400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Көңілді көжектер

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Дала аңдарын таныстыру дене мүшелері туралы түсінік беру. Балаларды мейірімділікке, қамқорлыққа тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім саласы: «Таным»

Білім бөлімі: «Қарапайым математикалық ұғымды қалыптастыру»

Тақырыбы: «Көңілді көжектер»

Мақсаты: Дала аңдарын таныстыру дене мүшелері туралы түсінік беру. Балаларды мейірімділікке, қамқорлыққа тәрбиелеу.

Санау ұғымдарын (көп, аз, биік, аласа) білімдерін кеңейтіп баланың танымдық қабілетін дамыту.

Көрнекілік: қонжық, көжек, сәбіз, бал, аю, қоян, фигулалар.

Шаттық шеңбері:

Ауадан қуат алайық

Алақанға салайық

Күннен жылу алайық

Жүрегімізге салайық

Жүректегі жылуды

Бір-бірімізге сыйлайық

Жарайсыңдар балалар.

Балалар шаттық шеңберіне тұрып бір-біріне жақсы тілектер айтады.



Ауа райын бақылау



Тосын сәт.

Жылаған дауыс естіледі, кімнің жылап отырғанын іздейік кәне балалар қай жақтан шықты оң жақтан ба?

Ой балалар міне қараңдар қонжық пен көжектер адасып қалыпты, қарандаршы тоңып қалыпты.

Кәне балалар қонжық пен көжекті сипалап және үрлеу арқылы жылу жіберіп жылытайық.



Балалар көжек қанша? Біреу.

Қонжық қанша? Біреу.

Қөжектің құлағы нешеу? Екеу.

Қонжықтың ше? Екеу.

Көзі нешеу? Екеу.

Құлақтары қандай екен? Үлкен .

Және нешеу екен? Екеу.

Аяқтары нешеу? Екеу.

Балалар көжек пен қонжықты сипалап жылытты.

Жарайсыңдар балалар сендер дұрыс санай алдыңдар. Көжек пен қонжықты жылытып олардың көңілін көтердіңдер.

Кәне балалар көжек туралы кім тақпақ біледі екен?

Олжас:

Ұзын құлақ сүр қоян

Естіп қалып сыбдырды

Ойлы-қырлы жерлерден

Ытқып-ытқып секірді.

Қонжық туралы кім біледі?

Мейірлан

Қорбаңдаған аюдың

Құлпынайы көп екен

Теріп –теріп алайық

Қалтамызға салайық





Қимылды ойын: Ал енді балалар көжекке ұқсап жүрейікші.

Жарайсыңдар қонжық қалай жүреді екен?

Балалар біздің көжек пен қонжығымыздың қарны ашып отыр екен, біз тамақ беріп сыйлайық.

Көжек нені жақсы көреді ? Сәбізді .

Қонжық ше? Балды.

Үстел үстіндегі табақшаға назар аударайық.

Табақшада не тұр екен?

Балалар неше сәбіз бар екен?

Табақша нешеу?

Қайсысы көп екен?

Кәне сәбізді қонжық пен көжекке кім бөліп береді?

Барлық сәбіз саны қанша болды?

Сәбіз бен қонжық және көжек саны бірдей ме?

Дұрыс айтасындар біз көжек пен қонжықты жылытып , оларға тамақ бердік және балалар қа й заттың көп , аз және бірдей екенін білдік.



Сергіту сәті

Балалар біздің денеміз қозалысқа еніп сергіту сәтін жасадық. Денеміз сергіп, бойымызға күш жинадық, жарайсыңдар.

Балалар бүгін сендер үш санын өте жақсы меңгере алдыңдар.



Нұрасыл:

Бір дегінім –бесік

Шықтым одан өсіп

Екі дегенім елім

Дала, тауым, көгім

Марлен

Екі дегенім ешкі

Таудан келер кешке

Лағы оның қанша

Ізде келмей қалса.



Нұрболат:

Үш дегенім үміт

Үміт артар жігіт

Төрт дегенім –төзім

Төзе білем өзім

Ақерке

Үйімде бар үш қалам

Үшеуінде ұштаған

Үш досымды салдым мен

Үш балыққа ұқсаған.

Кәне балалар үшке дейін санап, тақпақтар айтайықшы. Кім айтады?

Балалар біз бүгін көжекпен қонжықпен бірге күнімізді көңілді өткіздік.

Қараңдаршы балалар бізге тағы да қонақтар келді бұлар кімдер?

Көжектің анасын қалай атаймыз?

Үлкен бе кіші ме?

Қонжықтың анасын қалай атаймыз?

Үлкен бе кіші ме?

Аю мен қоян сендерге көжек пен қонжыққа көмектескендерің үшін риза болып тұр.

Балалар әуен ырғағымен қимыл қозғалыстар жасайды


Аю: Саламатсыңдар ма балалар , сендер қонжық пен көжекті жылытып, тамақ беріп сыйлағандарына рахмет.

Сендер өте мейірімді балалар екенсіңдер рахмет сендерге.

Қоян: Сау болыңдар балалар.

Балалар бүгінгі оқу қызметімізді біз кімдірге көмектестік?

Қояндар нені жақсы көреді? Сәбізді.

Қонжық ше? Балды, құлпынайды.

Бізге қонаққа кімдер келді? Апайлар. Аю мен қоян.

Балалар бүгін сендер оқу қызметіне жақсы қатыстыңдар.

Жарайсыңдар, мен сендерге ризамын.

Ал енді келген қонақтармен қоштасайық.

Сау болыңдар!

Күтілетін нәтиже:

Не білді: Көп , аз, биік, аласа ұғымын білді.

Нені игерді: Қарапайым математикалық ұғымдарды салыстыруды.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 желтоқсан
918
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі