Материалдар / Көңілді шарлар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Көңілді шарлар

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға жағымды көңіл-күй сыйлау,зейін,қабылдау,ойлау қабілеттерін дамыту. Шығармашылық қабілетін дамыта отырып,қолдарының ұсақ моторикасын дамыту.Көңіл-күйлерін көтеру,бір-біріне достық қарым-қатынас орнату және қамқорлық жасауға тәрбиелеу,тапсырмаларды бірге орындату.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2021
683
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Көңілді шарлар»

Дайындаған: педагог-психолог

Тақырыбы: Көңілді шарлар

Мақсаты: Балаларға жағымды көңіл-күй сыйлау,зейін,қабылдау,ойлау қабілеттерін дамыту. Шығармашылық қабілетін дамыта отырып,қолдарының ұсақ моторикасын дамыту.Көңіл-күйлерін көтеру,бір-біріне достық қарым-қатынас орнату және қамқорлық жасауға тәрбиелеу,тапсырмаларды бірге орындату.

Көрнекілігі: Шарлар,тұзды қамыр,үрлегіш көпіршіктер.

Түрі: ойын-жаттығу

Барысы:

Психолог: Сәлеметсіздер ме,балалар! Мен сіздерді бүгін көргеніме қуаныштымын.Сендердің көңіл-күйлерің қалай?

Балалар: - Сәлеметсізбе, апай! Бізде сізді көргенімізге қуаныштымыз! Көңіл-күйлеріміз жақсы!

Шаттық шеңбері

Қане, балалар,шаттық шеңберін құрамыз.

Мейірімді жүрекпен,

Ақпейілді тілекпен

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық!

Сәлеметсіздерме

Балалар қараңдаршы, бізге қонаққа көңілді күн келіпті. Күн-ана өзінің мейірім шуағын,біздің бетімізге,саусақтарымызға,алақандарымызға төгіп тұр. Осы күн шуағын кімге берсем,сол өзінің атын атасын.

Ойын осылай жалғасу арқылы шеңбер бойында күн бейнеленеді.

Балалар енді көңілді күнді шығарып салайық.

Балалар бізге күшік хат алып келіпті.

Рахмет күшігім.

Өзі жеңіл, бірақ мамық емес.

Пішіні дөңгелек, бірақ күн емес

Үресің,бірақ қағаз емес

Жел болса ұшады, бірақ жапырақ емес

Бұл не болды екен?

Шар.

Балалар көп шар болса қалай атаймыз?

Шарлар.

-Жарайсыңдар балалар

Балалар қараңдаршы

-Қандай әдемі шарлар!

Балалар түрлі-түсті шарларды көреді.

Бүгінгі ойын-жаттығуымыздың тақырыбы «Көңілді шарлар»

Әуен ойналады, сол кезде шар ұшып келеді. Ұстап алайық. Балалар бұл жай шар емес өзімен бірге тапсырма ала келіпті.

Әр тапсырма орындаған сайын желмен шар ұшып келеді.

1.Тапсырма «Жіп бойындағы суреттер» саусақ жаттығулары арқылы баланың қабілетін дамыту. Ілінген қағазға түрлі-түсті шарлар салу.

2. Тапсырма Компьютерден шарларды санату, түстерін ажырату.

3. Тапсырма «Қатты жел». Шардың көмегімен үрлеп жеңіл ыдыстарды жерге құлату.

4. Тапсырма Тұзды қамырдан шарлар жасау. т.б (балалар тапсырмаларды орындайды).

Балалар рахмет сендерге бүгінгі күн тамаша өтті. Бүгінгі тапсырмаларды жақсы орындадыңдар.Бүгінгі ойын-жаттығуымыз сіздерге ұнады ма? (балалардың жауаптары). Көңіл-күйлерің әрқашан көтеріңкі болсын деген тілекпен бүгінгі ойын-жаттығуымызды аяқтаймыз.

Қорытынды.

Әуен ойналады. Көпіршік үргіш үрлеу.













«Бөбек» балабақшасы













Ашық ойын-жаттығу

Көңілді шарлар







«Балдырған» ортаңғы тобы



Психолог: Дәулетова Л.Ә.















2021-2022жыл



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!