Материалдар / «Көңілі көтеріңкі педагогтың, еңбегі де жемісті!»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Көңілі көтеріңкі педагогтың, еңбегі де жемісті!»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Педагогтардың құлшынысын арттыру, жігерлендіріп көңіл-күйін көтеру, өз-өздеріне деген сенімділіктерін арттыра отырып, бір-бірімен қарым-қатынасты нығайту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Желтоқсан 2020
312
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

66 «Толағай» балабақшасы













2 Педагогикалық кеңеске арналған тренинг

«Көңілі көтеріңкі педагогтың, еңбегі де жемісті!»















Психолог: Бердимуратова А.С.





















Нұр – Сұлтан,2020

Мақсаты: Педагогтардың құлшынысын арттыру, жігерлендіріп көңіл-күйін көтеру, өз-өздеріне деген сенімділіктерін арттыра отырып, бір-бірімен қарым-қатынасты нығайту.

Құрылымы:

  1. Танысу сәті;

  2. «Көңіл - күй» психологиялық тесті

  3. «Пішін» жаттығуы

  4. «Сөйлейтін қолдар» жаттығуы

Барысы: Сәлеметсіздер ме құрметті әріптестер! Бүгінгі 2 педагогикалық кеңесімізге қош келдіңіздер! Өмірде үнемі көңілді жүретін адамдар айналасына нұр шашып, қасындағы адамдардың да көңіл - күйін көтеруге, қуанышқа, шаттыққа бөлеуге тырысады. Осы орайда өзіміздің көңіл - күйімізді білдіріп қояйық. Ендеше қолымызды жоғары көтеріп, 3 рет шапалақтайық.

Танысу сәті: Қатысушылар шеңбер бойына тұрып,өзін таныстырады. Көп адамдар менің ................ екенімді біледі, бірақ ................... екенімді білмейді.

«Көңіл - күй» психологиялық тесті

Мақсаты: педагогтың өз ортасында қандай адам екендігін анықтау.

Нұсқауы: бұл суреттегі адамдар сіздің әріптестеріңіз деп ойлаңыз.Осылардың ішінде өзіңізді қай жерде тұрғаныңызды көрсетіңіз немесе қай адамға ұқсатар едіңіз.

Тест жауабы:

  • Ешнарседен қорықпайтын, батыл мінезді адамдар №1,3,6,7 позицияларды таңдайды;

  • Қандай жағдай болмасын достарынан қол ұшын аямайтын, ақкөңіл адамдар №2,11,12,15,18,19 позицияларды таңдайды;

  • Кез - келген қиындықты оңай өткеріп отыратын адамдар №4 позицияны таңдайды;

  • Шаршаңқы, көңілсіз жүретін адамдар №5 позицияны таңдайды;

  • Көңіл көтеруді ұнатып, той-томалақтан қалмайтын адамдар №9 позицияны таңдайды;

  • Іштей қапаланып, үнемі уайымдап жүретін, көпшіліктің ортасында жүруді ұнатпайтын адамдар №13,21 позицияны таңдайды;

  • Өзімен сырласып, өзі ғана білетін әлемде жүретін адамдар №8 позицияны таңдайды;

  • Өмірдің әр сәтін бағалап, жан тыныштығын қалайтын адамдар №10,15 позицияны таңдайды;

  • Бақытсыз, тағдырына лағнет айтып жүретін адамдар №14 позицияны таңдайды.

  • Айналасындағыларды өзіне бағындырып, мүмкіндіктерін асыра сілтейтін адамдар №20 позицияны таңдайды;

  • Көпшіліктің ықыласына бөленгенді ұнататын, өзгелердің пікіріне толықтай тәуелді жандар №16 позицияны таңдайды;

  • Көп жағдайда №17 позицияны таңдаған адамдар қолдай күтеді.

Пішін жаттығуы

Мақсаты:

Нұсқауы: Барлық педагогтар қолдарына жіпті ұстап,шеңберге тұрады.Енді көздеріңізді жұмып, төртбұрышқа тұрыңыздар.Дайын болды деп ойласаңыздар маған айтыңыздар. Тапсырма орындалды ма?

Қазір басқа пішін құруға тапсырма беремін. Оны тез орындай аламын деп ойлайсыздар ма? Жақсы. Көзімізді жұмайық. Сіздерге тапсырма үшбұрыш құру.

Нәтижесі: Сіздер нәтижеге ризасыздар ма? Рахмет!

«Сөйлейтін қолдар» жаттығуы

Мақсаты: Ұжым арасында эмоционалды, психологиялық қарым – қатынас нығайту.

Барысы: Қатысушылар 2 шеңберге тұрады. (ішкі және сыртқы шеңберге) Жүргізушінің бұйрығы бойынша қатысушылар үнсіз жұп – жұбымен орындайды. Содан кейін жүргізушінің бұйрығы бойынша ішкі шеңбер жылжып тұрады.

  1. Бір бірімен қолмен амандасу

  2. Қолмен күресу

  3. Қолмен татуласу

  4. Бір - біріне қолдау көрсету

  5. Бір - біріне аяушылық көрсету

  6. Қуаныш көрсету

  7. Қоштасу



















Көп адамдар менің .................... екенімді біледі,

бірақ ................екенмімді білмейді.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!