400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Көңілді уақыт бізбен бірге"

Материал туралы қысқаша түсінік
Төрт түлік және оның тілдері туралы бөлімдерінің кеңейту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

КМҚК «Шағала» бөбекжай-бақшасы







Кіріктірілген ашық ұйымдастырылған іс-әрекет

Қоршаған ортамен таныстыру

(Сөйлеуді дамыту,көркем әдебиет,математика негіздері.Музыка.Жапсыру)

Тақырыбы:«Көңілді уақыт бізбен бірге»

«Сұңқар» ересек тобы.


















Өткізген тәрбиеші: Мухиева Э.С





2024-2025 оқу жылы


Күні, айы: 19.11.2024 ж

Тобы: «Сұңқар» ересек тобы

Кіріктірілген ашық ұйымдастырылған іс-әрекеті:

Тақырыбы:«Көңілді уақыт бізбен бірге»
Мақсаты: Төрт түлік және оның төлдері (мінезіндегі ерекшеліктер,қозғалысы,қоректенуі,адамдарға пайдасы),оларға күтім жасаудағы ересектердің еңбегі туралы ұғымдарын кеңейту.

Жабайы аңдар,олардың сыртқы түрі,қозалуы,тіршілік ету ортасы,азығы,қысқа бейімделуі туралы ұғымдарын байыту.Жаңылтпаш айту, жұмбақ шешуге баулу.Балаларды геометриялық фигураларды (дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш)танып, атай білуге үйрету.Музыкалық шығармаларды эмоцианалды қабылдауды дамыту. Ұжымдық жұмыс ұлттық ою-өрнектерді жолаққа бірізділігін ескере отырып ,жапсыру дағдыларын қалыптастыру.

Қажетті құралдар:

Әдіс-тәсілі:

Ширату: «Әуенді амандасу»

1. «Ойлан тап та, ата» Слайд арқылы ойын

2.Тосын сәт: «Сыр сандық»

3.Ойын: «Ою қай жануарға ұқсайды?» арқылы екі топқа бөлу

4.Ұяшықтар сөйлейді: «Word wall» қосымшасы

5. Үшбұрыш ұяшығы: «Жануарлардың төлі мен балаларын тап» ойыны

6. Дөңгелек ұяшығы: « Жануарлардың пайдасы» ойыны

7. Төртбұрыш ұяшығы: «Оюлар билейді» қимылды қозғалыс:

8.«Оюларды безендіреміз» Жапсыру

9. Қорытындылау: «Асық » әдісі арқылы

Ұйымдастыру бөлімі:

Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме балалар!

Бүгінгі ұйымдастырылған іс-әрекетке дайынсыңдар ма?Көңіл күйлерін қалай?

Балалар:Дайынбыз.Өте керемет,тамаша.

Тәрбиеші::Балалар, Ендеше әуенмен өз -өзімізді ширату алайық.

Балалар: Жарайсыңдар балалар,қәне экранға назар аударайықшы

«Ойлан тап та, ата» Слайд арқылы ойын

Ойын шарты:Балалар кеңістікті бағдырлай отырып, асықтардағы жасырынған жануарларды тауып , атау.

Тәрбиеші: Балалар міне біз жасырынған жануарларды тауып,атадық.

Біз бүгін үй жануарлармен жабайы жануарлар туралы толығырақ танысатын боламыз.Балалар мен қазір сиқырлы сөзімді айтамын. Сол кезде ғажайып сандықша ашылады

Тосын сәт: «Сыр сандық»

Тәрбиеші:Ойй керемет қараңдаршы

-Сандықтан нелерді көріп тұрсыңдар?

-Үй жануарлар, жабайы жануарлар бар екен.

-Үй жануарларын атаңдаршы?

-Олардың қандай пайдасы бар?

-Оларды не үшін үй жануарлары деп атаймыз?

-Ал мына жерден қай жануарларды көріп тұрсыңдар?

-Жабайы жануарларды.

-Олар қайда мекендейді? Олардың бізге қандай пайдасы бар?

-Оларды біз не үшін жабайы жануарлар деп атаймыз?

-Иә,дұрыс айтасыңдар балалар.

Ойын: «Ою қай жануарға ұқсайды?» арқылы екі топқа бөлу

Шарты: «Күй күмбірі» ойнап тұрады.

Балалар әуен ырғағымен айнала билейді.Әуен тоқтаған кезде,жердегі оюларды әр бала бір-бірден таңдап алады.Оюдың атауында қай жануарға ұқсайтынын тауып,апарып орналастырып екі топқа бөлінеді.

Тәрбиеші: балалар тақтаға қарайықшы. Нелердің суретін көріп тұрсыңдар?

Балалар:Геометриялық пішіндерді.

Тәрбиеші: Ендеше, пішіндерді атаңдаршы?

Балалар: дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш

Ұяшықтар сөйлейді: «Word wall» қосымшасы

Үшбұрыш ұяшығы: «Жануарлардың төлі мен балаларын тап» ойыны

Шарты: балалар бейнелеген суреттегі жануарлардың төлдерін, балаларын асыкпен асықты резинамен қосу арқылы дұрыс тауып, атау керек.

Дөңгелек ұяшығы: « Жануарлардың пайдасы» ойыны

Шарты: Балалар үстел үстіндегі суретте бейнелеген жануарларды ажыратып ,олардың пайдасын белгілеп, шағын әңгімелейді.

Төртбұрыш ұяшығы: «Оюлар билейді» қимылды қозғалыс:

Балалар оюлардың қимылын салып әуенмен қимыл жасап билейді.

Тәрбиеші: Балалар,жарайсыңдар ұяшықтағы тапсырмаларды дұрыс орындадыңдар. Ендеше әрі қарай шығармашылық жұмысымды жалғастырайық.

Ұжымдық жұмыс: «Оюларды безендіреміз» Жапсыру

Тәрбиеші: Балалар алдарындағы қағаз бетіне оюларды түрлі-түсті жүнмен безендіреміз.

Тәрбиеші:Керемет оюларды әдемі безендірдіңдер. Қандай шығармашыл балаларсыңдар. рахмет

Қорытындылау: «Асық » әдісі арқылы (балалар сұрақтарға жауап беріп қоржынға асықтарды жинайды)

-Балалар ашық ұйымдастырылған іс-әрекетіміз қандай тақырыпта өтілді?

-Қандай жануарлар туралы айтттық?

-Үй жануарларын атаңдаршы?

-Олардың пайдасын атаңдар?

-Жабайы жануарларға нелер жатады?

- Олар қайда мекендейді?

-Жабайы жануарлардың павйдасы бар ма?

-Ұяшықтар қандай пішіндер?

-Ұяшықтардағы ойындар сендерге ұнадыма?

Тәрбиеші:Балалар осымен іс -әрекетіміз аяқталды. Сендерге рахмет. Білгір,алғыр балалар болыңыздар. Әрдайым осылай күлімсіреп, көңілді жүріңдер. Жарайсыңдар!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 желтоқсан
139
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі