іні де жок бармайтын .

Құйрығымен бұлтарып

Қандай аң ол алдайтын (түлкі )

Түлкі –жырқыш болғанымен жеміс –жидектенде де бас тартпайды .

Ең сүйікті асы –сұр тышқанмен мен көжек . Қаз бен құрды , балықты да жейді. Түлкі есту , иіс сезу қабілеті ерекше дамыған ,бірақ көруі әлсіз . Қыста тышқан аулайды .

- Қандай жыртқыш аңдармен таныстық ?

- Жолбарыс пен түлкі


-Олай болса бүгінгі жаңа сабағымыз сабағымыз аудармашы Асқар Лекеровтың ертегісі «Жолбарыс пен түлкі »

Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады .

а)Нақыл сөзді оқып мағынасын түсіну

Ауырып ем іздегенше ,

Ауырмайтын жол ізде .

б)Автормен таныстыру.

А сқар Лекеров 1912 жылы бұрынғы Семей облысы Аякөз ауданындағы Коммунар колхозында кедей шаруаның семьясында туған. Әдебиет саласына 30-жылдардың орта шенінен келді. Коммунистік журналистика институтында оқып білім алған соң, Социалистік Қазақстан газетінде, Әдебиет және искусство журналында қызмет істеді.
Ол Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінен бастап Отанын қорғауға қатысты. Майданда жүріп
«Отан туралы», «Досым сөзі», «Кестелі орамал», «Жалғыз оқ « т.б. очерктер жазып жауынгерлердің рухын көтерді

Аудиожазбаны тыңдау .





























Оқулық,

мәтіндер.







Ортасы

10 минут







Қолдану

в) Оқулықпен жұмыс . Ертегіні оқып беріп сұрақ қоя отырып жаңа сабақты түсіндіру .
-Жолбарысқа не болды?

- Қай аң оның жағдайын сұрауға келмеді?

- Қасқыр түлкіге қатысты қандай өсек айтты?

- Түлкі қасқырды қалай жазалады?

- Ертегінің негізгі ойы қандай?

Оқушыларға ертегіні тізбектей оқыту .

.Жолбарыс пен түлкі арасындағы диалогты құру

Жолбарыс пен түлкінің іс әрекетіне баға беру


Дәптермен жұмыс

Мезгілсіз уақытта кеште, түнде науқас адамның көңілін сұрамайды .












Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер


Сергіту сәті

2 минут

Сергіту сәті "Күміс құмған-ай"

Оқушылар би билеп сергіп қалады.

Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут

Шығармашылық тапсырма .

1 –топ Сөйлемдерді орнына қою арқылы ертегінің басы,ортасы ,соңын табу .

2-топ Ертегіні сахналау

3-топ Ситуациялы сұрақ
















Бағалау

5 минут










Кері байланыс

3 минут

Қалыптастырушы бағалау

Сөйлемді толықтыр

1........................................................ сырқаттанып қалды.

2.Қасқыр ..................................................... сыртынан өсек айтты.

3. ..............................................ауруын емдейтін дәрі іздейді.

4.................... айту жақсылыққа жеткізбейді.



Picture 5








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!