400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Көңілді өмір

Материал туралы қысқаша түсінік
барлық адамдарға жақсы көңіл күй сыйлап, ұзақ өмір сүруге көмектесу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өмір сүрудің ең жақсы жолы


Шағын ғана бір ауылда орта жастағы бір кісі дүкен ашып сауда жасамақ болады. Сөйтіп алға қойған жоспарын бастап та жібереді. Ол ақкөңіл, жайдарлы болғандықтан, ауыл адамдарының бәрі оны жақсы көретін. Оның дүкеніне барып сауда жасайтын. Ауылдың тұрғындары тамыр-таныстарын да сол адамнан сауда жасауға кеңес беретін. Шаруасын кішігірім дүкеннен бастаған адам, бір жылдың ішінде Американың түкпір-түкпірінен сондай шағын дүкендер ашып тастайды. Бір күні ауыр науқастанып, бұл дүниеден өтерін сезген адам, артында қалған үш ұлын қасына шақырып:


- Үшеуіңнің біреуі барлық дүкендерімнің иесі болады. Мирасымды соған қалдырамын. Менің арттағы дүние-мүлкіме қайсысың лайықты екенін білу үшін үшеуіңе де бір-бір доллардан беремін. Осы долларға бір нәрселер алыңдар. Кешкісін келгенде алған нәрселерің менің осы бөлмемді толығымен толтыруы керек. Шартым осы.


Ұлдары үлкен компанияны басқару мүмкіндігінен айырылып қалуды ойлап, не істерлерін білмей қатты абыржиды. Қалаға барып үшеуі де долларларын жаратты. Кешкісін әкелерінің қасына қайта келген кезде, үлкен баласы:


- Досымның шаруашылығына барып екі қап сабан сатып алдым, - деді де, қаптарды ашып сабанды әр тарапқа шаша бастады. Алайда көп ұзамай сабандар еденге түсіп, бөлмені толтыра алмады.


Екінші баласы:


- Дүкенге барып екі жастық алдым, - деді де, жастықтарды сөгіп, ішіндегі жүнді бөлменің ішіне шашып тастады. Бірақ жүн де көп ұзамай жерге түсіп, бөлмені толтыра алмады.


Үшінші ұлы:


- Долларды ұсақтап, 50 центін мешітке бердім, 20 центін қайырымдылық қорға бердім, 20 центін да садақа ретінде тараттым. Қалған 10 центке екі нәрсе алдым, - деді де, қалтасынан сіріңке мен шырақты шығарды. Бөлменің жарығын сөндіріп, шырақты жақты. Сабан мен жүнге толмаған бөлме аз уақыттың ішінде шырақтың нұрына бөленді.


Әке баласына риза болып:


- Мирасымды саған қалдырамын. Өйткені өмір сүрудің ең жақсысы - айналаңа жарық тарату!-деді...

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13 наурыз
432
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі