Тақырыбы:
«Көңілді автобус»
Мақсаты:
1.Автобус туралы түсінік беру.Онда қызмет
ететін шофер,кондуктор ролін,оның
міндетін білуді үйрету
2.Ой
өрісін,тілін,сөздік қорын,есте сақтау
қабілетін,баланың ойын арқылы
қарым-қатынасын дамыту.Көңіл күйлерін
көтеру
3.Бір
бірін сыйлауға,ұқыптылыққа тәрбиелеу
Еңгізетін
жаңа сөздер: автобус,кондуктор,шофер
Құралдар:
автобус,рөл,кондуктор сумкасы,билет,ақша,бас
киім
Әдіс-тәсілі:
көрсету,түсіндіру,сұрақ-жауап,ойын
Кіріспе
бөлім
Ұйымдастыру
кезеңі:
-Балалар
сендер неге көңілсізсіңдер,сендермен
ойнасақ боладыма?
-иа
-Қане
мен сендерге жұмбақ жасырайын сендер
жұмбақты шешіп көріңдер:
Көше
бойлап аяңдайды
Адам
тасып аялдайды (автобус)
-Қане
естеріңе түсіріңдерші,біз қандай көлік
түрлерімен жүреміз?
-Машина,такси
,автобус
-Міне
бізді аялдамада автобус күтіп тұр бұл
жәй автобус емес «Көңілді автобус».Қане
автобуспен қыдырайықпа?
-Жарайды
-Автобусты
кім жүргізеді?
-Жүргізуші,шофер
-Жүргізушімен
бірге кім жұмыс істейді?жолаушыларға
кім билет сатады?
-Кондуктор
-Дұрыс
сендер бәрін білесіңдер,жарайсыңдар.
Ойын
барысы:
-Біздің
көңілді автобусқа жүргізуші және
кондуктор таңдау қажет.
Қане
дөңгеленіп тұрайық (балалар дөңгеленіп
тұрады).Балалар автобусты жүргізу үшін
шоферға не жетіспейді?
-Рөл
-Дұрыс
рөл.Міне рөл (рөлді көрсету).Ағыбай
біздің шоферымыз.Мынау сенің рөлің
автобусты басқарасың.Әрбір аялдамада
сен айтасың: Абайлаңыз есік ашылады.Ары
қарай жүреміз.Айтуды ұмытпа!
-Енді
бізге кондуктор қажет.Аяжан бізде
кондуктор болады.Кондуктор сумканы
қарашы не бар екен?Әрине билет.
Аяжан
сен билетті сатасың және міне сіздің
билетіңіз.Отырыңыз,өтінемін дейсің.
Балалар
билеттер пішіндерге байланысты қолыңдағы
билет үшбұрышты,төртбұрышты,дөңгелек
болса соған сәйкес орындықты таңдап
отырасың.
Ал
сендер балалар жолаушысыңдар,автобуска
отырғаннан соң түрлі аялдамаларда
боласыңдар.Қане шофер жүр алға.
-Балалар
мына аялдама қалай аталады екен
қарайықшы?
-«Әнші»
аялдамасы.
-балалар
егерде «әнші» аялдамасы деп аталса,онда
бұл аялдамада не істеуіміз керек?
-Ән
айтуымыз керек.
-Дұрыс
ән айту керек.
-Кім
ән айтады?
-Альмира
мен Аяжан ән айтады
-Қане
орындарымызға отырайық
-Абайлаңыз
есік жабылады.Ары қарай кетеміз
-Келесі
аялдама қалай деп аталады екен?
-«Бишілер»
аялдамасы
-Балалар
егерде «бишілер» аялдамасы деп аталса,онда
бұл аялдамада не істеуіміз керек?
-Билеуіміз
керек
-Дұрыс
билеуіміз керек.Жарайсыңдар сендерге
автобустан түсуге болады.
Автобустан
шыққан соң «Қаражорға» биін билейді
Балалар
автобусқа орындарына отырады
-Абайлаңыз,есік
жабылады.Ары қарай кетеміз
Дөңгелектер
айналды
Моторлар
тырсылдады
Көңілді
біздің автобус
Балабақшаға
апар бізді
Қорытынды:
-Біз
бүгін немен қыдырдық?
-Автобусты
кім жүргізді?
-Шофермен
бірге кім жұмыс істейді?
Келесі
аялдама «Балабақша». Міне біздің
балабақшаға келдік.Міне біздің
жүргізушіміз (),ал біздің кондукторымыз
()
Бүгінгі
ойынға жақсы қатыстыңдар,сендерге
рахмет
Көңілді
смайлктер тарату