Білім
беру саласы:
«Денсаулық»
Оқу
қызметі:
Дене шынықтыру.
Тақырыбы:
«Көңілді достар»
(эстафеталық
жарыс).
Сабақтың
мақсаты:
1.
Білімділік:
Ұлттық ойындар дене шынықтыру қызметінде
кең қолдана отырып, балалардың дене
тәрбиесін дұрыс жолға қою, спорттық
шеберліктерін, мүмкіндіктерін арттыру.
2.
Дамытушылық:
Қазақ халқының ерлік – жауынгершілік
тарихын ұрпаққа ерліктің өшпес үлгісін
қалдырған хан батырлардың өмір өнегесімен
таныстыру, өз жерін, өз елін қорғай
алатын ел жанды, ұлттық намысы мол
жігерлі бүлдіршіндерді тәрбиелеу;
3.
Тәрбиелік:
Жас ұрпақты өздігінен білім деңгейін
көтеруге үйретіп өзін – өзі тәрбиелеуге
дағдыландыру.
Қажетті
құралдар:
Арқан, Жылқы, Қамшы.
Тәрбиеші:
Құрметті балалар мен тәрбиешілер!
Бүгінгі «Көңілді достар» атты спорттық
ойындар жарысына қош келдіңіздер!
Топ арасындағы
жарысқа топтарды ортаға шақырайық.
Қаражорға
әуенімен балалар ортаға шығады.
Тәрбиеші:
Міне, балалар шықты алаңға,
Жас
спортшылар жеке – жеке команда
Ал,
балалар өздеріңді таныңдар,
Ептілік,
мықтылық, батылдық көрсетіп табанды,
«Ура»
деген ұранды біз тастаймыз
Жарысымызды
ал енді бастаймыз
«Жеңіске
жетеміз!» деп
Жалынды
ұран тастаймыз.
Тәрбиеші:
«Көңілді достар» - атты жарысымызды
бастаймыз.
Бүгінгі
жарысқа қатысуға екі топ келіп тұр. Осы
топтардың жарысына әділ бағасын беретін
сіздерсіздер.
Әділ-қазылар
алқасымен таныстыру:
Балабақша
меңгерушісі: Б.Ж.Базарбаева.
Балабақша
әдіскері: Б.А.Атыгаева.
Блабақша
медбикесі: А.Кенжекаранова
Жанкүйерлер:
Барлық топ тәрбиешілері.
Ал,
құрметті халайық
Жарысты
енді көріңіз
Әділ
қазы алқасы
Әділбаға
беріңдер
-
дей отырып топ капитандарына сөз
берейік.
1
- топ «Қарлығаш»
Топ
капитаны – Альтаир
2
- топ «Қыран»
Топ
капитаны - Амир
«Қарлығаш»
тобы
Қатар
өскен құрдасқа,
Жарыс
ұнап тұрмас па!
Қуып
жету жақсы ғой
Озып
шығу бір басқа.
«Қыран»
тобы
Босқа
қарап тұрмайық,
Бағымызды
сынайық
Намысты
қолдан бермейік
Жарысты
озып шығайық.
Тәрбиеші:
Балалар, сендерге сәттілік тілей отырып,
жарысымызды бастаймыз.
Ал,
енді сайысымыздың шарттарымен
таныстырайық...
Сайыс
шарттары:
1.
Бәйге
2.
Арқан тартыс
3.
Теңге алу
4.
Қол күрес
5
Паравоз
Жарыс
кезеңдері:
І-кезең.
Ұлттық
ойын
«Бәйге»
Ойын
шарты:
Әр
топтың
алдына
3 - 4 м
қашықтықта
межелер
белгіленді.
Екі
топтың балалары ( арақашықтық2м) сап
түзеп тұрады. Бұл ойында жұптасып
жарысады. Әр топқа бір ат, бір қамшы
байланады. Белгі бойынша әр топтан бір
баладан атқа қонады да жарысады. Балалар
аттың шабысына салып шабуы тиіс.
ІІ-кезең.:
Ұлттық ойын «Арқан тартыс»
Ойын
шарты: Бұл екі топқа бөлінген балалармен
ойналатын ойын бір түрі. Арқанның екі
жағынан екі топқа бөлінген балалар
тартысады. Қай топ өз жағына алып, келсе
сол топ жеңіске жетеді.
ІІІ-кезең.
Ойын:
Ұлттық ойын «Теңге алу»
Ойын
шарты: Бұл ойынды ер балалар ойнайды.
Аттың орнына шыбық ат пайдаланады.
Белгілі бір жерге теңгені ыдысқа салып
қояды. Ойыншылар атпен шауып келіп
еңкейіп теңгені ыдыстан тез алып шаба
жөнеледі. Егер ойыншы теңгені алмай
қалса жеңілген боп есептеледі.
ІV-кезең.
Ойын:
Ұлттық ойын « Қол күрес»
Ойын
шарты: Ортаға екі ойыншы шығып, кілемнің
үстіне жамбасынан жатады. Олар бас
бармақтарын айқастыра қолдарын
жымдастырып ұстайды. Ойынның шарты
қолының күші көп ойыншы қарсыластың
қолын жерге тигізуі керек.
VІ
– кезең.
«Паравоз»
Бір-бірінен
ұстап кедергілер арасымен жүгіру.
Тәрбиеші:
Өнерге
биік сеніңіз
Думанға
қызық келіңіз
Әділ
қазы ел сенген
Өнерге
баға беріңіз.
Тәрбиеші:
Құрметті көрермендер, балалар біздің
алға қойған мақсатымыз ата – бабадан
қалған өнер мен өнеге, үлгілерінің
лайықтыларын баланың сана сезіміне
құйып көзіне көрсете отырып, ұлттық
ойын арқылы бойына сіңіріп, оларды
әдептілікке, мейірімділікке, ізеттілікке,
туысқандық пен бауырмалдыққа, үлкенге
– құрмет, кішіге – қамқорлыққа баулып
адамды қажеттерді ұғындыру, қалыптастыру.
Бір
ғажабы ойындар балалардың жан сұлулығында,
тән сұлулығында жан - жақты жетілдіруге
бағытталған.
Бүгінгі
балалармен ұйымдастырылған «Көңілді
достар» атты спорттық кешімізді
қорытындылап, әділ шешімімен «Қарлығаш»
және «Қыран» топтарының арасындағы
сайыста достық жеңді. Екі топты алтын
және күміс медалдарымен марапатталады.
Осымен спорттық жарысымыз аяқталды.
Көріп тамашалағандарыңызға рахмет!
Жеңімпаздарды
анықтау.
Б.Ж
Базарбаеваның құттықтау сөзі
Марапаттау.