Материалдар / Көңілді пішіндер
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Көңілді пішіндер

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: «Көңілді пішіндер!» Мақсаты: Балаларға пішіндер, және олардың түстері туралы түсініктерін бекіту. Міндеті: 1.Білімділік: Дидактикалық ойындар арқылы геометриялық пішіндерді бір-бірінен ажырату, ой-қиялын, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру, қолдың ұсақ моторикасын дамыту. 2.Дамытушылық: Өздігімен жұмыс істеуге машықтандыру, байқампаздығын дамыту. 3.Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, ұжыммен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Ақпан 2023
1294
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі.


Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: Математика негіздері

Тақырыбы: «Көңілді пішіндер!»
Мақсаты: Балаларға пішіндер, және олардың түстері туралы түсініктерін бекіту.
Міндеті:
1.Білімділік: Дидактикалық ойындар арқылы геометриялық пішіндерді бір-бірінен ажырату, ой-қиялын, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру, қолдың ұсақ моторикасын дамыту.
2.Дамытушылық: Өздігімен жұмыс істеуге машықтандыру, байқампаздығын дамыту.
3.Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, ұжыммен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: түрлі –түсті пішіндер, плакаттар, магнитті таратпа материялдар,
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, ойын, құрастыру.
Сабақ барысы:

Балаларды щеңберге жинап, амандасу рәсімін шаттық шеңберін жасату арқылы қызығушылықтарын ояту.

Амандасу:

-Сәлематсыздарма!

Шаттық шеңбері:

-Күлім қағып қолымды

1,2,3 деп соғамын.

Қарап тұрған көршіме

Мен қолымды бұлғаймын

Жылы-жылы сөзімен

Маңдайынан сипайын

Жылы-жылы сезіммен

Жүрегімді сыйлайын.!

-Өте, жақсы ,балалар,

Бәріміздің көңіліміз көтеріліп қалған сияқты, солайма? Ендеше жайғасып отыра қояйық.

-Ал балалар, сендердің бүгінгі күндеріңе сәттілік тілеймін.


-Балалар, бір жылда неше мезгілі бар?

-Дұрыс-ақ, қазір жылдың қай мезгілі?

өктем мезгілінде неше айы бар? Оларды ата?

Бір аптада неше күн бар?

-Жарайсыңдар, балалар, сұраққа дұрыс жауап бердіңдер!


Тәрбиеші: алалар бүгін біздің оқу қызметіміздің тақырыбы «Көңілді пішіндер»
Балалар,  тақтаға назар аударайық,
-Мынау тік төртбұрыш- себебі оның төрт бұрышы бар екен, және қарама қарсы қабырғалары тең болады екен, ал түсі сары.
Келесі шаршы –шаршының да төрт бұрышы бар, бірақ оның қабырғалары тең , бірдей болады, түсі күлгін.
Ал мынау үшбұрыш деп аталады- себебі оның аты айтып тұрғандай үшбұрышы бар, түсі көк.
Келесі дөңгелек- дөңгелектің бұрышы болмайды, түсі жасыл.
Ғажайып сәт: (Жалқаубек музыкасы ойналады) балалар кім келе жатқанын анықтауға тырысады.Есіктен жүгіріп, алынып-шалынып Жалқаубек кіріп келеді.

Балалар бұл кім екен? –Жалқаубек дұрыс айтасыңдар.
Сәлем достар! Сәлеметсіздерме
Тәрбиеші: Сәлеметсізбе! Келіңіз, төрлетіңіз
Жалқаубек : Мен «Бүлдіршін» тобының

балалары өте ақылды , тапқыр деп естіп келдім.

Балақайлар маған көмектесіңдерме?

Балалар, мен әжемнің қол орамалын байқаусызда көп жерін жыртып алдым, енді не істерімді білмеймін.
Тәрбиеші: Жалқаубек қазір сен аптығыңды басып, балалармен бірге пішіндер туралы үйреніп ал, себебі балалар сол пішіндер арқылы сізге көмектесе алады.
Жалқаубек : мен пішіндер әлеміне келдім бе? Балалар мен сендермен бірге көп нәрсе үйреніп алатын болдым ғой.
Тәрбиеші: Жалқаубек бізбен бірге ойнап, бір серігіп ал.
Жалқаубек :- Әрине ойнаймын.

1.Дидактикалық ойын: «Қандай пішін жетіспейді?» Ойын шарты: берілген пішіндерді мұқият қарап алған соң балалар көздерін жұмып, тәрбиеші бір пішінді жасырады. Сәлден соң балалар көздерін ашып қай пішін жетіспейтінін анықтауы қажет.

2.Тапсырма«Пішіндерді сәйкестендір» Топпен жұмыс.

Тәрбиеші: қане Жалқаубек сен де осы тапсырмада балаларға көмектесіп, өзіңді сынап көр.

3.тапсырма Балалар, өздеріне ұнаған пішіндерді қағаз бетіне желім арқылы жағып ,ұстіне манка ұнтағын себіп , әр түрлі пішіндердің пішінің шығарады және қандай пішін екенін айтады.


Тәрбиеші шаршадыңдарма балалар, шаршасаңдар бір серігіп алайық
Сергіту сәті:
Бала, бала балақан

Қане қайсы алақан,

Саусақтарын әйбат

Былай -былай ойнат



Жалқаубек : Балалар сендермен бірге көңілім көтеріліп қалды. Бірақ менің әжемнің орамалы әлі жыртық, маған бір ой келді, соны сендер қажетті пішіндермен жамап бере аласыңдар ма?
-Балалар әрине сізге көмектесеміз.
4 Дидактикалық ойын: «Орамалды жамау» Ойын шарты: қол орамалдың жыртығына сай пішіндерді орналастырып жамайды, бүтіндейді.
Балалар Жалқаубектің қол орамалын бүтіндеп береді.
Жалқаубек : көп рахмет сендерге балалар, мен енді қол орамалды әжеме алып барайын, сендермен бірге пішіндер туралы көп білім алдым, сау болыңдар балалар.
Балалар: сау болыңыз Жалқаубек
Қорытынды: Балалар біз бүгін қандай пішіндермен таныстық, атап беріңдерші? Балалар бүгін бізге қонаққа кім келді? Ал балалар осы пішіндерді біз ауада салайықшы, балалар. Тәрбиешімен бірге ауаға пішіндер сызады. Балалар бүгінгі оқу қызметі сендерге ұнады ма? Егер ұнаса бас бармақтарыңды жоғары көтеріңдер, ал ұнамаса төмен қаратыңдар. Балаларды мақтау, мадақтау. Белсенділік танытқаны үшін балаларға смайлктер сыйлау.
















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!