"Көңілді мәре - 2020" эстафеталық сайыс

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Көңілді мәре - 2020" эстафеталық сайыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Денсаулықты сақтау, нығайту қажеттілігі туралы түсініктерін кеңейту. Денсаулығын нығайтуға қызығушылықтарын арттыру. Денсаулығын күтуге, бағалауға тәрбиелеу. Мектеп ұжымының және ата-аналардың спортқа деген қызығушылығын арттыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы


БҚО облысы

Орал қаласы

«Олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-

интернат - колледжі » КММ

Жайлыбаева Сымбат Тулегеновна

Тақырыбы: «Көңілді мәре -2020» эстафеталық- спорттық сайыс .

Мақсаты: «Денсаулық» ұғымының адамгершілік құндылығы ретінде мәнін ашу. Денсаулықты сақтау, нығайту қажеттілігі туралы түсініктерін кеңейту. Денсаулығын нығайтуға қызығушылықтарын арттыру. Денсаулығын күтуге, бағалауға тәрбиелеу. Мектеп ұжымының және ата-аналардың спортқа деген қызығушылығын арттыру.

Көрнекі спорттық құралдар: математика, информатика, физикадан сұрақтар, есептер, тапсырмалар,шарлар, скакалка, обруч, доп, суы бар шелектер, арқан т.б.

Өтілетін орны: Спорт зал

Бір топ құрамы: 4 команда -6 адамнан (мұғалімдер, жаттықтырушылар, ата аналар, тәрбиешілер)

Өту барысы:

1- жүргізуші: Құрметті ата-аналар , тәрбиешілер , жаттықтырушылар және ұстаздар! «Денсаулық құпияларының бірі – спорт» дегендей бүгінгі өткізгелі жатқан «Көңілді мәре-2020» эстафеталық - спорттық сайысына қош келдіңіздер!

Бүгінгі сайысқа қатысқалы отырған командаларды ортаға шақырамыз. Командалар ортаға шығады.

2- жүргізуші: Ал ендігі кезек ойыншыларымыздың өздерінің топтарын таныстыруға келді. Кезектесіп шығып өздеріңіздің топ аттарын айтыңыздар.

(Ойыншылар шығып өздерін таныстырады)

1- жүргізуші: Біздің бүгінгі сайысымызды , жетістіктерімізді бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер!


  1. Мектеп директоры: Бакманов А.М.

  2. Оқу ісінің меңгерушісі : Жұмабекова Г.А:

  3. МИФ әдістеме бірлестігінің мүшесі, ардагер ұстаз Валиева Ү.Д

  4. Тәрбие ісінің меңгерушісі: Сейтенова Ж.А:

2- жүргізуші: Бүгінгі спорттық сайысымыз 6 кезеңнен тұрады.


  1. «Обручпен» сайысы.(Математикалық есептер шығару)

  2. «Скакалкамен» сайысы. (Математикалық фигуралар құрастыру)

  3. «Шелектен су тасу» сайысы. (Информатикада ақпарат тасымалдауды көрсету)

4. «Жыландар» сайысы.(информатика пәні бойынша қиылған әріптерден сөз құрастыру)

  1. «Доппен жүгіру» сайысы.(физика пәні бойынша берілген суреттерді үш тілде аудару)

  2. «Арқан тартыс» сайысы (физикадағы Ньютонның ІІІ заңын көрсету)

1- жүргізуші: «Обручпен» сайысы.(Математикалық есептер шығару)

Топ басшылары обручты алып екі шеңбердің қиылысуын көрсете отырып, мәре сызығына дейін барып, берілген есепті шығарып, кейін обручты қолына алып жүгіріп келеді. Келесі ойыншы солай жалғастырады. Мәреге бірінші болып жеткен команда және есепті дұрыс шығарған команда жеңіске жетеді. (Әділқазылар мұқият қадағалап отырады, шығарған есептерін тексереді)

2- жүргізуші: «Скакалкамен» сайысы. (Математикалық фигуралар құрастыру)

Бұл сайыста ойыншылар скакалкамен секіріп барып, фигураны құрастырып, қайтадан жүгіріп келеді.

1- жүргізуші: «Шелектен су тасу» сайысы. (Информатикада ақпарат тасымалдауды көрсету). Бұл сайыста ойыншылар жүгіріп барып, шелекегі суды тарелкамен алып келесі шелекке тасымалдау керек. Барлық ойыншылар осы әрекетті қайталайды, соңында қай команданың шелегінде су көп сол жеңіске жетеді.

2- жүргізуші: «Жыландар» сайысы.(информатика пәні бойынша қиылған әріптерден сөз құрастыру). Бұнда командалар бірінің артына бірі жылан құсап отырып, тұрмай қаз қарқынымен тұрмай (ауқымды желі сияқты) сызыққа дейін барып, топ болып берілген әріптерден сөз құрастырып, қайтадан жылан сияқты келеді.

1- жүргізуші: «Доппен жүгіру» сайысы.(физика пәні бойынша берілген суреттерді үш тілде аудару). Бұл сайыста ойыншылар допты жерге соғып барып, берілген суретті үш тілде жазып, кейін жүгіріп келеді. Барлық топ мүшелері осыны қайталайды.

2- жүргізуші: Соңғы сайыс «Арқан тартыс» сайысы (физикадағы Ньютонның ІІІ заңын көрсету), бұл сайыста командалар арқан тартысады.

Енді сайысымыздың жеңімпазарын таныстыру үшін сөзді әділ-қазылар алқасына береміз.

1- жүргізуші:

Еліміздің болашағы дені сау азаматтардың қолында. Денсаулықтың кепілі – салауаттылық. «Көңілді мәре-2020 » эстафеталық - спорттық сайысы осымен аяқталды. Белсенділік танытып сайысқа қатысқандарыңыз үшін көп рахмет! Деніміз сау болсын, ағайын!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.12.2020
656
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі