жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Көңілді шырша
Күні,айы,жылы:26 0азан 2020 жыл
Білім саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Қуыршақ Әйгерімнің туған күні»
Мақсаты
Білімділік: Балаларға әңгіме құрауды үйрету, әңгіме құрауды үйрету арқылы шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу.
Дамутушылық: Ойыншықтар туралы әңгімелеу; өз ойларын еркін қарым-қатынас жасау арқылы дамыту.
Тәрбиешік: Ойыншықты ұқыпты ұстауға тәрбиелеу. Эстетикалық талғамын арттыру.
Қөрнекілік-құралдар: сөйлеуді дамыту дәптері, қуыршақ ойыншық, жұмсақ
ойыншық-аю, резеңкелі ойыншықтар, пластмассалы мәшине.
Оқу қызметі:
І. Ұйымдастырушылық:
Тобымызға қуыршақ Әйгерімнің келуін хабарлайды. Балалар қуыршақтың
келгеніне қуанады.
– Балалар, бұл не? Кәне, «Қуыршақ» сөзін қайталаймыз.
– Балалар бұл қуыршақтың есімі – Әйгерім.
«Қуыршақ» тақпағын жаттату.
Біздерде бар қуыршақ ,
Бұзау, қозы, құлыншақ,
Ойыншықтар тыңдайды,
Ақыл айтсақ, бұйырсақ.
(Н.Әлімқұлов)
ІІ.Негізгі бөлім:
(Тәрбиеші бірге қайталап жаттап алу).
(Тақпақ жаттатудың әдіс-тәсілі: «Суретті жаттау»
Түсіндірілуі: суреттерді тақтаға салып, әр қатарға салып, тақпақты жаттап алу. Мысалы:
Біздерде бар қуыршақ (қуыршақ суретін салу.)
Бұзау, қозы, құлыншақ (бұзау,қозы, құлыншақ суреттерін салу.)
Ойыншықтар тыңдайды.
Ақыл айтсақ, бұйырсақ. (қол қимылымен көрсету).
Сұрақтарға жауап алу.
– Балалар «Қуыршақ» неге жатады? Ыдыс-аяққа ма? Жануарларға ма? Немесе құстарға
жата ма? Әлде ойыншықтарға ма? (Қуыршақ ойыншыққа жатады).
– Сендердің үйлеріңде қандай ойыншықтар бар? (Әр бала өз ойыншықтарын атап өтеді).
Дидактикалық ойын: «Ойыншықты тап».
Ойын мақсаты: ойыншықты атау және кеңістікті бағдарлай отырып табу.
Шарты: тығылған ойыншықты тауып, атын атап, түсін, үлкен, кішілігін ажыратып, сол
ойыншыққа өздерің мейірімді тілек тілейсіңдер. Мысалы, балалар алдымен көздерін
жұмады, қойылған ойыншықтар ішінен педагог біреуін жасырып қояды. Қандай ойыншық
жоқ? (Мысалы: Аю ойыншығы жоқ, оның қалған ойыншықтарға қарағанда, пішіні үлкен,
түсі қоңыр. Аю – жұмсақ ойыншық. Мен оны ұқыпты таза ұстап ойнаймын. т.б.)
– Ойыншық жасалынуына қарай жұмсақ па, қатты ма, әлде созылмалы ма?Ал сол
ойыншыққа қандай мейірімді сөз айтасың?
– Балалар, бүгін қуыршақ Әйгерімнің туған күні екен.
– Әйгерімге сендер не сыйлағыларың келеді?
– Әйгерімнің туған күнін қалай жақсы, көңілді өткізуге болады.
– Кәне, шағын әңгіме құрайық.
Әңгіме құрау: «Қуыршақ Әйгерімнің туған күні» (Сөйлеуді дамыту дәптері). Балалар
ауызша әңгіме құрап айтуға тырысады.
Мақсаты: ауызша өз ойларын жеткізе білу.
Шарты: сөйлеуді дамыту дәптеріндегі тапсырманы орындау арқылы, әңгіме құрау.
Мысалы: Әйгерім қуыршақтың туған күніне аю келді. Аю Әйгерімге өзінің сүйікті тағамы
– бал сыйлады. Оны көрген Әйгерім қатты қуанды.т.б. (дәптермен жұмыс жасау).
Сергіту жаттығуы.
Ал, балалар, тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға арай иіліп.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз тынығып алайық.
(Сергіту жаттығуын қимыл-қозғалыс арқылы
орындайды).
ІІІ.Қорытынды: Әңгіме құрағанда толық сөйлем құрауға тырысады. Ойыншықтарды ұқыпты ойнау
керектігін айту. Балалар тәрбиеші сөзіне зейін қойып, орындауға тырысады.
Тексерген Сатпаева.Г
Күні,айы жылы:
Күні,айы,жылы: 27 қазан 2020 жыл
Білім саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Математика негіздері
Тақырыбы: : 2 цифры және санымен танысу.
Мақсаты
Білімділік: 2 саны және цифрымен таныстыру, 2 цифрының сандар қатарындағы орнын анықтау
Дамутушылық: 2 цифрын өзге цифрлардың арасынан таба алу қабілетін нығайту, өзіне таныс заттарды көлеміне, ұзындығына қарай (ұзын,(қысқа) саластыра алу дағдыларын дамыту.
Тәрбиешік: Геометриялық фигура-сопақша туралы өткенді пысықтау, оны өзге фигуралардың арасында табу.
Қөрнекілік-құралдар: Жұмбақтар шешу. Цифр таңбасымен танысу, сұрақ – жауап.
Оқу қызметі:
І. Ұйымдастырушылық: едагог балаларды жылулық шеңберіне жинайды. Мен сендерді шаттық шеңберіне шақырамын. Кәнеки, бірге қайталайық. Кел, балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік.
Қабақ түйген не керек?
Көңілді боп жүрейік.
Өткен оқу іс-әрекетін қайталау.
1 санын қайталайды. Суреттер арқылы қияр -1, қызынақ, баялды, кәді, тәтті бұрыш)
Ой қозғау. Санамақ жасыру.
Далада жүрген сиырдың,
Іші пысты, жалықты.
1 сиыр келіп қасына,
Қатары оның толықты.
Далада неше сиыр жайылды?
ІІ.Негізгі бөлім: Бүгінгі оқу іс-әрекетінде «2 цифры және санымен танысу.
Қысқа , ұзын . Сопақша (өзге фигуралардың арасынан табу) тақырыбымен танысамыз. Фигуралардың арасынан сопақша пішінді, ұзын-қысқа заттарды жинақтау. «Флипчарт» қолдану.
Мына үй жануарларының ішінен қай жануар екеу болып тұрғанын айтамыз. Қой -2, шошқа-2 т.б.
Тәрбиеші жұмбақ- өлең оқиды;
Басында бар ілмегі,
Ортасында тірегі.
Толқып қанша жүрсе де,
Тұрады екінші үнемі «2 саны» Суреттерге қарап сұраққа жауап береді.
2 затты топтастыру
Жұмыс дәптеріндегі №1 тапсырманы орындатады.
«Басқа цифрдың ішінен 2 цифрын қызылмен, 1 цифрын көк түспен қоршау»
Ойын: «Кім көп біледі?» 1 және 2 сандарына байланысты заттарды топтастыру. Сопақша пішінді заттарды табу. Жұмыс дәптер №2 тапсырма. Сергіту сәті «Санамақ» орындатады. Бейнеролик «Әли мен Айя»- Санамақ - YouTube[via torchbrowser.com]
Біз ботақан екеуміз,
Есептеуге бекенбіз.
Ақтөс келіп қосылса,
Үшеу болып кетеміз.
Бір ауылда бірге өскен,
Бар қызықты бір кешкен.
Көжек ,бота, Аянмен,
Біз нешеуміз Ақтөспен.
Жұмыс дәптер № 3 тапсырманы орындатады.
Жеке жұмыс жүргізеді.
Сөздік жұмыс: 2 саны, сопақша, ұзын-қысқа.
ІІІ.Қорытынды: оқу іс-әрекетінде өзін –өзі бағалау, және атқарған жұмысқа баға беру. Тәрбиеші балаларды мадақтайды.
-Біз қандай цифрмен таныстық?
Тексерген Сатпаева.Г
Күні,айы жылы:
Күні,айы,жылы: 13 қазан 2020 жыл
Білім саласы: Денсаулық
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Дене шынықтыру
Тақырыбы: «Шыбынбике мен Шыбынгүл»
Мақсаты
Білімділік: .Мырза Әлидің аудармасы бойынша жазылған «Шыбынбике –Шыбынгүл» ертегі өлеңінен үзінді жаттау.
Дамутушылық: Адамгершілік қасиеттерін дамыту.
Тәрбиешік: Арқан арқылы секіруге жаттықтыру; өз-өзін уқалауға жаттықтыру.
Қөрнекілік-құралдар: әр балаға секіртпелер, ұзын секіртпе, арқан.
Оқу қызметі:
І. Ұйымдастырушылық:
Саламатсыздарма балалар!
1.Секіртпемен орындалатын ЖДЖ
2.Арқан арқылы секіру.
ІІ.Негізгі бөлім:
.Қ. Мырза Әлидің аудармасы бойынша жазылған «Шыбынбике -Шыбынгүл» ертегі-өлеңінен үзінді жаттау.
Кейіпкерім бүгінгі- Шыбынбике-Шыбынгүл.
Күн шыққанда, бұлт ауып,
Алды жолдан пұл тауып
Базарыңнан сәл ауыр
Сатып алды самауыр.
«тарақандар келіңдер!
Қонақ болып көріңдер».
Тарақандар қаптады,
Шайын оның мақтады.
4.Самаурын жаттығуы
«Арқан тартыс» «Өрмекші» жаттығулары
«Жылауды» имитациялау.
«Өрмекшінің жауыздығы» Шыбынбике-Шыбынгүлді байлап-матауын көрсету.
Жаттығуларды нұсқау бойынша орындайды.
Өлең жолдарын бірнеше рет хормен қайталап, жатқа айтады.
Бір орында секіру, отырып тұру,
Біресе оң жаққа, сол жаққа еңбектеу.
ІІІ.Қорытынды: Құлақтың ішіне өз-өзіне массаж жасату.Алақанмен құлақтарын уқалайды
Тексерген Сатпаева.Г
Күні,айы жылы:
Күні,айы,жылы: 14 қазан 2020 жыл
Білім саласы: Шығармашылық.
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Мүсіндеу
Тақырыбы: «Жолдағы кірпі»
Мақсаты
Білімділік: Алаларға кірпі туралы мағлұмат беру
Дамутушылық: Ермексаз бен шырша қылқандарын пайдаланып, кірпі пішінін жасауды меңгерту.ермексазды алақан арасына салып домалақтай алу тәсілін үйретуді жалғастыру, тілдерін дамыту
Тәрбиешік: Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру.
Қөрнекілік-құралдар: Кірпінің суреттері, ермексаз, тақтайша, шырша қылқандары, сулық, үлестірмелі материал, ойыншық қоян.
Оқу қызметі:
І. Ұйымдастырушылық:
Тәрбиеші балаларға орманнан ақылды ақ қоян келгендігін, ол өзінің досы туралы балаларға жұмбақ жасырғысы келіп тұрғанын айтады.
Бір мақұлық бар екен төрт аяқты,
Доп – домалақ, арқасы мың тікенді.
Ашуланса аяғын көрсетпейді,
Көресің көз салсаң бір ғажайыпты.
Балалар қоянмен сәлемдеседіБалалар да өздерінің достары жайлы әңгімелейді.
Балалар жұмбақтың шешуін табады.
Жауабы: кірпі.
ІІ.Негізгі бөлім:
Сөздік жұмыс:ғажайып.
Қоян шынымен кірпімен дос екенін айтады.
Тәрбыиеші балаларға иллюстрациялық суреттерді көрсете отырып, кірпі туралы мағлұмат береді.
Кірпі – жабайы, ол орманда өмір сүреді.
Қыс бойы жергетүскен қалың жапырақ астында ұйықтап жатады. Кірпінің денесі тікенекті болады, төрт аяғы, екі көзі мен құлағы бар. Жауын көрсе, аяқ –қолын жинап домалана қалады.
Кірпі денесінің сипатына талдау жасалынады.
-Балалар, кірпіні мүсіндесек қайтеді?
-Кірпіні мүсіндеу үшін ермексаздың қандай түсін аламыз?
Қостілділік компонент:жол – дорога, кірпі – ежик.
Сергіту сәті
Ал, балалар, тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Жоғары-төмен қарайық,
Орнымызды табайық. -Алдымен ермексазды алып, оны домалақтаймыз. Домалақ бөлшекті сопақша пішінге келтіреміз.
Созу арқылы тұмсығын шығарамыз. Кішкентай дөңгелектер жасап, тұмсығының үстіне, көзінің орнына жапсырамыз.
Тікенектерін шырша қылқанынан жасаймыз.Тікенектер ермексазға оңай қадалады.салмайды
-Шырша қалқандарымен жұмыс қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз керек?
-Кірпі көбіне қай жерлерде болады?
Балалардың назарларын қолдарына үлестіріп берген сюжетті суретке аударады.
-Суретте не бейнеленген?
-Орманның ішіндегі жолды көрдіңдер ме?Жасаған кірпілеріңді осы жолға орналастырыңдар.Балалар мен жеке жұмыс жүргізеді.
Қайталайды: ғажайып.
Балалар кірпі суреттерін тамашалап,ол туралы өздерінің білгендерін баяндап береді.
Тәрбиешіні тыңдайды, жауап береді.
-Кірпінің денесі сопақша болады.Денесінен кішкентай тұмсығы шығып тұрады.Аяқтары кішкентай. Қалың тікенінеңа аяқтары көрінбейді.
Мүсіндеуге ынта білдіреді.
-Сұр немесе қара түсеі ермексазды аламыз.
Балалар қайталайды. Балалар педагогпен бірге іс – қимылды қайталайды
ІІІ.Қорытынды: Балалар, кірпі бұл жолмен қайда бара жатыр деп ойлайсыңдар?
Ормандағы кірпі туралы өздерің шығып әңгіме құрастырып көріңдер.
Қоян балаларға ризашылығын білдіреді.
Балалармен қоштасады.
Кірпі орманға бара жатыр.
Балалар өздері құрастырған әңгімелерін айтады.
Қуаныштарын білдіреді.
Қоянмен қоштасады.
Тексерген Сатпаева.Г
Күні.айы жылы:
Күні,айы,жылы: 14 қазан 2020 жыл
Білім саласы: Таным.
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қоршаған ортамен танысы
Тақырыбы: «Үй жиһаздарының»
Мақсаты
Білімділік: Үй жиһаздарының ерекшеліктері, қандай материалдан жасалғандығы, күнделікті тұрмыста пайдаланылуы, қажеттілігі туралы айтып беруге үйрету.
Дамутушылық: Қойылған сұрақтарға жауап беру дағдыларын дамыту.
Тәрбиешік: Жиһаздарды жасаған адам еңбектері түсінік бере отырып, олардың еңбектеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу
Қөрнекілік-құралдар:
Оқу қызметі:
І. Ұйымдастырушылық:
Шаттық шеңберіне тұрып, бір- бірлеріне жақсы көңіл күй тілейді.
Біз ұқыпты баламыз
Айтқан тілді аламыз
Үлкендерді сыйлаймыз
Киімдерді шашпаймыз
Әдемілеп реттеп
Ілгішке іліп қоямыз
Аяқ киім шаң болса
Тазалап оны қоямыз
Едендегі шаңдарды
Шаңсорғышпен сорамыз
Біздің қолда он саусақ
Бәрі іске жарамды
ІІ.Негізгі бөлім:
- Мен бүгін балабақшаға келе жатып, сандық тауып алдым. Бұл сандықта біреу хабарлама жіберген секілді. Қараңдаршы балалар мұнда ақылды қонжық бар екен. Қане тындап көрелік.
Аю: — Сәлеметсіңдер ме балалар? Мен кішкентай қонжықпын. Мен орманда тұрамын.
-Ал сендер қайда тұрасыңдар?
- Ал үйлерінде, бөлмелерінде нелер бар?

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген