400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Көңілді жарыстар»

Материал туралы қысқаша түсінік
тәжірбе алмасу үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

« Көңілді жарыстар »

Білім беру саласы: Денсаулық

Ұйымдастырылған оқу іс – әректі: Денешынықтыру

Тақырыбы: «Көңілді жарыстар»

Сабақтың мақсаты :

1.Білімділік: ұлттық ойындар дене шынықтыру іс-әрекетінде кең қолдана отырып,балалардың дене тәрбиесін дұрыс жолға қою , спорттық шеберліктерін , мүмкіндіктерін арттыру.

2.Дамытушылық: қазақ халқының ерлік-жаугершілік тарихын ұрпаққа ерліктің өшпес үлгісін қалдырған хан батырлардың өмір өнегесімен таныстыру ,өз жерін, өз елін қорғай алатын ел жанды, ұлттық намысы мол жігерлі бүлдіршіндерді тәрбиелеу.

3.Тәрбиелік: жас ұрпақты өздігінен білім деңгейін көтеруге үйретіп өзін - өзі тәрбиелеуге дағдыландыру.

Қажетті құралдар – арқан, жылқы,теңге, қамшы.

Нұсқаушы;Құрметті ұстаздар мен тәрбиешілер! Бүгінгі «Көңілді жарыстар» атты спорттық сайысымызға қош келдіңіздер!Сайысымыздың негізгі мақсаты жас ұрпақты жаман әдеттен аулақ,дені сау болып,келешекте өз елінің,қоғамның салауатты өркенниетті,білімді азаматы етіп қалыптастыру.Осы мақсатта біз бүгін «Еркетай» тобының арасында сайыс өткізгелі отырмыз. Ал енді сайыскерлерімізді ортаға шақырайық.

(Қара жорға әуенімен балалар ортаға шығады)

Тәрбиеші: Міне балалар шықты алаңға,

Жас спортшылар жеке-жеке команда

Ал, балалар өздеріңді таныңдар,





Ептілік,мықтылық,батырлық көрсетіп табанды,

«Ура» деген ұранды біз тастаймыз

Ал енді жарысымызды бастаймыз

«Жеңіске жетеміз» деп Жалынды ұран тастаймыз

Тәрбиеші: « Көңілді жарыстар » - атты жарысымызды бастаймыз.Бүгінгі жарысқа қатысуға екі топ келіп тұр. Осы топтардың жарысына әділ бағасын беретін қонақтар сіздерсіздер.Әділқазы алқасын сайлап алайық. Ол 3 адамнан тұрады.

Ал құрметті халайық

Жарысты енді көріңіздер

Әділ қазы алқасы

Әділ баға беріңіздер

-дей отырып топ капитандарына сөз берейік.

1-топ « Тұлпар»

Топ капитаны -Нариман

2-топ « Қыран »

Топ капитаны- Ыдырыс

«Тұлпар» тобы

Қатар өскен құрдасқа,

Жарыс ұнап тұрмас па!

Қуып жету жақсы ғой

Озып шығу бір басқа.







«Қыран» тобы

Босқа қарап тұрмайық,

Бағымызды сынайық

Намысты қолдан бермейік

Жарыста озып шығайық.

Тәрбиеші : Ал енді сайсымыздың шарттарымен таңыстырайық….. Сайыс шарттары: 1. «Бәйге »

2. «Арқан тартыс»

3. «Теңге алу»

4. « Қол күрес»

Ойын: Ұлттық ойын «Бәйге»

Ойын шарты : Әр топтың алдына 3-4м қашықтықта межелер белгіленеді.Екі топтың балалары ( арақашықтығы 2м ) сап түзеп тұрады. Бұл ойында жұптасып жарысады .Әр топқа бір ат, бір қамшы байланады. Белгі бойынша әр топтан бір баладан атқа қонады да жарысады.Балалар аттын шабысын салып шабуы тиіс.

Ойын шарты: Ұлттық ойын « Арқан тартыс »

Ойын шарты : Бұл екі топқа бөлінген балалармен ойналатын ойын бір турі. Арқанның екі жағынан екі топқа бөлінген балалар тартысады. Қай топ арқанды өз жағына тартып, алып, келсе сол топ жеңіске жетеді.

Ойын : Ұлттық ойын «Теңге алу»

Ойын шарты: Аттың орнына шыбық ат мінеді.Ойын кезегі басталатын жерге сызық сызылады .Одан әрі 20-30 м-р жерден тереңдігі бір қарыстай шұңқыр қазылады.Шұңқырға он-оннан тас салынады .Екі топтан екі сайыскер







шығады.Сызыққа келіп қатарласып тұрады.Бастаушының белгісі бойынша шыбық аттарын құйыңғытып,шаба жөнеледі.Сол беттерімен әлгі шұңқырға тездетіп қол сұғып жібереді де,тасты іліп алып,әрі қарай шауып кете барады,шұңқыр тұсына бөгелуге болмайды.Қай топ тасты көп жинаса сол топ жеңіске жетеді.

Ойын: Ұлттық ойын «Қол курес»

Ойын шарты: Ортаға екі ойыншы шығып, кілемнің үстіне жамбасынан жатады. Олар бас бармақтарын айқастыра қолдарын жымдастыра ұстайды. Ойынның шарты қолының күші көп ойыншы қарсыластың қолын жерге тигізуі керек.

Нұсқаушы:

Өнерге биік сеніңіз

Думанға қызық келіңіз

Әділ қазы ел сенген

Өнерге баға беріңіз



- Құрметті ұстаздар, қонақтар біздің алға қойған мақсатымыз ата-бабадан қалған өнер мен өнеге, үлгілерінің лайықтыларын баланың сана сезіміне құйып көзіне көрсете отырып, ұлттық ойын арқылы бойына сіңіріп, оларды әдептілікке, мейірімділікке ізеттілікке, туысқандық пен бауырмалдыққа, үлкенге - құрмет, кішіге қамқорлыққа баулып адамды қажеттерді ұғындыру, қалыптастыру. Бір ғажабы ойындар балалардың жан сұлулығында, тән сұлулығында жан- жақты жетілдіруге бағытталған.

- Бүгінгі балалармен ұйымдастырылған «Көңілді жарыстар» атты спорттық ойынымызды қортындылап, әділ бағасын берейік. Барлық әділ қонақтардың шешімімен «Тұлпар» және «Қыран» топтарының арасындағы сайыста екі топта мақтау қағазымен марапатталады. Осымен спорттық жарысымыз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 ақпан
1219
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі