жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Көңілді достар
Сабақтың тақырыбы: Көңілді достар.
Сабақтың мақсаты:
а) Түзете-дамыту: Балаларды жаттығуларға спорттық ойындарға деген
бейімділігін, денсаулықтарын жаңғырту, спортқа деген
қызығушылықтарын арттырып, дене қозғалыстарын
жетілдіру. Шапшаңдыққа, батылдыққа, ұқыптылыққа
тәрбиелеу.
б) Тәрбиелік: Оқушыларды топтық, жолдастық және ұжымдық сезімдерге
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: топтық.
Керекті - құрал жабдықтар: доп,обруч,кегли,стакан,ысқырық,үнтаспа.
№ |
Сабақтың мазмұны |
Уақыты |
Әдістемелік нұсқаулар |
С а б а қ т ы ң
б а с ы
С а б а қ т ы ң
о р т а с ы
С с а о б ң а ы қ т ы ң |
1. Оқушыларды сапқа тұрғызу. 2. Оқушылармен амандасу. 3. Саптағы бұрылулар. Оңға, солға, кері бұрылу командыларын беру. Бізге келген қонақтармен амандасып алайық. Қайырлы таң досым. Қайырлы күн досым. Бүгінгі күн бізге, сәтілікке толсын. Сәламатсыздарма қонақтар! Бүгінгі ашық ұйымдастырылған сабағымыздың тақырыбы «Көңілді достар» деп аталады. Айтыңдаршы балалар біз қай республикада тұрамыз. Қазақстан. Бізің облысымыздың аты қалай аталады. Орал. Қай ауданда тұрамыз! Казталовка ауданында тұрамыз. Олай болса балалар біздер көңілді әуенмен дене қыздыру жаттығуларын бастайық. Келесі жаттығумызды жалаушалармен орындаймыз. Бір сызықтың бойында сапқа тұрып, қолдарымызға жалаушаны ұстап бір орында тіземізді жоғары көтеріп жүреміз. Осы қалыпта екі бала адымдап алға шығады. Кері артқа өз орнына тұрады. Арттағы 2-і бала алға адымдап шығады. Кері б-қа келеді де. Оңға бұрылады да адымдап жүреді. Солға бұрылып осы қимылды қайталайды. Екі қолды алға созып оң жаққа қарай иіледі. Б-қа келіп сол жаққа қайталайды. Бір орында тұрып екі қолды жоғары көтеріп, оңға солға қолдарындағы жалаушамен қозғалыс жасайды. Б-қа келеді. Жарайсыңдар балалар. Ал енді балалар судың жағасына саяхат жасаймызба! Балалар бір-бірімізге қарама-қарсы қарап отырамыз. Көзімізді жұмамыз көз алдымызға елестетеміз. Жел соғып қатты толқын жағаға соғады. Аспанда айналып шағалалар ұшып жүр. Толқын жай басылып өз орнына келеді. Балалар біз судың жағасында отырық. Кәне балалар қараңдаршы балалар біз судың жағасында тұр екенбіз олай болса тыныс алу жаттығуын орындайық толқын жасай отырып тыныс алу жаттығуын орындайық демімізді аламыз. Ал енді тізерлей тұрып бір қолымызбен толқын жасай отырып тез-тез дем аламыз. Аяғымызды суға салып отырып екі қолымызбен толқынды жоғары көтере отырып дем аламыз. Ал енді балалар судың астына жүземіз 1-2-3 отырып жүреміз. Судың бетіне шығамыз судың бетіне жатып жүземіз екі қолымызды артқа ұстап, аяғымызды жоғары көтереміз. 1. «Кім мерген» ойыны. Ойынның мақсаты: шапшаңдықты, ептілікті, қолдың қимылын дамыту. Шарты: баланы 1метр жерге баланы тұрғызып қолына жебені беріп дартс тақтасына лақтыру. 2. «Кім шапшаң» ойыны. Ойынның мақсаты: тез тыныс ала білуін дамыту. Шарты: керілген жіптің ортасына стаканды өткізіп ауызбен үріп жеткізу. 3. «Кегли құлату» ойыны. Ойынның мақсаты: көзбен мөлшерлей білуін дамыту. Шарты: 2 метр жерге кеглилерді орнатып, баланы артқа қаратып тұрғызып аяғының арасынан допты кеглиге лақтырту. 4. «Допты тасу» ойыны. Ойынның мақсаты: тез шапшаң қимылдауын дамыту. Шарты: үш обручтың арасыныан өтіп кіші допты себеттің ішіне салу. 5. «Фудбол» ойыны Ойынның мақсаты: дұрыс тыныс алуға, әдемі сөйлеуін дамыту. Шарты: стол үстіне теннис шаригімен қақпаға допты трубкамен үрлеп салу. Сабақты қорытындылау. Балалар бүгінгі сабақта - Не ұнады? Не ұнамады? Балалар бүгінгі сабаққа жақсы қатыстыңдар. Сабақ аяқталды. Сау болыңдар.
|
5 мин
22 мин
8 мин |
Оқушылардың сабаққа даярлығын анықтау
Дайындық бөлімдерін керек жағдайларға қарай өзгертуге болады.
Оқушылардың көңіл күйіне назар аудару.
Жаттығуларды жақсы орындалуын үйрету.
Сапқа тұрғызып жай тынығу жаттығуларын жасату.
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген