400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

Көңілді кемпірқосақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Ортаңғы топ балаларына арналған,түстерді ажыратуға,сөздік қорларын молайтуға көмектеседі
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Көңілді кемпірқосақ»

(Триз және АКТ қолдану арқылы)

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Сурет

Сабақтың мақсаты: Балалардың айнала қоршаған ортаға деген қатынасын, түстерді құбылыстарды білуге үйрету .Балалардың түстерді дұрыс ажыратуын, түстерді дұрыс қабылдауын дамыту,балаларды кемпірқосақтың жеті түсін ажырата білу.Балаларды эстетикалық әсемдікке, еңбексүйгіштікке, табиғатты қадірлеуге тәрбиелеу.

Міндеттері : 1) Білімділік :Түстерді ажырата білу

2) Дамытушылық : Ой- қиялын , зейінін , танымын дамыту.

3) Тәрбиелік :Ұқыптылыққа , шапшандыққа , еңбеккорлыққа, талғампаздыққа тәрбиелеу.

Иновациялық технология: (Триз және АКТ қолдану арқылы)

Көрнекілік : кемпірқосақ , жыл мезгілінің макеті ,түрлі-түсті бояу,губка қағаздар,қылқалам.

Сабақ барысы:

Балалар қараңыздаршы біздерге қонақтар келіпті ,қане қонақтармен амандасайық.

Сәлеметсіздерме!

Здраствуйте!

Hello!

Балалар білесіздерме,біз қонақтармен амандасу арқылы оларға аманшылық тілеп бір біріміздің көңіл күйімізді көтердік.

- Балалар, сендерге сұрақ қояйын1 жылда неше жыл мезгілі бар?

Дұрыс айтасындар?қараңыздаршы мына жерде жыл мезгілдерінің макеттері тұр екен.Мына макетте жылдың қай мезгілі бейнеленген.

Балалар сіздерге жаз мезгілі ұнайдыма?

Несімен ұнайды,табиғатта қандай өзгерістер болады?

Күз мезгіі несімен ұнайды?

Қыс мезгілі?

Көктем мезгілі?

Ал қазір жылдың қай мезгілі?

Дұрыс көктем мезгілінде ауа райы қандай болады?

Балалардың жауабы

Олай болса балалар біз көктем мезгілінің ауа райын бақылап далаға серуенге шығып келейік.Балалар серуенде көңіліміз көтеріңкі жүру үшін ән айтайық.

«Дос болайық бәріміз»

- Балалар жаңбыр жауып жатқан секілді ,келіңдер қолшатырдың астына.

Балалар жаңбыр жауған жақсыма,жаманба?

Не үшін жаман?

Не үшін жақсы?

Балалар жаңа біз жауған жаңбырды сезіндік,енді біз өзіміз жаңбырдың дыбысын шығарып көрейікші.

Жұлдызды жаңбыр,қане бәріміз көзімізді жұмып,қолымызды алдымызға қойып ысқылаймыз.

Жаңбыр жауып бастады ,жаңбыр құйды тез тез жасаймыз ,қайталаймыз тездетіп.

Жаңбырдан кейін не шығады?

Күн

Одан кейін ?

Кемпірқосақ

Жарайсыңдар балалар ал сіздер кемпірқосақ қалай пайда болатының білесіндерма?

Күн шайдай ашылған кезде жаңбырдың кейбір тамшылары аспанда қалып қойып күн саулесіне шағылысып осындай түрлі түсті әдемі кемпірқосақ шығады екен.

Ой балалар қараңдар мына жерде бізде кемпірқосақтың әр түрлі түстері шашылып жатыр екен,қане кемпірқосақты құрастырайықшы.Жаңбырдан соң ең алдымен нестейді?

Күн шайдай ашылады.содан кейін кемпірқосақ шығады.

Жаңбыр бітті алақай

Далаға шық балақай

Кемпірқосаққа қара

Әрбір түстерін сана

Оның неше түсі бар екен?

Балалар: жеті түсі бар

Жарайсыңдар,балалар біз осы түстерін атай отырып ,кемпірқосақты құрастырайық.

Дилярам:

Бірінші түсі оның

Ал қызғылт нәзік гүлдей

Жаңбыр жауса жылы

Ойнаймыз үйге кірмей

Д.Сұлтан:

Екінші түсі оның

Күлгін орамалдай

Күлгін түспен әсем

Бәрі орнағандай

Арайлым:

Үшінші түсі оның

Көк көлдің суындай

Ойнайықшы біздер

Судың балығындай

Орынбасар :

Төртінші түсі оның

Жап-жасыл жапырақтай

Әр түсіне әсем

Қарадым мен тоқтай

Нұрай:

Бесінші түсі оның

Сап сары піскен тарыдай

Жарқырауын қарашы

Сәулесі бізге қарай

Бекет:

Алтыншы түсі оның

Қызғылт сары балдай

Шуақ шашып бізге

Қызғылт сарысынай

Мейрамжан :

Жетінші түсі оның

Қызыл қызғалдақтай

Қызарады түсі

Қызыл жалын оттай

Жарайсындар балалар,ендеше қайталаймыз.

Тақ,тақ,тақ

Біз айтамыз тақпақ

Үл,үл,үл

Жазда өсер гүл

Быр,быр,быр

Құйып жауды жаңбыр

Сақ,сақ,сақ

Шықты кемпірқосақ

Балалар міне біздің кемпірқосағымыздың түстерін құрастырып,оны көңілдендірдік.Әр жаңбырдан кейін күн шайдай ашылып кейін кемпірқосақ шығады екен.Сіздердің де көңіл күйлеріңіз осы кемпірқосақ секілді ашық ,жарқын ,көңілді болсын.

Балалар міне біз кемпірқосақты көңілдендірдік енді тобымызға барып кемпірқосаққа тәжірибие жасап көрейік.

Балалар қараңыздар алдарыңызда ақ қағаз,губка ,түрлі түсті бояулар,қылқалам жатыр.Мені мұқият тыңдаңыздар.

Алдымен губканы оң қолымызға алып алақанымызбен ұстап кемпірқосақтың түстерін бірінен соң бірін жағамыз.Жағып болған соң қағаздың сол жағына губкамызды қойып ,екінші қолымызбен қағаздың шетін ұстап,оң қолымызбен жоғарыдан төменге қарай дөнес жасаймыз.міне қараңыздар бізде қандай әдемі кемпірқосақ шықты.Жарайсыңдар балалар.

Қане қонақтарға көрсетейік.

Шеңберге келеміз,балалар біздер кемпірқосаққа ризамызба ,қане риза болсақ не үшін ризамыз.Балалардан сұрау.

Біз кемпірқосаққа оның әдемі түстері үшін ризамыз.

Біз кемпірқосаққа көңіл күйімізді көтергені үшін ризамыз.

Ал балалар тұрайық

Жарты шеңбер құрайық

Кездескенше күн жақсы

Сау ,саламат болайық!
























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
3 маусым
3163
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі