Материалдар / "КӨҢІЛІ КӨТЕРІҢКІ ҰСТАЗДЫҢ - ЕҢБЕГІ ДЕ ЖЕМІСТІ"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"КӨҢІЛІ КӨТЕРІҢКІ ҰСТАЗДЫҢ - ЕҢБЕГІ ДЕ ЖЕМІСТІ"

Материал туралы қысқаша түсінік
Психологтарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қаңтар 2019
475
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Тренинг тақырыбы:

«Көңілі көтеріңкі ұстаздың, еңбегі де жемісті»

Мақсаты:Мұғалімдердің психикалық көңіл-күйлерін көтеру, шығармашылық қабілеттерін бағалай білу, өздеріне құрметпен қарау, дұрыс қарым-қатынас орната білу.

Әдісі: Сұрақ-жауап, ой-бөлісу, психологиялық жаттығулар.

Қажетті құрал –жабдықтар: баяу әуенді диск, табиғат көріністерімен бейнелейтін сурет,қағаз бен қалам, үлестірмелі тапсырмалар және слайдтар

Барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Баяу әуенді ән

1.Кіріспе .Мұғалімнің кәсіби мәдениеті Уақыты 5 минут

2. Шаттық шеңбері- «Ерке есім» Уақыты 10 минут

3. «Менің мінезім» , «Сіздің ұжымдағы орныңыз?» әдістеме Уақыты-10 минут

4. «Дыбыстық гимнастика» жаттығу Уақыты 5 минут

5. «Еңбек ағашы» Ой-бөлісу, сұрақ жауап , топқа бөлу Уақыты 15 минут

6. Миға шабуыл «Өзіңе сын көзбен қара-сен қандай мұғалімсің?» Уақыты 5минут

7. «Өмір мектебі» релаксация Уақыты5 минут

8. Караоке Уақыты 5 минут

9. Кері байланыс.

1. Кіріспе: Құрметті ұстаздар! Өз қызметтерін аянбай, алаңсыз жүргізуіне ұшқыр ой, алғыр зейін, ашық көз, ояу көкірек керек екені даусыз. Сергек қимылмен , ширақ оймен, сезімтал жүрекпен адал еңбек ететін,олардың зерделеріндегі ойларынан түйін алу. Бүгінгі мақсат-айналамыздағы адамдарымызбен қарым-қатынасымыз қандай, олар кімдер, біз кімбіз, өзімізді өзіміз танимызба? деген сұрақтарға жауап іздеп, тұлғаның даму көзқарасын анықтау.

«Мұғалім-тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын қалаушы маман. Өйткені ел болашағының кілті-бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Жас ұрпақтың бойына білім мен ізгілік нұрын себуші-ұстаздардың қолында. Тек жоғарғы сауатты, дарынды, дана әрі отансүйгіш мұғалім ғана лайықты ұрпақ тәрбиелеп шығара алады».-деп Елбасы атап көрсеткен болатын. Педагогикалық жұмыста мақсатты іс мұғалімнің тәрбиелік қызметі арқылы жүзеге асады. Педагог ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, мұғалімнің мәдениеті мен шеберлігін, интеллектуалдығын төмендегі бөліктермен анықтауға болады:

  1. Мұғалімнің сыртқы келбеті

  2. Мұғалімнің өзін-өзі басқару шеберлігі

  3. Мұғалімнің мимика және пантомимика ишараларының мәнерлі негіздері

  4. Мұғалімнің әдебі, сөйлеу шеберлігі, дауыс дикциясы, интонациясы.

Осы орайда ұстаздықты жүрек қалауымен таңдап еңбек етіп жүрген мамандарға, бүгін сіздердің психикалық көңіл-күйлеріңізді көтеруге, өз бойларыңыздағы шығармашылық қабілеттеріңізді бағалай білуге, өз-өзіңізге құрметпен қарауға, сыйластық қарым-қатынаста болуға арналған «Көңілі көтеріңкі ұстаздың, еңбегі де


жемісті» атты психологиялық тренингке сіздерді ұйымшылдықпен қатысуға шақырамыз. Ен деше сіздерге сәттілік тілей отырып, тренингімізді бастаймыз.

2. Шаттық шеңбері- «Ерке есім» –Құрметті ұстаздар. Алдымен ,сіздердің көңіл күйлеріңізді көтеру мақсатында шаттық шеңберіне тұрайық. Мен сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын. Осы дөңгелек шеңберді неге шаттық шеңбер деп атаймыз? Қалай ойлайсыздар? Шеңберге тұрудың үлкен бір қасиеті бар. Шеңберіміз көктегі жылу беретін күн сияқты дөңгелек. Шеңберге тұрып бір-бірімізді жақсы көре аламыз, жақсылық пен жылулығымызды сыйлай білуге үйренеміз. Енді бәріміз жақсылық тілеп, шаттана қуанайық. Әр мұғалім өзінің есімдерін бір-біріне еркелетіп таныстырады.

3. «Менің мінезім» , «Сіздің ұжымдағы орныңыз?»

Мақсаты: Өзіне деген сенімділігін, өзін тануға деген қабілеттерін анықтау.

Барысы: Әрбір қатысушыға білезіктей шеңбер сызып, оны төртке бөледі. Әр бөлікке жақсы көретін жануар, аң, құс аттарын жазады. Слайдта көрсетілген жануарлар,құстар,аңдардың аттарын жазуға болады. Соңында мұғалімдердің төрт бөлікке жазған жануарларына интерпретация беріледі.

Сіздің ұжымдағы орныңыз? Әдістемесіне 5-түрлі фигура көрсетіледі: Шеңбер, тіктөртбұрыш, үшбұрыш, шаршы және қисық сызық.Осы фигуралардың біреуін мұғалімдер таңдауы тиіс.

4.«Дыбыстық гимнастика»

Мақсаты: Бүкіл дененің саулығына көмектеседі.

Барысы: Слайдта көрсетілнген дыбыстарды созып айту. Олардың адам денсаулығына пайдасын айтып өту.

5.Ой-бөлісу, сұрақ жауап , топқа бөлу

Барысы: . «Еңбек ағашы» Мұғалімдерді төрт топқа бөлу. Бұталар,жапырақтар, гүлдер, жемістер.

1. Бұталарға-Мұғалім қандай болу керек?

2.Жапырақтарға-Мұғалімнің түпкі мақсат,мұраты.

3. Гүлдерге –Мұғалімнің еңбегінің нәтижесі.

4.Жемістеріне- Шәкірт қандай болу керек? деген мақсатпен ілінуі керек. Мұғалімдер «Еңбек ағашын құрастырып шығады. Сіздердің еңбектеріңіздің жемісі осы деп назарларын тақтаға аударамыз.

6. Миға шабуыл «Өзіңе сын көзбен қара-сен қандай мұғалімсің?»

Барысы: Слайдты тамашалау

7. «Өмір мектебі» релаксация

8. Караоке

9.Кері байланыс. Қатысушыларға алғыс сөз айтылады. Тренингтен алған әсерін, бір-біріне тілектерін стикерге жазып плакатка жабыстырады.

Қорытынды: Тренингтің соңында мұғалімдермен талдау жұмыстары жүргізіледі.Тренингке қатысқан мұғалімдер өте жақсы көңіл-күйде болғандарын айтты. Өздеріне деген сенімділіктері мен өздерін тануға қабілеттері арта түсті. Психикалық көңіл-күйлері,көтеріліп, дұрыс қарым-қатынас орната білді.







63 негізгі орта мектеп








Тренинг тақырыбы:

«Көңілі көтеріңкі ұстаздың,

еңбегі де жемісті»








Педагог-психолог: Маммешова З.Ж

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!