№42 «Айналайын»
МДҰ
Ашық
сабақ
«Көңілді
саяхат»
«Балапан»
тобы
Тәрбиеші: Есентаева
А.М.
Ақтөбе
қаласы
2021-2022
жыл
«Балапан» бірінші кіші
тобы
«Көңілді саяхат»
ұйымдастырылған оқу қызметі
Мақсаты: қыс мезгілдері туралы мағұлмат
алу. Өз ойларын әңгімелеп жеткізе алатындай етіп айтып беруге
ынталандыру. Оларды суреттеп баяндауға, шақыру. Қыстың әсем
табиғатын көркемдеуге баулу.
Білімділігі: балалардың зейіндік ойлау
қабілеттерін суретпен қиялдауға арттыру.
Дамытушылығы: табиғат көркем қыс мезгілін
сипаттап беруге, баланың қыс қызығына деген қызығушылықтарын
арттыруға дамыту.
Тәрбиелігі: баланы ұйымшылдыққа,
бауырмалдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік құралдар: қыс
суреттері, фетрден аққала суреті, үнтаспа
т.б.
Сөздік
жұмыс: үлкен-кіші, кішкентай, аққала,
қызыл, ақ, қызғылт сары түстер т.б.
-
Шаттық
шеңбер
Ал балалар,
тұрайық,
Үлкен шеңбер
құрайық.
Үлкен шеңбер құрған
соң,
Алақанды
ұрайық.
-
Балалар орындарына
отырады
-
Балаларды жыл мезгілімен
таныстыру
Тәрбиеші: Балалар, қазір жылдың қай
мезгілі?
Балалар: Қыс.
Тәрбиеші: дұрыс, балалар. Дала суық,
боран соғады, құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Біз сіздермен бірге
жылы күртешелер, бас киімдер, етік
киеміз.
-
Есік
қағылады:
Тәрбиеші: Балалар, бізге біреу келді ме?
Мен барып көрейін.
Тәрбиеші: Сыйқырлы шарды тобқа
кіргізеді.
Тәрбиеші: Балалар бұл "Сыйқырлы шар"-ғой,
сыйқырлы шар үлкен екен, ол біздермен бірге аққала жасағысы келіп
тұр, қана барлығымыз бірге аққала
жасайық.
Балалар: Йә.
Тәрбиеші: Осының бәрін көшеде, қардан
жасауға болады. Ал топта біз үлкен және кішкентай шеңберлерден
аққаланы құрастырамыз. Ең үлкен шеңбер - бұл аяқ жағы, ортадағы
шеңбер - кеуде жағы, кішкентай шеңбер -
басы.
- Балалар, Аққаланы
жинайық!
Тәрбиеші: Балалар, олардың түсі
қандай?
Балалар: Ақ.
Тәрбиеші: Аққаланы жинауды бастау үшін
алдымен қандай шеңберді алуымыз
керек?
Балалар: Үлкен. (Оны атайды және фетрға
бекітеді).
Тәрбиеші: Енді қандай шеңберді алуымыз
керек?
Балалар: Ортаншы (Оны атайды және
фетрға бекітеді).
Тәрбиеші: Келесі қандай шеңберді алуымыз
керек?
Балалар: Кішкентай (Оны атайды және
фетрға бекітеді).
Тәрбиеші: Балалар, ал аққаланың басында
не бар?
Балалар: Шелек.
Тәрбиеші: Түсі
қандай?
Балалар: Қызыл. (Оны атайды және фетрға
бекітеді).
Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы бізде тағы
не қалды?
Балалар: Көзі, мұрны, аузы (балалар
аққалаға көздерін, аузын, сәбізден мұрнын
бекітеді).
Тәрбиеші: Олар қандай
түсті?
Балалар: Көзі қара, мұрны сары, аузы
қызыл (балалар аққалаға көз, ауыз, мұрнын
бекітеді).
Тәрбиеші: Балалар, Аққаланы тағы да
немен безендіре аламыз? Үстелде тағы не нәрселер жатқанын
қараңдаршы?
Балалар: Түймелер.
Тәрбиеші: Түймелердің түсі
қандай?
Балалар: Жасыл (Түймелерді атайды және
Аққалаға бекітеді).
Тәрбиеші: Келесі кезекте аққалаға не
жетіспей тұр?
Балалар: Қолы.
Тәрбиеші: Қолының түсі
қандай?
Балалар: Қара. (балалар аққалаға
қолдарын бекітеді).
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Біз
қандай әдемі аққала жасап шығардық. Ал біз саусақтарымызды
сергітейік.
Қолымызды демалтып «Саусақ»
жаттығуын жасайық .
Тоңса егер
қолымыз,
Қолғап киіп
аламыз.
Шықсақ егер
далаға,
Етік киіп
аламыз.
Тоңса егер
денеміз,
Тон киіп
аламыз.
Зу-зу етіп зырлайды
шанамыз.
Тәрбиеші: Балалар, сендерге сыйқырлы
шармен бірге аққала жасап ойнаған
ұнадыма?
Балалар: Йә.
Тәрбиеші: Бізде қандай Аққала пайда
болды? (Әдемі, әсем).
Балалар: Әдемі, әсем (Балалар
тәрбиешіні қайталайды).
Тәрбиеші: Балалар аққала сыйқырлы шарға
қатты ұнады және сендерде көңілді ойнадыңдар, қане Сыйқырлы шарға
рахмет айтып сау болыңыз деп
қоштасайық!
Тәрбиеші: Сыйқырлы шарды есікке дейін
шығарып салады.