Тақырыбы:
«Көңілді, тапқырлар сайысы».
Мақсаты:
оқушылардың
ой-өрістерін дамыта отырып,
логикалық ойлау
қабілеттерін дамыту,
табандылықпен шешім қабылдауға,
оны дәлелдеуге
үйрету, биология пәніне деген қызығушылықтарын арттыра отырып,
логикалық
ойлау қабілеттерін дамыту.
Жүргізуші:
Құрметті ұстаздар
мен оқушылар! Математика
жаратылыстану – география айлығында
өткелі отырған
«Көңілді,
тапқырлар сайысына» қош
келдіңіздер!
Сайысқа 2 топ қатысады.
«Тапқыштар»
мен «Білгіштер».
Көңілді
тапқыштар, білгіштер
Бар өнерін
алдарына салады.
Кім білімді, көп
оқыған болса егер
Бүгінгі күн жеңімпазы
болады.
Екі топты сайысқа шақырамыз.
Сайысымыз мына
кезеңдерден тұрады.
І
кезең "Бәйге " кезеңі
ІІ.
кезең "Кім шапшаң "
ІІІ
кезең «Ойлан тап»
ІV
кезең. "Кім өнерлі"
V
кезең. «Кім тапқыр»
V
І кезең«Кім жылдам?».
Сайыскерлеріміздің біліміне,
шеберлігіне әділ
бағасын беретін әділ қазылармен
таныс болыңыздар:
1.
Айна Джанбулатовна
2.Ольга
Вячеславовна
3.Бағлан
Шукурбековна
Сайыскерлерімізге
сәттілік тілей отырып,сайысымыздың
1–ші кезеңін бастаймыз.
І
кезең "Бәйге " кезеңі
Бұл
кезеңде әр топқа 6 сұрақтан қойылады,
әр дұрыс жауап үшін 5 ұпайдан беріледі.
1. Ұша
алмайтын құс (Пингвин)
2.
Ең
үлкен құс (Страус)
3.
Дүниежүзінде неше материк бар, атаңдар
. /Солтүстік, Оңтүстік Америка, Африка,
Еуразия, Австралия, Антрактида/
4.
Неше мұхит бар, атаңдар. /Тынық, Үнді,
Атлант, С. мұзды мұхит/.
5.
Қан беруші адам (Донор)
6.
Ересек адамда неше тіс болады (32)
7.
Тісті
емдейтін дәрігер (Стоматолог)
8.
Адамның жүрегі неше қуысты, салмағы
қанша /4, 300 г/
9.
Өзінің өмірін Тынық мұхиты аралдарының
жергілікті халқын зертеуге арнаған
ғалымдардың бірі /Миклухо – Маклай/.
10.
Солтүстік Америка мен Оңтүстік Американы
жалғайтын каналды атаңдар.
11.
Мен
көкөністік дақылдардың маңыздыларының
бірімін. Сыртқы келбетім қабыршақты
құрғақ, сары, ақ кейде күлгін түсті болып
келеді. Мені шұжық өндіруде, сүрлеме
жасауда, асқа дәм беретін зат есебінде
пайдаланады. Аршыған кезде көзді ашытып,
жылатады. Тұмау, жүрек жұмысын жақсартатын
дәрі ретінде қолданылады. (Пияз)
12.
Мен жылуды, ылғалды, жарықты және құнарлы
топырақты сүйетін дақылмын. Мені дәнді
ботқа, палау жасауға пайдаланады.
Қайнатпам - асқазан ауруына қолданылатын
тамаша дәрі. Мені өсіруден дүние жүзілік
рекорд жасаған Ыбырай Жақаев. Сонда мен
қай өсімдікпін? (Күріш)
ІІ.
кезең "Кім шапшаң " Әріптерден
өсімдік пен жәндіктердің аттарын құрау
тиіс.
нояқ
- қоян
ойқ
- қой
лүг - гүл
мала
- алма
жылқы - қыжыл
Көрермендерге
жұмбақ жасыру.
1.
Жазда жайнайды, күзде жайрайды.(жапырақ)
2.
Мойны сұрақ белгісі, бұл қандай көл
құсы.(аққу)
3.
Бұйра тұлымы желмен ойнайды, қызыл
мұрыны жерге бойлайды.(сәбіз)
4.
Құйрығы он қарыс, бұл айбатты...(жолбарыс)
5.
Айбат шегер алыстан, аң патшасы...(арыстан)
6.
Уылжыған албырт, дәмі ғажап...( алмұрт)
7.
Жер астында тұрағы, Қорегін жұтып
тұрады.
Сол
қоректің нәрінен, Жайқалады жапырағы.
(Тамыр)
8.
Жеп көріп ем өзін мен,
Жас
шығарды көзімнен. (Пияз)
9.
Жайлы, жұмсақ төсегім,
Домаланып
өсемін.
Қабат
- қабат тоным бар,
Қалай
оны шешемін? (Орамжапырақ)
10.
Төрт қанаты тым әдемі өрнекті,
Тоқымайды
бірақ олар өрмекті.
Ұшады
олар қанаттарын себелеп,
Оның
аты түрлі-түсті ... (Көбелек)
ІІІ
кезең «Ойлан тап» кезеңі
Бұл
кезеңде сайыскерлеріміз берілген
суреттерге байланысты мақал –мәтел
құрастыру керек.
Бір
жылға қоян терісі де шыдайды.
1.Қоян
көлеңкесінен қорқады.
2.
Судың да сұрауы бар.
3.Нөсер
алдында найзағай ойнайды.
4.
Қыз
өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі.
5.
Қораңда малың болсын, көшеңде …болсын
(талың
6.
Адам көркі шүберек,ағаш көркі .(.жапырақ
,лист)
7.
Мақтаның
анасы жер атасы су.
8.
Жалғыз кірпіш қорған болмас , жалғыз
ағаш орман болмас.
ІV
кезең. "Кім өнерлі"кезеңі
(әр
сайыскерге тапсырма беріледі, соны
образға еніп, қимылмен көрсету керек)
1.
Таңертең ерте тұрған қораз даусын
салу.
2. Гүлдің солуын қимылмен көрсет.
3.
Судан шығып қалған балық.
4. Шимпанзенің
қимылын көрсет.
5
Гүлдерді тозаңдандырып жүрген ара болу.
6.Ұзарып,
биіктеп өсіп келе жатқан ағашты
бейнелеңіз.
7.
Жүректің соғысын көрсет. Жел соққандағы
ағашты келтір.
8.
Бақаның жүрісін сал.
V
кезең. «Кім тапқыр» кезеңі. «Заттың
дәмін, иісін анықта».
Бұл
кезеңде әр топтан бір оқушыдан ортаға
шығып, көзін байлап дәм, иіс сезім
мүшелерінің қалай дамығанын анықтау.
Алма, мандарин, пияз, сәбіз, шырын, айран,
құрт, талқан.
VІ
кезең: «Кім жылдам?». Ойын.
1
топ – көкөністерді, 2 топ жемістерді
жинап кәрзенкеге салу.
Жүргізуші:
Бүгінгі
сайысымыз өз мәресіне жетті. Биік-биік
асулардан көрініп, тек жетістіктерге
жете берулеріңе тілек білдіреміз.
Қорытынды сөз кезегі әділқазылар
алқасына беріледі.
Әділқазылар алқасы
жеңімпаз топты анықтап, қорытындысын
шығарды. Жеңімпаз топ анықталды.
Қош,сау
болыңыздар!