400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 15 материал табылды

Көңілді тапқырлар сайысы:"Тапқыр достар"

Материал туралы қысқаша түсінік
9 сыныпта қазақ тілі мен әдебиетінен оқушылардың білімін сынайтын Көңілді тапқырлар сайысының жоспары қазақ тілі мұғалімдеріне ұсынылады
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Тапқыр достар»


Көңілді,білімді тапқырлар байқауы..9 «А»,«Б» сыныптар.


Мақсаты:қазақ тілінің білгірлері,көңілді тапқырларды анықтау, туған елін,тілін қадірлеуге тәрбиелеу,ұтқырлыққа баулу.

Сабақтың түрі:сайыс сабақ.

Көрнекілік,техникалық құралдар:интерактивтік тақта,сызба,сөздер.

Пәнаралық байланыс:қазақ тілі,қазақ әдебиеті,тарих.


Сабақтың барысы


Мұғалімнің кіріспе сөзі:

-Құрметті қонақтар,ұстаздар,оқушылар.

Мектебімізде «Қазақ тілінің онкүндігі» аясында әртүрлі іс-шаралар өткізілуде.Бүгін сондай іс-шараның бірі-9 «а» мен 9 «б» сыныптары

топтары арасында «Тапқыр достар» атты қазақ тілінің білгірлері мен тапқырларын анықтайтын сайыс өткізілмекші.

Сайыста оқушылардың білімін әділ қазы алқасы бағалайды:

-Әділ қазы алқасымен таныс болыңыздар:

Қазақ тілі мұғалімдері:Жанғожина Ж.М.Демешева А.Р.МолдабаеваГ.А.

-Сонымен сайысымызды бастаймыз.

1-сайыс:

«Сәлемдесу»

Мақсаты:өз тобының атын,ұранын таныстыру.

1-топ: «Ойшылдар»

Ұраны: «Біз ойшылдар боламыз,

Жарыста да озамыз»

2-топ: «Тапқырлар»

Ұраны: «Тапқырлар да қалыспас,

Сондықтан да сайыста

Біз де қарап қалмаспыз»

2-сайыс: «Сөз сандық»

Мақсаты:қазақ тілінің грамматикасына байланысты сөздерді дұрыс ,тез аудара білу.

1-топ: «Ойшылдар»

Дыбыс,сөз,дауысты,дауыссыз,жуан,жіңішке,әріп,буын,еріндік,езулік,ашық дауысты,қысаң дауысты,ашық буын,тұйық буын,қатаң,ұяң.

2-топ: «Тапқырлар»:

зат есім,сын есім,санесім,етістік,үстеу,одағай,шылау,

жалғау,жұрнақ,түбір,септік жалғау,бітеу буын,көптік жалғау,тәуелдік жалғау,жіктік жалғау.

3-сайыс: «Грамматикаңыз қалай?»

Мақсаты:қазақ тілі грамматикасы туралы білімдерін анықтау.

«Ойшылдар» «Тапқырларға» сұрақтар қояды:

  1. «Әліпби» қай тілден енген сөз?

  2. Қазақ тілінде неше дыбыс бар?

  3. Тасымал неге негізделеді?

  4. Сөз таптары нешеу?

  5. Дифтонг дыбыстар нешеу?

  6. Дауысты дыбыстар қанша?

  7. Жалғаудың неше түрі бар?

  8. Әрі жуан, әрі жіңішке сөз?

«Тапқырлар» «Ойшылдарға» сұрақтар қояды:

  1. «Фонетика» сөзі қай тілден енген сөз?

  2. Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?

  3. Екпін қай буынға түседі?

  4. Қазақ тіліне тән дыбыстар нешеу?

  5. Үндестік заңының неше түрі бар?

  6. Неше дауысты дыбыс бар?

  7. Буын түрлері нешеу?

  8. Әрі дауысты,әрі дауыссыз дыбыстар?

4-сайыс: «Қызықты грамматика»

Мақсаты:орны ауысқан әріп,буыннансөздерді дұрыс құрастыра блдіру.

«Ойшылдар» «Тапқырлар»

Батаңел рақбай

Наұрән зақақ

Сыбела міздеррә

Гетең анқазстақ

5-сайыс:» «Білім керуені»

Мақсаты:қазақ тілін басқа пәндермен байланыстыра білу.

DrawObject2 DrawObject1

Тарих

«Қазақ тілі»:

1-топ:Қазақ тілінің төрт жалғауы қандай?

2-топ:Қазақ тілінде сөз таптары қанша?

«Қазақ әдебиеті»:

1-топ:«Күлтегін» ескерткішінің көшірмесі қай қалада?

2-топ: «Диуани лұғат ат-түрік»сөздігін кім жазды?

«Тарих»:

1-топ:Қазақстан қай жылы егеменді ел болды?

2-топ:Биыл Ұлы Отан соғысына неше жыл толады?

«Тапқырлық»:

1-топ:

Әкемнің 7 ұлы бар,оның әрбір ұлының бір қарындасы бар.

Әкемде неше бала бар?


2 топ:Оң жақтан да,сол жақтан да бірдей оқылатын сөз?:









6-сайыс: «Кім шапшаң?» топ басшылары сайысы.

Мақсаты:сөз таптары туралы білімдерін анықтау.

«Ойшылдар»: «Тапқырлар»:

Сары- қызыл-

Он бес- отыз-

Келді- жазды-

Бүгін- ертең-

Мен- олар-

Да,де- та,те-

Ұстаз- бала-

Алақай- әй-

7-сайыс: «Тапқыр достар»:

Мақсаты:сөз мағынасын ыммен,не сұрақпен түсіндіре білу.

«Ойшылдар» «Тапқырларға»:

Балық,пышақ,тарақ,қалам.

«Тапқырлар» «Ойшылдарға»:ара,балға,кітап,айна.

8-сайыс:»Талаптыға нұр жауар»

Мақсаты:өз өнерлерін көрсете білу.

9-сайыс: « Жарнама»

Мақсаты:түсінікті,қызықты жарнама жасай білу.

Сайыстар қорытындысы:әділ қазы алқасына сөз.

Қорытынды.Марапаттау.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
03.06.2018
908
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі