Материалдар / "Көңілді эстафета" 1,2 сыныптар арасында
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Көңілді эстафета" 1,2 сыныптар арасында

Материал туралы қысқаша түсінік
Сайыс шарттары: 1. «Допты ойын» 2. «Ептілікті байқау» 3. «Жүйрік паравоз» 4. «Кедергілерден өту» 5. «Допты шелекке сал, ұпай жина» 6. «Кеме жарысы» 7. «Капитандар сайысы »
Авторы:
25 Қырқүйек 2024
141
0 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

1 мен 2- сынып арасында  (спорттық жарыс)
Мақсаты:
1. Ойын кезінде өзін - өзі бақылау арқылы белсенділікке, сенімділікке, қайсарлыққа, батылдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
1. Ойын кезінде әділдікке, жолдастық сезімге, ойынды жетілдіруге тәрбиелеу.
2. Балаларға денсаулықтың қадірін, бағалы байлық екенін түсіндіру және оны сақтаудың жолдарын түсіндіру.
Қажетті құралдар: доп, арқан, кедергілер, секірме жіп, тағы басқа заттар.
Барысы:
1. кіріспе сөз
2. спорттық жарыс
3. қорытынды сөз.
 Жүргізуші
   Құрметті оқушылар! Бүгінгі спорттық жарысымызға қош келіпсіздер! Сайыстың негізгі мақсаты - жас ұрпақты жаман әдеттерден аулақ, денінің сау болып, келешекте өз елінің, қоғамның салауатты, өркениетті, білімді азаматы етіп қалыптастыру. Осы мақсатта біз бүгін 1-2 сынып оқушылары арасында сайыс өткізгелі отырмыз.
 Жүргізуші
Ал, құрметті халайық,
Жарысты енді көріндер,
Әділ қазы алқасын сайлап,
Әділ баға берііңдер!
Жарысты бастамас бұрын ойынға әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасын сайлап, таныстырып өту.
Дене шынықтыру мұғалімі Абдильман Ж.К
АӘД мұғалімі Негметжанов О.С

Бағалау жүйесі 5, 4, 3 балдармен бағалау.
 Жүргізуші
Жарысқа қатысып, бақ сынамақшы болған үміткерлерді іріктеу, содан кейін 2  топ алдарыңызда өнер көрсетпекші.
1 топ - «Ұландар»
2 топ -«Балдырғандар»

 Ал ендеше сайысымыздың шарттармен танысайық.
Сайыс шарттары:
1. «Допты ойын»
2. «Ептілікті байқау»
3. «Жүйрік паравоз»
4.  «Кедергілерден өту»
5. «Допты шелекке сал, ұпай жина»
6.  «Кеме жарысы»
7. «Капитандар сайысы »
   Бұл ойында бізге көмек көрсететін оқушылар Балтин Қорғанбек және Төлеген Аян

 Жүргізуші
Денсаулық - шексіз бақыт,
Уа, халқым назар аудар денсаулыққа.
Өмірде бақыттысың денің сауда,
«Денсаулық - терең бақыт» деген сөзді,
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да,- деп, келесі ойынымызға көшейік.
 

Денің сауда күштісің бұл әлемде,
Денің сауда сұлусың жер бетінде.
Сол мықты денсаулықтың арқасында,
Жетерсің әлі талай бақыттарға

1 . «Допты ойын»
Шарты: бір оқушы допты теуіп отырып кедергілердің арасынан өткізеді, қайтар жолда дәл осылай ойын қайталанады.
Бір, екі, үш дайындал, алға!
 Жүргізуші
2. «Ептілікті байқау» теннис шаригін қасыққа салып, кедергіні айналып қайта орына келіп келесі оқушыға беру.

 

 3. «Жүйрік паравоз» жарысы

Ойын шарты:   Бірінші бала паравоз, қалған балалар вагондары болады. Бірінші паравоз бала белгіленген жерден өзі айналып келіп, екінші баланы ертіп айналып келіп, үшінші баланы ертеді, жарыс осылай жалғаса береді. Жарыс соңында қай топтың паравозы вагондарын жинап мәреге бірінші жетсе сол топ жеңеді.

 

4. «Кеме» жарысы

Ойын шарты: Екі дөңгелек сақина беріледі. Балалар ортасына кіріп екі сакинаға кезек-кезек секіру арқылы мәреге жеті керек.

5.  «Кедергілерден өту»             

Ойын шарты:    

     Ойыншы бастапқы орыннан жүгіріп шығып көлден өтіп , үңгірден шығып, қисық жолдан өтеді. Қайтар жолда жай жүгіріп келіп, келесі ойыншыға қол береді. Осылайша екінші  ойыншы ойынды жалғастырады.

 6. « Допты шелекке сал»

Екі топтың қатысушылары қолындағы допты себетке салу арқылы ұпай жинауы керек.

 

7. «Капитандар» сайысы

Шарты: Бір оқушы жүгіріп келіп  математикалық есепті шығару керек. Қайтар жолда жүгіріп қайтады.. Бір, екі, үш дайындал, алға!
1 Жүргізуші
Өнерге биік сеніңіз,
Думанға қызық келіңіз.
Әділ қазы ел сенген,
Өнерге баға беріңіз.
Құрметті әділ қазылар алқасы сөз кезегі өздеріңізде. (марапаттау)
2 Жүргізуші
Құрметті оқушылар, жүлделеріңіз құтты болсың!
Бүгінгі  спорттық жарысымыз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!