400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Көңілді тапқырлар

Материал туралы қысқаша түсінік
Сайыс сабақ, түзетушілік, дамытушылық , тәрбиелік
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: « Көңілді тапқырлар»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Жан-жақты ақпараттануға, алған білімдерін өмірде қолдана білу шеберліктерін арттыруға үйрету. Түзетушілік: Тапқырлық, шапшаңдық, дарындылық, зейінділік, есте сақтау, ойлау қабілеттерін шыңдау, Байланыстырып сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын молайту. Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, достыққа, өзін-өзі тануға, айналасындағы ортамен қарым-қатынас жасауға, бірлесіп жұмыс жасай білуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын Сабақтың көрнекіліктері: тыныс алу құралдары, плакат, доптар, стакандар, саусақ жаттығулары, түрлі-түсті қағаздар, желім

Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру кезеңі: - сәлемдесу - Ширату жаттығулары: -Сен күштісің, -Сен мықтысың, -Сен сабағыңды беске оқы -Жарайсыңдар оқушылар -Бүгінгі күнімізге сәттілік

II Тыныс алу жаттығулары:

«Көпіршіктер»- мұрынмен терең тыныс алып , түтікшенің көмегімен түрлі түсті көпіршіктерге үрл «Кеме»- мұрынмен терең тыныс алып , ауызбен демді шығара отырып кемелерге үрлеу.

Оқушыларды топқа бөлу: «Сұңқар», «Тұлпар» Сайысымыз 4-кезеңнен тұрады: 1-кезең: «Түстерді сандарға сәйкестендір» - Ал балалар, сендерді сайысымыздың кезеңдерімен таныстырып өттім. Сайысымыз 4 бөлімнен тұрады.Олай болса, сайысымызды бастайық.

1-кезең: «Түстерді сандарға сәйкестендір» Мақсаты: Оқушыларға түстерге жапыстырылған сандар берілген. Балалар берілген сандарға қарай отырып бос дөңгелекшелерді түстерге толықтырады.

2-кезең: «Сөз ойла тез ойла»

Мақсаты: Оқушыларға карточкада жазылған буындар берілген. Оқушылар берілген буындардан жылдам бірнеше сөз құрау қажет.

3-кезең: «Мамандық құралдары»

Мақсаты: Оқушыларға дөңгелекшелерге жабыстырылған мамандық суреттері және түрлі түсті қыстырғыштарда көрсетілген мамандық құралдары берілген. Оқушылар әр мамандықтың қажетті құралдарын тауып, қыстырғыштарды қыстырып шығулары қажет.

III Сергіту сәті:

Оқушылар түрлі түсті доптарды дөңгелекшелерге дәлдеп лақтырады. Қай команда көп допты жинақтайды, сол команда жеңіске жетеді

4-кезең: «Кім тапқыр» Мақсаты: Оқушыларға сандар жазылған стақандар беріледі. Оқушылар пирамида әдісі бойынша қағазда берілген есептерді шығарып, жауаптарын стакандарда жазылған сандардан сәйкесін тауып, пирамиданы құрайды.

IV Қол-қимылын дамыту: «Гүл шоқтарын жасау» (желіммен түрлі-түсті қағаз және чупа чупс тәттілерінен гүл шоқтарын жасау)

V Сабақты қорытындылау: - Балалар сабақ сендерге ұнады ма? - Қандай тапсырмалар ұнады? VI Бағалау: мақтап, мадақтау( гүл күлтешелерін санау арқылы жеңген топты анықтау).

































.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
14.01.2025
230
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі