400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Көңілді Аққала

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға жылдың қыс мезгілі туралы түсінік беру Аққала суретін салуға үйрету, қол маторикасын дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні. 2401.2022ж

Білім беру саласы:Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу қызметі:Сурет салу

Тақырып: «Көңілді Аққала»

Мақсаты: Қыс туралы,қысқы ойналатын ойындар туралы түсінік қалыптастыру. Балаларға дәстүрден тыс бейнелеу әдісі арқылы ( саусақпен сурет салу) аққала суретін салу


Қолданатын көрнекті құралдар: Қыс мезгілінің суреттері,аққала бөлшектері.

Қажетті құрал – жабдықтар мен көрнекіліктер:бояулар, қарындаштар, қыл – қалам, су, сүрткіш.

Сөздік жұмыс: Аққала,қыс, қар.

Тәрбиелік:Еңбек сүйгіштікке, табиғатқа қамқор болуға, мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: Әңгімелеу, түсіндіру,сұрақ-жауап,ойын,сергіту сәті


Оқу қызметінің барысы:



Шаттық шеңбері.


Мейірімділік жүрекпен,

Ақ пейілді тілекпен,

Амандасып алайық

Бір жадырап қалайық

Келіп қалған қонақтарға

Қол былғап бір алайық.

-

Тәрбиеші : Балалар мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр

Шанамен сырғып желетін

Коньки ,шаңғы тебетін,

Аққала жасап ойнайтын

Қай мезгіл деп ойлайсың

-Балалардың жауабы

Қыс мезгіліндегі ауа райына тоқталу Балалармен «Қыс қызығы» суреті бойынша әңгіме жүргізу Әр баланың қыс кезінде ерекше жақсы көріп ойнайтын ойын, ермектерін сұрап, қыста балаларға ненің қатты ұнайтынын анықтайды.



Дидак/ойын: «Ерекшелігін тап»

Шарты: Қыс мезгілінің киімдерін қыс суретіне орналастыру

Аққала туралы жұмбақ

Мені ешкім өсірген жоқ,

Мені қардан жасаған.

Мұрным – сәбіз, ернім – ағаш,

Аппақ қармын, мәссаған!

Үп – үлкенмін, сұп – суықпын,

Ал, атымды айтады кім?

Сөздік жұмысын жүргізеді.

Тәрбиеші балаларға Аққаланың суретін салу жолдарын түсіндіріп көрсетеді. Дайын суреттің үлгісі берілген дәптерлерді таратады. Алдын ала дайындалып, езілген көгілдір бояуға қылқаламның ұшын ақырын жартылай батырып, дөңгелектің ішін сызықтан шығармай бояуды тапсырады.

Аққаланың мұрнын қызғылт сары түспен, көздерін қара түспен бояу тәсілін көрсетеді.

Сергіту сәті:

Ауыл алды аққала,

Ақша қарда балалар

Соғып жатыр аққала

Жалқауы жоқ жұмысқа.

Балалар жұмысты аяқтаған соң тәрбиеші әрқайсының суретіне назар аударып, қыс қызығы жайлы айтып, әдемі салынған суреттерді ерекше атап өтеді.

Күтілетін нәтежелер:

Жасайды:қыста болатын өзгерістер жайлы.

Түсінеді: Аққаланы үлкен – кіші дөңгелектерді қосу арқылы салуға болатындығын.

Қолданады: қылқаламмен дайын дөңгелектердің ішін сызықтан шығармай бояуды.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 ақпан
754
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі