жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Көңілді эстафета
Жамбыл
облысы Тараз қаласы
№18 «Еркежан» бөбек жай бақшасының
І санатты тәрбиешісі
Байбосынова Рано Батырханқызы
1.Білім беру саласы: «Денсаулық»
2.Мақсаты: Қимыл іс-әрекет арқылы баланың ойлау қабілетін, қиялын, ептілігін арттыру. Ұстамдылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
3.Әдіс- тәсілдер: Ойын элементтері, сұрақ –жауап, түсіндіру
4.Пәнаралық байланыс: Спортпен, музыкамен,тіл дамыту.
5. Көрнекіліктер: Спорттық доп, құрсау, кеглилер, доға, үрлемелі шарлар, қанатты сөздер
Оқу іс –әрекетінің барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі : (балалар музыка әуенімен залға кіреді)
Тәрбиеші: - Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгінгі біздің «Көңілді эстафета» атты оқу іс-әрекетіне қонақтар келіп отыр. Ендеше, балалар, қонақтармен амандасып алайық.
- Ал, олай болса бүгінгі сайысымыз жақсы өту үшін бір-бірімізге қуанышты көңіл- күй сыйлайық (балалар өзара бір –бірінің қолдарынан ұстап, «Шаттық шеңберін жасайды.)
- Денің сау болсын десең,
- Ерте тұру керек
- Денің сау болсын десең,
- Шынығу керек
- Денің сау болсын десең,
- Күнде жаттығу керек
- Денің сау болсын десең,
- Салауатты болу керек.
( Тікұшақ дауысы естіледі).
Тәрбиеші :-Балалар, қараңдаршы бір дауыс естіледі.Бұл ненің дауысы екен?
Балалар: - Тікұшақтың дауысы.
Тәрбиеші: -Дұрыс айтасыңдар , балалар. Тікұшақпен бізге Салауат дәрігер келді.
Салауат дәрігер:-Ох! Балалар, орманды, даланы кезіп,әрең үлгердім. Мұнда
кім ауырды? Мен оны тез емдеймін.
Тәрбиеші: -Амансызба, Салауат апай? Мұнда ешкім ауырған жоқ. Сіз қателескен шығарсыз. Өзіңіз қараңышы, біздің балалар шыныққан, ақылды, салауатты емес пе?!
Салауат дәрігер: - Сәлеметсіздерме,балалар! Сіздерді көріп қуанып тұрмын, денсаулықтарың мықты екен. Мұның сыры неде? Осыны қонжық пен қоянға түсіндіресіңдер ме?
1. Бала - Үнемі спортпен дос болсаң,
Ұзақ өмір сүресің!
2 . Бала - Өзенде шомылғанда,
Күнде сен шыныққанда
Шымыр болып өсесің!
Тәрбиеші: - Салауат дәрігер ,біздің спорттық мерекемізге қатысып,
балалардың қандай епті , әрі күшті екенін көріңіз. – Балалар, қонжық пен қоянға қалай шынығып шымыр болу керегін көрсетейік.
Балалар: -Ия.
Тәрбиеші: - Ал, қазір дәрігер Салауат бізге көңіл- күйді көтеретін, ауруды
жақындатпайтын жаттығуларды көрсетеді.
Дәрігер салауат: -Балалар,тұрыңдар!
Менің айтқанымды орындаңдар!
Демалыңдар, демалмаңдар!
Қолдарыңды көтеріңдер!
Жарайсыңдар, түсіріңдер!
Еңкейіңдер, түзеліңдер!
Тік тұрып күлімдеңдер!
Тәрбиеші: Рахмет, Салауат апай, ендеше бізбен бірге ойынды тамашалаңыз. Қонжық пен қоян, сендер де көріңдер. Дені сау адам ақ жарқын көңілді және іскер болады.
Салауат дәрі гер: - Балалар, спортпен тек жазда ғана емес, қыста да, күзде де әрдайым шұғылдану қажет.
Сонда барлығыңның денсаулықтарың мықты болып, сергек көңілді жүресіңдер.
Тәрбиеші: -Ал, енді жарысты бастау үшін екі топқа бөлінейік.
Қонжықтар мен қояндар тобын ортаға шақырайық. Балалар сайысқа дайынбыз ба?
Балалар: - Дайынбыз.
Тәрбиеші: - Жарайсыңдар, балалар, сайысымызды бастамас бұрын бәріміз топтардың атымен таныс болайық.
1- Топ : « Қонжықтар »
2- Топ : « Қояндар »
Тәрбиеші: - Сайыста жеңіп шығу үшін тату болу керек. Жаттығуларды
Бірлесіп орындағанда топ жеңіске жетеді. Эстафетаның шарттарымен таныстырып өтейін.
Жарыстың шарттары:
1.Кеглилер арасымен доппен жүгіру.
2.Кедергілер сайысы
3.Доппен кеглилерді құлату
4.Көкөністермен жемістерді жинау
Тәрбиеші: -Ал,енді сайыстың бірінші ойынын бастайық.
1. Кеглилер арасымен доппен жүгіру шарты. Екі топтың балалары кезекпен допты түсірмей кеглилердің арасымен жүгіріп, орнына келу.
2. Кедергілер сайысының шарты. Құрсаудан секіріп, доға астынан еңбектеп өтіп, орнына жүгіріп келу.
Тәрбиеші: - Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырайын, кәнеки шешіп көрейікші. Жұмбақ:
Бала біткен соғады,
жеңіл шарды домалақ.
Ұрсаң ұшып жоғары,
Жерге түсер домалап. Ол не? (Доп)
Балалар: - Жұмбақтың шешімі –Доп.
Тәрбиеші: - Жарайсыңдар, балалар. Жұмбақтың шешуі доп екен. Ендеше, сайысымыздың келесі бөлімі допқа байланысты.
3. Доппен кеглилерді құлату. Балалар кезекпен кеглилерді доппен домалатып, құлатады және келесі балаға допты тез жеткізу керек.
Тәрбиеші: - Егер де денің сау болсын десең, көптеген дәрумендер жеу керек. Дәрумендерді біз жыл бойы жемістер мен көкөністерден аламыз. Сол дәрумендерді көбірек жеу арқылы біз өзімізді түрлі аурулардан қорғайды екенбіз. Ендігі сайысымызда сол көкөністер мен жемістерді жинайық.
4. Жемістер мен көкөністерді жинау ойыны. Шарты: екі топтың балалары кедергілерден өтіп, жемістер мен көкөністерді арнайы ыдысқа жылдам жинайды.
Тәрбиеші: -Жарайсыңдар, балалар. Енді көңілімізді көтеру үшін сергіту сәтін жасайық. Ән «Топ-топ».
Салауат дәрігер: - Мен, балалар, сендердің жеңістеріңді көріп, қуанып тұрмын. Мен сендердің бүгінгі жеңістерің үшін дәрумендерге бай арнайы алманы сыйға тартамын. Бірақ, сендерге айтар бір шартым бар: 1. Қояндар тобы қоянның жүрісімен секіріп келіп алманы алу керек. 2. Қонжықтар тобы қонжықтың жүрісімен жүріп менің қолымдағы алманы алуы керек. (Балалар музыканың ырғағымен жүріп, алманы алады)
Тәрбиеші: - Құрметті, қоян және қонжық, үнемі спортпен шұғылданғанда ғана деніміз сау болатынын көрдіңдер ме? Сондықтан сендер де біздің балалар секілді үнемі салауатты өмірді ұстануларың қажет екен.
Қоян мен қонжық: - Рахмет, сендерге балалар. Енді біз де әрдайым спортпен шұғылданып, денсаулыққа пайдалы дәрумендерді пайдаланатын боламыз. Сау болыңдар, балалар. Біз де өз мекеніміз- орманға қайтайық.
Салауат дәрігер: -Балалар, енді мен қоян және қонжықты орманға шығарып салайын. – Сау болыңдар, балалар.
Тәрбиеші: - Сау болыңыздар, Қоян ,Қонжық және Салауат дәрігер! Біз
Сіздерді әрдайым күтеміз.
Балалар: -Сау болыңыздар!
Тәрбиеші: - Баларлар, бүгін біз спорттық ойындарды өтіп, бір-бірімізбен жарысқа түстік. Сендерге үлкен алғыс айтамын. Ендеше, бүгінгі оқу іс әрекетіміз аяқталды. (Ырғақты музыка ойнайды.)

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген