400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Көңілді шырша

Материал туралы қысқаша түсінік
балаларға шыршы түралы кысқаша түсінік беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні,айы,жылы:26 0азан 2020 жыл

Білім саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Қуыршақ Әйгерімнің туған күні»

Мақсаты

Білімділік: Балаларға әңгіме құрауды үйрету, әңгіме құрауды үйрету арқылы шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу.

Дамутушылық: Ойыншықтар туралы әңгімелеу; өз ойларын еркін қарым-қатынас жасау арқылы дамыту.

Тәрбиешік: Ойыншықты ұқыпты ұстауға тәрбиелеу. Эстетикалық талғамын арттыру.

Қөрнекілік-құралдар: сөйлеуді дамыту дәптері, қуыршақ ойыншық, жұмсақ

ойыншық-аю, резеңкелі ойыншықтар, пластмассалы мәшине.

Оқу қызметі:

І. Ұйымдастырушылық:

Тобымызға қуыршақ Әйгерімнің келуін хабарлайды. Балалар қуыршақтың

келгеніне қуанады.

– Балалар, бұл не? Кәне, «Қуыршақ» сөзін қайталаймыз.

– Балалар бұл қуыршақтың есімі – Әйгерім.

«Қуыршақ» тақпағын жаттату.

Біздерде бар қуыршақ ,

Бұзау, қозы, құлыншақ,

Ойыншықтар тыңдайды,

Ақыл айтсақ, бұйырсақ.

(Н.Әлімқұлов)

ІІ.Негізгі бөлім:

(Тәрбиеші бірге қайталап жаттап алу).

(Тақпақ жаттатудың әдіс-тәсілі: «Суретті жаттау»

Түсіндірілуі: суреттерді тақтаға салып, әр қатарға салып, тақпақты жаттап алу. Мысалы:

Біздерде бар қуыршақ (қуыршақ суретін салу.)

Бұзау, қозы, құлыншақ (бұзау,қозы, құлыншақ суреттерін салу.)

Ойыншықтар тыңдайды.

Ақыл айтсақ, бұйырсақ. (қол қимылымен көрсету).

Сұрақтарға жауап алу.

– Балалар «Қуыршақ» неге жатады? Ыдыс-аяққа ма? Жануарларға ма? Немесе құстарға

жата ма? Әлде ойыншықтарға ма? (Қуыршақ ойыншыққа жатады).

– Сендердің үйлеріңде қандай ойыншықтар бар? (Әр бала өз ойыншықтарын атап өтеді).

Дидактикалық ойын: «Ойыншықты тап».

Ойын мақсаты: ойыншықты атау және кеңістікті бағдарлай отырып табу.

Шарты: тығылған ойыншықты тауып, атын атап, түсін, үлкен, кішілігін ажыратып, сол

ойыншыққа өздерің мейірімді тілек тілейсіңдер. Мысалы, балалар алдымен көздерін

жұмады, қойылған ойыншықтар ішінен педагог біреуін жасырып қояды. Қандай ойыншық

жоқ? (Мысалы: Аю ойыншығы жоқ, оның қалған ойыншықтарға қарағанда, пішіні үлкен,

түсі қоңыр. Аю – жұмсақ ойыншық. Мен оны ұқыпты таза ұстап ойнаймын. т.б.)

– Ойыншық жасалынуына қарай жұмсақ па, қатты ма, әлде созылмалы ма?Ал сол

ойыншыққа қандай мейірімді сөз айтасың?

– Балалар, бүгін қуыршақ Әйгерімнің туған күні екен.

– Әйгерімге сендер не сыйлағыларың келеді?

– Әйгерімнің туған күнін қалай жақсы, көңілді өткізуге болады.

– Кәне, шағын әңгіме құрайық.

Әңгіме құрау: «Қуыршақ Әйгерімнің туған күні» (Сөйлеуді дамыту дәптері). Балалар

ауызша әңгіме құрап айтуға тырысады.

Мақсаты: ауызша өз ойларын жеткізе білу.

Шарты: сөйлеуді дамыту дәптеріндегі тапсырманы орындау арқылы, әңгіме құрау.

Мысалы: Әйгерім қуыршақтың туған күніне аю келді. Аю Әйгерімге өзінің сүйікті тағамы

– бал сыйлады. Оны көрген Әйгерім қатты қуанды.т.б. (дәптермен жұмыс жасау).

Сергіту жаттығуы.

Ал, балалар, тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Оңға қарай иіліп,

Солға арай иіліп.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз тынығып алайық.

(Сергіту жаттығуын қимыл-қозғалыс арқылы орындайды).


ІІІ.Қорытынды: Әңгіме құрағанда толық сөйлем құрауға тырысады. Ойыншықтарды ұқыпты ойнау

керектігін айту. Балалар тәрбиеші сөзіне зейін қойып, орындауға тырысады.







Тексерген Сатпаева.Г

Күні,айы жылы:











Күні,айы,жылы: 27 қазан 2020 жыл

Білім саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Математика негіздері

Тақырыбы: : 2 цифры және санымен танысу.

Мақсаты

Білімділік: 2 саны және цифрымен таныстыру, 2 цифрының сандар қатарындағы орнын анықтау

Дамутушылық: 2 цифрын өзге цифрлардың арасынан таба алу қабілетін нығайту, өзіне таныс заттарды көлеміне, ұзындығына қарай (ұзын,(қысқа) саластыра алу дағдыларын дамыту.

Тәрбиешік: Геометриялық фигура-сопақша туралы өткенді пысықтау, оны өзге фигуралардың арасында табу.

Қөрнекілік-құралдар: Жұмбақтар шешу. Цифр таңбасымен танысу, сұрақ – жауап.

Оқу қызметі:

І. Ұйымдастырушылық: едагог балаларды жылулық шеңберіне жинайды. Мен сендерді шаттық шеңберіне шақырамын. Кәнеки, бірге қайталайық. Кел, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Қабақ түйген не керек?

Көңілді боп жүрейік.

Өткен оқу іс-әрекетін қайталау.

1 санын қайталайды. Суреттер арқылы қияр -1, қызынақ, баялды, кәді, тәтті бұрыш)

Ой қозғау. Санамақ жасыру.

Далада жүрген сиырдың,

Іші пысты, жалықты.

1 сиыр келіп қасына,

Қатары оның толықты.

Далада неше сиыр жайылды?

ІІ.Негізгі бөлім: Бүгінгі оқу іс-әрекетінде «2 цифры және санымен танысу.

Қысқа , ұзын . Сопақша (өзге фигуралардың арасынан табу) тақырыбымен танысамыз. Фигуралардың арасынан сопақша пішінді, ұзын-қысқа заттарды жинақтау. «Флипчарт» қолдану.

Мына үй жануарларының ішінен қай жануар екеу болып тұрғанын айтамыз. Қой -2, шошқа-2 т.б.

Тәрбиеші жұмбақ- өлең оқиды;

Басында бар ілмегі,

Ортасында тірегі.

Толқып қанша жүрсе де,

Тұрады екінші үнемі «2 саны» Суреттерге қарап сұраққа жауап береді.

2 затты топтастыру

Жұмыс дәптеріндегі №1 тапсырманы орындатады.

«Басқа цифрдың ішінен 2 цифрын қызылмен, 1 цифрын көк түспен қоршау»

Ойын: «Кім көп біледі?» 1 және 2 сандарына байланысты заттарды топтастыру. Сопақша пішінді заттарды табу. Жұмыс дәптер №2 тапсырма. Сергіту сәті «Санамақ» орындатады. Бейнеролик «Әли мен Айя»- Санамақ - YouTube[via torchbrowser.com]

Біз ботақан екеуміз,

Есептеуге бекенбіз.

Ақтөс келіп қосылса,

Үшеу болып кетеміз.

Бір ауылда бірге өскен,

Бар қызықты бір кешкен.

Көжек ,бота, Аянмен,

Біз нешеуміз Ақтөспен.

Жұмыс дәптер № 3 тапсырманы орындатады.

Жеке жұмыс жүргізеді.

Сөздік жұмыс: 2 саны, сопақша, ұзын-қысқа.







ІІІ.Қорытынды: оқу іс-әрекетінде өзін –өзі бағалау, және атқарған жұмысқа баға беру. Тәрбиеші балаларды мадақтайды.

-Біз қандай цифрмен таныстық?







Тексерген Сатпаева.Г

Күні,айы жылы:









































Күні,айы,жылы: 13 қазан 2020 жыл

Білім саласы: Денсаулық

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Дене шынықтыру

Тақырыбы: «Шыбынбике мен Шыбынгүл»

Мақсаты

Білімділік: .Мырза Әлидің аудармасы бойынша жазылған «Шыбынбике –Шыбынгүл» ертегі өлеңінен үзінді жаттау.

Дамутушылық: Адамгершілік қасиеттерін дамыту.

Тәрбиешік: Арқан арқылы секіруге жаттықтыру; өз-өзін уқалауға жаттықтыру.

Қөрнекілік-құралдар: әр балаға секіртпелер, ұзын секіртпе, арқан.

Оқу қызметі:

І. Ұйымдастырушылық:

Саламатсыздарма балалар!

1.Секіртпемен орындалатын ЖДЖ

2.Арқан арқылы секіру.

ІІ.Негізгі бөлім:

.Қ. Мырза Әлидің аудармасы бойынша жазылған «Шыбынбике -Шыбынгүл» ертегі-өлеңінен үзінді жаттау.

Кейіпкерім бүгінгі- Шыбынбике-Шыбынгүл.

Күн шыққанда, бұлт ауып,

Алды жолдан пұл тауып

Базарыңнан сәл ауыр

Сатып алды самауыр.

«тарақандар келіңдер!

Қонақ болып көріңдер».

Тарақандар қаптады,

Шайын оның мақтады.

4.Самаурын жаттығуы

«Арқан тартыс» «Өрмекші» жаттығулары

«Жылауды» имитациялау.

«Өрмекшінің жауыздығы» Шыбынбике-Шыбынгүлді байлап-матауын көрсету.

Жаттығуларды нұсқау бойынша орындайды.

Өлең жолдарын бірнеше рет хормен қайталап, жатқа айтады.

Бір орында секіру, отырып тұру,

Біресе оң жаққа, сол жаққа еңбектеу.

ІІІ.Қорытынды: Құлақтың ішіне өз-өзіне массаж жасату.Алақанмен құлақтарын уқалайды











Тексерген Сатпаева.Г

Күні,айы жылы:



























Күні,айы,жылы: 14 қазан 2020 жыл

Білім саласы: Шығармашылық.

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Мүсіндеу

Тақырыбы: «Жолдағы кірпі»

Мақсаты

Білімділік: Алаларға кірпі туралы мағлұмат беру

Дамутушылық: Ермексаз бен шырша қылқандарын пайдаланып, кірпі пішінін жасауды меңгерту.ермексазды алақан арасына салып домалақтай алу тәсілін үйретуді жалғастыру, тілдерін дамыту

Тәрбиешік: Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру.

Қөрнекілік-құралдар: Кірпінің суреттері, ермексаз, тақтайша, шырша қылқандары, сулық, үлестірмелі материал, ойыншық қоян.

Оқу қызметі:

І. Ұйымдастырушылық:

Тәрбиеші балаларға орманнан ақылды ақ қоян келгендігін, ол өзінің досы туралы балаларға жұмбақ жасырғысы келіп тұрғанын айтады.

Бір мақұлық бар екен төрт аяқты,

Доп – домалақ, арқасы мың тікенді.

Ашуланса аяғын көрсетпейді,

Көресің көз салсаң бір ғажайыпты.

Балалар қоянмен сәлемдеседіБалалар да өздерінің достары жайлы әңгімелейді.

Балалар жұмбақтың шешуін табады.

Жауабы: кірпі.

ІІ.Негізгі бөлім:

Сөздік жұмыс:ғажайып.

Қоян шынымен кірпімен дос екенін айтады.

Тәрбыиеші балаларға иллюстрациялық суреттерді көрсете отырып, кірпі туралы мағлұмат береді.

Кірпі – жабайы, ол орманда өмір сүреді.

Қыс бойы жергетүскен қалың жапырақ астында ұйықтап жатады. Кірпінің денесі тікенекті болады, төрт аяғы, екі көзі мен құлағы бар. Жауын көрсе, аяқ –қолын жинап домалана қалады.

Кірпі денесінің сипатына талдау жасалынады.

-Балалар, кірпіні мүсіндесек қайтеді?

-Кірпіні мүсіндеу үшін ермексаздың қандай түсін аламыз?

Қостілділік компонент:жол – дорога, кірпі – ежик.

Сергіту сәті

Ал, балалар, тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Оңға қарай иіліп,

Солға қарай иіліп,

Жоғары-төмен қарайық,

Орнымызды табайық. -Алдымен ермексазды алып, оны домалақтаймыз. Домалақ бөлшекті сопақша пішінге келтіреміз.

Созу арқылы тұмсығын шығарамыз. Кішкентай дөңгелектер жасап, тұмсығының үстіне, көзінің орнына жапсырамыз.

Тікенектерін шырша қылқанынан жасаймыз.Тікенектер ермексазға оңай қадалады.салмайды

-Шырша қалқандарымен жұмыс қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз керек?

-Кірпі көбіне қай жерлерде болады?

Балалардың назарларын қолдарына үлестіріп берген сюжетті суретке аударады.

-Суретте не бейнеленген?

-Орманның ішіндегі жолды көрдіңдер ме?Жасаған кірпілеріңді осы жолға орналастырыңдар.Балалар мен жеке жұмыс жүргізеді.

Қайталайды: ғажайып.

Балалар кірпі суреттерін тамашалап,ол туралы өздерінің білгендерін баяндап береді.

Тәрбиешіні тыңдайды, жауап береді.

-Кірпінің денесі сопақша болады.Денесінен кішкентай тұмсығы шығып тұрады.Аяқтары кішкентай. Қалың тікенінеңа аяқтары көрінбейді.

Мүсіндеуге ынта білдіреді.

-Сұр немесе қара түсеі ермексазды аламыз.

Балалар қайталайды. Балалар педагогпен бірге іс – қимылды қайталайды

ІІІ.Қорытынды: Балалар, кірпі бұл жолмен қайда бара жатыр деп ойлайсыңдар?

Ормандағы кірпі туралы өздерің шығып әңгіме құрастырып көріңдер.

Қоян балаларға ризашылығын білдіреді.

Балалармен қоштасады.

Кірпі орманға бара жатыр.

Балалар өздері құрастырған әңгімелерін айтады.

Қуаныштарын білдіреді.

Қоянмен қоштасады.









Тексерген Сатпаева.Г

Күні.айы жылы:



















Күні,айы,жылы: 14 қазан 2020 жыл

Білім саласы: Таным.

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қоршаған ортамен танысы

Тақырыбы: «Үй жиһаздарының»

Мақсаты

Білімділік: Үй жиһаздарының ерекшеліктері, қандай материалдан жасалғандығы, күнделікті тұрмыста пайдаланылуы, қажеттілігі туралы айтып беруге үйрету.

Дамутушылық: Қойылған сұрақтарға жауап беру дағдыларын дамыту.

Тәрбиешік: Жиһаздарды жасаған адам еңбектері түсінік бере отырып, олардың еңбектеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу

Қөрнекілік-құралдар:

Оқу қызметі:

І. Ұйымдастырушылық:

Шаттық шеңберіне тұрып, бір- бірлеріне жақсы көңіл күй тілейді.

Біз ұқыпты баламыз

Айтқан тілді аламыз

Үлкендерді сыйлаймыз

Киімдерді шашпаймыз

Әдемілеп реттеп

Ілгішке іліп қоямыз

Аяқ киім шаң болса

Тазалап оны қоямыз

Едендегі шаңдарды

Шаңсорғышпен сорамыз

Біздің қолда он саусақ

Бәрі іске жарамды

ІІ.Негізгі бөлім:

- Мен бүгін балабақшаға келе жатып, сандық тауып алдым. Бұл сандықта біреу хабарлама жіберген секілді. Қараңдаршы балалар мұнда ақылды қонжық бар екен. Қане тындап көрелік.

Аю: — Сәлеметсіңдер ме балалар? Мен кішкентай қонжықпын. Мен орманда тұрамын.

-Ал сендер қайда тұрасыңдар?

- Ал үйлерінде, бөлмелерінде нелер бар?

Тәрбиеші бөлме бейнесінің суретін көрсетеді.

— Иә, қонжық осындай жиһаздар әр үйде тұр.

Қонжық: — Ал менің үйімде ешқандай жиһаздар жоқ. Менде осындай ыңғайлы жиһазды қалаймын. Бірақ білмеймін қандайын таңдап алайын. Сендер маған көмектесесіңдер ме?

Тәрбиеші: — Балалар, қонжыққа жиһазды таңдап алуға көмектесеміз бе? Жиһаздар дүкеніне барайық.

Желілі рөлді ойын: «Жиһаздар дүкені»

Күзетші Дидар:Сәламетсіздар ме?

Қош келдіңіздер!Сөмкелеріңізде артық зат жоқ па?

Жарнама: Алуа: Біздің дүкенде әр елден әкелінген жиһаздарға жеңілдіктер жасалуда.Мына бөлмеде Польшаның жиһазы,

ал екінші қатарда Иранның жиһазы,ал соңғы бөлмеде өзіміздің Қазақстанның жиһаздары. Көріп таңдап алуларынызға болады.

Сатушы Мадина: Сәламетсіздар ме? Қош келдіңіздар, Келіңіздер қандай жиһаз таңдап жүрсіздер?

Сатып алушылар: Рахмет біз жаңа үйге жиһаздар қарап жүрміз.

Сатып алушы Сания:Өте әдемі жиһаздар екен!

Сатып алушы Мира:Польшаның жиһаздарының түстері әдемі екен, маған ұнап тұр

Сатып алушы Нейла:Иранның жиһаздары бағалары қымбат екен!

Сатып алушы Жалғас: Қазақстанның жиһаздары өте мықты әрі сапалы екен.

Сатып алушы Жалғас: Бізге Қазақстанның жиһаздарын берініз,менің әжем өз еліміздің жиһаздарын ұнатады маған әрдайым отандық өнімдерді қолда деп жүретін ,сондықтан біз осы жиһаздарды тандаймыз, бізге осылар ұнады.

Сатып алушы Жалғас:Несиелік картамен төлесем бола ма?

Сатушы Мадина: Әрине болады.

Сатушы Мадина:Рахмет, сау болыңыз!

Сергіту сәті:

Қонжықтар орманда тұрды,

Бастарымен бұлай бұрды

Қорбан, қорбан жүрді

Көлден су ішті

Қонжықтар бал іздеп

Ағашты шайқады

Былай-былай шайқады

Кейін қолдарын көтеріп

Би биледі шаттана.

2. – Балалар, қонжық бұл жиһаз заттарын есіне сақтау үшін ойын ойнайық. Мен сендерге жұмбақ жасырамын, ал сендер жауабын табыңдар.

Төрт аяғы болса да,

Етік киіп көрмеген.

Жалқаулығы соншама,

Аттап шықпас бөлмеден. (үстел)

Мен жәйлімін, жұмсақпын,

Мені табу қиын емес-

Ұнатады әжелер мен сәбилер

Отыруға, жатуға.(Диван)

Кеш батты, шаршадың сен, ұйқың келді

Ұйқы бөлмеде күтіп тұр сені … (Кереует)

Адам жоқ, салмақ салмаған, Орны жоқ, кезіп бармаған.

Тізе бүкпей әлі тұр,

Сонда да таяғы талмаған. (Орындық)

Қызықты тапсырмалар:

Дидактикалық ойын: «Артық затты тап»

Шарты: берілген суреттердің ішінен артық затты қоршап сызу.

Дидактикалық ойын: «Жиһаздар»

Шарты: жиһаздарды санау, және сол санға сәйкес санамақ айту.

Үстел үсті ойыны: «Көлеңкесін тап»

Шарты: берілген жиһаздардың көлеңкесін тауып орналастыру және оны атау.

Аю, сен есіңе барлығын сақтап алдың ба?Жарайсың! Балалар да өте ақылды. Жарайсыңдар! Қонжыққа көмектестіңдер.

ІІІ.Қорытынды: -Балалар біз бүгін не істедік?

- Қонжыққа қандай көмек көосеттік?

-Жиһаздың қандай түрлері бар екен?

-Жиһаздар неден жасалады?

-Жиһаздарды қайда орналастырдық?

-Қандай бөлмелердің жиһазын таңдадық?

-Ас бөлмесінің жиһазының түрлерін атандаршы?

-Жатын бөлмеге жиһазының түрлерін атандаршы?

-Қонақ бөлмеге қандай жиһаздар қойылады?

Бүгінгі оқу қызметте жақсы қатысқандарын үшін, сіздерге көңілді күй сыйлаймын.





Тексерген Сатпаева.Г

Күні,айы жылы:













Күні,айы,жылы: 15 қазан 2020 жыл

Білім саласы: Шығармашылық.

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сурет салу.

Тақырыбы: «Орамалды әшекейлеу.»

Мақсаты

Білімділік: Балаларды шаршының ішіне өрнектерді дұрыс орналастыра білуге жаттықтыру.

Дамутушылық: Ою- өрнектермен әшекейлей білуге үйрету, ұлттық сәндік қолданбалы өнерге деген қызығушылықтарын дамыту.

Тәрбиешік: Қазақтың ұлттық ою өрнегінің бірі “омыртқамен” таныстыру, оның суретін салу жолдарын меңгерту эстетикалық сезімдерге тәрбиелеу.

Қөрнекілік-құралдар: сурет дәптер, бояу, қылқалам, су, сүлгі.

Оқу қызметі:

І. Ұйымдастырушылық:

Балалар бір -біріне деген жылы тілектерін айтады. Қонаққа әже келеді. Балалармен амандасып, қазақтың ұлттық киімдері туралы сұрақтар қояды. Орамал қазақтың ұлттық қиімдеріне жататыны туралы әңгімеледі.Тәрбиеші қазақтың ұлттық ою- өрнектерін балалардың естеріне түсіреді (киімдердегі ою- өрнекткрді көрсетіп, сұрақтар қояды).

ІІ.Негізгі бөлім:

Қазақтын ұлттық оюының бірі “омыртқамен” таныстырады. Сергіту сәті: Ауада екі қолмен үшбұрыштар жүргізе отырып “омыртқа” өрнегін салады. Тәрбиеші балалардан әженің орамалын ою- өрнекпен әшекейлеп беруді сұрайды. Сұрақ- жауап әдісімен қандай ою- өрнек салуды анықтайды.Балалар қалаулары бойынша бояу таңдап алып, “омыртқа” өрнегін салуға кіріседі. Үшбұрыштарды салу арқылы “омыртқа” өрнегімен әжеміздің орамалын әшекелейміз. Шаршы пішінді орамалдың суретін қылқаламмен салып аламыз, содан кейін орамалдың ішіне нүктелердің көмегімен ою саламыз, нүктелер арқылы салынған өрнегімізді бояумен әдемілеп бояймыз. Міне, біздің әжейге арнап салған орамалымыз әшекейлі және әдемі болып шықты.

ІІІ.Қорытынды: Көрме ұйымдастыру. Жарайсыңдар, “омыртқа” өрнегіміз неге ұқсайды, балалар? Әженің риза болғанын. Балаларға үлкен алғыс айтқанын айтып, көңілдерін көтеру, мақтау. “ Орамал тастау” ойынын ұйымдастыру.

Тексерген Сатпаева.Г

Күні,айы жылы:























































Күні,айы жылы: 16 қазан 2020 жыл

астырылған оқу қызметі:Дене шынықтыру

Тақырыбы: «Тепе-теңдік сақтау жаттығулары.»(Қайталау)

Мақсаты

Білімділік: Гимнастикалық орындықта тепе-теңдік сақтау жаттығуларын орындау.

Дамутушылық: Ептілікті, қимыл-қозғалыс әрекетін дамыту.

Тәрбиешік:. Төзімділікке, өзара достыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.

Қөрнекілік-құралдар: гимнастикалық орындық, ұшақ (қағаздан жасалған).

Оқу қызметі:

І. Ұйымдастырушылық: 1. Сапқа тұрғызу.

2. Салемдесу.

3. Сабақтың өтілуін түсіндіру.

4. Саптағы бұрылулар.(оңға,солға,кері).

Бой қыздыру жаттығуларын орындату.



ІІ.Негізгі бөлім: Б.қ. қол белде, аяқ иық көлемінде, басты артқа, алға, оңға, солға алға бұру

.Б.қ. негізгі тұрыс, қолды алға созып айқастыру, 1-2оңға, 3-4 солға.

Б.қ. қол кеуде тұста, 1-2 алға, 3-4 жанға қолды ашып сермеу.

Б.қ. қол белде, 1-2оңға 3-4 солға бүгілу

Б.қ. 1-сол аяққа еңкейеміз, 2-ортаға еңкею,

3-оң аяққа еңкею, 4- бастапқы қалыпқа келеміз.

Б.қ. қол белде, аяқ иық көлемінде.

1-қол жоғарыда артқа шалқаю, 2-алға еңкею,

3-қол алдында отыру, 4-негізгі тұрыс.

Негізгі тұрыс бір орында отырып тұру.

1. Жүру.- аяқтың ұшымен қол жоғарыда

- қол желкеде, өкшемен жүру

- отырып жүру

2. Жүгіру.

- баяу жүгіріс

- сол жақ иықтан секіре жүгіру

- оң жақ иықтан секіре жүгіру

- қиылысты жүгіріс, жылан жүгіріс.

Тепе-теңдікті сақтауға арналған жаттығулар гимнастикалық орындықтың үстінде орындалады.

- гимнастикалық орындық үстінен қолды екі жаққа соза алға, артқа жүріп өту;

- сол аяқпен бір адым ілгері аттап, сол аяқты алға соза тізені бүгіп отыру және екі қолды екі жаққа созу.

-екі оқушы «қыл көпірдің» (гимнастикалық орындық) үстінде қарама-қарсы келе жатып екеуі де құлап қалмай өтіп кету үшін, қарсы келген екі оқушы бір-бірін иығынан немесе белінен ұстап, оң аяқтарын орындық үстіне қарма-қарсы қойып, оңға айнала бұрылып, сол аяқтарымен әркім өз бағытына қарай жүріп кете беру; б.қа келу.

ІІІ.Қорытынды: Орындық үстімен жүріп келе жатып, допты лақтырп қағып, алу;1. Бүркіт ойыны.

2. Ұшақ ойыны.





Тексерген Сатпаева.Г

Күні,айы жылы:















Күні,айы,жылы: 16 қазан 2020 жыл

Білім саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Жаратылыстану

Тақырыбы: Алтын жапырақ төккен күз

Мақсаты

Білімділік: Күз мезгіліндегі табиғат құбылыстарын (жапырақтардың түсуі) бақылау, бақылау нəтижелерін табиғат күнтізбесіне түсіре білу дағдыларын қалыптастыру.

Дамутушылық: Табиғат құбылыстарына танымдық қызығушылықтарын ояту.

Тәрбиешік: Достық қарым-қатынастарын, табиғатқа деген қамқор көзқарасын тəрбиелеу

Қөрнекілік-құралдар: тақырып бойынша иллюстрациялық материалдар, əліппе-дəптер, бояу қарындаштар, ағаштан түскен күзгі жапырақтар, үлкейткіш шыны, интерактивті құралжабдық.

Оқу қызметі:

І. Ұйымдастырушылық:

Тәрбиеші өлең оқып, оқу қызметіне жағымды көңіл күй қалыптастырады.

Сары жапырақтар жауғанда

Күзде жауын. Бұлт. Тұман,

Сары жапырақ жауады:

Сары құйын ұйтқыған

Сапырады ауаны.

Бұрыннан бар білімді еске үсіреді.

Жұмбақ шешуді ұсынады:

Ағаш толған сары шымшық,

Сілкіп көрсең, түседі ұшып.

(Жапырақ)

ІІ.Негізгі бөлім:

Тәрбиеші суретшілерге де күздің ұнайтынын хабарлайды, олар орман, көгөністер мен жемістер, саңырауқұлақтар, гүл шоқтары –күздің басқа да ғажайыптарын суреттерінде бейнелегенді жақсы көреді (əңгіме барысында «Күз» тақырыбында салынған картиналарды көрсетуге болады).

Өзекті сұрақ: Неліктен суретшілер бұл жыл мезгілін «алтын күз» деп

атайды? Алтын күзді жарқыраған ашық күндері, алтын жəне қызыл күрең түске малынған əсемдігі үшін жақсы көреді.

Сергіту сəті

Педагог «Жапырақ қалай түседі?» тəжірибесін жасауды ұсынады.

Серуенге шыққанда ағаш жапырақтарының жерге түсуі əртүрлі екенін байқадыңдар. Қай жапырақтың тез түсетінін, қайсысының баяу түсетінін, қайжапырақтың қалықтауы əдемі кенін анықтау үшін, тəжірибе.Бұл күз мезгілі екенін айтады. Ағаштардың түсі сары, қызыл, қызғылт сары түске боялған. Кейбір ағаштарда жапырақ мүлде жоқ, ал кейбірі əлі сары киімін шешкен жоқ.Жапырақтарды зерттейді. Əр ағаштың өз жапырағы бар екенін айтады: əр ағаштың жапырағының беті əртүрлі – қайыңдікі –қатпарлы, бұжыр, ал үйеңкінікі – тегіс. Олардың пішіні, түсі, өлшемі əртүрлі. Тәрбиеші жетекшілігімен зерттейді.Сабақ – жапырақты бұтақпен жалғастыратын бөлік. Бұдан соң жапырақтың үстіңгі бетін қарастырады. Жапырақтың үстіңгі бетінің түсі қоюлау болады.Жапырақты аударып, оның төменгі бетін зерттеген кезде, бұған көз жеткізеді. Жапырақтың шетін қарастырады. Жапырақтың ұшы үшкір немесе домалақ болады.Күз желі ызғарлы,

Гүлдерді солдырды.

Жапырағын түсіріп,

Ағаштарды тоңдырды.

«Жапырақ» (қимылмен көрсетеді)

Тақ-тақ-тақ,

Біз айтамыз тақпақ.

Рақ-рақ-рақ,

Күзде түсер жапырақ.

Қол-қол-қол,

Күзде егін мол.

Тоқ-тоқ-тоқ,

Шыбын-шіркей жоқ.

Қолдарына жапырақты алып, қолын жоғары көтереді де, жапырақты тастай салады. Жапырақ жерге түскенше, оны мұқият бақылайды. Содан кейін жапырақтың жерге баяу немесе тез түскенін айтады. Ол тік түсті ме əлде ауада айналды ма жасап көрейік. Бұл тəжірибені қандай қорытынды жасауға болады? Ірі жапырақтар баяу түседі, көп айналмайды. Ал кішкентай жапырақтар жерге тез түседі, көп айналады. Дидактикалық ойын ұйымдастырады «Қай ағаштың жапырағы?»

ІІІ.Қорытынды: Тәрбиеші қорытынды жасайды. Рефлексия əдістерінің бір тəсілін қолданады: түрлі сигналдық кеспеқағаздар – жапырақтар пайд





Тексерген Сатпаева.Г

Күні,айы жылы:





































Күні,айы,жылы: 26 қазан 2020 жыл

Білім саласы: Вариативтік компонент

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Дидактикалық ойындар

Тақырыбы: «Кімге не керек»

Мақсаты: Түрлі мамандықтың еңбек құралдарын танып айта білуге үйрету

Қөрнекілік-құралдар: Әртүрлі мамандыққа қажетті құрал-жабдықтар бейнеленген карточкалар.

Ойынның шарты: Тәрбиеші тақтаға әр түрлі мамандық иелерінің суретін орналастырады.Үстел үстінде мамандықтарға қажетті құрал жабдықтар бейнеленген кәртішкелер. Тәрбиеші осы бейнеленген кәртішкелерді сәйкестендіріп, өз мамандық иелерінің қасына орналастыру керектігін түсіндіреді.

М/ы: тігіншіге-ине,құрылысшыға-қалақ, мұғалімге-кітап т.б





Тексерген Сатпаева.Г

Күні,айы жылы:



























Күні,айы,жылы:30 қазан 2020 жыл

Білім саласы:Денсаулық

Ұйымдастырылған оқу қызметі:Дене шынықтыру

Тақырыбы: :«спорттық мереке»

Мақсаты

Білімділік: Салауатты өмір салтын ұстануға баулу.Спортқа деген қызығушылығын арттыру.

Дамутушылық: .Балалардың икемділігі мен ептіліктерін, шапшаңдылық қабілеттерін дамыту. 

Тәрбиешік: Әр түрлі спорттық ойын түрлерімен танысу, тәсілдерін меңгеру


Қөрнекілік-құралдар: ойындарға арналған шарлар,



Оқу қызметі:

І. Ұйымдастыру бөлімі: 1. Сапқа тұрғызу.

2. Салемдесу.

3. Сабақтың өтілуін түсіндіру.

4. Саптағы бұрылулар.(оңға,солға,кері).

Бой қыздыру жаттығуларын орындату.



ІІ.Негізгі бөлім: 1. «Көңілді әуе шарлар» ойыны. 2. «Кім ұқыпты» ойыны. 3. «Түйілген орамал» ойыны. 4. «Күлімде, Күн» ойыны. 5. «Шынығайық шымыр болайық» ойыны. — Балалар екі қарсылас топ бір-бірлеріңе сәлемдемелеріңді жолдаңдар.

Сайысымызды бастаймыз. 1-ші кезең. «Көңілді әуе шарлар» ойыны. Ойын шарты: әуе шарларын қолымызға ұстап, кеглилердің арасымен өтіп, межені айналып, қайтарда жүгіп келу. – Бәркелді балалар не деген шапшаңсыңдар.! 2-кезең. Келесі ойынымыз «Кім ұқыпты».

Шартымен таныстырып өтейін: шығыршықтан секіріп, жерде жатқан көбелектерді жоғарыда тұрған гүлге оралған жіпке, аяқтың ұшы көтеріп, қолдарымызды созып қыстырғышты ашып ілу.

-Өте тамаша балалар! 3-ші кезең. «Түйілген орамал» ойыны. Ойын шарты: шығыршықтан ортасынан өтіп, отырғыштың үстінен түйілген орамалды алып келу. Әділқазы алқасы әділ бағаларыңызды берсеңіздер! 4-ші кезең. Ойнайық та, ойлайықта ойнайық, Күшімізді көрсетейік, сынайық –деп «Күлімде Күн» ойынын ойнайық. Шарты: Кубиктердің арасымен өтіп, шеңберге, шашылып жатқан таяқшалардан күн бейнесін құрастыру. -Жарайсыңдар балалар қандай әдемі Күн!

5-кезең. «Шынығайық шымыр болайық» ойыны. Ойын шарты: мына қолымыздағы күрекке салынған допты жерге түсірмей шапшаң шелектің ішіне түсіреміз. -Балалар сендер бүгінгі спорттық ойынға белсенді атсалыстыңдар. Ендігі кезекті әділ-қазы алқасы сіздерге сөз берейін. ІІІ.Қорытынды: Балалар жеңістерін құтты болсын. Осымен спорттық ойын-сауығымыз тәмәмдалды. Басымыз аман, бауырымыз бүтін болсын! Келіп тамашалағандарыңызға рахмет


Тексерген Г.К.Сагпазова

Күні,айы жылы:

































Күні,айы,жылы:29 қазан 2020 жыл

Білім саласы:Денсаулық

Ұйымдастырылған оқу қызметі:Дене шынықтыру

Тақырыбы: «Командалық ойындар»

Мақсаты

Білімділік: :балалардың дене шынықтыруға деген ынтасын қалыптастыру

Дамутушылық: Жүгіру, секіру түрлерін түсіндіру

Тәрбиешік: Тазалыққа үйрету



Қөрнекілік-құралдар: скалкалка, обруч, доптар

Оқу қызметі

І. Ұйымдастыру бөлімі: Балалар біздер саяхатқа шығамыз, жаттығу жасауға , дем алуға, денемізді шынықтыруға қолайлы табиғат бөлігіне барамыз.

Кел, балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Қабақ түйген не керек,

Көңілді болып жүрейік!

ІІ.Негізгі бөлім: Қане балалар енді саяхатымызды қызықты болу үшін ,кедергілерден өтуіміз керек.

1. ағаштан қорғанып өтеміз 2. бөренеден аттап өтеміз 3. ал,енді жаттығу жасауға кірісеміз

Дамыту жаттығулары.

1. Н.Қ. аяқ алмақ, қол төменде, қолды алға, артқа сермеу. (3-рет)

2. Н.Қ. бастапқы қалпында қол белде, отырып , тізені ұстау, тұру, бастапқы қалпына келу. (5-рет)

3. Н.Қ. отыру, қол артта, аяға еңкею, фяқтын ұшына қолын тигізу. (4-рет)

4. Н.Қ. жерге жатып, қолды тұзу үстау, аяқты бүгу.(4-рет)

Ал ,балалар енді ауланы айналы ақырын2рет,қатты2рет айналып жүгіреміз.

ІІІ.Қорытынды: Балалар қалай ,көңіл-күйлерің көтерілдіме? Неден деп ойлайсыңдар?Жалқаулыққа орын барма? Балаларды мадақтау



Тексерген Г.К.Сагпазова

Күні,айы жылы:













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 қаңтар
410
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі