400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Көңілді шырша

Материал туралы қысқаша түсінік
балаларға шыршы түралы кысқаша түсінік беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Зал іші безендірілген ортада шырша қөңілді әуен ойнап тұрады. Залдың ішіне мыстан кіріп келеді. Мыстан шыршаны көріп Мыстан:- Бұл неткен сүйкімсіз ағаш! - Бұн неткен сүйкімсіз әуен! - Мына ағаш неге ортада тұр? –Мына көзімді шағылыстырып тұрған не екен? деп барып шыршаның қасына жақындап жарқырап тұрған қоңырауды алып. -Бұл не? -Бұл да бір қажетіме жарар деп қалтасына салып шығып кетеді. Осы кезде тәрбиеші мен балалар келеді. Тәрбиеші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды
Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді
Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін
Бәрімізге мына жыл арайлы!
Құтты болсын ағайын!
Жаңа жылың тағы да
Қол соғып қарсы алайық
Шақырайық ортаға
Ертеңгілік басталсын
«Ботақан» тобында! (музыка қосылады Сиқыршы шыр айналып кіреді) Ән: «Жаңа жыл» әні. Балалардың таппақтары: Ұлжан:Жылдың әнін бастайын,
Аяз- Ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды. Серебек Айым:Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл армысың.
Дінмұхамбет:Оранды ақ көрпеге,
Асқар тау, қарлы шың. Тәрбиеші: Балалар шыршамыз көңілсіз балалар шыршамызды жарқыратайық. Осы шыршада сыиқырлы қоңырау болатын деп тәрбиеші іздейді. Мыстан кіріп келіп қонырауды сыңғырлатып сыпыртқысында ұшып келеді. Тәрбиеші: Балалар біз іздеп жүрген қоңырау мыстанда екенғо. Тәрбиеші: Мыстан әже біздің сыиқырлы қоңырау сізде екен. Өзіміздің сыиқырлы қоңыраумызды өзімізге қайтарып берсеңіз! Олсыз жаңа жылдың қөркі болмайды. Шыршаны сол сыиқырлы қоңырау мен шыршаны жарқыратып, Аяз атаны шақырамыз. Сізде бізбен мерекімізде көңіл көтеріңіз. Мыстан: Маған сендердің мерекеңіз түккеде керек емес. Сыикырлы қонырау болса сендерге бермеймін (деп кетіп қалады). Сол кезде түлкі келеді Түлкі: Ой бай, ой бай! -Қолым қолым, аяғым яғым! -Мына қыстың суығынай. –Бір байпағымды тапсам, сыңары жоқ. –Бір қолғап тапсам оныңда сыңары жоқ. –Бас киімнің болса, мойын орағышы жоқ! Ой сәлеметсіңдерме балалар! -Сендер қандай әдемі киініп алғансыңдар? -Бірақ неге қөңілсізсіңдер! -Тәрбиеші: Мыстан әжей біздің сыиқырлы қоңырауды алып кетті. Сол қоңырау мен шыршамызды жағып Аяз атамызды шақыраин деп едік. Түлкі: Мен сендерге сыикырлы қоңырауңызды алып берейін, ал сендер маған байпағымның, қолғабымның сыңарын мойын орағышымды тауып бересіңдерме? Тәрбиеші:Балалар келісемізбе? Балалар: Иа Ойын: «Сыңарын тап» Түлкі: Рахмет баладар! Мыстан кіріп келеді. Түлкі: -Сәлеметсізбе Мыстан әжей! -Не сылдырдың даусы шығып түр? Мыстан: Мендегі сыикырлы сылдырмақтың даусы. Бірақ оны қалай жасайтын білмеймін! Мен балалардың мерекесін бұлдірейін деп едім. Түлкі: -Мыстан әжей әкел қоңырауыңды мен білемін қалай жасатынын. Маған бұл мереке ұнамайды (деп түлкі өз құлығын жүзеге асырады). Түлкі қоңырауды алып ойланған болып қарапайым қоңырауға аустырады. Түлкі: Мыстан әжей мынауың қарапайым қоңырау сияқты. Мыстан: -Жоқ олай емес! Мен сыиқырлы қоңырауды қоңырау ұстасына апарып көремін деп Мыстан шығып кетеді. Түлкі: -Міне балалар сендердің сыиқырлы қоңырауларын деп түлкі қоңырауды тәрбиеші береді. Тәрбиеші: -Рахмет түлкі. –Енді балалар шыршамызды секірлы қоңырау мен жағайық (тәрбиеші қоңырауды сыңырлатып шыршаны жағады). –Жыршамызды жақтық енді балалар Аяз ата мен Ақша қарымызды шақырайық. (қоңырауды сыңырлатып). –Аяз ата Ақша қар Балалар:Аяз ата Ақша қар. Зал ішіне Аяз ата мен Ақша кіріп келеді. (әуенмен бірге Ат шанаға мініп Аяз ата, ақшақар келеді) Аяз ата: Құтты болсын, балалар
Келген Жаңа жылдарың
Алаңдамай өсіңдер
Еркелеп қыз, ұлдарым
өткен жылы келіп ем
Бәріңді де көріп ем
Жыл өткізіп келем деп
Уәдемді беріп ем
Ойларың мен бойларың да
Бірдей өсіп қалдыңдар ма?
Ал, мен кіммін айтыңдаршы
Мені тани алдыңдар ма? Балалар: Аяз ата!
Ақшақар:- Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын!
Сүйсіндірер маңайды
Ақшақармын арайлы
Жалт - жұлт еткен жүзімнен
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын аппақпын
Қалай тыныш жатпақпын
Менсіз қыстың сәні жоқ
Әнмін, жырмын, тақпақпын. Тышқын:Сәлеметсіздер ме, балалар
Мен тұрмын қуанып,
Шаттыққа бөленіп
Бір жыл бойы сіздермен
Дос болайық шаттанып. Сиыр: Сәлеметсіңдерме балалар! Қараңдаршы, айнала неткен керемет, әсем мына шыршамыздағы ойыншықтардың алуан түрлері бар екен. Бәрімізде әп - әдемі жаңа жылдық киімдерімізді киіп жиналып қаппыз. Жүргізуші: Қош келдіңіздер, баршаңызда, алыс жолдан келдіңіздер!
Әсем әні де, биі де бар
Отыр ата, сәл дем ал. Қыздардың биі: «Қоңыраулар» Ән: «Маленькая елочка» хор Тәрбиеші: Балалар аяз атамызға арналған таппақтсарға кезекті берейік Шұғыла: Ақ қырауға малынған
Сақалы да, мұрты да
Аяз ата сағынған
Сәлем берді жұртына. Раяна: Жаңа жылға сәніміз
Біздің айтар әніміз
Келдің бе аман алыстан
Сәлем, Аяз атамыз. Әлі: Кезектесіп балалар
Тақпақ айтып береміз
Сұрақ қойса Ақшақар
Ойланып жауап береміз. Нұрсая: Шыршамыз да керемет
Ойыншықтар тағылған
Алыс жақтан келіп тұр
Аяз ата сағынған. Аяз ата: Балалар жарайсыңдар. Енді балалар мен сендерді Ойын: «Жаңа жыл паровозы». Ақша қар: Балалар өте тамаша! Аяз ата: Балалар жарайсыңдар! Сендер өте жылдам екенсіңдер. Тәрбиеші: Ия Аяз ата біздің балдар өте шапшаң Айзере: Дед Мороз несёт игрушки, И гирлянды, и хлопушки.

Хороши подарки,

Будет праздник ярким.

Абдумәлік: Аяз –ата ақ сақалды,
Ақ таяқты паң ата,
Асып өтіп асқар тауды Жеттің бізге таң ата Ільяс: Жаңа жылда, балалар,
Тек қуаныш көріңдер.
Ауырмаңдар ешқашан,
Мықты болу өзіңнен. Тастай Айым: Ауыл маңы қар аппақ,
 Қызықтар көп не түрлі.
Ақ дәптерді парақтап,
Қыс отырған секілді.
Биі: «Сағаттар» Жүргізуші: Ендігі кезекті жұмбақтарға берейік Аяру: Айнымайды шыныдан,
Қорқады тек жылыдан. (Мұз)
Әділбек: Терезеге қонады, Әсем ою ояды.(Қырау) Қарлыбай Ільяс: Терезені өрнектеп, Әдемі сурет салыпты. Кім екенін табайық, Көрінбей кетіп қалыпты.(Аяз) Рамазан: Аппақ етіп айналаны, Ақ көбелек айналады. (Қар) Дастан: Жасыл ине киімім,  Жайлаймын тау биігін.  Жаңа жылды тойласаң,  Төріңдемін үйіңнің. (Шырша)

Есікті ашып мыстан келеді. Мыстан: Сәлеметсізбе Аяз ата. –Балалар сендер жаңа жыл тойлап жатсыңдарма? Тәрбиеші: Ия Мыстан әжей біз жаңа жылға арнған мерекелік кешімізді аяқтайын деп қалдық Мыстан кішкене ренжінкіреп. Мыстай : Мені кешіріңдер балалар енді олай сендердің мерекенізді бұзбаймын. Аяз ата: Балалар кешіремізма? Тәрбиеші: Ия кешірейік балалар. Мыстан: Рахмет балалар! Сендер өте ақылды, жақсы балдар екенсіңдер. Менде осы мереке аяқталмастан алды сендер бір ойын ойнағым келіп түр. Мені мен ойнайсыңдарма? Ойын: «Кім епті» Ойынның шарты: Шардың ұстіне мініп жару. Мыстан: Мынау менің әуе шарлары. Мынаның үстіне отырсаңдар балалар аспанға қарай ұшасыңдар. Балалар шарларға отырады шар жарылады. Мыстан жүріп сен мені алдадыңдар менде сендерді алдадым деп күліп жүреді. Ғайнийдың орындаунда ән: «Ертегілер» Ақша қар: Жарайсыңдар балалар ! Өте тамаша! Биілеріңде, әндеріңде, таппақтардыда жақсы жаттапсыңдар! Жүргізуші:
Жаңа жылға барлығы жақсы дайындалған, осындай өнерлерімен белсенділік танытып жүрген және он саусақтарынан өнер тамған ата - аналарым мен балаларым бірлесіп ойыншықтар жасап әкеліп көрмеге шын жүректерімен қойған ата - аналарды рахме. Аяз ата Ақшақар сіздер біздердің балаларымыздың сыйлықтарын қашан бересіздер?
Аяз ата: Ой - буй, ұмытшақ басым ай, әрине қазір, қазір....
(барлығыңа сыйлық үлестіріледі) Аяз - Ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.
Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!(қолдарын бұлғап шығып кетеді.)
Балалар: Сау болыңыздар! Рақмет сіздерге! Бәрі.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар! «Қош келдің, Жаңа жыл!» жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Осындай керемет өтуге ат салысып жүрген ата - аналар, әріптестерім сіздерге де мың алғыс! Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
423
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі