400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Көңілді ноталар"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі ұйымдардағы музыка жетекшілеріне қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы



Шығыс қазақстан облысы,

Зайсан қаласы, Зайсан қала әкімі аппаратының Зайсан қаласындағы «Еңлік» бөбекжай- бақшасы КМҚК

Бекшойнова Арай Еркінбекқызы

музыка жетекшісі



«Көңілді әуендер»
Технологиялық карта

Білім беру саласы: Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: Музыка

Тақырыбы: «Көңілді әуендер» (қортынды сабақ)

Мақсаты: Жыл бойғы алған білімдерін бекіту.Шығарманы зейін қойып тыңдауға, аспап дыбыстарын ажырата білуге, ырғақпен ойнай білуге дағдыландыру. Мейірімділікке, татулыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік: Оркестр, дирижер суреттері, қарлығаш, ертегі кейіпкерлері,ұлттық музыкалық аспаптар.

Сөздік жұмыс:дирижер, оркестр.

Оку қызметінің кезендері

Музыка жетекшісінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғалушылық

Балаларға марш әуеніне шеңбер бойымен жүруді ұсынады. Шеңберден шықпай, тізбектеле жүруін, тұлғаларын түзу ұстап, бастарын көтеріп жүрулерін қадағалайды.

Балалар шеңберге тұрады. Музыка жетекшісі балалармен амандасады.

-Сәлемет пе балалар?

Балалар бүгін біздің оқу қызметімізді тамашалауға қонақтар келіп отыр екен кәне амандасайық.

Шаттақ шеңберіне тұрып бір-біріне қайырлы таң тілейікші. Жыл мезгілдері сұралады.

Балалар тізбектеле шеңбер бойымен , әуен екпінімен жүреді. Бастарын көтеріп, аяқтарын нық басады. Балалар шеңбер құрып тұрады. Жетекшімен, қонақтармен амандасады.





Ұйымдас-тырушы

лық - ізденістік

Күтпеген сәт: Қонаққа қарлығаш ұшып келеді. Аузында тістеген гүлі бар.

Жетекші: Сәлеметсіңбе қарлығаш? Сен қайдан келе жатырсың екен?Ал балалар қарлығаш бізге не әкелді екен көрейікші,балалар қане конвертті ашып көрейік ішінде не бар екен? Ішінен дискі алып шығып балалардан сұрайды.

–Балалар мынау не білесіңдер ме? Онда не болуы мүмкін? Қане қосып корейікші.

Дискіден Алтын сақа ертегісінен үзінді қосылады?

-Балалар бұл қай ертегі ?Дұрыс айтасыңдар алтын сақа ертегісі екен? Балаға көмек керек сияқты. Барып көмектессек қалай болады?

-Олай болса балалар көзімізді жұмып ертегілер еліне аттанайық. (релаксация) Баяу әуенмен бірге сылдырлай аққан судың,құстардың дыбыстарын тыңдатау.

Балалар көзімізді ақырындап ашайық біз ертегілер еліне келіп жеттік.

Сахына ашылып артында «алтын сақа» ертегісі безендірілген.Биік Бәйтеректің басында бала отыр, ал мыстан кемпір тісімен Бәйтеректің түбін қазып жатады.

Мыстан кемпір: айттым ғой саған,саған ешкімде көмектеспейді, сенің көмек сұраған Қарлығашың қайда? Жоқ Хи-хи-хи- деп күледі.

Жетекші:-Балалар баланы қалай құтқарамыз, мүмкін мыстан әжейге жылы –жылы сөздер айтсақ мейірленетін шығар?!

Мыстан әжей сәлеметсізбе?

Мыстан: Аа- кім әжей мен бе? кім ол мені әже деген? –деп киімдерін жөндей бастайды.

Жетекші кәне балалар тағы жылы сөздер айтайық.

Мыстан кемпір аздап мейірленіп күледі.

Жетекші Балалар мүмкін әже туралы ән айтсақ әжеміз мейірімді болатын шығар кәне ән айтайық.

Ән: «Әже»

Мыстан: Әй сендер әнді жақсы айтады екенсіңдер.Бірақ бәрібір мен мына баланы жібермеймін. Бірақ әндерің тамаша екен.Жарайды менің сендерге тапсырмаларым бар.Ол тапсырмаларым Тауда, өзенде және ағаштарда жасырынған егер сендер сол тапсырмаларымды тауып орындасаңдар мен мына баланы жіберемін.

Бала: достар сендер тапсырмаларды орындап маған көмектесесіңдер ғой ия.

Жетекші: балалар көмектесемізбе? Олай болса тапсырмаларды тауып алайық.

Бір бала тауда жасырынып тұрған тапсырманы алып келеді.

  1. Тапсырма

Домбырада күй орындалады.

Балалар не тыңдадық? Күй екенін қайдан білеміз? Өйткені оның сөзі жоқ,дұрыс айтасыңдар балалар?

Құрманғазы, Динаның суреттері көрсетіледі. Бұлар кімдер? Келесі аспаптардың үндері тыңдалады. Балалар аспаптардың дауысын ажыратып, қандай аспап түріне жататынын айтулары керек.

келесі Оркестрдің суреті көрсетіледі. Балалар барлық аспаптарды қосып біріктіріп ойнағанды қалай атайды? Оркестр. Ал оркестрді басқаратын адамды қалай атайды? Дирижер.

Жақсы балалар біз бірінші тапсырманы орындадық. Жарайсыңдар.

  1. Тапсырма көлде жасырынған балалар тауып әкеледі.

Балалар екінші тапсырмада мына әуендердің сипатын ажырат депті. Кәне тыңдап көрейік. Полька, марш, вальс. Балалар тауып билеп көрсетеді.Өте жақсы балалар.Біз көлге жасырынған тапсырманы да орындадық.

Ой мына жерді қазамын деп қолым ауырып кетті ғой.

Муз.жетекші:Әжей бізде сиқырлы доптар бар ол алақаныңыздың ауырғанын тез жазады.

Суджок терапеясы «Добым» әні.Балалар добым әнін айта отырып,қолдарына кішентай доптармен массаж жасайды.

Мыстан: Ой доптарың шынымен сиқырлы екен, алақаным жазылып қалды. Бірақ сендер менің келесі тапсырмамды орындай алмайсыңдар ол өте қиын.

Жетекші: Жоқ мыстан әже біздің балалар өте ақылды , олар балабақшаны бітіріп, енді мектепке барады.

Мыстан :АА мектепке барады дейді?сендер өзі түстерді ажырата аласыңдар ма? Санай аласыңдар ма?

Қане үшінші тапсырманы көрейік.

Балалар ағаштан тапсырманы тауып әкеледі.

Қорапта жұмыртқа, түрлі түсті тауықтардың суреттері және қысқыштар бар.

Балалар мынау не жұмыртқа,ол қандай екен алтын. Бұл қай ертегі еді?

Ия шұбар тауық ертегісі. Қараңдаршы мына тауықтардың несі жоқ екен? Түстеріне қарай тауықтардың құйрықтарын қысқыштарман қысу.

Және экраннан тауықтар мен балапандардың суреттері көрсетіледі. Балалар аспапта тауықтың суретін бір рет баяу, ал балапанның суреттерін тез- тез басып аспаптарда ойнайды.міне біз озіміздің ансамблімізді құрдық. Керемет ойнадыңдар!

Балалар жарайсыңдар!

Мыстан:Балалар сендер шынымен ақылды екенсіңдер, сендер жеңдіңдер.

Мен енді мына баланы жіберейін, сендерге уәде бердім ғой.

Бала: рахмет сендерге балалар, сендер мені құтқардыңдар, сендер шынымен ақылды, білімді екенсіңдер. Жарайды мені әкем күтіп қалған шығар.Менің сақам алтын болғандықтан ол сенднрді лезде балабақшаларыңа жеткізеді. Сау болыңдар! Сабақты жақсы оқыңдар.

Жетекші: кәне балалар көзімізді жұмып балабақшамызға қайтайық.








Диск Балалардың ойы,Ішінде кино, мультфильм, ән.


Алтын сақа.

Көмектесейік

Балалар көздерін жұмып отырады.














Сіз мейірімдісіз, сіз ақылдысыз, сіз әдемісіз.














Ия








Күй, өйткені сөзі жоқ.

Құрманғазы , Дина


Аспаптар төрт топқа бөлінеді.шертпелі, ұрмалы,үрлемелі, ыспалы.

оркестр, дирижер .







Полька, вальс, марш


Балалар билеп көрсетеді.

Доппен қолдарына массаж жасайды.
















Жұмыртқа

Шұбар тауық.


құйрығы.

Балалар тауықтардың құйрықтарын түрлі түсті қысқыштармен қысады.



Рефлексия лық-түзетушілік

Балалар бүгін бізге кім келді? Ол бізге не әкелді?

Ол дискиде не бар екен?Біз қайда бардық? Онда қандай ертегіге тап болдық?

Мыстан кемпірдің тапсырмалары қайда жасырыулы тұр екен?

Сонымен күй атасы кім? Күй анасы кім? Аспаптардың топтастырып ойналуын қалай атайды? Оркестрді кім басқарады ?

Балалар жарайсыңдар сендер шынымен өте ақылды, талантты, өнерлі екендіктеріңді көрсеттіңдер. Енді менің сендерге марапаттар ұсынғым келеді.

Балаларға мадақтау қағаздарын тапсыру.

Ал балалар сау болыңдар.

Балалар шамалары келгенше жауап береді.





Балалар қоштасып топтарына қайтады.











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 желтоқсан
783
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі