400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 17 материал табылды

"Көңілді мәре" спорттық эстафета сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Көңілді мәре
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Көңілді мәре" спорттық эстафета

Күні: 02.06.2026
Мақсаты:
1. Ойын кезінде өзін - өзі бақылау арқылы белсенділікке, сенімділікке, қайсарлыққа, батылдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
1. Ойын кезінде әділдікке, жолдастық сезімге, ойынды жетілдіруге тәрбиелеу.
2. Балаларға денсаулықтың қадірін, бағалы байлық екенін түсіндіру және оны сақтаудың жолдарын түсіндіру.
Қажетті құралдар: доп, арқан, кедергілер, секірме жіп, тағы басқа заттар.
Барысы:
1. кіріспе сөз
2. спорттық жарыс
3. қорытынды сөз.
 Жүргізуші
   Құрметті оқушылар! Бүгінгі спорттық эстафетаға қош келіпсіздер! Сайыстың негізгі мақсаты - жас ұрпақты жаман әдеттерден аулақ, денінің сау болып, келешекте өз елінің, қоғамның салауатты, өркениетті, білімді азаматы етіп қалыптастыру. Осы мақсатта біз бүгін спорттық сайыс өткізгелі отырмыз.
 Жүргізуші
Ал, құрметті халайық,
Жарысты енді көрініздер,
Әділ қазы алқасын сайлап,
Әділ баға беріңіздер!
Жарысты бастамас бұрын ойынға әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасын сайлап, таныстырып өтейік!

___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Бағалау жүйесі – максималды ұпай 5.
 Жүргізуші
Жарысқа қатысып, бақ сынамақшы командалар алдарыңызда өнер көрсетпекші. Сол командалармен таныс болайық! Әр команда өз атауларын жіне ұрандарын айтып өтуі қажет.
1 топ –_________________________________________________________________________________
2 топ - _________________________________________________________________________________

3топ – _________________________________________________________________________________

 Ал, ендеше, сайысымыздың турларымен танысып өтейік!
Сайыс шарттары:
1. «Допты ойын»
2. «Епті бол!»
3. «Жүйріп паровоз»
4.«Сақиналармен ойын»


Монтаж

1. «Допты ойын» шартымен таныс болайық.

Шарты: бір оқушы допты теуіп отырып кедергілердің арасынан өткізеді, қайтар жолда дәл осылай ойын қайталанады.
Бір, екі, үш дайындал, алға!


 Жүргізуші: Әділқазы алқаларымыз бағалау парағына өз балдарын белгілей отырсын. Кеттік әрі қарай.

2. «Епті бол !»
  ойынының шарты: теннис шаригын қасыққа салып, кедергіні айналып қайта орына келіп келесі оқушыға беру. Командалар, алға!!!



 3. «Жүйрік паровоз» жарысының шарты:   Бірінші бала паровоз, қалған балалар вагондары болады. Бірінші паровоз бала белгіленген жерден өзі айналып келіп, екінші баланы ертіп айналып келіп, үшінші баланы ертеді, жарыс осылай жалғаса береді. Жарыс соңында қай топтың паровозы вагондарын жинап мәреге бірінші жетсе сол топ жеңеді.

Командалар, алға!!!

Әділқазы алқалары бағалау парағына ұпайларыңызды қойып отырсаңыздар!

4. «Сақиналармен ойын» шарты: Екі дөңгелек сақина беріледі. Балалар ортасына кіріп екі сакинаға кезек-кезек секіру арқылы мәреге жету керек.
Дайынбыз ба, балалар?
- Иә!!!

Жүргізуші:
Өнерге биік сеніңіз,
Думанға қызық келіңіз.
Әділ қазы ел сенген
Сайысқа баға беріңіз - дей отыра, сайысымыздың жеңімпаздарын анықтайтын да уақыт келіп жетті. Ендеше, барша турдың қорытынды бағасын есептеп шығару кезегін әділқазы мүшелеріне берейік.

Әділқазылар алқасының шешімі дайын болғанша барлығымыз «Көңілді жаттығу» биін билейік
Биді барлығымыз жақсы көреміз ғой?
- Иә!!!

ФЛЕШМОБ АЙНАГУЛЬ

Жүргізуші: Жарайсыздар, балалар! Рақмет! Орындаоымызға өте қояйық.

Жүргізуші: Сайысымызды қорытындылау үшін сөз кезегі әділқазылар алқасына ұсынылады.
Жеңімпаздарды марапаттау.
(Әділқазылардың ұпайларын тыңдау)
І орын – «»
ІІ орын –«»
ІІІ орын –«»
Жүргізуші:
Құрметті ұстазымыз!
Бір тілек айтарымыз,
Берекелі заман болсын,
Балаларымыз аман болсын!
Жиырма бірінші ғасырда,
Ашық аспан астында,
Денсаулықтарыңыз мықты болсын!
Жанұяларыңыз қуанышқа толсын!
Бүгінгі «Көңілді мәрені» осымен аяқтаймыз!
Қатысқандарыңызға көп - көп рахмет!
Жақсылықта, амандықта жүздескенше!!! Сау болыңыздар!....

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.06.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12