«Көңілді
старт»
Мақсаты: Балабақша ұжымын дене тәрбиесі және спортпен шұғылдануға
жаппай тарту, белсенділікке, қайсарлыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Эстафетталық ойынға деген қызығушылықтарын арттыру. Ұжымды
шапшаңдыққа,жылдамдыққа,төзімділікке,салауатты өмір салтын сақтауға
тәрбиелеу.
Спорттық
іс-шара
Керекті
құрал-жабдықтар: доп,секіртпе доп, қап, тенис таяшалары, қасық,су, балықтар,
қармақ ,арқан.
Сайыс
барысы:
Жүргізуші:
Тілегіміз үмітіміз бір
екен,
Отан дейтін бізге ортақ үй
екен.
Танысайық, ал кәнекей,
қонақтар,
Білейікші бізге кімдер келді
екен.
Сайысқа қатысушы екі топты
ортаға шақырамыз.
1. «Жұлдыз»
тобы
2. « Бәйтерек»
тобы
Сөз кезегі «Балауса
ясли-бақшасы» КМҚК-ның меңгерушісі Балнур Несипхановнаға
беріледі.
Жүргізуші:
Өнерге биік
сеніңіз,
Думанға қызық
келіңіз.
Әділқазы ел
сенген,
Спортқа баға
беріңіз.
Әділқазылар алқасымен
таныстыру.
1.
2.
3.
Жүргізуші:
Өнерпаздар жарысып
сан-салалы,
Жиын десе, той десе жан
салады.
Сайысымыздың ашылу
құрметіне,
Әуелеген әсем ән
жолданады.
Ән: «Көңілді
күн»
Жүргізуші:
Құрметті қатысушылар,сайыс
басталмас бұрын дене қимылдарын қыздыратын жаттығу түріне кезек
берейік. Басқа, қолға,белге,аяққа арналған жаттығулар
жасату.
Жүргізуші:
Сайыстың шарты мен таныстырып
өтейін.
І
Топ
аты,ұраны,
ІІ
Қаппен
секіру
ІІІ
Қасықпен су
тасу (кедергі
арасымен)
ІҮ
Тенис таяқшасына допты
қойып жүгіру (кедергі арасымен)
Ү
Доппен
секіру
ҮІ
Допты қысып
жүгіру (кедергі
арасымен)
ҮІІ
Қармқпен балық
аулау
ҮІІІ
Арқан
тартысу
Жүргізуші:
Ұстанған салауатты өмір
салтын,
Жасқанып,ешқашан да
мойымайтын.
Спортшылар ортаға келді
міне,
Қол соғып қарсы алайық, қане
халқым.
І
Таныстыру
Жүргізуші:
Чемпион болу оңай
ма?
Арман болған
талайға,
Болмасаң да ұқсап
бақ,
Жарысқа түсіп
қалайда.
ІІ
Қаппен
секіру
Жүргізуші:
Ең қызықты тартыс-спорттық
жарыс!
Жеңу міндет
емес,
Қатысу
міндет!
Кім жеңсе
–тасымасын!
Кім
жеңілсе-жасымасын!
ІІІ
Қасықпен су
тасу (кедергі
арасымен)
Жүргізуші:
Асыр салып
ойнаған,
Ойнап жүріп
ойлаған
Ар намысын
қамшылап,
Маңдайдан тер
тамшылап,
Жеңбейміз деп
қоймаған .
ІҮ
Тенис таяқшасына допты
қойып жүгіру (кедергі арасымен)
Жүргізуші:
Бәйгеге түсіп
жарыспай
Жүйріктің бағы жанар
ма
Секіріп доппен
жарыспай
Сайыстың мәні бола
ма?
Ү
Доппен
секіру
ҮІ
Допты қысып
жүгіру (кедергі
арасымен)
Жүргізуші:
Бүгін жарыс
бақшада,
Қуанады
балаша
«Көңілді старт»
ойыны
Шаттық сыйлар
баршаға
ҮІІ
Қармақпен балық
аулау
Жүргізуші:
Босқа қарап
тұрмайық,
Бағымызды
сынайық.
Намысты қолдан
бермейік,
Жарыста озып
шығайық.
ҮІІ
Арқан
тартысу
Жүргізуші:
Жарыс заңы
ежелден,
Жеңімпазды
анықтау
Жеңімпаз болу шарты
сол.
Еңбектену
,жалықпау,
Біреу озса
сайыста
Біреу артта
қалады.
Бұл сайыстан
ренжімей
Тараса бізге
жарады.
Бүгін міне оң болып әр
ісіміз.
Жоғары боп күш -жігер
намысымыз,
Осылайша қуанышпен
думандатып,
Аяқталды, бүгінгі
сайысымыз!
Бүгінгі екі топ та бар өнерін
салып өздерін әр қырынан көрсете білді.Салауатты өмір салтын
ұстанып,спортпен дос
болыңыздар!
Сөз кезегі әділқазы
алқасында.


«Балауса ясли- бқшасы»
КМҚК
«Көңілді
старт»
(ұжымдық
сайыс)