жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Көңілді ноталар" Балабақшаға арналған сценарий
Саналы ұрпақ – жарқын болашақ!
1 Жүргізуші: Құрметті ата-аналар мен ұжымдастар. Қымбатты балалар. Бүгінгі күн бәрімізге өте ерекше күн, алғашқы қоңырау соғылып, білімнің жаңа оқу жылы басталды. Алғашқы білім күні құтты болсын!
2 Жүргізуші: Балалар жадыраған жаз да аяқталып, жомарт күз келді. Бүгін күздің алғашқы күні 1-Қыркүйек. Жаз бойы демалған оқушылар үлкен сағынышпен мектептеріне оралып жатса, сендер де өз жастарына лайықты білім алып, тәрбие алып жүрсіңдер. Білімге талпынған балапандар қанаттарың қатая берсің!
«Әнұран» орындалады.
1 Жүргізуші: Бүгінгі білім күні мерекесімен құттықтау сөзді 147-балабақшасының меңгерушісі: Бейсебекова Г.Ж беріледі.
Музыка әуенімен Әли бүркіт батбырауық ұшырып шығады.
Айя: Сенің қолындағы не? Бұл қандай ойыншық?
Әли: Бұл қырын құс, біз осы Қазақстанның еркін ұландары емеспіз бе? Осы қыраным сияқты мен де болашақта биікке самғағым келеді. Сол үшін де қыран құсымды қалықтатып ұшырып жүрмін.
Айя: Ал, сенің қыран құсынды кім баптайды?
Әли: Атам.
Айя: Білесің бе, ал менің әжем маған қазақтың әдемі әндерін үйретеді. (ойланып тұрады...) Мен саған достарыммен бір ән айтып берейін бе?
Ән: Қазақтың халық әндерінен поппури.
1.Мен Алдармын, Алдармын, сақалымды талдармын
Сақал түгел мұрт та жоқ, шайтанды да алдармын
Сусыз жерде өсемін, сондықтан да Көсемін
А-а-а, е-е-е, а-а-а, е-е-е
2. Ақ сиса, қызыл сиса, сиса-сиса
Қалмайды кімдер жаяу зорлық қылса
Шорманның Мұстафасы атымды алып
Атандым сол себептен Жаяу Мұса
3. Ахау, Гүлдерайым
Күн мен Айым
Ұшарға қанатым жоқ
Не қылайын?
4. Арғы жағы Еділдің, бергі жағы
Жағасында жайқалған жапырағы
Үкілім-ай, жеңеше-ай
Сағындым сәулем, бір сені ойлап-ай
5. Басында Қамажайдың бір тал үкі
Айрылып Қамажайдан болдым күлкі, болдым күлкі
Айрылып Қамажайдан отырғанда
Келеді қай жерімнен ойын-күлкі, ойын-күлкі
Ахау хайлилайым, лилилайым,
Қамажай қалдың кейін сәулетайым, сәулетайым
6. Жазда апамның аулына
Барып едім қыдырып
Бір қошақан алдымнан
Шыкты ойнап жүгіріп
Ақ маңдайлы ай мекен
Шекер ме екен бал ма екен
Кеттім оны сағынып
Қошақаным қайда екен
Әли: Әндерін қандай тамаша. Аия сен алманы неге қолыңа алып шыққансың?
Аия:Бұл әсем Алматының апорты. Мен сіздерге дос қыздарыммен бірге арнайы би алып келдім.
Би: «Алматының алмасы» (Ересек топ қыздарының биі)
Әли: Билерің қандай тамаша. Сендерге қарап, мен де би-билегім келді. Ендеше ортаға достарымды шақырайын, Ал, жігіттер ортаға шығайық.
Би: «Жаса Қазақстан» (мдт ұлдарының биі)
Тақпақ: (Ортаңғы топ бүлдіршінді)
Бағым: Отанның біз ұл-қызы,
Халықтың біз жұлдызы.
Оқимыз ақын-жырларын,
Оқимыз еңбек сырларын.
Нұрасыл: Қоңырау үні сыңғырлап,
Естілді жылы жаныма.
Күлкідей әсем сылдырлап ,
Бөбекті жиды маңына.
Нарұл: Балабақша есігін,
Үшке тола ашқанбыз.
Балапандай мәпелеп,
Өсірді бізді бақшамыз.
Ән: «Бала бақша» ( Іңкәрдің жеке орындауында)
(әні мен сөзі Бота Бейсеновнікі)
1.Біз бақытты баламыз,
Тату тәтті арамыз.
Таңмен бірге оянып,
Бақшамызға барамыз.
қ-сы
Бала бақша, бала бақша,
Тәрбиенің бұлағы.
Бала бақша, бала бақша,
Мейірімнің шуағы.
2.Бақшамызда ойнаймыз,
Қызығына тоймаймыз.
Жақсы бала аттанып,
Ізгілікке бойлаймыз.
Әли: Қазақ халқының өзіндік келбеті бар емес пе? Біз жас ұрпақ ұлттық мұрамызды, ұрпақтан ұрпаққа паш етуіміз керек.
Сән үлгісі:
-
Бүркіт - Қазақ халқының ежелден қастерлеп киелі деп санаған құсының бірі. Халқымыздың өткен тарихы мен күнделікті тұрмыс тіршілігі тікелей бүркіт құсымен тығыз байланысты болған.
-
Киіз үй - Ұлттық ұғымда киіз үй және оның әр бір құрамдас бөлшегі қасиетті деп саналады. Соған орай ата-бабаларымыз әрбір затқа лайық ұлықтау, теңеу, бейнелеу сияқты тәрбиелік мәні бар қанатты сөздер де шығарған.
-
Текемет – Сәндік-қоланбалы өнер туындысы, бетіне түрлі түсті ою-өрнек басылған киіз үй жиһазы.
-
Сандық – Киіз үйдің ағаш жиһаздарының бірі. Қазақ шеберлері сандықты қайың, қара тал ағаштарының сүрегінен жасаған.
-
Ұршық – Жүннен шүйкелеп жіп иіруге арналған жеңіл аспап, жіп иіретін құрал.
-
Домбыра – Қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Ол қазақтар өміріндегі маңызды орын алатын, өзіндік музыкалық сипаты бар аспап. Ежелде қазақтың тарихын баяндаған музыкалық аспаптардың бірі.
(соңында: Пазылмен «Рухани құс» суретің құрау.)
Әли: Аия, міне менің қыран құсым көк аспанда еркін самғап жүр.
Аия: Ия,
Әли: «Еркіндік пен Елдік» біздің болашақ ұранымыз болсын!!!
Хор: «Отаным» Ортаңғы топ бүлдіршіндерінен
1.Отаным туған анамсың,
Сүйерім сенсің өмірде.
Алдыңда тұр ғой талай сын,
Борышым көп қой меніңде.
2.Көркейді ышаң белімді,
Төгемін маңдай терімді.
Жай қалған байтақ даламды,
Гүлге орап түған жерімді
3.Еселеп еңбек етемін,
Жеңіске талай жетемін.
Өсірдің Отан аялап,
Келеді соны өтегім.
Би: «Көкпар» (Ересек топ бүлдіршіндері)
Жүргізуші: Осымен 1 – Қыркүйек білім күніне арналған мерекелік шарамыз өзі мәресіне жетті. Салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз. Білім күні құтты болсын! Еліміз аман, еліміздің беделі асқақ болсын!
Хор: (Педагогтар мен қатысқан бүлдіршіндер қолодарына шар алып шығып, ән соңында аспанға ұшырады.)
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген