15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Көңілді қыс және торғай"
Бөлімі:
Көркем әдебиет
Тақырыбы:Көңілді
қыс
Мақсаты:
Білімділік: Жыл мезгілі қыс туралы түсініктерін кеңейту, өзіне тән ерекшеліктерін ажырата білуін, сурет көріністерін бейнелей білуге үйрету, өз ойын толық жеткізе білуге, жүйелі әңгімелеуге үйрету, бұған дейін алған білімдерін тиянақтау.
Дамытушылық: Балалардың сөйлеу әрекетін, тілін, есте сақтау қабілетін, көркемдік талғамын, ой - қиялын дамыту.
Тәрбиелік:Табиғатты
аялауға, әсемдікті сезініп, көре білуге
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Орман
көрінісі, қыс туралы, бейнелі суреттер,
магнитті тақта, тіс пастасы, сүрткіш,
аққала, шырша, ағаштар, аю, қоян, түлкі
кейіпкерлері.
Билингвальдік компонент: қыс-зима,аққала-снеговик,орман-лес.
Региональдік компонент:Михайлов қорығы,біздің ауылдағы ағаштар.
Сабақтың барысы
Мотивациялық-қозғаушы.
Шаттық шеңбер:
Шаттық шеңберге тұрып,бір-бірінің қолдарын ұстап жылы тілектерін айтады.
Балалар шаттық шеңберге тұрды.
Ұйымдастыруш-іздену.
M.Дулатов
«Бұл
жылдың қай мезгілі?» өлеңін оқу.
Шанамен
зырғып желетін
Коньки,
шаңғы тебетін,
Аққала
жасап ойнайтын
Қай
мезгіл деп ойлайсың?
-
Жарайсыңдар, балалар, қыс мезгілінің
белгілерін білеміз бе?
-
Ендеше, боран соққанын қимылмен қалай
көрсетеміз?
-
Қатты аяз болып тоңғанда не істейміз?
-
Ал күн шыққанда не істейсіңдер?
-
Жарайсыңдар, осындай тамаша көңіл -
күймен орманға барғыларың келе ме?
-
Ендеше, менің сиқырлы қалпағымның
көмегімен біз орманға барамыз. Қане,
бәріміз көзімізді жұмамыз.
(Балалар
көздерін жұмады, ашқан кезде орман
көрінісі көрінеді)
-
Міне, балалар, біз орманға келдік.
Орманнан нелерді көріп тұрмыз?
-
Аппақ, аппақ қар аппақ
Айналаның
бәрі аппақ
-
Шыршаның түсі қандай?
-
Орманда тағы нелер бар екен?
-
Ой, қандай тамаша! Біз де сендермен бірге
жүрейікші.
-
Балалар, мына ағашқа қараңдаршы,
жапырақтары бар ма?
-
Мынау ақ болып тұрған не?
-
Балалар, аю қыста ұйықтап жатады, шуласақ
оянып кетеді.(Аюдың апанының қасында
қорапша тұрады). Мына қорапшаны біреу
жоғалтып алған сияқты, өзімізбен бірге
ала кетейік, сұраса берерміз. Ал, мынау
не нәрсе?
-
Ия, біздің алдымызда да, балалар келіп,
аққала жасап кеткен сияқты. Аққала неше
бөліктен тұрады?
-
Пішіні қандай?
-
Ал түсі қандай?
-
Балалар, біз тоңып қалдық, аңдармен
бірге сергіту ойынын ойнасақ қалай
болады?
Сергіту
Аяз
болса секіреміз. (Балалар секіреді)
Шуақ
болса тоқтаймыз. (Балалар тоқтайды)
-
Балалар, біздің қайтатын уақытымыз
болды, сиқырлы қалпақтың көмегімен
балабақшамызға қайтайық. (Балалар
көздерін жұмады)
-
Міне, балалар, біз балабақшамызға да
келдік. Қысқы орманнан не көрдік?
-
Балалар, орманнан тауып алған қорапшаны
ашып көрейік. Міне, қызық! Бұл жерде қыс
мезгілін бейнелейтін суреттер бар екен.
Бұларды құрастырып, әңгіме құрап айтайық.
(Балалар суретке қарап әңгімелейді)
-
Балалар, біздің қысқы көрінісіміз бұдан
да әдемі болу үшін, қар жауғызсақ қайтеді?
Ендеше, бәріміз кезекпен оң қолымыздың
саусақ ұшымен ақ қардың суретін бейнелеп
салайық. (Балалар дәстүрлі емес әдіспен,
тіс пастасын пайдалана отырып, қардың
бейнесін салады
Қар жауады, аяз болып, боран соғады
(Қолдарын қусырып, аяқтарын топылдатады)
(Алақай, деп қолдарын көтереді)
Ия, барғымыз келеді.
-Қар басқан шыршалар,
-Жасыл
-Аңдар бар.
-Жоқ
- Ақ қарлар
-Бұл аққала
-Үш бөліктен тұрады
- Пішіні дөңгелек.
- Түсі ақ.
-ия
сергіту сәті
Рефлексия
-Балалар сендермен өткен бүгінгі тақырыбымыз не жайлы болды?
-Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады екен?
-Өте жақсы,сендерге сабақ ұнады ма?
-Мағанда өте ұнады!рахмет сендерге,сау болыңдар!
Бөлімі: Жапсыру
Тақырыбы: «Торғай»
Мақсаты: Құстар жайлы білімдерін нақтылау; құстардың ұялары туралы түсініктерін қалыптастыру; түстерді ажырата білуді үйрету; жапсыру реттілігін түсіндіру және жапсыру дағдыларын қалыптастыру,ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Алдын ала жүргізілетін жұмыс: құстардың қоректері мен ұялары туралы әңгімелесу.
Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар,дайын аппликация үлгілері,сүрткіш, аудиоқұрылғы арқылы құстар үні.
Сөздік жұмыс: жемсауыт.
Билингвальдік компонент: кормушка-жемсауыт, қыс-зима
Регинальдік компонент: торғай-воробей,ворона –қарға
Сабақтың барысы
Мотивациялық-
қозғаушылық
Шаттық шеңбері.
Шаттанып тұрайық жылы жүзбен,
Бізге келсін қуаныш нұр іздеген.
Шуақ толған жанымыз,жүрегіміз,
Үлгі алсын көрген жан мына бізден.
Ұйымдастыру-
Іздестіру
Аудиоқұрылғы арқылы құстар үні қойылады.
-Балалар,бұл нелердің дауысы?
-Сендер қандай құстарды білесіңдер?
-Қыстүгіні мекен ететін құстарды білесіңдер ме?
Қыста құстар аш қалмас үшін жемсауыттарға жем салып қою керек.
-Балалар,сендер жемсауыттағы құстардың бейнесін жапсырғыларың келе ме?
Сөздік жұмыс: жемсауыт.
-Негізгі бетте (фонда) жемсауыт және жем берілген.Осы бетке құстарды жапсырамыз.Алдымен бір құстың денесін жапсырамыз.Сосын қанатын және құйрығын жапсырамыз.
-Қанаты қандай пішіннен жасалған?
-Екінші құсты да дәл осы сияқты жапсырамыз.
Сергіту сәті.
Торғай,торғай,торғайсың.
Таяу келіп қонғайсың.
Жем шашайын,тойып ал.
Шашылған нан қоқымын,
Шоқып-шоқып жиғайсың,
Сонда аязға тоңбайсың.
Тәрбиеші іс-әрекет барысында қиналған балалармен жеке жұмыс жүргізеді.Балалардың
жапсырған жұмыстарын тақтаға іліп талдайды.
Балалар әуенді тыңдай отырып,құстар әлеміне келгендей сезінеді.
-Құстардың дауысы.
-Қарғаны,торғайды.
-Иә.
-Жапсырғымыз келеді.
Қайталайды: жемсауыт.
Тәрбиешінің айтқанын мұқият тыңдай отырып,жұмысты орындайды.
-Доғал пішіннен.
Балалар екінші құсты да жапсырады.
Балалар тапсырманы орындайды,қимыл-қозғалыстар жасайды.
Балалар тақпақты тәрбиешімен бірге қайталап айтады.
Рефлексия:
-Балалар,құстарға неге жем шашады?
-Құстарды жапсыру сендерге қиын болады ма?
Балаларды марапаттайды.
-Жемсауытқа жем шашады.
-Жоқ,қиын болған жоқ.
Балалар жұмыстарын аяқтап,бір-бірінің жұмыстарын бағалайды.
«Қарабалық ауданы әкімдігінің білім бөлімнің Бөрлі орта мектебі» ММ
Бөлімі: Көркем әдебиет
Тақырыбы:
«Көңілді
қыс»
Тәрбиеші :Ерденова ЖЖ
2019 оқу жылы
«Қарабалық ауданы әкімдігінің білім бөлімнің Бөрлі орта мектебі» ММ
Бөлімі: Жапсыру
Тақырыбы: «Торғай»
Тәрбиеші :Ерденова ЖЖ
2019 оқу жылы

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген