400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Көңілді жаз

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: 1.Балаларды түрлі бейнелеу материалдарын қолдана отырып ,жаз мезгілін бейнелеуге, композицияны әдемі ,дұрыс құрастыруға үйрету. 2.Шығармашылық қиялдау қабілетін дамыту .(акварель) 3.Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Түркістан қаласы

«Балдырған» ясли-бақшасы

Тобы: «Ақжелкен»

Тәрбиеші: Бегентаева Жайдар

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Сурет салу.

Тақырыбы: «Көңілді жаз!»

Мақсаты: 1.Балаларды түрлі бейнелеу материалдарын қолдана отырып ,жаз мезгілін бейнелеуге, композицияны әдемі ,дұрыс құрастыруға үйрету. 2.Шығармашылық қиялдау қабілетін дамыту .(акварель) 3.Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Билингвальды компонент: жаз – лето.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық -қозғаушылық

Шаттық шеңбері.

Жаз айлары тамаша,

Айналаңа қарасаң.

Допты теуіп, арқан тартып,

Ойнаймыз біз жарыса.

Қауыздағы су қандай,

Мөлдір бұлақ суындай,

Тамсанудан тоймайтын,

Біздің бақша осындай.

Балалар шеңбер жасап тұрып қайталайды.

Ұйымдастыру - іздестіру

Балалар жылдың қай мезгілінде күн ыстық болады?

Қауын,қарбыз жылдың қай мезгілінде піседі?

Күн қатты ысып, жайлауға барып өзенге суға шомылатын мезгіз жылдың қай мезгілі?



Балаларға жұмбақ жасырамын.

Күндер ысып, жеміс пісіп,

Ел пішенін орады.

Бөбектерім айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады?


Соңыннан еріп ала доптың,

Күн ұзаққа ойнайтын.

Қауызда жүзіп шалпылдап,

Еш қызыққа тоймайтын,

Бұл қай мезгіл болғаны?

Жаз мезгілі жайлы слайд көрсету.

Балалардың пікірін тыңдау.


Дәптермен жұмыс.

Жаз тақырыбына сурет бойынша әңгіме құрастыру.

Жаз айының басқа жыл мезгілдерінен қандай айырмашылығы бар?

Жазда балалар қайда шомылады?

Мал қайда жайылады?

Жаз мезгілі жайлы өлең шумақтарын еске түсірейікші.

Енді балалар көзімізді жұмып ең қызықты күнімізді елестетейік

«Көңілді жаз!» тақырыбына сурет салып көрейік.


Сергіту сәті.

Асыр салып ойнаймыз

Жаз мезгілі келгенде

Суға да түсіп аламыз

Ойнап күліп біз лезде

Жақсы көрем жаз айын

Шомыламыз қауызда

Алғыс айтып апайға

Келеміз күнде бақшаға


Ойын: «Қайсысы артық»

Шарты:

Жаз мезгілінде киетін киімдерді топтастыру


.




Жаз мезгілі









жазда




















Балалар жаз суретін салуға кіріседі.

Балалар сұрақтарға жауап береді.


Балалар іс-қимылмен жасап көрсетеді












Рефлексивті - түзетушілік

Қорытынды

«Біз не білдік?»

Жаз мезгілі жылдың ең қызықты кезі. Балалар жазғы демалысқа шығады, суға шомылып, демалатын орындарға барады. Кейбір балалар жайлауға ата әжесіне барады.

Тақырыпты қорытындылау.


Балалар да өз ойларын ортаға салады.

Біледі: жаз ерекшеліктері туралы біледі.

Игереді: жаз айында болатын өзгерістерді игерді.

Меңгереді: жаз мезгілі жылдың ең қызықты кезі екенін білді, суретін салды.




































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
5 маусым
2952
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі