Тақырыбы. «Көңілі көтеріңкі ұстаздардың-еңбегі де
жемісті»
Мақсаты: Мұғалімдердің психикалық
көңіл-күйлерін көтеру, шығармашылық қабілеттерін бағалай білу,
өздеріне құрметпен қарау, дұрыс қарым-қатынас орната
білу.
Тақырыбы: Танысу жаттығуы
Мақсаты. Бір-бірімен жылулық
қарым-қатынасқа түсе білуге үйрену
Мұғалімдер үстел үстіндегі жеребе алу арқылы шеңбер болып
тұрады. Сосын жеребедегі берілген тапсырманы орындау арқылы
орындыққа жайғасады.
1 .
Жылдам әуенге билеп беріп отыруы керек.
2.
Саржайлау әнін айтып беруі керек.
3. Қайрат
Нұртасқа породия салу.
4. 5
мақал-мәтел айту.
5.
Жаңылтпаш айтып беру.
6.
Абайдың өлеңін айтып бер.
7.
Мұғалімнің ашуланған кейпін көрсету.
8.
Жұбыңызды қалай еркелетесіз.
9.
Анекдот айтып беруіңіз керек.
10.
Домбырада жетеу, сырнайда алтау, қобызда бесеу
(әріп).
2.
Тақырыбы. «Біз таңдайтын жол » психологиялық ойыны
«Бункер»
Мақсаты: Түрлі рөлдерді ойнай отырып,
кез –келген адам өмір сүру құқығына ие екенін ұқтыру. Шешендік
қабілеттерін байқау, дамыта түсу,негіздемеге сүйене отырып ойын
жеткізе білуге қалыптастыру.
Мұғалімдер шеңбер болып отырады. Соның ішіндегі 10 адамға
тапсырма беріледі. Барлығы тапсырманы оқып болған соң ортада тұрып
өзін жарнамалауы керек . Сол кезде адамдар оның сөздері өтімтал
болса ғана таңдауы керек.
Мәтін. Жер бетінде кенеттен атом
ядролық жарылыс болады. Адамдар ол жарылыстан ешбір заттың
қалмағанын көреді. Барлығы түп-түгел жойылады. Сол кезде бункер
астында біраз адам тығылып үлгереді. Қалып қойған адамдарға біраз
жылдық өнім бар. Ядрный атом басылған кезде сыртқа шығып өмір
сүруге болады. Керексіз адамдарды шығарса ғана, бірнеше жылдар өмір
сүруге болады. Ал егерде оларды азайтпаса кисларод таусылып бара
жатыр, ол аз күндерге ғана жететін болады. Оны ойлай келе адамдарды
азайту керек деп шешеді. Сосын бункер астындағы адамдар керексіз
адамдарды шығару керек деп шешім қабылдайды. Негізінде ол бункер
астында қалған адамдардың барлығыда жер астында қалған , жан жағы
бітеулі.
-
63 жастағы физика және
астрономия мамандығын бітірген неше жылдық тәжірибесі бар адам .
Қолынан келмейтіні жоқ. Бірақ бір жаман жері денсаулығында ақауы
бар, жүрегі ауырып тұратын адам. Ол жер астында қалса ядролық
жарылыстан қалай аман қалу жолдарын іздестіріп көмек бере
алады.
-
18 жастағы студент қыз
бала медицина мамандығын толық бітіріп үлгермеген. Оның қолынан
жәрдем бере алуы екі талай. Бірақ денсаулығы жақсы ақылды адемі
қыз. Соның ішінде 20 жасар жігітке ғашық қыз. Ол жер астында
қалдырылса жарақат алған адамдарға көмектесе алатын шамасы
бар.
-
20 жасар алпинист
денсаулығы өте жақсы ірі жігіт .Ол тауғада өрмелеп шығатын өнері
бар. Барлығына көмектесетін жайы бар. Бірақ оның ешқандай мамандығы
жоқ.18 жасар қызға бұлда өте ғашық. Оны сол бункер астында
қалдырылса барлық адамға көмектесе алатын құдреті
бар.
-
25 жасар студент жігіт
үш тілді өте жақсы меңгерген. Келешек мамандығы инженер және
архитектураны бітіргелі отырған жас маман. Ол жерден шықса оның жер
бетіне қайтадан жаңа құрылыс сала алатын қабілеті
бар.
-
17 жасар қыз бала,
тігіншілік зауытында оқып жүр. Өзі өте әдемі, денсаулығы мықты.
Бірақ қазіргі уақытта оның аяғы ауыр
-
жігітінен.Оның ойлауынша
біз екі адам болғандықтан адамдар маған қиянат жасамайтын шығар
деген ойда.
-
43 жастағы әскери адам
неше жыл бойы әскери қызметте қызмет жасаған .Абыройы өте жақсы
болған. Ұшақты да басқара алады. Бірақ дәл қазіргі таңда ол жұмыс
жасап жатпағандықтан ішкілікке салынып кеткен .Бір күн ішпесе тұра
алмайтын тәуелді халге жеткен. Бірақ басы қатты
істейді.
-
35 жастағы айел кісі
бар. Ол дәмханада жұмыс жасаған өте ақылды әйел. Бизнесті қалай
жүргізуді біледі және өте дәмді дайындайды
тамақтарды.
-
48 жастағы академик
–наук оның істеген қызметі елге тараған кезінде . Көптеген
жетістіктері бар. Үнемі жаңашыл нәрселерді ойлап ізденіп жүретін
адам.
-
51 жастағы ұстаз
мектепте көп жыл қызмет еткен. Білімді ақылды ұстаз. Ол өзінің
еңбегін шәкірт жолына арнаған адам. Енді жақында зейнетке шығуды
армандап жұрген ұстаз болатын.
Талқылау: Соныңда мәтін жайын естеріне
салып өмірде қандай адам болмасын барлық адам тең құқылы, өмір
сүруге болатынын түсіндіру
3.
«Сергіту сәті»
Мұғалімдер шеңбер болып тұрады. Және қойылған әуен арқылы
билеу керек.
4.
«Адам бейнесі » жаттығу
Мақсаты. Мұғалімдерді нақты мақсат қоя
білуге үйрету.
Мұғалімдер алдарына бір парақтан беріледі. Сол берілген
параққа адам суретін бейнелеп салуы керек және оны қолымен өздері
жыртып шығуы керек. Сол салған адамының екі аяғына оған кедергі
болып жатқан нәрселерді жазады екі қолына өзінің жетістік ,
мақтаныштарын жазады, денесіне іс-әрекетеріңізді түсіресіздер ал
басына келешекте алдыға нені мақсат етіп отырсыз соны нақты
көрсетесіз . (музыкалық әуен «Армансыз күнім
болмайды»)
5
«Тірек » жаттығуы
Мақсаты: Бір-біріне тіреу бола білуге
үйрену
Мұғалімдер шеңбер болып тұрып қолдарына қалам арқылы
алақандарына тіреу қылып түсіріп алмастан билеу
керек
Қорытынды. Сабақтан алған әсерлерімен
бөлісу және сабақты қорытындылау.