Қысқа мерзімді сабақ
жоспар
Сабақ: Бейнелеу
өнері
Күні:
13.09.24.
Сынып: 1
«В»
|
Мектеп: №1 «Өркен» арнайы мектеп –
интернаты
Мұғалім: Картанова Гулшат
Ауезхановна
Қатысқандар: 6
Қатыспағандар:
|
Тақырыбы:
|
Көңілді
бағдаршам
(заттың суретіне қарап сурет
салу)
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу
мақсаттары:
|
Түстері мен пішіндері жол реттеуші құрал
бағдаршамның суретін салу, бояу (қарындаш)
|
Сабақ
мақсаты:
|
Бағдаршамның атқаратын қызметімен танысады
.
Бағдаршамның суретін салады. Түстерді,
геометриялық пішіндерді ажыратады.Қаламды дұрыс ұстауды, берекелді,
тегіс бояуды, кеңістікті бағдарлай білуді үйренеді. (дайын үлгіні
бояу)
|
Түзету –
дамытушылық:
|
Ойлау, есте сақтау, түстерді қабылдау
қабілеттерін дамыту.
|
Бағалау
критерийлері
|
Бағдаршамның жол реттеуші құрал екенін
біледі.
Бағдаршамның түстерін
ажыратады.
Бағдаршамның пішіндерін
анықтайды.
|
Тілдік
мақсат:
|
Бағдаршам – жол реттеуші
құрал.
Талқылауға арналған
сұрақтар:
Бағдаршам дегеніміз
не?
Бағдаршам не үшін
қажет?
Бағдаршамның неше көздері
бар?
Олардың түстері
қандай?
Бағдаршамның көздері қандай геометриялық
пішіндерге ұқсайды?
|
Құндылықтарды
дамыту
Алдыңғы
оқу
|
Өз
– өзіне сенімділіктерін арттыру.
Әсем гүлдер (затқа қарап сурет
салу)
|
Жоспар
Жоспарланған уақыт
есебі
|
Жоспарланған жаттығулар түрлері,
тапсырмалар
|
Ресурстар
|
Басы
|
1.Психологиялық
дайындық
Шаттық шеңбер:
Оқушылармен амандасып, жағымды көңіл – күй
орнату.
Біз
кішкентай баламыз,
Қазақстанда
тұрамыз.
Отанды біз
сүйеміз,
Мақтан етіп
жүреміз.
2. Жұмбақ
Өзі
сөйлей білмейді,
Бірақ «Тоқта, жүр!»
дейді.
Балалар, бізге қонаққа «бағдаршам»
келді.
Демек, бүгін біз оқу іс – әрекетінде көңілді
бағдаршаммен танысып, суретін салып
үйренеміз.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Көңілді
бағдаршам» деп аталады.
Дескриптор:
Жұмбақтың шешімін
табады.
Жол
реттеуші құрал – бағдаршаммен
танысады.
Бағдаршамның түстерін
ажыратады.
Бағдаршамның пішінің, көздерінің пішінің
анықтайды.
4-деңгейдегі оқушылар жұмбақтың шешемін суреттен
табады.
|
Смайликтер
Суреттер
|
Ортасы
|
Тақырыппен таныстыру,
түсіндіру.
«Көңілді
бағдаршам»
Ойын: «Бағдаршам көзін ретімен
қой»
Дескриптор:
Бағдаршамның көзін рет – ретімен
қояды.
Бағдаршамның түр – түсін
анықтайды.
Сұраққа жауап
береді.
Кері
байланыс:
«Дұрыс – бұрыс»
ойыны.
(оқушылар дұрыс жауапқа қолдарын шапалақтайды,
бұрыс жауапқа аяқтарын
тарсылдатады)
-
Көшеден өткенде оңға, солға
қараймын.
-
Көшенің ортасында доп
ойнаймын.
-
Жол
ережесін сақтаймын.
-
Бағдаршамның сары көзі жанғанда
дайындаламын.
-
Жасыл көзі жанғанда
жүремін.
-
Қызыл түс жанғанда тоқтаймыз
ба?
-
Бағдаршам деген ол, көлік
пе?
-
Бағдаршам жол реттеуші
құрал.
Жұмыс
жоспары:
-
Ақ
парақты көлденең парта бетіне
қоямыз.
-
Дайын бағдаршамның үлгісін алып, оны парақ бетіне
қаламмен бастырып шығамыз.
-
Бірінші бағдаршамның сыртқы пішінің (қаңқасын)
қара қаламмен бояймыз.
-
Бағдаршамның көздерін (қызыл, сары, жасыл) түсті
қаламмен бояймыз.
Сергіту сәті: «Балапандар
биі»
Орнымыздан
тұрамыз,
Бойымызды
жинаймыз
Бір
отырып, бір тұрып,
Серігіп бір
аламыз.
4.
Қол, саусақ бұлшықеттеріне арналған жаттығу
орындау.
Бала, бала,
балақан,
Қане қайсы
алақан.
Саусақтарын
әйбат,
Былай – былай
ойнат.
Топ
– топ басайық,
Жалаудан күн
жасайық.
Қане қанат
жазайық,
Қарлығашқа
ұқсайық.
Ұшып – ұшып
алайық
Орнымызға
қонайық.
Қауіпсіздікті сақтауды еске
түсіру.
-қаламды ауызға
салмаймыз.
-қаламды көзге жақындатуға
болмайды.
-қаламмен қасындағы адамды түртуге
бомайды.
Шығармашылық
жұмыс:
-
Үлгі сурет бойынша бағдаршамның суретін салу,
бастыру.
-
Оқушылардың шығармашылық сәті. (бояу, дайын
үлгіні бояу)
-
Мұғалімнің көмегі бағыт – бағдар
беру.
Дескриптор:
Бағдаршамның қажеттілігін
түсінеді.
Бағдаршамның суретін дайын үлгі бойынша
салады.
Түстермен жұмыс жасауды
үйренеді.
Кері
байланыс:
Оқушылар бір– бірінің жұмыстарын «басмармақ»
әдісі арқылы бағалайды.
|
|
Соңы
|
-
Жұмыс жоспарын қайталау арқылы сабақты
қорыту.
1.Ақ парақты көлденен
қойдық.
2.Дайын бағдаршамның үлгісін қара
қаламмен бастырып шықтық.
3.Бағдаршамның сыртқы пішінің (
қаңқасын) қара қаламмен боядық.
4.Бағдаршамның көздерін қызыл, сары,
жасыл түсті қаламмен бояп шықтық.
Біз
бүгін оқу іс – әрекетінде ненің суретін
салдық?
Бағдаршам дегеніміз
не?
Дескриптор:
Бағдаршамның суретін салып
үйренеді.
Сұрақтарға жауап
береді.
Кері
байланыс:
Әр
тапсырмадан кейін кері байланыс жасап
отыру.
|
|
Бағалау
|
Оқушыларды
мадақтау.
Бағдаршам – жол реттеуші құрал екенін ұмытпауға
үйрету.
|
|
Рефлекция
Оқу мақсаты орындалды
ма?
Сабақ қандай деңгейде
өтті?
Бүгін оқушылар не
үйренді?
|
|
|
1.Психологиялық дайындық
Шаттық шеңбер:
Оқушылармен амандасып, жағымды көңіл – күй
орнату.
Біз кішкентай баламыз,
Қазақстанда тұрамыз.
Отанды біз сүйеміз,
Мақтан етіп жүреміз.
Орнымызға отырамыз.
Бүгінгі бейнелеу өнері сабағында қандай тақырыпта
сурет салатынызды білу үшін, алдымен мен сендерге жұмбақ
жасырамын.
2. Жұмбақ
Өзі сөйлей білмейді,
Бірақ «Тоқта, жүр!» дейді.
Балалар, бізге қонаққа «көңілді бағдаршам»
келді.
Демек, бүгін біз оқу іс – әрекетінде көңілді
бағдаршаммен танысып, суретін салып үйренеміз.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Көңілді
бағдаршам» деп аталады.
3. Нұрсила, Айғаным, 4-деңгейдегі оқушылар
жұмбақтың шешемін суреттен табады.
4. Тақырыппен таныстыру, түсіндіру. «Көңілді
бағдаршам»
Бағдаршам дегеніміз не?
Бағдаршам не үшін қажет?
Бағдаршамның неше көздері бар?
Олардың түстері қандай?
Бағдаршамның көздері қандай геометриялық
пішіндерге ұқсайды?
5.Ойын: «Бағдаршам көзін ретімен
қой»
Ал, енді Мейірім, Ерсін, Мерей, Бегжан тақтаға
бағдаршамның көздерін рет – ретімен қойып шығады.
6.«Дұрыс – бұрыс» ойыны.(оқушылар дұрыс
жауапқа қолдарын шапалақтайды, бұрыс жауапқа аяқтарын
тарсылдатады)
-
Көшеден өткенде оңға, солға
қараймын.
-
Көшенің ортасында доп ойнаймын.
-
Жол
ережесін сақтаймын.
-
Бағдаршамның сары көзі жанғанда
дайындаламын.
-
Жасыл көзі жанғанда жүремін.
-
Қызыл түс жанғанда тоқтаймыз
ба?
-
Бағдаршам деген ол, көлік пе?
-
Бағдаршам жол реттеуші құрал.
Жұмыс жоспарымен
таныстыру:
-
Ақ
парақты көлденең қоямыз.
-
Дайын бағдаршамның үлгісін алып, оны парақ бетіне
қаламмен бастырып шығамыз.
-
Бірінші бағдаршамның сыртқы пішінің (қаңқасын)
қара қаламмен бояймыз.
-
Бағдаршамның көздерін бояп шығамыз. Бізге Тоқта!
Деп белгі беретін қай түс! (қызыл)
-
Балақай дайындал! деп белгі беретін қай түс?
(сары)
-
Балақай енді жүр! Деп белгі беретін қай түс?
Жасыл.
7.Сергіту сәтін
орындаймыз
Орнымыздан тұрамыз,
Бойымызды жинаймыз
Бір отырып, бір тұрып,
Серігіп бір аламыз.
Бала, бала, балақан,
Қане қайсы алақан.
Саусақтарын әйбат,
Былай – былай ойнат.
Топ – топ басайық,
Жалаудан күн жасайық.
Қане қанат жазайық,
Қарлығашқа ұқсайық.
Ұшып – ұшып алайық
Орнымызға қонайық.
9. Қауіпсіздікті сақтауды еске
түсіру.
-қаламды ауызға салмаймыз.
-қаламды көзге жақындатуға
болмайды.
-қаламмен қасындағы адамды түртуге
бомайды.
10. Өз бетінше жұмыс:
Енді өз бетінше жұмыс жасауға
кірісеміз.
11. Жұмыстарын бағалау. Басбармақ әдісі
арқылы.
Бірінші тақтаға қыздар шығады. Ұлдар қыздардың
жұмыстарын басмармақ әдісі арқылы бағалайды.
Мен сендердің жұмыстарынды жүрекшелермен
бағалаймын.
Енді ұлдар шығады қыздар ұлдардың жұмыстарын
басбармақ әдісі арқылы бағалайды.
12. Сабақты қорыту.
-
Бүгін біз қандай сурет салдық? Бағдаршамның
суретін салдық.
-
Бағдаршамның неше көзі бар?
-
Бағдаршамның көздері қандай пішінге
ұқсайды?
-
Біз
бүгін қандай түстермен жұмыс жасадық?
-
Бағдаршамның көздерінің түстері
қандай?
13.Жұмыс жоспарын
қайталау.
Бағдаршамның суретін ақ параққа қалай түсірдік?
Жұмыс жоспарын қайталап шығайық.
-
Парақты көлденең қойдық.
-
Дайын үлгі бойынша бағдаршамның сыртқы пішінің
қаламмен бастырдық.
-
Одан бағдаршамның көздерін бастырып
шықтық.
-
Қандай түстермен жұмыс жасадық? Бағдаршамның
сыртқы пішінің (қаңқасын) қара қаламмен боядық.
-
Көздерін қызыл, сары, жасыл түсті қаламмен бояп
шықтық.