400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Көңілді пішіндер" Уалиева Айжан Кумаровна

Материал туралы қысқаша түсінік
: 1.Пішіндермен таныстыру. Түстер туралы түсінік беру. 2.Ойлау, есте сақтау қабілеттерін, қол-саусақ қимылдарын дамыту. 3. Икемділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Көңілді пішіндер»

Мақсаты: 1.Пішіндермен таныстыру. Түстер туралы түсінік беру.

2.Ойлау, есте сақтау қабілеттерін, қол-саусақ қимылдарын дамыту.

3. Икемділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар: Пішіндер, доп, пішіндердің суреті, фетрдан жасалған пішіндер, АКТ құралдары, түрлі-түсті қарындаш және пішіннің боялмаған суреті.

Әдіс- тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Барысы: І.Кіріспе бөлім.

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Шаттық шеңбері: (Әуен ырғағымен іс-қимылды қайталату)

  • Сәлеметсің бе?

  • Бүгінгі көңіл-күйін қалай?

  • Қазір жылдың қай мезгілі?

  • Бүгін мен сені көргеніме қуаныштымын!

2.Негізгі бөлім.

-Бүгін сен екеуміз көңілді пішіндермен танысамыз. Қарашы, мынау бізде үшбұрыш. Мұның үш бұрышы бар, қане екеуіміз бірге санайықшы 1... 2... 3... .

-Ал мынау төртбұрыш, мұның бұрышы төртеу екен, санайықшы.

-Ал бұл бізде дөңгелек. Қарашы дөңгелектің бұрыштары бармекен?

-Дұрыс айтасың, бұрышы жоқ екен.

-Дөңгелектің пішіні неге ұқсайды?

-Менің қолымда не тұр?

-Оны жерге жіберсең дөңгелеп кетеді, себебі оның бұрышы жоқ.

-Қане екеуіміз доп ойнаймыз ба?(допты қолан қолға беру арқылы ойын түрін өткізу)

- Енді пішіндерді түстерімен бірге атайықшы. (Әр пішінді көрсете отырып, оның түстерімен қоса ататқызу)

-Жарайсың!

-Енді пішіндерді ауада салып көрейікші. (Саусақ қимылдарымен ауада сурет салғызу және қайталатқызып, есте сақтату)

-Сенің қолыңнан келеді!

- Енді мен саған боялмаған пішіндердің суретін беремін, сен соның ішін бояп шық, жарай ма?(Түрлі түсті қарындаштарды ұсынып, нұсқау көрсетіп, көмектесу арқылы суреттерді бояп шығу)

-Өте тамаша!

-Сенің қолдарын талып, ауырып кеткен шығар, солай ма?

-Олай болса сергіту сәтін жасайық.

Сергіту сәті: Атам менің күйші,

Апам болса биші,

Анам менің тігінші,

Әкем болса ұста

Үй салады құрылыста.

Дидактикалық ойын:

-Енді екеуіміз ойын ойнайық, ойынымыздың аты «Пішіндердің орнын тап». (Фетрдан жасалған пішіндерді нұсқау беріп, көмектесу арқылы орналастыру).

-Жарайсың, тапсырмамды өте жақсы орындап шықтың. Енді екеуіміз бір билеп алайық!

«Көңілді күн» әнін қосу.(Әуен қосып, ырғағымен билеу)

ІІІ. Қорытынды:

-Бүгін біз не туралы өттік?

-Қандай пішіндермен таныстың?

-Қандай түстерді қайталадың?

-Бүгінгі сабақ саған ұнады ма?

-Сен бүгінгі сабаққа өте жақсы қатыстың, рахмет!







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
14.02.2022
826
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі