15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Көңілді паровоз
Сабақтың тақырыбы: Көңілді паровоз |
|||
Сынып: 1 «Д» |
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
||
Осы сабақты меңгеруге қол жеткізетін оқыту мақсаттары |
1.1.1.2 Таныс дыбыстар мен музыканы тыңдау барысында анықтау және сипаттау 1.1.2.1Әндерді музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен орындау 1.1.3.1 Жоғары, орта,төменгі регистр, темп, динамика (f.p), қысқа, ұзақ дыбыстар, соль және ми ноталарының биіктігін естіп анықтау. |
||
Оқу нәтижелері |
Барлық оқушылар: Өз репертуарын кеңейтуді жалғастырады. Тілді барынша нақты пайдалануға дағдыланады. Саяхат туралы танымын ашады. Білім мен тәжірибе дағдысын дамытады |
||
Оқушылардың көпшілігі: Паровоз туралы түсінік алып, бейнефильмге музыкалық сүйемелдеу жасауға үйренеді. Өз ойын еркін жеткізуге дағдыланады. Бір-бірінің іс-әрекетін бағалайды. Көріністер мен қимыл-қозғалыстарды байланыстырады. |
|||
Кейбір оқушылар: Тиісті жағдайда басқаларды қадағалайды. Дыбыстар мен символдарды байланыстырады. Топпен қосылып ән айтуға талпынады |
|||
Тілдік мақсат |
Оқушылар: (істей) алады Өз жұмыстарына түсініктеме беру және жақсарту үшін өзгерістер енгізе алады. |
||
Пән лексикасы мен терминологиясы: Мен бұл дыбысты мынадай ....тәсілмен өзгертер едім Мен барлығы жақсы өтті деп ойлаймын, өйткені....... Мұны мынадай .....жолмен жақсартуға болады. Мен көріністі....жолымен жақсартар едім. |
|||
Диалог/жазу үшін қажетті сөз тіркестері: Талқылауға арналған сұрақтар: -Пойыздың үні нені есіңе түсірді? -Бұл дыбыстар қандай аспаппен шығаруға болады? -Әннің қандай бөліктері жақсы шықты? -Қандай бөліктерін жақсартуға болады? -Неліктен ....екенін айта аласың ба? -...бөліктері жақсырақ шықты деп есептейсің? -Бұл бөліктерді қалай жақсартуға болады деп ойлайсың? |
|||
Алдыңғы сабақтарда алған білім
|
Дыбыс шығаруды, суреттеуді, ондағы көңіл күйді дыбыс арқылы көрсетуді, балаларға арналған музыкалық құралдар арқылы қысқаша музыкалық ертегі құруды үйренді. Динамикалық белгілер символдарын анықтап үйренді. |
||
Сабақтың барысы |
|||
Сабақ кезеңдері |
Сабақта жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар
|
|
Сабақтың басталуы
0-5 мин |
(МК.Т) Тұяқты ырғақпен ұра отырып оқушылармен үш тілде сәлемдесу. Сәлеметсиздер ме, балалар. –Здравствуйте, дети. Hello, children. Оқушыларды топқа бөлу. Тапсырма №1 «Тұлпарым» Б.Бейсенова әнді қайталау. Әнді мазмұнына сай қимыл-қозғалыс пен сезімталдықпен орындату. |
Аудио Жазба «Тұлпа-рым» |
|
Сабақтың ортасы
5-15 мин
15-20 мин
21-35мин
|
(Ұ,Қ) Дыбыссыз кез келген көлік туралы қысқа бейнефильм көрсету. Тапсырма №2. Бернеше рет көрген соң, бәрі бірге өз дауысы мен музыкалық, шулы аспаптарды пайдаланып бейнефильмге музыкалық сүйемелдеу жасату. Бейнефильмге жазба жазып, жазбаны талқылау және оны жетілдіру үшін түсініктеме беру. Ой қозғау: -Бейнетаспа саған ұнады ма? Не туралы білдің? Музыка қалай естілді? Сұрақтар арқылы диалог ұйымдастыру (МК, Ұ, Қ) Сергіту сәті: Қимылды ойын: «Пойыз» Кәне, кімнің бойы ұзын Паровозы ол пойыздың. Қатар-қатар тұрайық, Пойызды біз құрайық. Пш-пш, пш,пш, баста алға, Қарап қалма аспанға. Гу,гу, гу,гу гуілде, Қалып қойма бірің де. Кәне , балалар, тоқтайық, Пш, пш, пш, пш.
(Ұ)Музыка тыңдау: «Көгілдір вагон» В.Шаинский -Ән кіріспесінен қандай дыбыстарды естідіңдер? Тұяқ аспабын көрсету, оның дыбысталуы туралы әңгімелеу (МК) Музыкалық сауаттылық: Ән шумақтан және қайырмадан тұрады. Шумақ 2 немесе одан көп болады. Ал қайырманың әр шумақтан кейін қайталанып отыратынын түсіндіру (Ұ) Көптілділік: шумақ- куплет-verse; қайырма-припев- refrain – таза айтқызып үйрету. Соль, ми ноталарымен қол белгілерін көрсету арқылы айту. Тапсырма №3 (Ұ) Ән үйрету: «Саяхатта» К.Қуатбаев Әнді жаттықтыру және айтқызу барысында ережені пысықтау және дәлелдеу. -Ән әуені мен музыкалық бейне үйлесімді болды ма? |
Аудио – жазба «Ғажайып- станға сая- хат»
Түрлі-түсті суреттер
Аудиожаз-ба «Голубой вагон» В.Шаин-ский
«Саяхатта» К.Қуатбаев
|
|
Сабақтың соңы
35-40 мин |
(Ө,Ж,Қ) –Тапсырма №4. Сабақты қорытындылау үшін жеңіл, ырғақты сөздерді (фразаларды) таңдап алу, қол шапалақтау және оқушылар осыған сәйкес ырғақ жазылған карталарды табады. Пойыз ырғағын қол шапалақтаумен көрсетіп, оқушылардың қызығушылығын, белсенділігін арттыру. Оқушылардың шығармашылығын, белсенділігін бағалау. |
Аудио Жазба Ырғақ жазылған карталар |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген