жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Көңілді қыс
Тақырыбы: «Көңілді қыс»
Мақсаты:Жылы киініп, шанамен сырғанап,аққала жасайтын көңілді қыс мезгілінің ерекшеліктерін түсіндіру.
Тақырыпқа сәйкес жұмбақ шешкізіп, балалардын зейінін дамыту.
Достыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Қыс мезгілінің бірнеше суреті,үлестірмелі заттар.
Әдіс-тәсілдері: Көрсету,түсіндіру, сұрақ жауап, әңгімелесу.
Билингвальды компонент: Қыс-зима
Оқу қызмет кезендері
|
Тәрбиешінің қызметі |
Балалардың қызметі |
Мотивациялық қозғаушылық
Ұйымдастырушылық қозғаушылық
Жетекші жөндеуші
|
Шаттық шеңбері.
Мейірімді жүрекпен Ақ пейілді тілекпен. Амандасып алайық, Келіп қалған қонақтарға, Иіліп, сәлем салайық.
-Балалар, мен сендерге мен сендерге жұмбақ жасырамын,сендер шешуін тауып көріңдер жарайма?
Жұмбақ. Қыста ғана болады, Ұстасаң қолың тоңады. Ол не? -Ой жарайсыңдар, балалар. -Балалар,кәзір жылдың қыс мезгілі. -Қыс мезгілінде адамдар жаурамас үшін жылы киінеді,басымызға қалпақ үстімізге тон қолымызға қолғап киеміз. Суретпен жұмыс. -Балалар,мына суретте жыл мезгілдері бейнеленген, осы бейнеленген суреттен қыс мезгілін тауып беріңдерші. -Ой жарайсыңдар. -Жылдың төрт мезгілі болады.Қыс, көктем, жаз, күз. Жылдың барлық мезгілдері өте тамаша,барлық жыл мезгілінде ойнайтың қызықты ойындары болады. Мысалы: қыста күн суық болсада , таза ауада адамдар дем алып, балалар ойнайалады. -сендер қандай ойын түрлерін білесіңдер? -Дұрыс айтасыңдар. -Қыс мезгілінде ойнайтын ойын түрлері өте көп, қар атыспақ,аққала жасау, шана тебу т.б. -Балалар, қыс мезгілі мерекелерге толы, мен сендерге бір жұмбақ жасырайын шешуін тауып көріңдер. Жұмбақ. Жылына бір рет келеді, Сыйлық әкеп береді. Ол кім? Жарайсыңдар, балалар. -Жаңа жыл мерекесі өзінің әсем шыршасымен есімізде. Олай болса «Көңілді шырша ойынын ойнап алайық» Сергіту сәт. Далада қар борайды, Ақ мамыққа орайды. Мұз болады қатады, Жып жылтыр боп жатады. Ғажайып сәт: Әуен ойнайды. Секендеп қоян топқа асыға кіреді. -Саламатсыңдар ма балалар? -Балалар, сендердің көңілді дауыстарыңды естіп келдім. Мен сендерге құр келмей ойын ала келдім. «Қар жинау» ойыны Шарты:Екі топқа бөлініп, мақтадан жасалған қарды себетке салу. -Балалар, мен сендермен қызыға ойын ойнадым,сендерге рахмет. Сау болыңдар балалар.
Қоян қоштасып шығып кетеді.
Қыста қандай ойын түрлері болады екен?
-Балалар, бүгін бізге қонаққа кім келді? -Қоянмен қандай ойын ойнадыңдар? Жарайсыңдар, балалар.
|
Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-біріне алақан арқылы жүрек жылуын сыйлайды .
Жұмбақты шешуге тырысады
-Қар,қар
-Ия, келісеміз Балалар жыл мезгілдерінің ішінен қыс мезгілінің суретін көрсетеді
-Шанамен ойнау, аққала жасау.
Сергіту сәтін қимыл іс-әрекет арқылы жасайды.
-Аяз ата
-Балалар іс-қимыл арқылы жасайды
-Саламатсыз ба қоян
Балалар қызыға ойнайды
-Қар атыспақ, шана тебу,аққала жасау
-Қоян келді
-Қар жинау |
Күтілетін нәтиже:
Қыс мезгілінің, жылдың басқа мезгілдерінен ерекшелңгін біледі;
Жұмбақ шешіп, тақпақ айтуды, суретке қарап, 2-3 сөйлемНені біл құрай білу дағдыларын игереді;
Қыс мезгілінің ерекшеліктерін және қысқы ойын түрлерін туралы білімді меңгереді.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген