400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Көңілді спорт»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың үйренген дене жаттығуларының түрлерін ата- аналарымен бірге және өз бетінше орындауға үйрету. Эстафеталық ойындар арқылы дененің ептілік, икемділік, жылдамдық қасиеттерін қалыптастыру. Бала денсаулығын сақтауда, спортқа қызығушылығын қалыптастыруда отбасының жауапкершілігін арттыру, салаутты өмір салтын қалыптастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы


МКҚК «Айгүл» балабақшасы










Shape1

«Көңілді спорт»








(Әкем, шешем және мен эстафеталық ойын)











Дене маманы: Г.Қабиева













2014 ж

Тақырыбы: «Көңілді спорт»


Мақсаты: Балалардың үйренген дене жаттығуларының түрлерін ата-

аналарымен бірге және өз бетінше орындауға үйрету. Эстафеталық ойындар арқылы дененің ептілік, икемділік, жылдамдық қасиеттерін қалыптастыру. Бала денсаулығын сақтауда, спортқа қызығушылығын қалыптастыруда отбасының жауапкершілігін арттыру, салаутты өмір салтын қалыптастыру.


Қолданылатын құралдар: Доптар, қасық, картошка, құрсаулар.


Ойынның жүрісі:

Құрметті апайлар, көрермендер. Бүгінгі ата-аналардың қатысуымен өткізгелі отырған «Көңілді спорт» атты эстафеталық ойынымызға қош келдіңіздер.


Келіңіздер, келіңіздер!

Бұл жарысты көріңіздер!

Бізде бәрі жүйріктер.

Күш сынасар алыптар.


Енді ортаға сайыскерлерімізді шақырайық. Отбасылық спорт сайысына қатысушы 3 отбасы ортаға шығады. Өздерін таныстырады.


  1. «Болашақ» тобы: Қатар өскен құрдасқа

Жарыс ұнап тұрмас па?

Қуып жету жақсы ғой

Озып шығу бір басқа.


  1. «Азамат» тобы: Босқа қарап тұрмайық

Бағымызды сынайық

Намысты қолдан бермейік

Жарыста озып шығайық.


  1. «Қыран» тобы: Қырандай самғаймыз

Жарыстан қалмаймыз.



Жүргізуші: Жалқаулықты тастаймыз!

Шынығамыз жастай біз!

Босқа тұрмай қанекей

Жаттығуды бастаймыз!


Ойынның шарттарымен таныс болайық.


  1. «Кім жылдам?» сайысы

Доптың үстіне отырып кедергілердің арасымен секіріп барып, секіріп қайту.

  1. «Ептілер» сайысы

-Екінші кедергі қасық

Қасықта бар азық,

Жүгіруге болмайды

Түсіруге болмайды

Тез барып, тез қайтуға асық!

Кедергілердің арасымен қасықтағы картопты түсірмей алып өту.


  1. «Кенгуру» сайысы

Австралиялық жануар

Аты оның-кенгуру!

Ата-аналар қолдарыңды айқастырып,

Белдеріңді мықтап бу!

Ата-аналар баласын көтеріп кедергілердің арасымен жүру.

  1. «Пингвиндер» сайысы

-Мұздың үсті мекені,

Құрлықтар тарлық етеді!

Тізеге допты қысып ап,

Балпаң басып кетеді!

Допты екі тізесімен ұстап жүру.


  1. «Гимнаттар» сайысы

-Балшыққа тап болдық

Бірақ, батқым келмейді!

Шығыршықтан секіріп.

Шығуды кім білмейді!

Ата-аналарымен бірігіп құрсаудан құрсауға секіру.


  1. «Айдаһар» сайысы

Қол ұстасып кедергілердің арасымен жүгіру.


Жүргізуші: -Қазылар орнықтырар әділдікті!

Кімдердің бірліктері кәміл мықты!

Спортшы отбасылар сайысында,

Жеңіске жетер дейміз, нағыз мықты...

Жеңсек біз жеңдік деп тасымаймыз.

Жеңілсек жеңілдік деп жасымаймыз.

Жығылсаң жер көтерер деген екен

Реніш өкпелеуге қосылмаймыз! деп сөз кезегін әділ қазыларға береміз.


Осымен біздің эстафеталық ойынымыз аяқталды қош сау болыңыздар!





























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
618
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі